Астанада дронның көмегімен түрмеге есірткі кіргізбек болғандар ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: polisia.kz
Полицияның мәліметінше, тәртіп сақшылары Михайловка-Аршалы автожолында Kia K5 автокөлігін тоқтатқан.
Көлікті бұрын бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеген ер адам жүргізген. Сондай-ақ, автокөлікте тағы екі ер адам болған, оның біреуі бұрын Астана қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №2 мекемесінде жазасын өтеген.
"Автокөлікті тінту барысында өсімдік тектес заттары бар екі түйіншек, сондай-ақ, есірткіні колония аумағына жеткізу үшін қолданған дрон тәркіленді", – делінген хабарламада.
Салмағы 23,7 г марихуана тәркіленді. Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.