«Отбасындаєы бала тјрбиесі»



жүктеу 68.62 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі68.62 Kb.





Ата-аналарға арналған психологиялық кенес


Балгожина А.Р.- мектеп психологі

ІІ санатты
«Отбасындағы бала тәрбиесі» 

   Сіздің балаңыз – сіздің болашағыңыз. Сіз  өз жалғасыңыздың үлгілі болғанын қалайсыз. Ол үшін  бала тәрбиесіндегі қажетті  негізгі  қағидаларды  ұсынып отырмыз:

1.     Балаға  деген  махаббатыңызда  шексіздіктен  сақ болыңыз. Бала отбасы мүшесі болу керек. Ата – ана  балаға деген махаббатында өздерін құрбан ететін болса, бала  өзімшіл, өзіндік бағасы жоғары  және  махаббатқа  қатыгездікпен жауап береді, ата –аналарға, адамдарға немқұрайлықпен қарайды. Бір жағынан алып қарағанда, балаға немқұрайлылықпен қарағанның  кесірі болмауы да мүмкін.

Отбасының басты қағидасы – бәрі әр отбасы мүшелерін, ал әрқайсысы  барлық отбасына қамқор болады. Сіздің балаңыз осы қағиданы жадында сақтау керек.  Кішкентай кезінен бастап үй ішінде нақты бір жұмысты атқаруға үйретіңіз.

 

2.     Тәрбиелеудің басты құралы – ата – аналардың тәртібі, үлгісі. Баланы дамыту – оның өздігінен жұмыс жасай алуын дамыту. Білік, дағдыны қалыптастыруда көмектесіп, бірақ ол үшін ол істеу керек және істей алатын  нәрселерді  істемеңіз.  Егерде ол дұрыс істей алмаса, онда тұрған ештеңе жоқ, ол  қателесу  және  жол болмау арқылы тәжірибе жинайды.



3.     Бала  тәртібі негізі – ол оның әдеті. Оның жақсы, мейірімді әдеттерге жақын  болуын қадағалаңыз. Ең маңызды әдеттердің бірі – күн тәртібі. Баламен бірге күн тәртібін жасап, оның сақталуын қадағалаңыз.  Баланы жақсы мен жаманды ажырата алуға үйретіңіз, темекі, ішімдік, наша, бетімен жүру, өтірік жаман, қауіпті екенін түсіндіріңіз. Оны өз үйін, отбасын, мектебін, жақсы адамдарды, туған өлкені жақсы көруге үйретіңіз.

4.     Бала тәрбиесінде  ата – аналардың талабы және бір – біріне қарсы келуі  қауіпті. Алдымен өзара келісу керек.

5.     Отбасында жылулық және  жайлы атмосфера болуы керек, ешкім ешкімге айғайламау керек, кемшіліктер айғайсыз, тыныш талқылануы керек.

6.     Өз қауіптенуіңізбен  оның намысына тимеңіз, оған сенімділікпен қараңыз.

7.     Бала денсаулығына мұқият қараңыз. Өздігінен өз денсаулығын қадағалауға үйреніңіз.

8.     Отбасы- ол үй және әр үй жөндеуді талап етеді. Сондықтан да уақыт өте келе жөндеу жасау керек екенін ұмытпаңыз.Отбасы үйі жаңартуды талап етіп түрғанын уақыт өте келе тексеріп отырыңыз.

 

Бала  тәрбиесінде тек қана ата – аналардың  тәжірибесі мен  білгенінен емес, сонымен қатар олардың сезімталдығына  және алғырлығына да байланысты.



 Ата – аналар, сіздерге бала тәрбиесінде сәттілік тілейміз!

Ата-аналарға алты кеңес

Балаңызға ұрыссаңыз, ол сізге қарсы тұруы мүмкін. Қайта бойында дөрекі мінезді жоя отырып, балаңыздың  көзқарасын  өзгертіп, өзіңізбен  тіл  табысу  үшін жылы сөйлесіңіз!

 1. Баланың әр күнді  бастауы, қарсы алуы сәтті болуы керек. Ол үшін таңертең баланы оятқанда жайлы, баппен оятыңыз, ол сіздің күлімдеп, мейіріммен өте жақсы көріп тұрғаныңызды көруі керек.

 2. «Сен жалқаусың, дөрекісің, ақымақсың» деген  сөзді ешуақытта ауызыңыздан шығармаңыз. Қайта: «Сенің кешке дейін түк бітірмей жатқаның жаныма батады. Ішің пысқан жоқ па? Бір кішкентай ғана іс істесең, біз саған рақмет айтар едік» деген  құлақ қағыс айтып қойыңыз.

3. Баланың  тентектігін «тентек» сөзбен  бетіне  басуға болмайды. Дауысыңызды  жұмсартып, жүрегіне жетерлік және ой тастайтын сөздер айтыңыз.

4. Мектепке жиі келіңіз. Атақты педагог В.Сухомлинскийдің «Отбасы мен мектеп тәрбиесі біріккенде ғана толық тәрбие болады» деген сөзін ұмытпағаныңыз жөн.

5. Ер жеткен баланы тыңдамауға болмайды. Кейбір сауалдарға жауап бермесе, үндемеңіз. Егер абайсызда ұрыса қалсаңыз, артынан кешірім сұраңыз. Сіздің кешірім сұрауыңыздан кейін ол жақсы қырынан көрінуі мүмкін.

6. Бар нәрсені жасырып, ұл – қызыңызға жоқтан басқаны айтудан сақ болыңыз.

 

Емтихан кезінде балаңызға қалай көмек беруге болады?



  • Тестілеуге балаңыздың алатын ұпай санына көп алаңдамаңыз және де сынақтан кейін балаңызға сөге қарамай, сынамаңыз. Балаңызды алынған ұпай саны оның нағыз мүмкіндігінің өлшемі емес екендігіне сендіріңіз.

  • Тестілеу тапсырар алдында балаңыздың алаңдаушылығын жоғарлатпаңыз, бұл тестілеудің нәтижесіне теріс әсер етуі мүмкін. Балаға әрқашан ата-анасының қобалжуы, толқуы беріледі. Егер ата-аналар сол сәтте өз эмоцияларын игерсе, балалар да өздерін сенімді ұстайды. Балаңызды қолдап отырыңыз, әр жақсы жетістіктері үшін мақтап отырыңыз.

  • Балаңыздың өзіне деген сенімділігін жоғарлатыңыз. Себебі бала сәтсіздіктерден көбірек қорыққан сайын, қателерді көбірек жіберу мүмкіндігі соғұрлым артады. Балаңыздың көңіл-күйін қадағалаңыз, тек Сіз ғана оның күйінің нашарлағанын жақсы сезіп, уақытылы қажудың (переутомление) алдын ала аласыз. Балаңыздың дайындалу тәртібін бақылаңыз, оның дайындалуы мен демалуы үйлесіп жатуы тиіс.

  • Балаңызға дайындыққа үйден қолайлы орын беріңіз, әсіресе, үйде ешкімнің бөгет болмауын қамтамасыз етіңіз. Тамақтануға да назар аударыңыз: қарқынды ақыл-ой еңбегінде дәрумені көп тамақтың септігі мол. Әсіресе балық, ірімшік, жаңғақ, өрік және т.б. мидың жұмысын жақсартады.

  • Балаңызға тақырыптарға дайындықты әр күнге бөлуге көмектесіңіз. Балаңызды емтиханға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Материалдың жаттанды мәнін түсінбей, ең негізгі сәттерін қарап, материалдың логикасы мен мәнін ұғып алуға кеңес беріңіз. Қарап жатқан материалды жоспар бойынша тәртіпке келтіріп, қысқа сызбалық жазбалар мен кестелерді жасаудың пайдалылығын көрсетіңіз. Егер балаңыз қиналса, көмектесіңіз. Негізгі формулаларды және анықтамаларды бөлек бетке жазып, жұмыс үстелінің үстіне іліп қойсын.

  • Алдын ала тестері бар кітаптар сатып алып, балаңызды жаттықтырыңыз. Мұнда балаңыз тәжірибе жүзінде тестерді орындауға, уақытты үнемді пайдалануға үйренеді. Бұл балаңыздың барлық тестілеу барысында зейінін бір жерге шоғырлантуға дағдыландырады, ал бұл өз кезегінде салқынқандылыққа баулиды және артық алаңдаушылықты алып тастайды. Емтихан кезінде балаңыздың қолына сағат тағуға ұмытпаңыз. Емтихан болар алдында балаңыз жақсылап тынығып, ұйқысы қанғаны жөн.

 

Агрессивті баламен ата-ана өзін қалай ұстау керек:

  • Ең бірінші отбасындағы мәселені шешіп алыңыз.

  • Отбасындағы қарым-қатынасқа назар аударыңыз.

  • Бала қоршаған адамдардан үлгі алатынын есте сақтаған жөн. Сондықтан да жақын адамдардың агрессивті іс-әрекет формаларын жоюға тырысыңыз.

  • Бала қандай болсада, сондай қалпында қабылдай білу және жақсы көру.

  • Баладан бір нәрсе талап еткен кезде оның қабілетіне назар аударыңыз.

  • Кішкентай кезінен бастап, баланың қызығушылығын арттырып, қақтығысты жоя біліңіз.

  • Отбасына дүниеге сәби келгенмен, ол сіздің жақсы көретіңізді түсіне білу керек.

  • Балабақшаға келген сәтте өзінің құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуына басты назар аударыңыз.

  • Төбелескен кезде ең бастысы баладан түсініктеме алу емес, ал оны алдын алу және болдырмау жолдары.

  • Қатты сөздеріңіз баланы жаралайтынын естен шығармаңыз.

  • Баланың ой-өрісін дамытыңыз.

  • Баламен бірге жұмыс істеңіз. Атқарылып жатқан жұмыста бала өзінің маңыздылығын түсіне білсін.

  • Баланы түсіне біліңіз.

  • Агрессивті баламен ата-ана өзін қалай ұстамау керек:

  • Балаға үнемі «сен жамансың» деп айтпаңыз. Үлкендердің теріс бағасы баланың өзін-өзі бағалауының төмендеуіне және сыртқы ортамен қарым-қатынасының бұзылуына әкеп соғады.

  • Бала тәртіпсіздік жасаса бұрышқа қоймаңыз, ол оның ертең мейірімсіз, қатты болуына әкеп соғады.

  • Агрессивті тәрбиелеу нормаларын қолданбаңыз (соғу, бұрышқа қою және т.б.).

  • Үй жануарларына азап көрсетпесін.

  • Кішкентай сәби одан да жақсы екенін еске салып, салыстыра бермеңіз.

  • Құрдастарының арасында жауыздық сезімін дамытпаңыз;

  • Қатты сөздермен баланың ар-намысына тимеңіз;



Ата-аналарға психологиялық кеңес 
1. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз. 
2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз. 
3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз. 
4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз. 
5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз. 
6. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз. 
7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз. 
8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз. 
9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз. 
10. Баланың «бақытты кездер банкісі» туралы ойлаңдар. 
11. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды. 
12. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз


13. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз. 
14. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз. 
15. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс - әрекетпен айналысып отырса. 
16. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету. 
17. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз. 
18. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз. 
19. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз. 
20. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз. 
21. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз. 
22. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз. 
23. Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз. 
24. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз. 
25. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз. 
26. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз. 
27. Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз. 
28. Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз. 
29. Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз. 
30. Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз. 
31. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет