"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы 2023 жылы қазақстандықтардың VIP-нөмірлерге қанша ақша жұмсағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет pexels-тен
Былтыр ХҚКО-лар 30 мыңға жуық мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берген. Атап айтқандаең қымбат VIP номерлерге: 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 және бірдей әріптермен жазылғандар жатады.
"Автокөлік иелері номер үшін 10 миллиард теңгеден астам ақша төледі", – делінген мемлекеттік корпорацияның хабарламасында.
Ал салыстырмалы түрде қарасақ, 2022 жылы қазақстандықтар VIP-нөмірлерге 7 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсаған. Бұл қаражат ел бюджетіне түседі.
-
Көлігін берешегін толық төлеген соң алады: Шымкентте 33 миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды
-
2022 жылдың қыркүйегіне дейін әкелінген және заңдастырып үлгермеген көліктің иелері не істейді — ІІМ түсіндірді
2023 жылы сандар ең көп сатылған номердлер: 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707.
Әрбір нөмірлік белгінің құны 57 АЕК (210 444 теңге) тұрады. VIP желісіндегі ең қымбат нөмірлер 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 болды. Мұндай номерлер үшін автокөлік иелері 285 АЕК (1 052 220 теңге) төледі.
Өткен жылы Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 3,2 миллионан астам көлік құралы тіркеліп, 1,1 миллион жүргізуші куәлігі берілген.
Еске салсақ, елімізде көлік нөміріне арналған мемлекеттік баж салығы өскенін хабарлаған едік.
Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.