«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің



жүктеу 71.12 Kb.
Дата17.04.2018
өлшемі71.12 Kb.
түріКонкурс

«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, анықтама үшін телефондар: 8 (7142) 575-071, 575-062 (факс), электрондық мекенжайы: e.popova@kostanay.gov.kz, «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмылдыру дайындығы, терроризмнің алдын алу және сақтандыру жөніндегі бөлімінің бас инспекторы, Д-3 санаты, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 123257 теңгеден 166564 теңгеге дейін.


Функционалдық міндеттері:

Облыстың әкімшілік аумағы шегінде белгіленген тәртіппен шақырылуға тиісті азаматтарды уақытылы хабардар ету мен жеткізуді, техниканы жинау пунктеріне немесе әскери білімдеріне жеткізуді, жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңінде әкімдіктің басқаруындағы облыстық коммуналдық меншікті қорғаныс мұқтажы үщін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша беруді ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысады. Жұмылдыру жоспарын және аймақтың аумақтық қорғаныс жоспарын әзірлеуге, басқару органдары мен ұймдарын облыстың әкімшілік аумағы шегінде жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруға қатысады.

Облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің мамандарына жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді. Белгілінген тәртіпте терроризмнің алдын алу, терроризмнің туындауына ықпал жасайтын себептер мен жағдайларды жою, террористік тұрғыдан алғанда осал объектілердің жағдайларды жою, террористік тұрғыдан алғанда осал объектілердін қорғанысын қамтамасыз ету, терроризмнің салдарларын барынша азайту және қою, осы шаралардан іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі шаралдарды әзірлеуге қатысады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі: Жоғары білім. Құқық, техникалық ғылым және технология, әскери іс және қауіпсіздік, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, (мемлекеттік жәнек жергілікті басқару, экономика) білім (алғашқы әскери дайындық).

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білімдерді білуі.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бектілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) негізінде өткізіледі.



Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанындағы өтініш;
      2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Аталған мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не болмаса «Е-gov» электронды Үкімет порталы және «Е-қызмет» ықпалдыстырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

      Құжаттарды электронды түрде «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің электрондық почтасына не «Е-gov» және «Е-қызмет» ықпалдыстырылған ақпараттық жүйесі электронды Үкімет порталына берген жағдайда, құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға конкурстық комиссияға әңгімелесуден өту үшін жіберілмейді.

«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметшілері арасында ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күнінен бастап үш жұмыс күннің ішінде «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

      Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін,  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

13.06.2017ж.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан
________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
     

Мені_________________________________________________________


__________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________



     

Мекенжайы және байланыс телефоны___________________________________


__________________________________________________________________
_________                        __________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет