«Отан» Республикалық саяси партиясы



жүктеу 22.31 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі22.31 Kb.

«Отан» Республикалық саяси партиясы «Жас Отан»

Жастар қанатының Республикалық кеңесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. «Отан» Республикалық саяси партиясы (әріде – партия) «Жас Отан» Жастар қанатының Республикалық кеңесі (әріде – кеңес) партия жастар саясатын жүзеге асыру және Форумдар аралығындағы кезеңдерде партия Жастар қанатының аумақтық (қалалық және аудандық), бастауыш құраламдарына (бөлімдеріне және буындарына) басшылық ету мақсатында құрылады.

2. Кеңес партия Жастар қанаты Форумында бекітілген Ереже негізінде әрекет етеді.

Кеңес:


  • партия Жастар қанаты және оның ұйымдастыру құрылымдары жұмысының негізгі бағыттарын анықтайды;

  • партия Жастар қанаты Форумының шешімдерін жұзеге асыру бойынша партия Жастар қанатының қызметін қамтамасыз етеді;

  • партия Жастар қанатының және оның ұйымдастыру құрылымдарының сайлау және басқа партияның қоғамдық – саяси науқандарына қатысуымен байланысты мәселелерді шешеді.

Партия Жастар қанаты Форумының шешімімен Кеңеске тек өзінің құзырына жататыннан басқа да өкілеттіктер берілуі мүмкін.

3. Партия Жастар қанаты облыстық кенестерінің ұсынысымен партия мүшелері болып табылатын партия Жастар қанаты мүшелерінен Кеңес үш жылға сайланады. Кеңес партия Жастар қанаты Форумында сайланады.

Кеңестің саңдық және жекелей құрамын партия Жастар қанатының Форумы анықтайды.

4. Кеңес құрамына Төраға, оның орынбасарлары және партия Жастар қанатының облыстық, Астана және Алматы қ.қ. кеңестерінің төрағалары енеді.

Форумдар аралығы кезеңінде Кеңес өз құрамын жаңа мүшелермен толықтыруға құқылы.

5. Кеңес өз құрамынан Кеңес Төрағасын, бірінші орынбасарын және орынбасарларын сайлайды.

5. Партияның жастар саясатын жүзеге асыру тапсырылған партия Төрағасының бірінші орынбасары Кеңес Төрағасы болып табылады.

Төраға:


  • партияның Жастар қанатымен байланысын нығайтады;

  • партия Жастар қанатының жұмысына жалпы басшылық етеді;

  • Кеңес Төрағасы орынбасарларын сайлауға кепілдеме берілген кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізеді;

  • Кеңес отырыстарын шақырады және отырысқа қажетті материалдарды дайындайды;

  • Кеңес отырыстарында төрағалық етеді.

7. Кеңес Төрағасының бірінші орынбасары партия Жастар қанаты Республикалық штабының басшысы болып табылады.

8. Кеңес жұмысы жылына бір рет болатын отырыс нысанында өтіледі.

Кеңес отырысы, егерде оған мүшелерінің үштен екісі қатысып отырса, өкілетті болып саналады.

Қаралып жатқан мәселелердің талқылану нәтижелері бойынша Кеңес отырысқа қатысып отырған мүшелердің көпшілік дауысымен шешімдер қабылдайды.

Дауыс беру нысаны – ашық.

Кеңес отырысының барысы хаттамалынады. Отырыс аяқталған соң хаттамаға Кеңес Төрағасы қол қояды.

Кеңес отырыстарына кеңесші дауыс құқығымен партия Саяси кеңесі мүшелері және Орталық аппарат қызметкерлері қатысуы мүмкін.

9. Кеңес өз қызметінің нысандары мен әдістерін тандап алуға ерікті, жұмысын ұжымдық талқылау негізінде ұйымдастырады және мәселелерді жариялылық, мүшелерінің ауқымды бастамашылығы ретімен шешеді.



10. Кеңес жұмысын материалдық – техникалық жабдықтауды партия қамтамасыз етеді.

11. Партия Жастар қанатының Форумында осы Ережеге өзгертулер мен отлықтырулар енгізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет