Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Қр іім тжк шқо тжд



жүктеу 263.11 Kb.
Дата30.10.2018
өлшемі263.11 Kb.


Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы
ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД

Өскемен қаласы ТЖ басқармасының

2016 жылы 1 тоқсанында атқарған жұмысы туралы

ЕСЕП

Өскемен қ.

наурыз, 2016 жыл


ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Өскемен қаласы ТЖ басқармасының

2016 жылы 1 тоқсанында атқарған жұмысы туралы

ЕСЕП
ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Өскемен қаласы ТЖ басқармасының негізгі міндеті табиғи апаттан және дүлей апаттан, авариядан аумақты және шаруашылық объектілерін, халықты қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады және ТЖ басқармасы өзінің қызметінде «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Үкіметтің Қаулыларын, ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрықтарын басшылыққа алады.

2016 жылдың 1 тоқсанында Өскемен қаласының ТЖБ қызметі «Қазақстан жолы - 2050: Бірыңғай мақсат, бірыңғай көзқарас, бірыңғай болашақ» атты Қазақстан халқына Мемлекет басшысының Жолдуынан шыққан міндеттерді жүзеге асыру аясында, 2016 жылға арналған Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің жоспарына, 2016 жылға арналған ШҚО ТЖД жұмыс жоспарына, 2016 жылға арналған ШҚО ТЖД Өскемен қаласының ТЖБ жұмыс жоспарына, ҚР ІІМ ТЖК отырысы хаттамаларының шешімдеріне сәйкес жалғастырылды.


ТЖ қысқаша салыстырмалы талдау

2016 жылдың 1 тоқсанында Өскемен қаласының аумағында 6 төтенше жағдай тіркелді (2015ж. - 21), оның ішінде: тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі авариялар – 2 (2015ж. – 6), өртте тұншықтырғыш газбен улану – 1 (2015ж. – 7), КӘУЗ байқау – 1 (2015ж. – 0), өндірісте қаза болу – 0 (2015ж. – 2), жарылғыш зат – 0 (2015ж. – 3), суға кеткендер - 2 (2015ж. – 2), 0- жер сілкінісі (2015ж. – 1), ЖКО – 0 (2015ж. – 0). 2016 жылдың 1 тоқсанында оқиғалардың саны 22 құрады (2015ж. – 24).

Сонымен, зардап шеккендер 21 адамды құрады, оның ішінде балалар – 3, қаза болғандар 4 адам, оның ішінде балалар – 0 (2015 жылы зардап шеккендер 15 адамды құрады, оның ішінде балалар – 0, қаза болғандар 13 адам, оның ішінде балалар – 0).

ШҚО ТЖД «Төтенше жағдай ақпараттық-анықтамалық карточкалары базасын құру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес жыл басынан бастап Өскемен қаласының аумағында болған оқиғалар туралы толық ақпаратты ашатын 214 карточка (2015 жылы -136) жасалды.


1 бөлім

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу бойынша қызметтің тиімділігін жоғарылату
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу бойынша қызметтің тиімділігін жоғарылату сұрақтарында, Өскемен қ. ТЖБ барлық қызмет бағыты бойынша үлкен кешенді шаралар жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 577 бұйрығына сәйкес қаланың ТЖ басқармасымен 2015 жылдың жағдайына Өскемен қаласының қауіпсіздік паспорты жасалды.

ТЖ мониторингі.

Мониторинг және болжау жүйесі жергілікті атқару органымен және мемлекеттік мекемелермен өзара қарым-қатынаста жүзеге асырылады. Облыстың болжау жасау қызметтерімен өзара жедел ақпараттық қарым-қатынас ұйымдастырылған. ТЖБ қызметкерлерімен 2 дауылды ескерту қабылданды және орындалды. Тәулік бойы ШҚО бойынша ҚР ҚОҚМ «Қазгидромет» ШЖҚ РМКФ –нан су ресурстарының жағдайы, қар қорының болжамы, метеорологиялық және экологиялық мониторингтердің, қаланың энергия жүйесінің жағдайы мәліметтері келіп түседі және өңделеді.

Гидрологиялық жағдай туралы ақпаратты жедел алу мақсатында 4 гидропост тартылған. Барлық гидропосттармен телефон немесе электрондық пошта арқылы байланыс жүзеге асырылады. Ертіс өзенінде және оның ағыстарында 1 қадағалау посты, Үлбі өзенінде 2 қадағалау посты, Аблакетка өзенінде 1 қадағалау посты жұмысын жүзеге асырады.

2015-2016 жылдың қысқы кезеңіне дайындалу.

Қала аумағында қыс кезеңі қанағаттанарлық жағдайда өтті. Күнделікті Өскемен қаласының ТЖ басқармасымен шығарылған қардың мөлшері туралы және қызмет көрсетілетін бағдарларға тартылатын қартазалағыш техниканың және адамдардың саны туралы ақпаратты жинақтау жүргізілді. Шұғыл ақпаратты тарату үшін жергілікті телевидениенің арналарын ұстау жүзеге асырылды. 2016 жылдың басынан бастап коммуналдық қызметтермен қала көшелерінен 66,440 м3 қар шығарылды.



Су тасқыны.

Су тасқыны кезеңі басталғанға дейін уақтылы ТЖ басқармасының баспасөз-қызметімен ШҚО ТЖД сайтында су тасқынына дайындық жөнінде насихат жұмыстары жүргізілді. Су тасқыны және су басу кезінде өзін ұстау ережесі бойынша тұрғын үй секторында аралау жүргізіліп, 2016 жылдың 15 ақпанынан 24 наурыз аралығында 1240 жадынама таратылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында су тасқыны және су басу кезінде өзін ұстау ережесі бойынша 7 мақала жарияланды, ТД 5 рет, радиода 7 шығу болды, сайтқа 7 материал орналастырылды.

2016 жылдың су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайдың алдын алу, жеке және заңды тұлғалардың мүліктеріне материалдық шығын келтірмеу мақсатында Өскемен қаласының төтенше жағдайлар басқармасы Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен-Тәртіп» ШЖҚ КМК, ЖӨБК өкілдерімен, қала әкімінің бас инспекторымен бірлесе су тасқыны қауіпті орындарға акті жасаумен комиссиялық тексеру жүргізілді. 2016 жылдың 10 ақпанынан 18 наурызы аралығында әкімдіктің істер басқармасының, ЖӨБ, ПИК өкілдерімен 8 жиылыс өткізілді, барлығы 405 адам қатысты.

2016 жылдың су тасқыны кезеңіне 5000 м3 – инерттік материал, 15000 дана қап, 200 дана күрек, келісім бойынша ЖЖМ дайындалды.

Су тасқыны кезеңіне қаланы тазалауға «Өскемен-Тәртіп» ШЖҚ КМК және 6 мердігерлік ұйымдармен 57 техника тартылады, оның ішінде: бульдозерлер – 2 бірлік, экскаваторлар – 5 бірлік, крандар – 2 бірлік, тиегіштер – 5 бірлік, табанды тракторлар – 3 бірлік, самосвалдар – 10 бірлік, грейдерлер – 4 бірлік, шнекороторлар – 1 бірлік, дөңгелекті тракторлар – 23 бірлік.

Су басуға жататын учаскелердегі қардың еруіне, сонымен қатар мұз кептелісіне және су басуға жататын Үлбі өзені мен Бражинский, Жуков, Овечий ключ, Безымянный, Безымянный ключ жылғаларының ашылуына бақылау күшейтілді.

Күнделікті су тасқыны жағдайы, сыртқы ауа-температурасы және қала аумағындағы суайдындардағы су деңгейінің өзгеруі туралы ақпараттарды жинау жүргізілді. Қала ТЖ басқармасы бастығының міндетін атқарушының 2016 жылғы 9 наурыздағы № 9 «Су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу туралы» бұйрығымен су тасқыны салдарын жою жөніндегі жедел штаб құрылды, ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлерінен су тасқыны қауіпті учаскелерге тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Қала АҚ қызметтерін су тасқыны кезеңіне дайындау сұрақтары ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысында қаралды.

Қала ТЖ басқармасы қала әкімінің «138» жедел-кезекшілік қызметімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Су басу қаупі туралы азаматтардан «138» қызметіне келіп түскен үндеулері шұғыл түрде ТЖБ қызметкерлеріне жеткізіледі. Барлық оқиғаларға басқарма офицерлері барып, оқиға орнында жағдайды анықтап, су басу қаупін болдырмау үшін шараларды ұйымдастырады.



Қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қысқы кезеңдегі ТЖ туралы тұрғындарды ақпараттандыру және алдын алу мақсатында Өскемен қаласының ТЖ басқармасымен қысқы кезеңде қала суайдындарында азаматтардың қауіпсіздік деңгейін жоғарылату және алдын алу бойынша кешенді шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) жасалды. Осы жоспар орындауға жауаптыларға жеткізілді. Қаланың шаруашылық нысандарына мұздағы қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жұмысшылармен және қызметкерлермен әңгіме өткізу туралы хат және қысқы кезеңде өзін ұстау туралы жадынама жолданды.

Қала суайдындарында адамдар қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша жұмыстар Өскемен қаласының ТЖ басқармасымен тұрақты жүргізіледі. Қала суайдындарында Крещендік суға шомылу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша БАҚ бірге брифингте (2016 жылғы 12 қаңтар) Өскемен қ. ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімшесінің бастығы В.С. Литвиненконың сөз сөйлеуі ұйымдастырылды.

Шатырдан мұз кесегінің құлауынан адамдардың өлуіне байланысты, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында, Өскемен қаласының ТЖ басқармасымен қала әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК басшысына және ЖӨБК директорларына тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырынан қарды тазалау, мұздықтар мен сүңгілерді түсіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы хат жолданды. 2016 жылы 4 ақпанда «Қазақстан-Өскемен» телеарнасымен бірлесе шатырынан сүңгілер мен қардың түсу қаупі бар қала үйлерін қарау-аралау жүргізілді.

2016 жылдың 13 қаңтарында газет және радио, электрондық агенттіктер БАҚ-мен бірлесе өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша және қар бұрқасыны жағдайында халықтың қауіпсіздігі үшін «101», «112» телефондарын көрсетумен автокөліктік иістендіргіштерді таратумен рейд жүргізілді.

2016 жылы 5 ақпанда «Қазақстан-Өскемен» және «ОРТ Евразия» телеарналарының журналистерімен бірлесе Өскемен қаласының тұрмысы нашар отбасылары арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға бағытталған рейд жүргізілді.

2016 жылы 19 ақпанда «ОРТ Евразия» телеарнасының «Өрт сөндірушінің» күштерімен әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың пештерінің түтіншыққыштарын тазалау бойынша рейдтің бейнетүсіріліміне қатысуы ұйымдастырылды.

2016 жылдың 22-23 ақпанында Согра кентінде «Хабар», «Қазақстан-Өскемен» және «Атамекен» телеарналары Өскемен қ. ТЖБ мамандарымен су тасқынына қарсы рейдке қатысты.

Басқарма мамандарымен «Болжамды террорлық акті жасалуының нәтижесінде туындаған, техногендік сипаттағы қауіпті жою бойынша бірлескен іс-қимылды жасау», «Азаматтық қорғау» тақырыбына мекемелерде, мектептерде, балабақшаларда («Алтай» қайрымдылық мекемесі; «Өскемен қ. мамандандырылған балалар үйі» КМҚК; «№ 6 «Күншуақ» Балабақша-бөбекжайы»; ««Алтын дән» кешенді мектеп-балабақша» КММ; «№ 4 «Сәулетай» Балабақша-бөбекжай» КМҚК; «№ 103 балабақша-бөбекжай санаторийі»; «№ 18 орта мектеп» КММ; «Лада» балабақшасы»; «Теремок» балабақшасы»; «Шуақ» балабақшасы»; ШҚО бойынша МКД) оқыту сабақтары өткізілді.

Өскемен қаласының ТЖ басқармасы 2016 жылы 26 ақпанда АҚМЖ Шығыс Қазақстан аумақтық кіші жүйесінің басқару органдарымен «Көктем кезеңіндегі ТЖ жою бойынша басқару органдарының, қалалық және аудандық төтенше жағдайлар комиссиясының, авариялық-құтқару қызметтері күштерінің іс-әрекеті» тақырыбына штабтық жаттығуға қатысты. Сонымен қатар 2016 жылдың 3-4 наурызында «2016 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңіндегі ТЖ жоюға басқару органдарының, АҚМЖ күштері мен құралдарының дайындығы» тақырыбына жергілікті атқарушы органдармен, төтенше жағдайлар комиссиясымен, Өскемен қаласының АҚ қызметтерімен «Көктем-2016» РКШОЖ қатысты. Өткізілген Республикалық командалық-штабтық жаттығу барысында қала су тасқыны кезеңіне дайындықтың жоғары бағасын алды.

«Көктем-2016» РКШОЖ аясында қалалық АҚ қызметтерімен бірлесе 2016 жылы 2-3 наурызда «2016 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңіндегі ТЖ жоюға басқару органдарының, АҚМЖ күштері мен құралдарының дайындығы» тақырыбына көріністі ТАЖ өткізілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі берген кестеге сәйкес «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ракета-тасығышты ұшыру кезінде авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын жоғары дайындыққа келтіру жөнінде жұмыстар ұйымдастырылды.

2016 жылдың есеп кезеңінде Өскемен қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлерімен әртүрлі төтенше сипаттағы жағдайларға және оқиғаларға 21 шығу болды.



Азаматтық қорғаныс.

Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күнінің аясында, қаланың шаруашылық объектілерінде біршама шаралар жоспарланды және өткізілді: жоспардан тыс жаттығулар, авариялық жағдай бойынша машықтанулар, сейсможаттығулар, дәрістер мен әңгімелесулер, тестілеу, стендті жаңарту, экскурсия, фильмдерді көру және т.б. Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқыту-өндірістік комбинаты» КММ базасында «Азаматтық қорғау күні. Өскемен қ. ТЖБ қызметі және 2015 жылдың қорытындысы» тақырыбына интерактивтік сабақ өткізілді. Арнайы техникаларды және авариялық-құтқару құрылғыларын көрсетумен «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжінің студенттеріне, қала мектептерінің оқушыларына ШҚО ТЖД базасында ашық есік күні ұйымдастырылды. «Қазақстан-Өскемен» телеарнасымен бірлесе өрт қауіпсіздігі тақырыбына суреттер байқауы өткізілді. «Эставелла» балалар-жасөспірімдер клубының жас құтқарушылар сыныбының оқушыларымен қарда сурет салу байқауы және ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының кинологтарымен кездесу өткізілді. № 20 орта мектепте алғашқы көмек көрсету және спорттық жарыс бойынша жарыс өткізілді. Сабақтар, байқаулар және ашық есік күндері күнделікті сабақтарға қарағанда мейлінше тиімдірек. Көріністі мысалдар қауіпті нақты бағалауды және өзін ұстау ережесін жасауды көрсетеді.

Қала халқын оқыту және азаматтық қорғау күштерін, басқару органдарын дайындау бойынша негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес шаруашылық объектілерінде өткізілді:

- кешенді жаттығу - 2,

- объектілік машықтанулар - 3,

оның ішінде оқу орындарында - 2,

-командалық-штабтық жаттығу - 12,

- тактикалық-арнайы жаттығу - 8,

- сейсможаттығу - 36,

- апаттық жағдай бойынша жаттығу - 36.

Басқарманың 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес келесі жаттығуларға қатысты:

- 2016 жылдың 3-4 наурызында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі орынбасарының басшылығымен «2016 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңі жағдайында төтенше жағдай салдарын жоюдағы іс-қимылға басқару органдарын, АҚ мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбына «Көктем-2016» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы;

Мына тақырыптарға штабтық жаттығулар:

26 ақпанда «Көктем кезеңіндегі ТЖ жою бойынша басқару органдарының, ТЖ комиссиясының, авариялық-құтқару күштерінің іс-қимылы».

«Көктем-2016» РКШЖ аясында 2016 жылы 3 наурызда ТЖ басқармасымен «2016 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңіндегі ТЖ жоюға басқару органдарының, АҚМЖ күштері мен құралдарының дайындығы» тақырыбына тактикалық-арнайы жаттығуы өткізілді.

ТЖ және оқиғалар туралы ақпаратты сапалы және жедел өңдеу мақсатында қала АҚ қызметтерімен, Өскемен қаласы әкімдігінің «138» қызметімен, ШҚО ТЖД ведомствосына қарасты мемлекеттік мекемелері және құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынас және үйлесімділік ұйымдастырылған.

Құлақтандыру және жинақтауды жүзеге асыру үшін лауазымды тұлғалардың тізіміне түзетулер енгізілді. «ЖИНАЛ» дабылын алған кезде Өскемен қаласының ТЖБ жеке құрамын құлақтандыру сызбасы жаңартылды.
2 бөлім

Функционалдық мүмкіндіктерді жетілдіруге бағытталған шаралар
Қалалық ТЖ комиссиясының отырысы

Төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық комиссия отырысы ТЖ қалалық комиссиясының төрағасы- қала әкімімен бекітілген жоспарға сәйкес өткізіледі. 2016 жылы ТЖК 1 отырысы жоспарланды және 2 отырыс өткізілді, оның ішінде 1 – жоспардан тыс, онда келесі сұрақтар қаралды:

- «2016 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық туралы»;

- «Қаланың арық жүйесі»;

- «Гидротехникалық құрылыстардың жағдайы туралы»;

- «Ушанов ауылы ауданындағы ескі арнаға Үлбі өзенінің арнасын бұру»;

- «Радиоактивті капсуланы жою туралы»;

- «Қорғаныс құрылысының жағдайы туралы».

ТЖ комиссиясының хаттамалық шешімінде қойылған шаралар толық көлемде орындалады.

Қала ТЖ басқармасымен 2016 жылға арналған қалалық ТЖ комиссиясының жоспары жасалды және 2015 жылы 7 желтоқсанда Өскемен қаласының әкімімен бекітілді.

Жұмыс және жұмыстан тыс уақытта Комиссия мүшелерін құлақтандыру сызбасына түзету мен өзгерістер енгізілді.

Кадрмен жұмыс, адам ресурстарын басқару, оқыту, біліктілікті жоғарылату

Есеп кезеңінің жағдайына Өскемен қаласының ТЖ басқармасындағы штаттың саны - 21 адам, оның ішінде: 4 лауазым әкімшілік мемлекеттік қызметкер, 3 лауазым әскери және 14 ӨҚБ қызметкерлерінің лауазымы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауды және білуді насихаттау мақсатында бөлімшеде қызметкерлерді құқықтық оқытуға аса көңіл бөлінеді. Жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша Басқарманың жеке құрамымен «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы өкілдерінің қатысуымен 2 дөңгелек стөл өткізілді.

Кәсіби қызметті және физикалық дайындықты ұйымдастыру жөніндегі ШҚО ТЖД бекітілген жоспарына сәйкес топтық сабаққа жеке құрамның 100% қатысты. Өткізілген сабақтар қорытындысы бойынша сынақтар тапсырылды.

Министрліктің оң имиджін қалыптастыру бойынша жұмыстар

ТЖ алдын алу және жою, зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі жұмыстар облыстық, сондай-ақ Республикалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жарияланып тұрды.

«Пожарный и спасатель» журналына орналастыру үшін материалдар жүйелі түрде дайындалады, жылдың басынан бастап «Пожарный и спасатель» журналына 7 мақала жіберілді, оның 2-і жарияланды.

Қала теле-дисплейлерінде Өскемен қаласының Ішкі саясат бөлімімен бірлесе халық үшін әлеуметтік роликтер орналастырылды.

Алдын алу және тұрғындарды ақпараттандыру, сонымен қатар қоғамдық дүрбелең тудырған, болған ТЖ мен оқиғалар туралы нақты ақпаратты жеткізу мақсатында Өскемен қ. ТЖБ қызметкерлерімен бұқаралық ақпарат құралдарында шығулар, брифингтер, баспасөз-конференциялары ұйымдастырылады және өткізіледі.

2016 жылы өткізілді:

12 қаңтар – «Крещение Господне» православтық мерекесін өткізу кезеңіндегі қауіпсіздік сұрақтары бойынша баспасөз-конференциясы (қала әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі және Өскемен қ. ТЖБ);

9 наурыз - су тасқыны қауіпті кезең жөнінде баспасөз-конференциясы (Өскемен қ. ТЖБ және Өскемен қаласының әкімдігі).

Наурыз айында тұрмыстағы өрттердің алдын алу бойынша «Қазақстан-Өскемен» телеарнасымен балалар суреттеріне байқау өткізілді.

2016 жылдың басынан бастап бұқаралық ақпарат құралдарында әртүрлі баспаларды 60 мақала шықты, республикалық және облыстық маңыздағы телеарналарда 23 көрініс көрсетілді, «Микс» және «Авторадио» радиосында 44 шығу болды, «Эхо Усть-Каменогорска» және қала әкімінің, УК КЗ, ШҚО ТЖД сайттарында 178 материал жарияланды.

Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқыту-өндірістік комбинаты» КММ базасында қала мектептері арасында 4145 оқушының қатысуымен мына тақырыптар бойынша 6 интерактивтік сабақ өткізілді: «Қысқы кезең жағдайында тұрғындардың іс-қимылы», «Су тасқыны және су басу кезінде тұрғындардың іс-қимылы», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «ҚР ІІМ ТЖК КТИ түсу ережесі», «Азаматтық қорғау күні».

БАҚ мына тақырыптарға мақалалар дайындылды: «қыс қорқынышты емес» («7 күн» газеті), «Крещение господнені тойлаймыз» («1000 объявлений» газеті), «Үсу кезінде көмек» (Дайджест газеті), «Су босағада тұр» (Устинка газеті), «Үлкен су маусымы» («Менің қалам» газеті), «Көрінбейтін қауіп» («Менің қалам» газеті), «Мұқияттылық машықтануы» (Устинка газеті), «Жаман әдет» («Менің қалам» газеті).

ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтын толықтыру мақсатында Өскемен қ. ТЖ басқармасымен кең көлемде үгіт-түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Өскемен қ. ТЖ басқармасының мамандарымен қала мектептеріне бару кестесі жасалды. Кәсібибағдарлық дәріс жүргізілді, ҚР ІІМ ТЖК КТИ түсу ережесі туралы бейнеролик көрсету ұйымдастырылды. Үгіт брошюралары таратылды. 2015-2016 жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында ҚР ІІМ ТЖК КТИ туралы 8 мақала, «МИКС» радиостанциясында 6 ақпарат, ШҚО ТЖД сайтында 9 ақпарат шықты.

2016 жылы 8 ақпанда «Болашақа 100 қадам» бағдарламасы аясында «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының «Қазақстан -2050» бағдарламасына Өскемен қ. ТЖБ АҚБ бастығы В.С. Литвиненко қатысты.

2016 жылы 2 наурызда «Эставелла» балалар-жасөспірімдер клубының жас құтқарушылар сыныбы арасында Өскемен қ. ТЖБ ұйымдастырылған, қарда сурет салу байқауы туралы «ОРТ-Евразия» телеарнасында көрініс эфирге шықты.

№ 9 өрт сөндіру бөлімшесінің бастығы В.В. Буркин қатысқан «Қазақстан-Өскемен» телеарнасында «Барлық мамандықтар маңызды» бағдарламасы эфирге шықты.

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасында «Көктем-2016» РКШОЖ аясында Өскемен қ. ТЖБ АҚ бөлімшесінің тактикалық-арнайы жаттығуын ұйымдастыруы мен өткізілуі жарияланды.

Мектеп каникулдары күндерінде (2016ж. қаңтар) Өскемен қ. «Жас құтқарушылар мектебі» оқушылары қыс жағдайында тірі қалу тәжірибелік курсын өтті.

2016 жылы 21 қаңтарда ШҚО ТЖД манежінде «Эставелла» БЖК жас құтқарушылары сыныбы арасында спорттық жарыс өткізілді.

Қаңтар айы мен ақпан айы аралығында Өскемен қаласы әкімдігінің «Жас құтқарушылар мектебі» КМҚК оқушыларымен ШҚО ТЖД құтқарушылар мен өрт сөндірушілерінің қызметі туралы шығармалар мен суреттер байқауы ұйымдастырылды.

2016 жылдың 6 ақпанында «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі» аясында Өскемен қ. №2 өрт сөндіру бөлімшесінің отпен күресуілерінің қатысуымен Өскемен қаласы әкімдігінің «Жас құтқарушылар мектебі» оқушыларымен халыққа жадынама таратумен, жекеменшік тұрғын секторында өрттердің және адамдар өлімінің алдын алуға бағытталған, Мирный кентінде профилактикалық рейд жүргізілді.

Тауға өрмелеу тәжірибесін, ілінген жіпте жұмыс істеуді, сонымен қатар өрт-құтқару спортымен айналысуды Азаматтық қорғау күні аясында ШҚО ТЖД Ашық есік күнінде қатысушыларға өздері көрсетулерімен Өскемен қ. әкімдігінің «Жас құтқарушылар мектебі» оқушыларының таныстырылуы ұйымдастырылды.

2016 жылы 5 наурызда Өскемен қ. әкімдігінің Жас құтқарушылар мектебі КМҚК жас құтқарушылары шаруашылығына көмек көрсетумен төтенше жағдай қызметінің зейнеткері В.Е. Черенковқа барып қайтты.

2016 жылы 10 наурызда «Эставелла» БЖК жас құтқарушылар сыныбына барушы мектеп оқушылары арасында №9 өрт сөндіру бөлімшесінің бастығы В.В. Буркиннің өрт-құтқару ісі бойынша сабағы өткізілді.



Есеп беру және жоспарлау жүйесін жетілдіру

2016 жылға арналған ҚР ІІМ ТЖК жұмыс жоспарының негізінде, ШҚО ТЖ Департаментінің жұмыс жоспары негізінде Өскемен қ. ТЖБ жоспары жасалды және ШҚО ТЖД бастығымен бекітілді.

2016 жылдың 1 тоқсанында дайындалды:

- ТЖД жауаптар - 99;

- «ВТИССА» РМК сұранысы бойынша ТЖД жауап – 10;

- бақылау карточкасына жауап - 2;

- жеке тұлғалардың үндеуіне жауап - 1;

- негізгі қызмет және жеке құрам бойынша бұйрықтар жасалды - 14;

- шаруашылық объектілері мен меморгандардың сұранысы бойынша ақпарат - 8;

- Өскемен қаласы әкімдігінің, ұйымдардың, мекемелердің атына талапты хаттар дайындалды - 17.

ТЖД бастығы жанындағы жедел отырысы хаттамасының шешімін орындау барысы туралы қала ТЖ басқармасымен уақтылы қызметтік хаттар жолданды.
Өскемен қаласы ТЖ басқармасының мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің атқарған жұмыстары туралы

есебі

Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің қызметкерлерімен бірінші тоқсанда 24 объектіге өрт-техникалық тексеру жүргізілді (2015 жылдың осы іспеттес кезеңінде 22 объекті – 8% артты). Өрт қауіпсіздігі нормасы мен ережелерінің әр түрлі бұзушылықтары үшін 26 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде: айыппұл түрінде – 17 іс 371175 соммаға, 11 ескерту, бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8%-ға артық, 24 әкімшілік іс, оның ішінде: айыппұл түрінде – 6 іс 178380 соммаға, 18 ескерту).

Өскемен қаласының Әкімшілік сотына, нысанның қызметін тоқтатуды қарастыратын 462 баптың 3 тармағы бойынша 2016 жылы 5 нысанға материал жолданды (2015 жылы 1 нысан – 5 есе көп).

Өрттердің алдын алу, сонымен қатар өрттерде адамдар өлімін азайту мақсатында Өскемен қаласының ТЖБ МӨББ қызметкерлерімен келесі жұмыстар атқарылды:

2016 жылы қала телеарналарында 10 шығу болды, 2015 жылы – 11; 2016 жылы баспасөз басылымында – 34 мақала, 2015 жылы – 34 мақала; 2016 жылы радиода – 21 материал, 2015 жылы – 20 материал.

Қала әкімінің, УК. КZ, «Эхо Усть-Каменогорска», ШҚО ТЖД және ҚР ІІМ ТЖК сайттарында 2016 жылы 89 материал, ал 2015 жылы – 88 материал орналастырылды.

Әкімдікке, прокуратураға және басқа мемлекеттік мекемелерге нысандардың өртке қарсы жағдайы туралы 14 ақпарат жолданды.

Өскемен қаласының кәсіпорындарында Өскемен қаласының ТЖБ қызметкерлерімен өртке қарсы тақырыпқа 2016 жылы 1304 адамды қамтыған 1188 нұсқаулық (2015 жылы-1974 адам 1548 нұсқаулық), 1935 адамды қамтыған 43 дәріс өткізілді (2015 жылы-2946 адам 88 дәріс), «дауыс зорайтқыш жүйесімен»- 24 (2015 жылы – 51) шығу болды.

Кейбір көрсеткіштердің төмендеуі тексеру қағаздарының қайта тіркелуіне байланысты қаңтар айында қала объектілеріне жоспарлы тексеру жүргізілмегендігімен түсіндіріледі.

Жекеменшік секторындағы тұрғын үйлердің жалпы саны – 18 402. 2016 жылдың басынан бастап нұсқаулық өткізумен және түбіртек-ұсыныстар тапсырумен 2380 тұрғын үйді аралау жүргізілді, 2015 жылы – 2378 түбіртек. Жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің қатысуымен 307 адамды қамтыған 7 жиылыс ұйымдастырылды және өткізілді, 2015 жылы – 221 адамды қамтыған 7 жиылыс.

Тұрғын секторындағы өрт кезінде адамдардың жарақаттануы мен өлімін, өрттердің өсуін азайту мақсатында Өскемен қ. ТЖБ мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің мамандарымен келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:

Өрттердегі адамдар өлімінің барлық жағдайы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында және ШҚО ТЖД, Өскемен қаласы әкімінің, «УК КЗ» сайттарына өрттің туындауына әкеп соқтырған себептер мен жағдайларды көрсетумен материалдар жолданып отырылады. Қала теле-дисплейлерінде қала әкімдігінің Ішкі саясат бөлімімен бірлесе тұрғындар үшін әлеуметтік роликтер орналастырылды.

«Үлбі» Қалалық аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызмет көрсетілуде тұрған, сонымен қатар «Жандәурен» ЖШС әлеуметтік мекемесінде қызмет көрсетілуде тұрған тұлғалардың арасында нұсқаулық өткізумен халықтың аз топтанған топтары тұратын орындарда рейд өткізілді. Тұрғандарға жадынама таратумен және Бабкин диірмені ауданындағы тұрғын үйлерді аралаумен 7 «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі» ұйымдастырылды.

Өрт қауіпсіздігі ережелерімен азаматтарды ақпараттандыру және халықты көптеп қамту үшін «Өскемен автобекеті» ЖШС күту залында ақпараттық стендте ақпараттық жадынамалар орналастырылды. «Юбилейный» кинотеатрында кассаларда үгіт материалдары таратылады. АДК («Алма Стор» ЖШС) сауда орталығына төлем жүргізу кассасында сатып алушылар арасында үгіт материалдарын тарату жөніндегі сұрақтарды қарастыру туралы хат жолданды. Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау бойынша баннер орнатылды (Киров және Орджоникидзе көшелерінің бұрышы). Өскемен қаласының автокөлік иелері арасында өрт қауіпсіздігі ережелері көрсетілген иістендіргіштерді таратумен үлкен сауда үйінің тұрағында болған рейдке қатысты. «Hollywood» кинотеатрында киносеанс көрсетілер алдында азаматтарды үйрету үшін өрт қауіпсіздігі бойынша ролик көрсетіледі. Өскемен қаласы әкімідігінің «Оқыту-өндірістік комбинаты» КММ базасында онлайн режімінде мына тақырыптарға 3 интерактивтік сабақ өткізілді: «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері», «Жаңа жыл мерекесіндегі қауіпсіздік. Петардты қолдану кезіндегі қайғылы жағдайларды болдырмау», «Жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау». Қаланың 1815 оқушысымен 92 мектебі қамтылды. 336 баланы қамтыған «ВСШ КОД» КММ, ШҚО ББ, «№ 24 мектеп» КММ, «№ 7 мектеп» КММ балалардың тентектігінен болатын өрттердің алдын алуға бағытталған, ШҚО ТЖД бірлескен театрланған спектакль өткізілді. Өскемен қ. әкімдігінің «Жас құтқарушылар мектебі» КМҚК жас құтқарушылар кружогы оқушыларының арасында балалар суретінің және шығармаларының байқауы өткізілді. «Қазақстан-Өскемен» телеарнасында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша балалар арасындағы суреттердің байқауы ұйымдастырылды. Өрт қауіпсіздігі бойынша «Алтай» қайырымдылық мекемесінің оқушыларымен сабақ өткізілді.

Өскемен қаласының орталық көшелеріндегі «STREET RADIO» қалалық тарату желісінің құрылғысы бойынша өрт қауіпсіздігі ережелеріне халықты құлақтандыру жүзеге асырылды. Құлақтандыру қоғамдық көліктің аялдамаларында және жүргінші аймағында жүргізілді. Өскемен қаласында хабарландыру мына уақыттарда жүзеге асырылады: жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін келесі орындарда: «Ануара» СҮ (аялдама кешені және жүргінші жолы), «Эмилия» СҮ (аялдама кешені және жүргінші жолы), «Спорт сарайы» ауданы (аялдама кешені және жүргінші жолы), «Евразия» СҮ (аялдама кешені және жүргінші жолы), «Заречный» базары, «Спорт сарайы» аялдама кешені, қала автобекеті ауданында (Абай даңғ.) Тәуелсіздік даңғ. 4/2, «Ивушка» дүкені ауданы. Күнделікті қамту аудиториясы 25 мың адам. Қала әкімдігінің Ішкі саясат бөлімімен бірлесе қала әкімінің сайтында өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау бойынша ролик орналастырылды. «Авторадиоға» (104,7 FМ) болған өрттер және олардағы адамдар өлімі туралы ақпарат, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі профилактикасы бойынша материалдар жолданады.

«УК КЗ» сайтында қала тұрғындары үшін өрт қауіпсіздігі сұрақтары бойынша «кері байланыс» ұйымдастырылды. Апта бойы «Сұрақ-жауап» айдары жұмыс істеді, онда тұрғындар өздері қызықтырған сұрақтарды қалдырып, Өскемен қ. ТЖБ МӨББ мамандарынан жауап алды. «УК КЗ» сайтында және Өскемен қ. ТЖБ өтініш берген кезде сауалнама арқылы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы тұрғындардан сұрау жүргізілді.

«Үлбі» Қалалық әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ қызметкерлерімен және басшылығымен дөңгелек стөл өткізілді. Қарастырылған сұрақтар: 1. Әлеуметтік қорғау ӨТТ жүзеге асыру тәртібі. 2. Өскемен қаласындағы өрт жағдайы. 3. Нысанда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүргізу. 4. ШҚО ТЖД «сенім телефоны» туралы мектеп әкімшілігін ақпараттандыру. 5. Алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану ережесіне және өрт туындаған жағдайда өзін ұстау ережесіне үйрету.

Білім беру нысандарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша білім беру нысандарының басшыларымен семинар өткізілді.

2016 жылы 11 наурызда кәсіпкерлермен дөңгелек стөл өткізілді. Қарастырылған сұрақтар: 1. Өскемендегі өрттермен жағдай. 2. Өскемен қаласының нысандарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 3. Қазақстан Республикасы Мәслихат депутаттарын кезекті сайлауын және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауын өткізу кезеңінде сайлау учаскелерінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету. 4. Объектілік гидранттарға өрт есептемесінің кіргізілуін ұйымдастыру және өртке қарсы сумен жабдықтаудың сыртқы көздеріне түзету енгізу қажеттілігі туралы. 5. ШҚО ТЖД «Сенім телефоны» туралы ақпараттандыру.

Ағымдағы кезеңде Өскемен қаласының аумағында 77 өрт (2015 жылы 91 өрт болды, 16% азайды). Шығын 9412830 теңгені құрады (2015 жылы- 446000 теңгені құрады, 95 көбейді), отта 4 адам қайтыс болды (2015 жылдың осы кезеңінде 8 адам қайтыс болды, 2 есеге кем).

Өскемен қаласында төтенше жағдайлардың және адам өлімінің алдын алу, қадағалау-профилактикалық қызметті жақсарту мақсатында жасау қажет:

1. ҚР Бас прокуратурасымен бекітілген, жартыжылдық жоспарда жоспарланған барлық объектілерге 100 % тексеру жүргізу.

2. Объектілерді тексеру нәтижесі бойынша ҚР заңнамасымен белгіленген барлық шараларды (айыппұл, тоқтату) қолдану.

3. Мәжбүрлеп айыппұлдарды өндіру бойынша сот орындаушыларымен жұмысты жалғастыру, айыппұлдарды өндіруді 100%-ға жеткізу.

4. Өскемен қаласының ТЖБ қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдарында шығуы, Өскемен қаласының тұрғын секторында насихаттау-түсіндіру, объектілерде дәрістер, нұсқама жүргізу бойынша жұмыстарды жандандыру.

5. Тұрғын секторында жүргізілетін рейдтердің саны мен тақырыбын көбейту.

6. Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ алдын алу бойынша қызметтің тиімділігін жоғарылату.

7. ТЖ болғандағы іс-қимылға тұрғындарды оқытуға және алдын алуға бағытталған іс-шараларды орындауға барлық нақты шараларды қабылдау.



Қорытынды: Жоспарланған іс-шаралар толығымен орындалды, белгіленген мақсаттар мен мүдделер ағымдағы уақытта орындалды.


«ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД

Өскемен қ. ТЖ Басқармасы» РММ

бастығының міндетін атқарушы

азаматтық қорғау майоры С. Амангелдин
Қызметтік бағыт бойынша жергілікті атқарушы органдарды, мекемелерді, ұйымдарды ақпараттандыру


р/с




Ақпараттың тақырыбы

Кімге жіберілді, ТАӘ, лауазымы

Жіберілген күні,

шығыс нөмірі

Қабылданған

шешім

1

Азаматтар арасында жадынама тарату

«Өскемен автобекеті» ЖШС директоры

А.Б. Бейсенгазиновқа



2016 ж. 06.01.

№ 29-20-7-20-02/28



Жадынамалар орнатылды

2

Тұрмысы нашар отбасылар тізімін құру

Өскемен қ. ІІБ бастығы полиция полковнигі А.Қ. Уәлиевке

2016 ж. 05.01.

№ 29-20-7-20-02/01 Зт



Тізім құрылды

3

Сатып алушылар арасында жадынама тарату жөнінде

АДК «Алма Стор» ЖШС директорна


2016 ж. 11.01.

№ 29-20-7-20-02/48 Зт



Жадынамалар таратылды

4

Халық үшін ӨҚЕ жөніндегі жадынама және баннер дайындау жөнінде

Өскемен қаласының әкімі Т.Ж. Қасымжановқа

2016 ж. 12.01.

№ 29-20-7-20-02/55



Мәліметке алынды

5

Халық үшін жадынама орналастыру туралы

«Өскемен қалалық трамвай паркі» ЖШС директоры

А.А. Успенскийге



2016 ж. 14.01.

№ 29-20-7-20-02/82 Зт



Жадынамалар орналастырылды

6

Коршуновский суқоймасы ауданында Үлбі өз. деңгейінің төмендеу фактісі жөнінде

Өскемен қаласының әкімі Т.Ж. Қасымжановқа

2016 ж. 14.01.

№ 29-20-7-20-01/66



Мәліметке алынды

7

Өрт қауіпсіздігі бойынша әлеуметтік роликтердің жадынамасын орналастыру жөнінде

«Эхо» ойын-сауық кешені» ЖШС директоры

А.М. Татаеваға



2016 ж. 15.01.

№ 29-20-7-20-02/89 Зт



Мәліметке алынды

8

Халық үшін жадынама-күнтізбелерді орналастыру жөнінде

«Қазпошта» АҚ ШҚ ОФ директоры

Е.К. Күбентаевқа



2016 ж. 20.01.

№ 29-20-7-20-02/97 Зт



«Қазпошта» АҚ ШҚ ОФ келушілері арасында жадынама-күнтізбелер таратылды

9

Тұрғындар арасында жадынама тарату және өрт қауіпсіздігі сұрақтарымен халықты ақпараттандыру жөнінде

№ 1,3,4,5 ЖӨБК филиалдарының директорларына

2016 ж. 22.01.

№ 29-20-7-20-02/158 Зт



Тұрғындар ақпараттандырылды, жадынама таратылды

10

Медиа-жоспарға сәйкес материалдарды орналастыру жөнінде

Өскемен қаласының әкімі Т.Ж. Қасымжановқа

2016 ж. 26.01.

№ 29-20-7-20-02/133



Мәліметке алынды

11

Мүгедек-балалар тұрғын үйінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және пештерін талалауға көмек көрсету жөнінде

Өскемен қаласының әкімі Т.Ж. Қасымжановқа

2016 ж. 26.01.

№ 29-20-7-20-02/138



Мәліметке алынды

12

Мирный кентінде тұрмысы нашар отбасыларға бірлескен рейд жүргізу жөнінде

Өскемен қ. ІІБ бастығы полиция полковнигі А.Қ. Уәлиевке

2016 ж. 26.01.

№ 29-20-7-20-02/137



Рейд өткізілді

13

Сынапты жою туралы

Өскемен қаласының әкімі Т.Ж. Қасымжановқа

2016 ж. 29.01.

№ 29-20-7-20-02/155



Сынапты жою бойынша түсініктеме берілді

14

Жайлардың шатырына және подвалына НТМЖ тұлғалардың кіруін болдырмау бойынша жұмыстар жүргізу жөнінде

Өскемен қ. ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

А.М. Жақсылықовқа



2016 ж. 03.02.

№ 29-20-7-20-02/186



Мәліметке алынды, қаланың ЖӨБК және ПИК құлақтандырылды

15

Мүгедек-балалары бар В. Вальтер және И. Волковтар отбасыларының пештерін тазалау бойынша жұмыстар жүргізу жөнінде

«Өскемен-Тәртіп» ШЖҚ КМК басшысы

Д.В. Федченко



2016 ж. 04.02.

№ 29-20-7-20-02/355 Зт



Мәліметке алынды

16

Промбаза ауданындағы Геологическая көш. жүру жолының және №2 үйдің жанындағы тіреу қабырғасының қисаюы туралы ақпарат

Өскемен қаласының әкімі Т.Ж. Қасымжановқа

2016 ж. 11.02.

№ 29-20-7-20-01/236



Мәліметке алынды

17

Тұрғын секторында тұратын, әлеуметтік қорғалмаған халық тобының пештерін тазалау бойынша жұмыстарды жүргізу және қаржыландыру жөнінде

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

М.Ж. Құсайыновқа



2016 ж. 12.02.

№ 29-20-7-20-02/246



Мәліметке алынды


















Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет