Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен 018 жылдың ай ішінде атқарылған жұмыстары туралы ақпараты Өскемен қаласы әкімдігінің 19 маусым 2016 жылы №302 қаулысымен бекітілген «Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу



жүктеу 24.47 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі24.47 Kb.

Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен 2018 жылдың 9 ай ішінде атқарылған жұмыстары туралы ақпараты
Өскемен қаласы әкімдігінің 19 маусым 2016 жылы №302 қаулысымен бекітілген «Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай АХАТ бөлімі) туралы Ережеге сәйкес Өскемен қаласының АХАТ бөліміннің басты міндеттерінің бірі азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша халыққа құқықтық көмек көрсету болғандықтан, Өскемен қаласы бойынша азаматтардың табиғи қозғалысының көрсеткіші АХАТ бөлімінде тіркелген акт жазбаларының статистикалық мәліметтерге тікелей байланысты.

Статистика мәліметтері бойынша есеп жылында барлығы 11862 акт жазбасы тіркелді, оның ішінде:








Туу туралы

Қайтыс болу туралы

Неке қию

Некені бұзу

Әке болуды анықтау

Бала асырап алу

ТАӘ өзгерту

Қалпына келтіру туралы

Барлығы

2018 жылдың 9 ай ішінде

4650

2801

2370

1200

537

29

222

53

11862

АХАТ бөлімімен көрсетілген мерзімде 19728 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде 12269 "Мемлекеттік корпорация "азаматтарға арналған Үкімет" (ХҚКО) арқылы, 7459 қызмет «электрондық үкімет» порталы арқылы қызмет көрсетілген. Барлық қызмет Стандартта толық көлемде және көрсетілген мерзімде орындалған.

10.07.2017 жылы №253 ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің және №221 12.07.2017 жылғы ҚР Әділет министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы азамамттық хал актілерін тіркеу бойынша кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы пилоттық жобаның іске қосылуы туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес 2017 жылы 17 шілдеден бастап АХАТ бөлімінде пилоттық жоба іске қосылды. Пилоттық режимде келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі: баланың тууын тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде, 2008 жылдан кейін тіркелген неке бұзуды тіркеу. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1-2 жұмыс күндерінің орнына 3 сағатқа дейін қысқартылған. Аталған аралықта жеделдетілген режимде барлығы 3168 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: 647 туу, 1654 қайтыс болу, 867 некені бұзу туралы.

2018 жылдың 9 ай ішінде некеге тұру үшін 1371 өтініші «электрондық үкімет» порталы арқылы түскен.

АХАТ бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес жоспарланған жұмыстар уақытында орындалды.

АХАТ бөлімінің мамандарымен бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандармен 35 неке тіркелді, сонымен қатар тіркеу бөлімінде сотталғандармен 5 некені бұзу туралы акт жазбасы тіркелді.



Есеп жылында әкімшілік құқық бұзушылық болған жоқ.

АХАТ бөлімімен 2016 жылы мұрағат қорына ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік мұрағаттың сараптама комиссиясының хаттамасымен бекітілді.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет