ҚР Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева әріптесі “Мақпал Жүнісова халық әртісі емес” деген Нағима Ескалиеваның сөзін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Динара Сәтжан” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан кадр

Өнер иесінің айтуынша, үшеуінің жолдары бір болғанымен, салалары әртүрлі көрінеді. 

“Нағиманың 70 жас мерейтойында “Мақпал халық әртісі емес” деген сөз тарады. Оны әлеуметтік желіден көрдім. Бірақ оған бола Нағиманы кінәлаудың қажеті жоқ. Оның өз жолы бар. Ол бізден де мықты маман. Халық сүйіктісі. Шығармашылық жолда еңбек етіп жүрген үлкен тұлға. Адамды білмей тұрып, бір сөзіне бола қаралау қажет емес. 50 жылдан бері сахнада жүрген, ересек адамдармыз. Бір-бірімізді сылап, құрметтегеннен артық бақыт жоқ?! Мен екеуін де жақсы көремін. Нағиманы да, Мақпалды да сыйлаймын. Олармен жақын араласқаныма қуаныштымын. Бірақ үшеуіміз отырып, бірге шай ішкен емеспіз. Десек те гастрольдерде сапарлас болып қаламыз. Егер қыздар Алматыда болса, мен шайға шақыруға дайынмын. Үшеуіміз шүйіркелесіп отырып, әңгіме айтқанға не жетсін?! Бір ғана нәрсе айтамын, біздің арамызда шығармашылық бәсекелес бар. Оның болғаны да жақсы. Бір өнер жолында жүргенімізбен саламыз әртүрлі. Репертуарымыз бөлек. Даусымыз ұқсамайды. Нағима екеуіміздің достығымыз “Гүлдер” ансамблінен бері келе жатыр”, – деді өнер иесі. 

  • "Құранды жатқа біледі": Нұрлан Абдуллин алғаш рет балалары туралы айтты

  • "Сөкпеңіздерші": Алтынай Жорабаева күйеуінің сыйлығын көрсетті

Сонымен қатар халық әртісі өзі ғана ұлдарын жалғыз өсірмегенін айтты. Әріптестерінің арасында да жалғызбасты ана атанғандар көп көрінеді. 

“Мен атақты болғандықтан, көп ер адам маған сезімін білдіре алмады. Менің танымалдылығым кедергі болды десем қателеспеймін. Барлығы мені әртіс, жұлдыз әрі қатал адам ретінде қабылдайды. Бәрі салыстырғанда белгілі болады ғой. Мысалы, маған көңіл білдірмек болған ер адамның бірінші сөздерінен-ақ оны күйеуіммен салыстырып отырдым. Қазір тұрмыс құратын жаста емеспін. Ер адамдарға қызығушылығым да жоқ. Нағима да, Мақпал да жалғыз. Мақпалдың жағдайы түсінікті. Заманбек ағаның тағдыры солай болды. Нағиманың жағдайын әлі күнге дейін білемін. Ол өзі ажырасуға шешім шығарды. Жолдасы өнер саласының адамы болды. Музыкант-дирижер еді. Бірақ көзқарасы мен ұстанымдары үйлеспеді. Ұлын жалғыз өсірді”, – деп сырын ақтарды әнші. 

Еске салайық, өнер иесі марқұм жолдасының қазасы туралы айтқан еді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.