Өскемен қаласы 7 қазан 2015 ж



жүктеу 103.22 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі103.22 Kb.


АӨК, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Е.А.Нұрбаевтың бесінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті отыз екінші сессиясындағы

есебі
Өскемен қаласы 7 қазан 2015 ж.

Құрметті депутаттар мен шақырылғандар!


Есеп беріліп отырған кезеңде АӨК, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, облыстық мәслихаттың регламентіне және бір жылға бекітілетін жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

Біздің комиссия Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ауыл шаруашылығы басқармаларымен, облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясымен, ШҚО экология департаментімен, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының басқа басқармаларымен және департаменттерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Есеп беріліп отырған кезеңде комиссияның 4 отырысы өткізілді. Отырыстарда жоспардағы сұрақтар, сондай-ақ сессия күн тәртібіне ұсынылған мәселелер қаралды. Мәселелерді қараудың нәтижелері бойынша қаулылар шығарылып, олар туралы тұрақты комиссия төрағасы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында баяндайды.

Тұрақты комиссияның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес мына мәселелер қаралды:



1. Облыстағы құрамында сынап бар қалдықтарды жою жөніндегі жұмыстың жағдайы туралы.

2. Шығыс Қазақстан облысындағы мал шаруашылығының және суармалы егіншіліктің жағдайы және дамыту шаралары туралы.

3. Алакөл көлі жағалауының экологиялық жағдайы туралы.

4. Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасының іске асырылуы туралы.

5. Сүтті мал шаруашылығының жағдайы және бұдан әрі дамыту бойынша міндеттер туралы

«Облыстағы құрамында сынап бар қалдықтарды жою жөніндегі жұмыстың жағдайы туралы» мәселе бойынша.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2004 жылдан бастап жыл сайын, қоршаған ортаны құрамында сынап бар қалдықтармен ластауды болдырмау мақсатында, облыстық бюджет қаражаттары есебінен облыстық бюджеттік ұйымдардан пайдаланылған құрамында сынап бар құралдар мен бұйымдарды жинау ұйымдастырылады.

Алайда бюджет қаражаттары есебінен, сонымен қатар тиісті нормативтік-құқықтық базаның, осы қалдықтарды қабылдайтын пункттердің болмауынан тұрғындардан (жеке тұлғалардан) құрамында сынап бар қалдықтарды жинау жүйесі жоқ. Тұрғындардағы бұл қалдықтар жалпы тұрмыстық қалдықтарға түседі.

Аталған мәселе бойынша ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу және ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына жеке тұлғалардан құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды жинау және жою бөлігінде өзгерістер енгізу мәселесін көтеруге ұсыныс берілді.

Тұрғындардан құрамында сынап бар қалдықтарды жинау жүйесін ұйымдастыру үшін:

- тиісті инфрақұрылымды дамыту (құрамында сынап бар қалдықтарды жинау, жинақтау және уақытша сақтауға арналған арнайы контейнерлер; контейнерлер орналастырылатын алаңдар; көлік);

- тұрғындардың арасында ақпараттық науқан өткізу (акциялар, буклеттер, брошюралар, күнтізбелер және т.б.);

- қалдықтарды жеке жинау туралы талаптарды елді мекендерді абаттандыру қағидаларына енгізу жұмыстарын жүргізу қажет.



2. Шығыс Қазақстан облысындағы мал шаруашылығының және суармалы егіншіліктің жағдайы және дамыту шаралары туралы.

Комиссияның алғашқы отырыстарының бірінде қызу талқылау кезінде, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары болып табылатын, осы салада мол тәжірибесі мен іс жүзіндегі білімдері бар комиссия мүшелері аймақтың агроөнеркәсіптік кешенін терең талдап, оның дамуының бірқатар маңызды бағыттарын белгіледі. Маңызды да көп талқыланатын мәселелердің бірі мал шаруашылығын дамыту болып табылады. Құрметті Даниал Кенжетайұлы, дәл Сіздің аймақ басшысы болып келуіңізбен осы бағыттағы жұмыс жанданып, жұмыстар керек бағытта жүруде. Бұл жерде сүт-тауарлы фермалар салу мен оларды қайта құру, сүт қабылдау пункттері желісін құру және жайылымдық мал шаруашылығын дамыту басым бағыттар болып табылады. Осы бағыттар бойынша Сіз ұсынып, қолдаған ЖСҚ-ны бюджеттік қаржыландыру шаралары кәсіпкерлерге осы саланы дамытуға қолдау көрсетеді. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің көпшілігі осы жобаларды іске асырып, бизнесті осы бағытта дамытуға тілек білдірді, бірақ өкінішке орай кәсіпкерлер қарыз қаражаттарын алуға өтінім беру кезінде қаржыландырудың күрделі схемасына және «Қазагро» АҚ-ның көпсатылы жүйесіне байланысты кедергілермен кездесті. Осындай ауқымдағы жобаларды іске асыру үшін кәсіпкерлер ірі инвестициялық салымдар мен қарыз қаражаттарын тартуға мәжбүр, ал оларды «Қазагро» АҚ-ның қазіргі жүйесі бойынша алу өте күрделі. Комиссиямыздың мүшелері «Ертіс» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп ірі жобаларды іске асыру арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсету шараларын ұсынады, сондай-ақ ірі сүт-тауарлы фермаларды салуды субсидиялауға облыстық бюджеттен қаржы бөлу мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынады.



Суармалы егіншілік бойынша, ҚР АШМ Су ресурстары комитеті жуықтағы 4 жылда қолдағы гидротехникалық құрылғыларды қайта құрып, қалпына келтіруге және жыл сайын бұрын пайдаланылып келген 27 мың га суармалы жерлерді айналымға енгізуді көздейтін кешенді пилоттық жобаны әзірледі. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, аудан әкімдіктері 25 объекті бойынша ЖСҚ әзірлеуге қаражаттар тауып, оларды іске асыру 42 мың га суармалы жерлерді немесе қалпына келтіруге болатын жалпы суармалы жерлердің 38 %-ын қалпына келтіріп, айналымға енгізуге мүмкіндік береді. Даниал Кенжетайұлы, Сіз ресурстары бар және суару жүйелерін дамыта алатын экономикалық орнықты кәсіпорын бар жерде ғана гидротехникалық құрылғыларды қалпына келтіруге бюджет қаражаттарын пайдалануды ұсыну және басым бағытты таңдау мәселесінде дұрыс, шаруашылық тұрғыдан келетін бастамаңызды комиссия мүшелері қызу қолдайды. Жерлерді дәл осындай кәсіпорындарға беру кәсіпкер үшін ғана емес, бүкіл аймақ үшін де оңды экономикалық нәтиже алуға мүмкіндік береді. Елдің қазіргі күрделі экономикалық жағдайында ауылда бизнестің дамуына инвестиция салып отырған, еңбек жағдайларын жақсарту мен еңбек өнімділігін арттыру жұмыстарын жүргізіп отырған, сондай-ақ соңғы өнімнің қосымша құнын арттыруға талпынып отырған кәсіпкерлерді қолдау қажет.
Әсіресе «Алакөл жағалауының экологиялық жағдайы туралы» тақырып белсенді қаралды. Ағымдағы жылғы 16 сәуірде комиссиямыздың отырысында Алакөлдің экологиялық жағдайын жақсарту және онда туризмді дамыту мәселесі қаралды. Нәтижесі бойынша Алакөлдің проблемаларын бұрынғыдан да жан-жақты қарап, оларды шешу жолдарын іздестіру мақсатында уақытша жұмыс тобын құруға шешім қабылданды. 2015 жылғы 13 және 15 шілде аралығында жұмыс тобы Алакөл жағалауына барып қайтты.

Осы жұмысқа белсене қатысқаны және атқарған жұмыстары үшін Нұрлан Срайылұлы Омаровқа, Нұрлан Мұқанұлы Темірбековке, Ержан Кәрібайұлы Құттыбаевқа, Рысқан Жағыпарқызы Жанкүшіковаға, Нағима Сапарқанқызы Жақияноваға алғыс білдіргім келеді.

Ағымдағы жылғы 14 шілдедегі отырыс барысында комиссия мүшелері Үржар ауданының әкімін, сондай-ақ Алакөл жағалауында орналасқан бірнеше демалыс үйлері иелерінің ескертулері мен тілектерін тыңдады.

Сондай-ақ комиссия мүшелері Алакөлдің жағажай аймағын қарап, демалыс үйлерін аралады, қатты тұрмыстық және сұйық қалдықтар орынсыз төгілген жерлерді тексерді. Жағалауды бекіту мәселесін тезірек шешу; жағалаудың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту; арнайы поигонның және фильтрлеу алаңдарының болмауына байланысты қатты тұрмыстық және сұйық қалдықтарды шығару проблемасы; демалыс үйлері мен басқа да кәсіпкерлік объектілерінің жөнсіз салынуы; орталықтан келетін судың, медпункттің, полиция және өрт сөндіру пункттерінің болмауы; электр энергиясымен қамтамасыз етудің, жағалаудағы жарықтың жеткіліксіздігі мәселелерін өз көздерімен көріп, жан-жақты қарады.

Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шағын су көліктерінің қызметін реттеу қажет. Демалыс аймағына дейінгі автомобиль жолын күрделі жөндеу ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Үржар қаласындағы әуежайды қайта жаңғыртудан өткізу қажет. Осы проблемаларды шешудің бір жолы ретінде комиссия мүшелері құлдыраған «Барлық-Арасан» шипажайын қалпына келтіруді ұсынады. Ол үшін мемлекеттің облыстың ірі кәсіпорындарының бірімен меморандум жасасу арқылы өзара тиімді ынтымақтастығы, аталған объектіге күрделі жөндеу мен қайта құру жүргізу, кәсіпорынның өз қызметкерлеріне сапалы демалыс пен емделуді қамтамасыз етуі мақсатында шипажайды кәсіпорынға бекіту ұсынылады.

Қазіргі уақытта көлдің суы көптеген демалыс базаларына қатты жақындаған. Құрылыстардың қирауы, құрылыс қоқыстарының және басқа қоқыстардың көлге тасталуы байқалады. Септиктерге де қирау қаупі төнуде, өйткені олардың кейбірі суға өте жақын жағалаудан 50-100 метр қашықтықта орналасқан.

Жағалау аймағын қираудан қорғау үшін 2007 жылы республикалық бюджет қаражатынан «ШҚО Үржар ауданы Қабанбай ауылы жанындағы Алакөл рекреациялық аймағының жағалауын бекіту» жобасын іске асыру басталды. Аталған жоба түзетуден кейін пирстар орнату және пирстар арасында малта тастардан жасанды жағажай жасау арқылы жағалауды су шаюдан қорғауды көздейді.

Аталған проблемалар республикалық және облыстық бюджеттерден тиісті қаржыландырудың бөлінуі арқылы ғана шешіле алады. Осыған байланысты облыс әкіміне, Мәжіліс депутаттары С.И.Ферхо мен С.Ю.Романовскаяның атына жобаны қаржыландыру мәселесін шешуге көмек көрсету туралы хаттар жолданды. 22.09.2015 жылы ҚР Энергетика министрлігінен аталған жобаның қоршаған ортаны қорғау органдарымен келісілмегендегі туралы, сол себепті «ШҚО Үржар ауданы Қабанбай ауылы жанындағы Алакөл рекреациялық аймағының жағалауын бекіту» жобасының мемлекеттік сараптамаға түспегендігі туралы жауап алынды. Бұл хат одан әрі жұмыс істеу үшін уәкілетті атқарушы органдарға жолданды.

Құрметті Даниал Кенжетайұлы, біздің бастамамызды қолдағаныңыз үшін Сізге алғыс білдіргіміз келеді және жоғарыда санамаланған проблемаларды шешу үшін бағдарлама әкімшілеріне бюджеттік өтінімдер дайындау туралы тапсырма беруіңізді, ал сіздерден құрметті депутаттар, осы өтінімдерді қолдауларыңызды сұраймыз.

Облыстық мәслихаттың регламентіне сәйкес комиссия АӨК, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның бақылауына қойылған шешімдерге бақылауды жүзеге асырады.

Бүгінгі күні облыстық мәслихаттың 2 шешімі комиссияның бақылауында тұр. Олар бойынша жарты жылда бір рет ақпарат сұралып, орындалу барысы талданады:

ШҚО агроөнеркәсіптік кешенінің жағдайы және әрі қарай дамыту шаралары туралы;

ШҚО суармалы жерлердің жағдайы және дамыту шаралары туралы.

Комиссия мүшелерінің көпшілігі ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары болып табылады, олар осы саладағы іс жүзіндегі білімдерін пайдалана отырып, АӨК проблемалық мәселелерін шешуге белсене қатысады. Сонымен қатар өздерінің үлгісі арқылы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасының артықшылықтарын көрсетеді, тауарлы-сүт фермалар тұрғызады, өсімдік шаруашылығында жаңа технологияларды қолданады, суармалы жерлердің аудандарын кеңейтеді.

Біздің комиссияның мүшелері ШҚО инвестициялық субсидиялау комиссиясының құрамына енгізілген, субсидияларды бөлу мәселелерін талқылауға белсене қатысады.

Сонымен қатар комиссия мүшелері Мемлекет Басшысының «100 нақты қадам» тапсырмасы, соның ішінде № 35 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді оларды тиімді пайдалану мақсатында нарықтық айналымға енгізу тапсырмасы бойынша жұмыстар жүргізуде. 15.05.2015 ж. комиссия мүшелері аймақтың ірі ауылшаруашылықтауарөндірушілерінің, ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы, Кәсіпкерлер палатасы, «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің қатысуымен отырыс өткізуге бастама жасады. Нәтижесі бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекешелендіру процесін іске асыру шарттары бойынша ұсыныстар жіберілді.

Комиссия мүшелері «Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылдап отырған шаралары туралы» мәселе бойынша уақытша комиссия құруға бастама жасады. Осы мәселеге тиянақты қарап, белсенділік танытқаны үшін депутаттар Б.Т.Адиановқа, В.Л.Кошелевке, Ю.Н.Свиридовқа, С.Ф.Солдатовқа, Е.Ә.Зайтеновке, сондай-ақ ветеринария басқармасының басшысы Н.Т.Тоқсейітовке алғыс білдіргім келеді. Уақытша комиссия мүшелері жергілікті жерлердегі жағдайды іс жүзінде талдау үшін бөлінулеріне байланысты аудандарға шықты. Елде валюта бағамына байланысты сол кезде қалыптасқан күрделі экономикалық жағдайға байланысты, өкінішке орай, әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне байланысты спекуляциялық сәттер анықталды. Жалпы аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігі жағдайы Мемлекет Басшысының көреген саясатының және аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлының превентивтік шараларды уақытында қабылдауының арқасында тұрақты болып отыр.

Біздің комиссияның жұмысының негізгі бағыттарының бірі – облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының қызметімен тікелей байланысты аймақтың экологиялық жағдайы. Бүгінгі күні, осы бағытта жұмыстар атқарып отырған бірқатар ведомстволар мен бақылау-қадағалау органдары бар. Тұрақты комиссияның төрағасы ретінде жергілікті атқарушы органдарға автокөліктердің отынның баламалы түрі – газға көшу мүмкіндігін қарауды ұсынамын. Өйткені аталған отын түрі жанармайдан 50 % арзан тұрады. Ең алдымен бюджеттік құрылымдардың автокөлігін қайта жабдықтауды кезең-кезеңмен бастау қажет, содан кейін қалалық жолаушылар көлігінің операторларымен келіссөздерді бастау қажет. Оларға газға көшудің айтарлықтай экономикалық пайда әкелетінін және жол жүру ақысын көтеру қажеттілігі болмайтынын түсіндіру керек. Бұл қадам ірі Өскемен, Семей қалаларының және аудандық маңызы бар қалалардың экологиялық жағдайын анағұрлым жакқсартуға мүмкіндік береді.

Атап өткім келетіні, комиссия мүшелері субсидиялау шарттары бойынша АШМ ұсынып отырған өзгерістерді қолдайды, бұл өзгерістер ауылдағы бизнестің дамуына нақты инвестиция салып отырған ауылшаруашылықтауарөндірушілеріне нақты қолдау көрсетуге бағытталған. Бюджет қаражаттарын қолдауды қажет етіп қана қоймай, өз кезегінде бизнесті дамыту үшін ұсынылған мүмкіндікті пайдалана алатын салаларға бағыттау қажет.

Комиссиямыздың мүшелері барлық салықтар мен алымдарды, өндірілген өнім сатылып, ауылшаруашылығытауарөндірушілері пайда алғаннан кейін есептеу және төлеу мәселелеріне атсалысады. Бұл мәселе аймақтың ауыл шаруашылығы құрылымдары өкілдерімен бірнеше рет талқыланды.

Агроөнеркәсіптік кешеннің алдағы уақытта дамуының басты бағыттарының бірі шағын машина жасау саласы болып табылады, бұл саланың әлеуетін нығайтып, өндірістің жаңа деңгейіне шығу мүмкіндігін арттырады.

Комиссия мүшелерінің қызметінде сайлау округіндегі жұмыс маңызды орын алады. Мұнда тұрғындармен кездесулер өткізіліп, сайлаушыларды қабылдау жүргізіледі, азаматтардың арыздары, өтініштері қаралады, сайлаушылардың мәселелері шешіледі.

Атап өтетін жайт, көптеген депутаттар тұрақты комиссия жұмысына белсене қатысады. Олар облыстық мәслихат сессияларында сөз сөйлейді, қаралып отырған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар енгізеді, сайлаушылардың талап-тілектерін орындау бойынша шаралар қабылдайды, жергілікті атқарушы органдардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларына депутаттық сауалдар жолдайды. Атқарылған жұмыстардың барлығы депутаттардың облыстың әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене араласатынын көрсетеді.

Назарларыңызға рахмет.



Комиссия төрағасы Е. Нұрбаев




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет