Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Жезқазғанда жаңа жылу электр станциясы қашан салынатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: akorda.kz 

Электр энергиясы тапшылығын азайту мақсатында қуатын 6,7 гигаватт жаңа генерация салу жоспарланған. 

"Жезқазғанда 2029 жылдың соңына дейін қуаты 500 мегаватт жаңа жылу электр станциясының құрылысы жоспарланған. Сондай-ақ стратегиялық инвесторлармен қуаты 5 гигаваттық ауқымды жобалар дайындалып жатыр", — деді Азамат Сәтқалиев үкімет отырысында. 

Маневрлік генерацияларды іріктеу бойынша аукциондық сауда жүргізу аясында Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Шымкент қалаларында қуаты 2,4 гигаватт газ станциялары құрылысы басталады деп жоспарланған. 

Сонымен қатар солтүстік және өңтүстік өңірлер арасындағы байланысты нығайту және транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында күші +/- 500 киловольт "Солтүстік-Оңтүстік" тұрақты  ток желісін салу жоспарда бар. Өткізу қабілеті 2 мың мегаваттқа дейін артады. 

Бұған дейін Қазақстан мен Ресей Көкшетау, Семей және Өскеменде жылу электр станцияларын салу туралы меморандумға қол қойғанын жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.