Қостанай қаласын ағаш өсімдіктерімен көгалдандыруының экологиялық ерекшеліктері



жүктеу 86.68 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі86.68 Kb.


Қостанай қаласын ағаш өсімдіктерімен көгалдандыруының экологиялық ерекшеліктері

Жокушева Зайда Габбасовна аға оқытушы. Қостанай мемлекеттік университет А. Байтұрсынов атындағы, экология кафедрасы.

Искакова Назым Кайрбековна А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемелекеттік университет Экология кафедрасының 4 курс студенті

Тақырыбы:

Көгалдандыру мекендеген орта сапасын жақсарту үшін мекенжайларды және оның айналысындағы алқаптарға бағалы мәдени және т.б өсімдіктер өсіру. Мекенжай құрылыстарымен қатар жүргізілетін көгалдандыру жұмыстары экзотикалық, көркейту, қорғау (шудан, күннен, шаңнан т,б) және санитариялық - гигиеналық маңызды рөл атқарады. Жол жағасына отырғызылған ағаш пен бұталар, арнайы көгалға отырғызылған гүлдер ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, ауаны оттекпен байытады. Шуды азайтып, мекенжайды желден, күннен сақтайды, ауадағы шаңды, улы газдарды жұтып, олардың мөлшерін азайтады. Бір гектар жасыл алқап, бір сағатта ауадан 8 кг көмірқышқыл газын сіңіреді. Ал бұл – мөлшер 200 адамның осы уақытта бөліп шығаратын көмірқышқыл газы. Орта жастағы бір ағаш оншақты адамды оттекпен қамтамасыз етеді. Мекен – жайларды көгалдандыру кезінде пайдаланылатын кейбір ағаш көшеттерінің фитонцидтік қасиеттеріне көңіл аудару қажет. Кейбір ағаштардың фитонцидтері ауадағы зиянды микроорганизмдерді жойып, ауаның иондық құрамын адамның денсаулығына қолайлы иондармен байытады. Мұндай ағаштарға қылқан жапырақты кәдімгі қарағай, шырша, балқарағай, т.б жатады. Көгалдандыру жұмыстарын жүргізу міндетті түрде ауа райына, топырақ жағдайларына, жер бедерлеріне, құрғақ және шөл аймақтарда суаруға қажетті су көздеріне тікелей байланысты. Осы мәселелерге байланысты отырғызылатын өсімдіктер құрамы да анықталады.[1]

Көгалдандыру –қала, ауыл т.б елді мекендерде ауаны тазарту, көлеңкелеу, үшін ағаш, бұта, гүл, көгал өсіру. Құрылыс аяқталғаннан кейін жүргізілетін көгалдандыру жұмыстары мекен жайларға әсем көрініс береді, шудан, күннен шыңнан т.б қорғайды, санитарлық-гигиеналық рөл атқарады. Ғылыми деректер бойынша, белгілі бір аймақтың 15 пайызы көгалдандырылса, шаң-тозаңның мөлшері 20 пайызға кемейді, 35 пайыз өсімдік өсірілсе, шаң 30 пайызға азаяды, ал 85 пайыз өсірілсе, шаң 95 пайызға кемиді. Жол жағалауларына отырғызылған ағаш пен бұталар, гүлдер мен көгал ауадағы көмір қышқыл газды сіңіріп, ауаны оттегімен байытады, шуды азайтып, мекен жайды желден, күннен және шаңнан қорғайды. 1 га жасыл алқап 1 сағатта ауадан 8 кг көмір қышқыл газын бойына сіңіреді. Кейбір ағаштар өздері айналасына тарататын фитонцидтері арқылы ауадағы зиянды микроорганизмдерді жойып, оны адамның денсаулығына қолайлы иондармен байытады. Мұндай ағаштар қатарына қылқан жапырақты қарағай, шырша, Сібір балқарағайы т.б жатады. Көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде міндетті түрде көгалдандырылатын алқаптардың ауа райын, топырақ құрамы, жер бедері сияқты ерекшеліктері ескеріледі, суаруға қажетті су көздері қарастырылады. Осы факторлар бойынша отырғызылатын өсімдіктер құрамы да анықталады. Орман ағаштары мен бұталар көшеттері, шөптесін өсімдіктердің жас өркендері мен тұқымдары әр аймақта орналасқан питомниктерден алынады.
Орман өсіру, қалалар мен елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарымен айналысқанда ағаштар мен бұталардың ерекшеліктерін, өсетін аудандарын, климат жағдайына төзімділігін жақсы білу керек.

Қаланы елді мекенді қөгалдандыру жоспарларын жасағанда онда өсірілетін ағаштар мен бұталардың түрлерін, биік өсетіндерін, қалаға көрік беретіндерін, өндірістік қалдықтарға төзімділерін, бау бақша ұйымдастыруға лайықтыларын іріктеп алу керек. Сондықтан да ағаш пен бұта жөніндегі жалпы мәліметтер артық емес. [1, 5]

А. Ағаш тұқымды өсімдіктер сабақтарына қарай үшке бөлінеді;

Ағаштар – бір діңлі, көп жылдар және жуан болып өседі.

Бұталар –тамырдан бірнеше дің өсіп, ағашпен салыстырғанда жіңішке болып, онша ұзақ өспейді

Шырмауықтар (лиандар) –– діңі өте ұзын, басқа ағашқа, шөпке шырмалып жоғары көтерілуге бейімделген.

Бұталардан басқа жартылай бұта деп аталатын өсімдіктерде бар. Олардың діңінің төменгі жағы бұта сияқты қатты болып, көп жыл өссе, жоғарғы жағы жұмсақ, шөп тәрізді болып жыл сайын өсіп, қурайды. Мысалы, шағыр жартылай бұталар қатарына жатады. Ағаштардың үнемі, көкжасыл болып тұратындары және жыл сайын жапырақ ауыстыратын түрлері бар. Үнемі көкжасыл болып тұратын қарағайдың қылқандары 3-5 жыл Кавказ самырсыны қылқандары 3-10, тис қылқандары 6- 10 жыл бойы толық бір рет ауысып болады. Сондықтан олар көрер көзге қысы жазы көкжасыл болып көрінеді. Жапырақтарын жылда ауыстыратын қайың, терек т.б қыстың күндері немесе қуаңшылық жылдары жапырақсыз тұрады. [1, 5]

Кесте 1.5

Б. Ағаштар өсу жылдамдығына қарай бөлінеді:
Өте тез өсетіндер (жылына 2 метрден артық өседі) – қара байтерек, көк терек, қайың, ақ қараған т.б;

Тез өсетіндер (жылына 1 метрден артық өседі) – шетен, шегіршін, қарағай, шырша.

Орташа өсетіндер (жылына 0.5-1 метрге дейін өсетіндер) – үйеңкі т.б

Баяу өсетіндер (жылына 0,25- 0,3 метрден өсетіндер) – майлы қарағай, магнолия т.б

В. Ағаштар мен бұталар суыққа төзімділігіне қарай бөлінеді:


Суыққа өте төзімділер (35- 500 С- қа онан да көп суыққа шыдайтындар)

Суыққа төзімділер (25- 350 С- қа суыққа шыдайтындар) - тяньшань шыршасы, ақтал, үйеңкі, жәй долана, сирень, ырғай, батыс туясы т.б;

Суыққа орташа төзімділер (15-250 ) суыққа шыдайтындар- шамшат, грек жаңғағы, кавказ самырсыны, ақ қарағай, жапон айвасы, алтын түсті қарақат, раушан т.б

Суыққа аз төзетіндер (10-150 С суыққа аз уақыт шыдайтындар) – мәңгі көк кипарис, мәңгі көк секвойя, теңіз жағасықарағайы, гортезия жасмин т.б

Суыққа төзбейтіндер (аз уақыт болған -100 С суыққа шыдамайтындар) – пальма, банан, оңтүстік қарағай, жапон олеандры.

Г. Ағаштар мен бұталар ылғалға төзімділігіне қарай бөлінеді:


Ылғалды көп керек ететіндер: дымқылы көп топырақта өсетіндер тал, көк теректің кейбір түрлері т.б

Ылғалды орташа керек ететіндер және дымқыл топырақта өсетіндер – шамшат, үйеңкі, үсақ жапырақты жөке, үлкен гүлді магнолия, кәдімгі шырша т.б

Ылғалды аз керек ететіндер және дымқылы аз топырақта өсетіндер – емен, жапон айвасы, алтын түсті қарақат, кәдімгі сирень т.б

Ылғалды керек етпейтіндер шөл мен шөлейт топырақта өсетіндер – дала қарағайы, сексеуіл, жыңғыл т.б

Ғ. Ағаштар мен бұталар күн сәулесіне төзімділігіне қарай бөлінеді:
Жарықты жақсы көретіндер – қайың, грек жаңғағы, сексеуіл, қара және ақ теректер, кәдімгі емен, құм қарағаны, жыңғыл, жапон олеандры т.б;

Жартылай көлеңкеге үйренгендер – күміс түсті жөке, гималай майлы қарағайы, қара және сұр қанды ағаш, үлкен гүлді магнолия, сары қараған, долана, қызыл бузина, ырғай т.б

Көленкені жақсы қөретіндер – ат талшыны, майлы қарағай, ұсақ жапырақты жөке, өткір жапырақты үйеңкі, кәдімгі шырша, шамшат, шәңгіш, самшит, бузина т.б

Д. Ағаштар мен бұталар газ бен түтінге төзімділігіне қарай бөлінеді:


Газға төзімділер – тал, ырғай т.б

Газға орташа төзімділер – үйеңкі және зәйтүн тұқымдастар, т.б

Газға төзбейтіндер – қарағай және бұршақ тұқымдастар, түрлі - түсті өсімдіктер т.б

Түтінге төзімділер – қызыл бузина, ашық жапырақты үйеңкі, арша т.б

Түтінге орташа төзімділер – ақ қараған, ақ тал, жабай жүзім, қара қарақат, пирамидалды көк терек, ырғай, тікенекті шырша т.б

Ж. Ағаштар мен бұталар топыраққа төзімділігіне қарай бөлінеді:

Өте құнарлы топырақта өсетіндер – шамшат, емен, дала және өткір жапырақты үйеңкілер, жөке, самырсын, қара қанды ағаш, шетен т.б

Орташа құнарлы топырақта өсетіндер – шырша, қарағай, бал қарағай, ашық жапырақты үйеңкі т.б

Құнарлығы аз топырақта өсетіндер – ақ және сары қарағай, қайың, кәдімгі қарағай, ақ және қара терек, сексеуіл, жыңғыл, жүзген т.б

Ағаштар мен бұталар мұнан басқа дің биіктігіне, үшар басы жуандығына, желге төзімділігіне қарай бөлінеді. [1, 5]


2. Қостанай қаласының көшелерінде қөгалдандыру мақсатымен отырғызылған ағаштар мен бұталар
Қостанай көшелері Жалаңаштұқымдылар түрлері .[1, 5]

Қарағайлар тұқымдасы. Pinaceae Lindl. Самырсын туысы. Abies Hill.

1.Сібір самырсыны, май қарағай. A. Sibirica.

Шырша туысы. Picea Dietrich.

1.Сібір шыршасы P. obovata Ledb.

Балқарағай туысы. Larix Mill.

Сібір балқарағайы. L. sibirica. Ledb.

Қарағай туысы. Pinus L.

1. Кәдімгі қарағай P. silvestris L

Кипаристар тұқымдасы

Арша туысы. Juniperus L.

Кәдімгі арша J. communis

Қызғалдақтар туысы Tulipa L.

1. Альберт қызғалдағы T. alberti Rgl

Бәйшешек туысы Crocus L.

1. Корольков бәйшешегі C. korolkouii Rgl

Талдар тұқымдастары Тал Salix

1.Қаракөк тал S. pentandra

2 Ақтал, Әулие ағаш S. alba

Терек Populus

1. Ақтерек P. Alba

Қайыңдар Қайың Betula

1. Қотыр қайың

B. pendula

2. Ұсақ жапырақты қайың B. microphylla

Betulaceae Agardh

Қарағаштар Ulmaceae Mird

Қарағаш Ulmus L

1. Тығыз қарағаш U densa

Үйеңкілер тұқымдасы Aceraceae Lindl.

Үйеңкі Acer L

1. Қара үйеңкі A tataricum


Қостанай қаласында өстін ағаш өсімдіктерінің сипаттамасы
Жалаңаштұқымдылар – тұқымды өсімдіктерге жатады. Тұқымды өсімдіктер екі бөлімге бөлінеді: жалаңаштұқымдылар және жабықтұқымдылар. Жалаңаштұқымдылар – гүлді өсімдіктерден бұрын тараған. Алғашқы жалаңаштұқымдылар осыдан 200 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Жалаңаштұқымдылардың 800 – ге тарта түрлері ормандарда кең таралған, ағаш және бұта түрінде өседі. Олардың ішінде көп таралғандары қылқан жапырақтылар, олардың 600-ге жуық түрі белгілі

Шырша – биіктігі 30-40 метрге жетеді, 120-130 жыл жасайды. Қарағаймен салыстырғанда оның қылқандары қысқа, төрт қырлы, бір-бірден орналасады, 6-7 жылға дейін түспейді. Шырша құнарлы және ылғалды топырақта жақсы өсетін, көлеңке сүйгіш өсімдік. шыршаның тамырлары жерге терең бойлап кетейді, топырақтың беткі қабатында орналасады. Егер қатты жел соқса, шыршаны тамырымен қопарып тастайды. шырша жел арқылы мамыр, маусым айларында айқас тозаңданады. Ұрықтанған соң тұқым бүршігінен тұқым дамиды, ол күзде пісіп жетіледі.

Қарағай – Ол биіктігі – 50 метрге жететін 400 жылға жуық жасайтын өсімдік. Тамыр жүйелерінің ерекшеліктеріне байланысты қарағайлар жартастарда, сусымалы құмдарда, батпақтарда, тау беткейлерінде өседі. Орманда өскен қарағайлардың негізгі тамыры жақсы дамып, топыраққа терең кетсе, құмды топыраққа, батпақта өсетіндердің тамыры жайылып, аса тереңге кетпей, топырақтың беткі жағына таралады. Қылқан жапырақтары жіңішке, ұзын, сыртын жұқа, тығыз өң қаптаған жанаспалы жасушалары онша көп емес. Жасушалары қысқарған өркендерінде қос-қостан орналасады, 2-3 жылға дейін түспейді. қарағай суды аз буландырады, сондықтан да құрғақшылыққа төзімді болады. Қылқан жапырағында С дәрумені бар, айналадағы ауру тудыратын зиянды бактерияларды өлтіретін ұшқыш зат (фитонцид) бөледі.

Қарағай – жарық сүйгіш өсімдік, сондықтан орман арасынан гөрі ашық алаңдарда жақсы өседі. Орман ішінде қарағай түзу және сымбатты көрінеді, оның төменгі бұтақтарын жоғарғылары көлеңкелеп тұрады да, жарықтың жетіспеуінен жасыл қылқандары түсіп қалады. Сөйтіп, оның діңі жанама бұтақтардан тазарып, олар тек ағаштың ұшар басында ғана сақталады.

орманда өскен қарағайлардың сүрегі, ашық жерде өскендеріне қарағанда, анағұрлым жоғары бағаланады. Қарағай көктемде – мамырдың аяғында тозаңданады. Қарағайдың тұқымы ұрықтанғаннан кейін 1- 1,5 жылда жетіледі. Бүрден 2 жылдан соң тұқым төгіледі.

Балқарағай – қарағайлар тұқымдас, қыста қылтан жапырағытүсіп қалатын, биіктігі 30-35 метрге дейін жететін ағаш. Діні түзу, төменгі жағы әдетте конус тәрізді жуандау болып келеді. Қабығы қызғылт, тұрқы жуан. Жапырағы қылқанды, жіңішке, ұзындығы 13-45 миллиметрдей. Бұл бір үйлі өсімдіктер қатарына жатады. Мамыр айында бүр жарады

Арша - Мәңгі жасыл бұта. Ол тау беткейлерінде, жартастарда түбінде жайылып, жер тағандап өседі, ине тәрізді жапырақтары сабаққа үш-үштен топталып орналасады. Аталық бүрлері жапырақ қолтығында орналасса, аналық бүрі қысқарған өркенге орналасады. Аршаның емдік қасиеті бар. Тұмау тигенде аршаның бұтағын жағып, түтінін иіскейді, бүрінен дәрілер жасалады.

Жалаңаштұқымдылардың табиғаттағы, адам шаруашылығындағы маңызы.



Жалаңаштұқымды өсімдіктердің маңыз өте зор . Олардың кей түрлерінде бальзам, шайыр заты көп болғандықтан, қайта айдау арқылы өте бағалы заттар алынады. Шыршаның сүрегінен қағаз жасайды, қылқан жапырақтарының емдік қасиеті де бар. Қарағайларды қар тоқтату мақсатымен темір жолдардың бойына, сусымалы құмдарды бекіту үшін шөлді жерлер мен өзен жағаларына аққан сулар топырақты шайып кетпеу үшін, сай-жыраларға егеді. Қылқан жапырақтарынан дәрумен, эфир майы алынады, оны медицинада пайдаланады. Қылқан жапырақты орманның айналасындағы ауа таза болғандықтан, адамдар көп демалатын емдеу-демалыс үйлерінің айналасына отырғызады.
Қолданған әдебиеттер тізімі:

  1. Аллабергенұлы, Д. Отанымыздың байлығы мен сұлулығы // Дидар. - 2008. - 24 маусым. - Б. 2.

  2. Кенжебеков, Б. Орманды табиғаттан қорғайық // Семей таңы. - 2009. - 4 маусым. - Б.10.

  3. Сағимұратов, Е. Орман мәселесі ойландырады // Семей таңы. - 2009. - 13 тамыз. - Б. 9.

  4. Сағымбаев Ғ. Экология негіздері., Алматы. 1995 ж. 226 бет

  5. Қожабеков М., Қожабекова Г., Алматы «Қазақстан», 1982 ж - 182 бет

  6. Наша газета № 20 (477)

  7. Арыстангалиев С. А., Рамазанов Е.Р Қазақстан өсімдіктері Алма-ата 1977 Издательство Наука

  8. Корчагин А.А. Строение растительных сообществ //Полевая Геоботаника. Л.: Наука, 1976. Т.5.-С. 7-320.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет