Қостанай қаласы №24 мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогы Елеусизова Маржан Насибуловна



жүктеу 47.61 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі47.61 Kb.

Қостанай қаласы №24 мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогы

Елеусизова Маржан Насибуловна


Тәлімнің діңгегі нық болсын
Аман болсын Отаным,аман болсын отбасым,

Міне осындай ұяда еш жамандық болмасын

Тек кеңейсін керегем,өніп-өссін ұрпағым

Аллам жебеп бәріңді періштелер қолдасын!
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым - қатынасынан құрылады. Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы.. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеті. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.

  Жалпы адам жақсы-жаманды отбасынан біліп, оның қыр-сырын бойына сіңіреді. Өйткені, балалардың алғашқы өсіп-өнуі, қалыптасуы, әлеуметтік қарым-қатынасы, байланыстары, іс-іәрекеттері мен мінез-құлық нормалалары меңгеруі отбасынан басталады. Отбасы баланың адамгершілік, тұлғалық қасиеттерін жеке қабілеттерін дамытып, белсенділікке, шығармашылыққа жігерлі, қайратты адам болуға тәрбиелейді. Сондықтан да жақсы тәрбие мен отбасындағы жаңдайдың бала тәрбиесәннде алатын орны ерекеше. Ата-ана және басқа құқық өкілдері балаларға өмір сүру мен білім алу үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау керек, бала жеке тұлғасының интеллектуалды, дене- күш және адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етулері керек. Отбасының бос уақытта бірлескен іс-әрекетінің бала үшін маңызы зор. Отбасы мүшелерінің өзара әрекеттестігі ретінде, түсінісу, сезім әсерлері негізіндегі бір-біріне ықпал етуі. Қарым-қатынас кезінде іс- әрекетпен, тәжірибемен, сезім әсерлері қатар жүреді. Ата- ана мен баланың ара қатынасы отбасы өмірінің айқын көрінісі. Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген . Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілікке арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор.

Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз. Және қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.

Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған.

Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың , қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым- қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті. Халқымыздың мақал — мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананың қадір –қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді табар едік. «Алты аға бірігіп — әке болмас,



      Жеті жеңге бірігіп — ана болмас»,- деген сөзде де терең ой жатыр. Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Ақыры, ең қастерлі тілектері: бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса, — дейді. Осындай ата-ананы сыйлау сәби шағыңда өзіңді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап, күту қандай ғанибет! Қазақтар  «Төріңнен қарт  кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.

Отбасының, балалардың, әке – шешесінің қамын ойлап, туған – туысқа көмек жасайды. Шығыс халқы “Әкеден артық арман жоқ, әкеден артық қорған жоқ, әкеден артық дана жоқ, әкеден артық пана жоқ” деп әкені айрықша дәріптеген. Егер жапон халқы басқалар үшін тұйық халық болса, онда ағылшын халқы басқаларды қойып, өз ішінде тұйық халық. Олардың отбасындағы әр адам жеке өмірінің құпия болғанын қалайды. Бір сөзбен айтсақ, ағылшындықтардың жаны-өз үйінен де жақын, яғни берік қамалмен тең. Басқа халықтар үшін жанұя қиыншылық пен қуанышты бірге бөлісетін ең басты байлық болса, ағылшын халқы қиыншылық кезінде жақындарынан көмек күте қоймайды. Тіпті жақындарына көмек көрсетуді өз жауапкер- шіліктеріне алмайды.

Ата-ана еш уақытта құрсағынан шыққан баласына жаман болсын демейді. Дегенмен, «бұрынғы» мен «қазіргі» бала тәрбиесінде айырмашылық баршылық. Осыдан сәл бірнеше жылдар бұрын көпшілігі көп балалы отбасынан шықты. Әйтсе де, көп балалы болсын, аз балалы отбасы болсын, тәрбиенің маңыздылығына мән берілген. Ата-ана және басқа құқық өкілдері балаларға өмір сүру мен білім алу үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау керек, бала жеке тұлғасының интеллектуалды, дене-күш және адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етулері керек. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында елдегі білім беру, тәрбие процесін жүзеге асыратын дамыған, қызмет етіп тұрған құқықтық негіз бар, отбасы ұжымындағы өзара байланыстың терең демократиялы қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың жүйесі жетілген.

Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады. Отан –отбасынан басталады. Міне осы бір үш сөзден тұратын сөйлемнің мағынасына назар аударайықшы. «Отбасы» ол үлкен мемлекет.

Қорытында келгенде балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру адамгершілікке тәрбиелеу-құқық бұзышулықтың жасөспірімдер қылмысының алдың алудың алғашқы саты болып табылады. Балаларды құқықты бұзбай мейірімді.әдепті .жағымсыз қылықтардан аулақ .жақсы, сыйлы адам болуға сенімдерін молайтып, құқықтық тәрбиесін,санасын,мәдениеттерін жоғарылату қажет,санасын,мәдениеттерін жоғарылату қажет.Негізінде балаларды ең біріншіден адамгершілікке,ар-ұятқа,жауапкершілікке тәрбиелеу –маңызды және жетекші рөл атқарады.Бұл балалардың құқықтық тәрбиесін қалыптастырудың алғашқы сатысы.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Жарықбаев Д.Р. «Құқықтық тәрбиеге баулу». Алматы 2005ж.

  2. Тәжібаева С.Ғ. «Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға ұлттық тәрбие беру әдістемесі» «Білім» баспасы, 2011ж.

  3. Жиенбаева С.Н. «Мектепалды және кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастырудың теориялық негіздері» Алматы 2008ж.

  4. Қ. Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет