Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» кмм



жүктеу 59.92 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі59.92 Kb.
түріСабақ

Конакова Фарида Турганбаевна қазақ тілі мен әдебиеті

мұғалімі, ШҚО, Күршім ауданы, Мөнекей ауылы,

«Мөнекей орта мектебі» КММ
Сабақтың  тақырыбы: Өз біліміңді тексер

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік:«Жақсыдан үйрен» тарауы бойынша өтілген материалдарды пысықтап, бекіту.

Дамытушылық: Оқушылардың  бойына жақсы қасиеттерді дарыта отырып, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Жақсылық жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, жақсылыққа ұмтылу сезімі қалыптасады.



Сабақтың түрі: топтық жұмыс

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Технология: жеті модуль идеясы

Сабақтың әдісі:  тест, рөлдік ойын, ой қозғау, «Микрафон» әдісі.

Керекті жабдықтар:

Демонстрациялық материалдар, маркерлер, стикерлер.Интерактивті тақта.



Сабақ  барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

2. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Топқа бөлу.

Рахмет. Тыныштық сәті ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар?

1-топ «Атына заты сай»

2-топ «Жақсы адам елдің көркі,

Жауқазын гүл жердің көркі»

3-топ «Жақсы – ай мен күндей, әлемге бірдей »

4-топ «Жақсыдан қашпа, жаманға баспа»

- Балалар, осы мақалдардың мағынасын айтып беріңдерші.

Сабақ мақсатын айту:

- Өте жақсы, балалар, барлық мақалда адамның қандай қасиеті жайлы айтылған екен? (жақсылық). Олай болса, біз бүгін «Жақсыдан үйрен» бөлімінен алған білімімізді көрсетеміз, қорытындылаймыз.

Әр топта топбасшы стикерлер бар. Алдарыңдағы бағалау парағына тиісті бағаларын қойып. Қорытынды жасайсыңдар.

Оқушылар жұппен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды.

Критерийлер:

«5»- 0 қате

«4» - 1-2 қате

«3»- 2-3 қате



ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, тест жұмысы алынады. Сиқырлы тақта арқылы көршіңді тексер.



ІІ нұсқа

1. Бөлімдегі оқиғасы жақсылыққа жамандық бар деген пікірге құрылған мәтінді ата.


А) Ы. Алтынсарин « Таза бұлақ» 
Ә) Ш.Құдайбердіұлы. «Біркесе меруерт»
Б) Ы. Алтын сарин. «Баланың айласы»
В) С.Бегалин. « Мейірім»

2. Ш. Құдайбердіұлының осы бөлімде берілген әңгімесін есіңетүсір.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой:

«....... адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ».


А) Бай Ә) Кедей Б) Тоқ В) Азықсыз аш

3. « Олар басынан шелегін алып , арқанға байлады, су тартып, сусынын қандырды, содан соң алғысын айтып жүріп кетті. Ал шелегі құдық басында арқанға байланған қалпында қала берді». Бұл қандай адам?
А) Бұл адам емес
Ә) Бұл - нағыз адамның өзі
Б) Бұны әлі адам деуге болмайды
В) Бұның адам болуы екі талай

4. Төмендегі жоспарға сәйкес келетін шығарманы ата:

1.Жайлауға дайындық. 2. Жаңа қоныс. 3. Үй ішінің көрінісі.
А) К. Оразалин. «Абай шаңырағы»
Ә) С.Бегалин. «Мейірім»
Б) «Абай мен Әбіш»
В) Ж.Кәрменов. «Әке тәлімі»

5. Күзек сөзінің мағынасын тап.


А) Көктемгі егіс даласы Ә) Қойды күзде бағатын қоныс
Б) Шөп шабатын жер В) Сиырдың табыны

ІІ нұсқа

1. Б.Соқпақбаевтың «Шал мен бала» әңгімесін есіңе түсір. Мәтіндегі « Жақсылыққа жақсылық- әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық- ер кісінің ісі» деген мақал кімге қатысты айтылған?


А) Мәуленге Ә) Атаға Б) Немересіне В) Балаларға

2. Ғалым, жылан, түйе, ит, бала қай шығарманы еске түсіреді?


А) Б.Соқпақбаев. «Шал мен бала»
Ә) С.Бегалин. « Мейірім»
Б) Ы. Алтынсарин. «Баланың айласы»
В) Ш.Құдайбердіұлы. «Бір кесе меруерт»

3. Бөлімдегі негізгі ойы әннің құдіретт күшін сипаттауға құрылған шығарманы ата.


А) Ы.Алтынсарин. «Таза бұлақ»
Ә) Ы.Алтынсарин. «Баланың айласы»
Б) Ш.Құдайбердіұлы. «Бір кесе мерует»
В) О.Бодықов. «Аққұс туралы аңыз»

4. М.Әлімбайдың «Әнші Әміре» әңгімесін есіңе түсір. Тасыған қар суындай сөзінің мағынасын тап.


А) жайлап Ә) топырлап Б) күшті,қатты В) қаптап,ағылып

5. « Оның домбырасынан теңіз толқынындай арындаған асау күй төгіледі» деген жолдарда кім туралы айтылған?


А) Шәмші Ә) Бекмұхамед Б) Құрманғазы В) Әміре

Топ басшылар үй тапсырмасы бойынша бағалап отырамыз.

ІІІ Өткенді қайталау 1.Топтық жұмыс

- Тамаша, келсі кезекте тағыда өзіміздің осы бөлім бойынша білімізді көрсетелік. Топпен жұмыс жасаймыз.

1-топ «Баланың айласы» әңгімесін рөлге бөліп, ойнап көрсету.

2-топ «Азықсыз аш адамға ат басындай алтынан түк пайда жоқ» деген пікірдің мағынасын аш.

3-топ «Әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?» Осы сұраққа дәлелді түрде жауап беріңдер.

4-топ Осы бөлімдегі атақта тұлғалардың аты-жөнін жаз және кім болғанын айт

2. Дәптермен жұмыс

Әр топ өз пікірлерін дәптерлеріне орындап алады. Денемізді тік ұстап, бүгінгі күннің атын жазып аламыз.

Сергіту сәті «Қазақ елі»

IV Қосымша дерек

Мұғалім:

  • Балалар, өте жақсы, өткен бөлімді өте жақсы меңгеріп алыпсыңдар.

  • Келесі кезекте түгелдей назарымызды сиқырлы тақтаға аударайықшы:( Құмаш Нұрғалиұлының суреті)

Адамда кісі – ақ еді Құмаш деген,
Жалғанда енді ондайлар тумас деген,
Жүзіне бүтіндердің татушы еді ау,
Жалғыз қол, екі жанар, бір баспенен,
Ер деген сөз жетпеген бағасына,
Сан ақыл көрік берген санасына,
Тағылған жеке дара жұлдыз еді,
Алтайдың алтын шекпен жағасына.
Ғафу Қайырбеков

а) Ой қозғау
- Келесі кезекте балалар, өмір жолы үлгілі тұлға жайлы қосымша дерек аламыз, кім болғаны жайлы оқимыз.

Алдарыңдағы парақтарды алып іштей оқып шығыңдар.

Тізбектей оқу.

«Сүйікті іске адалдық»

Шырайлы шығыстың Боран деген шағын ауылында Құмаш Нұрғалиұлы деген «аңыз» адам өмір сүрген. Бала кезінен білімге құмар болып өседі. Арманы ұстаз болу болады.

Құмаш он сегіз жасында Ұлы Отан соғысына қатысып, он тоғыз жасында ауыр жарақаттанады. Жас бозбала сол соғыста екі аяғы мен бір қолынан айырылады. Медбике Валентина Шевелеваның естелігі: «Түннің бір уағында санитарлар бір зембіл әкелді. Зембілде шинелмен жабылған бір орам жатты. Соғыс басталғалы мұндайды көрмегем. Екі аяқ, бір қолы жоқ, қанға бөгіп жатқан, түрі аппақ шүперектей бір бала. Шошып кеттім. Медбике Лиза қолындағы шприцін түсіріп алды». Осылай екі жыл 12 отаны жасатып, емделіп, елге оралады. Құмаштың өмірге деген сүйіспеншілігі ерекше еді. Ауыр жарақатынан емделіп жатқанда білім алу үстінде болады.

Бейбіт өмірде ерен ерлік жасап, арманы болған ұстаздық жолды таңдайды. Жоғары оқу орнын тамамдап, қатардағы ұстаздан директорлық қызметке көтереді. Туған ауылында мектеп салдыртып, жаңашыл ұстаз атанады. Құмаштың мектебі сол кезде Одақ бойынша ауыл мектептері ішінде екніші орынға ие еді.

- Әңгіме сендерге ұнады ма? Балалар, мен Құмаш ата мектебінің түлегімін. Сол мектепте білім алғанымды мақтан тұтам.



ә) «Микрафон» әдісі арқылы сұрау:

  1. Әңгіме кім жайлы екен?

  2. Құмаш аталарыңның басынан қандай оқиғалар өтіпті?

  3. Аталарың осы жетістіктеріне қандай қасиетінің арқасында жетті деп ойлайсыңдар?

  4. Осы заманда Құмаш аталарың сияқты жандар бар ма?

  5. Әңгіме неліктен осылай аталған?

  6. Өздеріңе қандай ой түйдіңдер?

V Сабақты бекіту

  1. Шығармашылық тапсырма

Топтық жұмысы

1 және 2 топ суреттерді топтастырып, соған байланысты нақыл, сөз мақал жазады, қорғайды.

2 және 4 топ сабаққа байланысты мақал-мәтел айтып жарысады.

VІ Үйге  тапсырма

  «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен » тақырыбына эссе жазып келу.

Бағалау

Жауап парақтарын жинап алу.

Мұғалімнің  қорытынды бағалауы. «Универсиада - 2017» сайысының жабылуына кім баратын болды? (Билеттерін табыстау)

Кері  байланыс  «Екі  жұлдыз,бір тілек»

Сабақ  сендерге  ұнады  ма? Не ұнады,не ұнамағаны жайында және қандай пікірлерің, тілектерің бар екенін алдарыңдағы бидай масақтарына жазыңдар. Бұл біздің бірлігіміздің, әбден піскен біліміздің белгісі болсын.     (Стикерге жазу.Әр оқушы өз ойын білдіреді)

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет