Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін

жүктеу 2.87 Mb.
бет1/18
Дата05.08.2018
өлшемі2.87 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

«Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін

өтеу қағидаларын, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығына өзгерістер енгізү туралы»

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің

2017 жылғы «___»____________ № ____ бұйрығына

салыстырмалы кесте

Құрылымдық

элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Түзетулерді енгізу қажеттілігінің негіздемесі

1.

1-тармақ

1. Осы Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 100-бабының 2-тармағы 13), 14) тармақшаларына сәйкес әзірленген және отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібін айқындайды.

    1. Осы Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 100-бабының 2-тармағы 13) тармақшасына сәйкес әзірленген және отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібін айқындайды.

Редакциялық түзету.

  Қазақстан Республикасы

Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағы 14) тармақшасына сәйкес Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін әзірлейді және бекітеді.

2.

2-тармақ

2. Оларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлар тізбесінде (бұдан әрі - тізбе) көзделген отандық өңделген тауарларды өндіретін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне (не олардың өндірілген өнімді өткізетін еншілес компанияларына) (бұдан әрі - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері) ұсынылады.

    1. Оларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлар тізбесінде (бұдан әрі тізбе) отандық өңделген тауарларды, ілгерілету бойынша қызметтi жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне (бұдан әрі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері) ұсынылады.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік көдексінің 243 бапқа сәйкес келтірілді.

3.

3-тармақ

3. Отандық өңделгенды тауарларды ілгерілету кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне келген шығындардың бір бөлігі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде өтеледі.

 Осы Қағидаларға сәйкес индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі уәкілетті орган) отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуді уәкілетті орган мен Экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық дамыту институты (бұдан әрі – Ұлттық институт) арасында жасалған шарт негізінде отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге көзделген қаражатты бөлу арқылы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 5-тарау 5.2 тармағы 3.4 тармақшасының 9 абзацына сәйкес «Қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықтарға экспортын ілгерілетуге жәрдемдесу» бағдарламасы шеңберінде экспортқа бағдарланған отандық компанияларға экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық институттың базасында «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.

Кәсіпкерлік кодексінің 246-бабы 7-тармағы 6)тармақшасына сәйкес Экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды ілгерілету жөніндегі шығындарының бiр бөлiгiн өтеу бойынша қызметтер көрсетедi.

4.

4-тармақ

4. Шығындардың бір бөлігін өтеу индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) оң ұсынымы негізінде шығарылған индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) шешімі негізінде жүргізіледі, оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

4. Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындардың бір бөлігін өтеу индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі Комиссия) шешімі негізінде жүргізіледі, оның құрамына мүдделі уәкілетті органның, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ұлттық институттың өкілдері кіреді.

Шығындардың өтеу мерзімін қысқарту мақсатында Қағидалардың ұсынылатын редакциясында, Комиссия отырысы айына бір рет кем емес өткізілүін көрсетіледі, осыған байланысты Комиссия отырысын өткізүіне ұтқырлық қаматамасыз ету үшін Комиссия құрамына мүдделі уәкілетті органның, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Ұлттық институттың өкілдері енгізілді.

  Кәсіпкерлік кодексінің 270-бабы 1-тармағына сәйкес Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне сервистiк қолдау шараларын ұсынуды және олардың отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеудi индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтын және Ұлттық палатаны тарта отырып жүзеге асырады.

5.

Жаңа 5-тармақ

Жоқ

5. Комиссия қызметін ұйымдастыру, құрамы Ұлттық институттың актілерімен реттеледі және www.export.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 5-тарау 5.2 тармағы 3.4 тармақшасының 9 абзацына сәйкес «Қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықтарға экспортын ілгерілетуге жәрдемдесу» бағдарламасы шеңберінде экспортқа бағдарланған отандық компанияларға экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық институттың базасында «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.

Осыған байланысты Комиссия қызметін ұйымдастыру ережесі, Комиссия құрамын анықтауы Ұлттық институттың құзыреті болып табылады.

www.export.gov.kz интернет-ресурсында орналастыруы өтеу процессын ашықтығын қаматамасыз ету үшін өткізіледі.

6.

5-тармағының 1) тармақшасы

5. Индустриялық-инновациялық қызметі субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шығындардың мынадай түрлері бойынша жүргізіледі:

1) шетелде отандық өнімнің жарнамасымен байланысты шығындар:

шығындардың өтелетін баптары - шығындар:

бұқаралық ақпарат құралдары (баспасөз, телевизия, радио), мамандандырылған және жарнамалық журналдар мен каталогтар арқылы шетелдегі жарнамаға;

шетелдегі қоғамдық орындардағы жарнамаға (баннерлер, тартпаллар, лайт-бокстар, аудио-бейнероликтер, көлік құралдарының сыртқы беттеріндегі жарнама) қоғамдық көлік салондарындағы жарнамаға;

осы мақсаттарға арналған аудио-бейнероликтерді және жарнама материалдарын дайындауға, жарнамалық құрастырылымдарды және сыртқы беттерді жалға алуға;

6. Индустриялық-инновациялық қызметі субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шығындардың мынадай түрлері бойынша жүргізіледі:

1) шетелде отандық өнімнің жарнамасымен байланысты шығындар:

бұқаралық ақпарат құралдары (баспасөз, телевизия, радио, интернет-ресурстар), мамандандырылған және жарнамалық журналдар мен каталогтар арқылы шетелдегі жарнамаға;

шетелдегі қоғамдық орындардағы жарнамаға (баннерлер, тартпаллар, лайт-бокстар, аудио-бейнероликтердің көрсетілімі) көлік құралдарының сыртқы беттеріндегі жарнамаға, қоғамдық көлік салондарындағы жарнамаға;

осы мақсаттарға арналған аудио-бейнероликтерді және жарнама материалдарын дайындауға, жарнамалық құрастырылымдарды және сыртқы беттерді жалға алуға;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының 2017 жылғы 6 кыркүйектегі № 17-3/05-1742 тапсырмасын және электрондық сауданы дамыту жол картасының 3 тармағын орындау үшін.

Осы түзетуді іске асыруы бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылатын болады және қосымша қаражат бөлу талап етпейді.

7.

5-тармағының 2) тармақшасы

5. Индустриялық-инновациялық қызметі субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шығындардың мынадай түрлері бойынша жүргізіледі:

2) шетелдік көрмелерге, жәрменкелерге, фестивальдарға тікелей қатысуға жұмсалатын шығындар:

шығындардың өтелетін баптары - шығындар:

тіркеу жарнасын төлеуге;

көрме алаңдарын жалға алуға;

көрме стендтерін, қосалқы жабдықтарды дайындауға жалғаалуға құрастыруға/бөлшектеуге;

көрме алаңдарын әзірлеуге, дизайнына және ресімдеуге;

жарнамалық - үлестірме материалдар әзірлеу, жобалау дизайны, аудару және дайындауға;

көрмеге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің екі қызметкерінің экономикалық класта ұшуына;

бес тәуліктен аспайтын мерзімге, осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген шетелдік көрмелерге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері қызметкерлеріне қонақ үй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстарды өтеудің шекті cомалары АҚШ долларымен және евромен (тәулігіне) аспайтын көлемде көрмеге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің екі қызметкерінің тұруына;

6. Индустриялық-инновациялық қызметі субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шығындардың мынадай түрлері бойынша жүргізіледі:

2) шетелдік көрмелерге, жәрменкелерге, фестивальдарға тікелей қатысу шығындары:

тіркеу жарнасын төлеуге;

көрме алаңдарын жалға алуға;

көрме стендтерін, қосалқы жабдықтарды дайындауға (жалға алуға) құрастыруға/бөлшектеуге;

көрме алаңдарын әзірлеуге, дизайнына және ресімдеуге;

жарнамалық - үлестірме материалдар әзірлеу, жобалау дизайны, аудару және дайындауға;

көрмеге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің екі қызметкерінің экономикалық класта ұшуына;

бес тәуліктен аспайтын мерзімге, осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген шетелдік көрмелерге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері қызметкерлеріне қонақ үй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстарды өтеудің шекті cомалары АҚШ долларымен және евромен (тәулігіне) аспайтын көлемде көрмеге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің екі қызметкерінің тұруына;

Редакциялық түзету.

8.

5-тармағының 3) тармақшасы

5. Индустриялық-инновациялық қызметі субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шығындардың мынадай түрлері бойынша жүргізіледі:

3) каталог әзірлеу және басып шығару:

шығындардың өтелетін баптары - шетелде тарату үшін әзірлеу, мамандандырылған каталог басып шығарумен және шет тілдеріне аударумен байланысты шығындар;

6. Индустриялық-инновациялық қызметі субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шығындардың мынадай түрлері бойынша жүргізіледі:

3) каталог әзірлеу және басып шығару шығындары:

шетелде тарату үшін әзірлеу, мамандандырылған каталог басып шығарумен және шет тілдеріне аударумен байланысты;

Редакциялық түзету.

9.

5-тармағының 4) тармақшасы

5. Индустриялық-инновациялық қызметі субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шығындардың мынадай түрлері бойынша жүргізіледі:

4) шетелде өкілдікті, сауда нүктесін, қойманы ұстау:

шығындардың өтелетін баптары:

кеңсе үй-жайларын жалға алуына/қосалқы жалға алуына жасалатын төлем шығындар;

сауда үй-жайларын, қойманы жалға алу төлемінің шығындары;

6. Индустриялық-инновациялық қызметі субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шығындардың мынадай түрлері бойынша жүргізіледі:

4) шетелде өкілдікті, сауда нүктесін, қойманы ұстау шығындары:

шетелде өкілдіктің кеңсе үй-жайларын жалға алуына (қосалқы жалға алуына) жасалатын төлем;

шетелде сауда үй-жайларын (орнын), қойманы жалға алу (қосалқы жалға алу) төлемі;

Редакциялық түзету.

"Сауда үй-жайлары" ұғымы ҚР "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына сәйкес келтірілген.

10.

5-тармағының 5) тармақшасы

5. Индустриялық-инновациялық қызметі субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шығындардың мынадай түрлері бойынша жүргізіледі:

5) шетелде тауар белгілерін өнімдерді тіркеумен байланысты рәсімдер өткізуге жұмсалатын шығындар:

шығындардың өтелетін баптары:

шетелде өнімді тіркеумен байланысты шығындар;

шетелде тауар белгісін (брендін) тіркеумен байланысты шығындар;

6. Индустриялық-инновациялық қызметі субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шығындардың мынадай түрлері бойынша жүргізіледі:

5) шетелде тауар белгілерін және өнімдерді тіркеумен байланысты рәсімдерді өткізуге арналған шығындар:

шетелде өнімді тіркеумен байланысты;

шетелде тауар белгісін (брендін) тіркеумен байланысты;

Редакциялық түзету.

11.

5-тармағының 6) тармақшасы

5. Индустриялық-инновациялық қызметі субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шығындардың мынадай түрлері бойынша жүргізіледі:

6) шетелде өнімдерді сертификаттауға байланысты рәсімдер өткізуге жұмсалатын шығындар:

шығындардың өтелетін баптары:

шетелде өнімдерді сертификаттаумен байланысты шығындар.

6. Индустриялық-инновациялық қызметі субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шығындардың мынадай түрлері бойынша жүргізіледі:

6) шетелде өнімдерді сертификаттауға байланысты рәсімдер өткізуге жұмсалатын шығындар:

шетелде өнімдерді сертификаттаумен байланысты.

Осы тармақтын 1), 2),3), 4), 5) және 6) тармақшыларында көрсетілген шығындардың түрлері бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындардың бір бөлігін өтеу осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады;

Редакциялық түзету.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің 2017 жылғы 8 қарашадғы №___ тапсырмасына сәйкес.

12.

Жаңа 6-тармағының 7) тармақшасы

Жоқ.

6. Индустриялық-инновациялық қызметі субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шығындардың мынадай түрлері бойынша жүргізіледі:

7) отандық өнімді тасымалдау бойынша шығындар:

теміржол, және (немесе) автомобильді, және (немесе) теңіз көлік түрлерімен Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан жөнелту пунктінен жеткізү пунктке дейін.

Осы тармақтын 7) тармақшасында көрсетілген шығындардың түрі бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындардың бір бөлігін өтеу осы отандық өнімді тасымалдау шығындарын бір бөлігін өтеу ерекше шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің 2017 жылғы 8 қарашадғы №___ тапсырмасына сәйкес.

13.

6-тармақ

6. Шығындардың бір бөлігін өтеу шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне Қазақстан Республикасындағы салықтар есебінсіз (қосылған құн салығы және акциздер), өтеуге талап етілеген соманың 50 %-ы көлемінде негізделген және құжаттамалық расталған шығындар өтеледі.

7. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттарына байланысты индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындардың бір бөлігін өтеу келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

1) ірі кәсіпкерлік субъектілеріне ағымдағы қаржылық жылында индустриалды-инновациялық қызметтің бір субъектісіне Қазақстан Республикасындағы жанама салықтар (қосылған құн салығы және акциздер) есебінсіз, бірақ он үш мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын өтеуге талап етілген соманың 30 %-ы көлемінде негізделген және құжаттамалық расталған шығындар өтеледі;

2) орта кәсіпкерлік субъектілеріне ағымдағы қаржылық жылында индустриалды-инновациялық қызметтің бір субъектісіне Қазақстан Республикасындағы жанама салықтар (қосылған құн салығы және акциздер) есебінсіз, бірақ он үш мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын өтеуге талап етілген соманың 50 %-ы көлемінде негізделген және құжаттамалық расталған шығындар өтеледі;

3) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ағымдағы қаржылық жылында индустриалды-инновациялық қызметтің бір субъектісіне Қазақстан Республикасындағы жанама салықтар (қосылған құн салығы және акциздер) есебінсіз, бірақ он үш мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын өтеуге талап етілген соманың 80 %-ы көлемінде негізделген және құжаттамалық расталған шығындар өтеледі.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 2017 жылғы 13 сәуірдегі №10-1-Н нұсқамасын орындау мақсатында («Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін

өтеу қағидаларын, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығына, барлық ҚР индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің мемлекеттік қолдау бөлігінде қамтуды, сондай-ақ шығындарды өтеу үдерістерінің ашықтығын арттыруға өзгерістер енгізү орындылығын 2017 жылғы 2 қазанға дейін қарастыру бойынша).

Сонымен қатар, отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге республикалық бюджетте бөлінетін қаражаттың шектеулігін ескере отырып, және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын мөлшерін ұлғайтуға жұмсалған шығындардың өтеу лимиттерін белгілеу қажеттілігі туындайды.

Саралау пайдасыз, сонымен бірге, көзделген өлшемдер мен шекті лимиті кәсіпкерлік субъектілерін қолдау шараларымен мүмкіндік береді.

Белгіленген шекті лимиті орта және шағын кәсіпкерлік үшін жеткілікті болып табылады.

Қарастырылған өтеу тәртібі бюджетке жүктеме салмайды. Мысалы 2016 жылы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерге 280 млн. тенгеге 50% өтелді: 18 ірі бизнес субъектілерге; 8 орта бизнес субъектілерге; 21 кіші бизнес субъектілерге. Егерде 30%, 50%, 80% критерияларды қолдағанда және барынша лимиттерді белгілегенде 2016 жылы осы субъектерге 213 053 820,74 тенге сомасында өтеу берілген болатын.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет