Ішкі істер министрі Ержан Сәденов  Астанада "Мега" сауда орталығындағы дәмханада төбелес шығарған боксшы Бейбіт Шүменовті АҚШ-та іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Instagram beibutshumenov

Министр Ержан Сәденовтың айтуынша, Шүменовты ертерек табу үшін жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. 

"Ол іздеуде. Біз оны тезірек қайтаруға тырысамыз", – деді Сәденов.

Айта кетейік, шілде айында Астанада бала көтерген ер адамның соққыға жығылғаны туралы ақпарат тараған еді. Кейінірек елордадағы "Мега" сауда орталығындағы дәмханада ер адамды соққыға жыққан боксшы Бейбіт Шүменов екені белгілі болды. 

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі елордадағы сауда-ойын-сауық орталығында болған бұзақылық фактісі бойынша тергеуді жалғастырып жатқанын хабарлап, Шүменовтың 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін хабарлады. Алайда кейіннен Шүменовке іздеу жарияланды. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.