Алматыда атышулы блогер және "элиталық эскорт" желісін ұйымдастырушы Айкаға қатысты сот процесі басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Соттың мәліметінше, қылмыстық іс сотқа ақпан айының соңында келген. 

"26 ақпанда бас көлік прокуратурасы Алматы қаласы Әуезов ауданының сотына М.А.-ға қатысты "есірткі заттарын аса ірі көлемде өткізу мақсатынсыз заңсыз алу, сақтау" және "жезөкшелікпен айналысу орындарын ұйымдастыру немесе ұстау, сондай-ақ алдын ала сөз байласу бойынша бірнеше рет адамдар тобының пайдакүнемдік мақсатта жұмыс жасауы” бабы бойынша қылмыстық іс жолданды”, – делінген прокуратура хабарламасында. 

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі "элиталық эскорт қыздар" желісін ұйымдастырушыға қатысты істің сотқа келіп түскенін растады.

"Іс келіп түсті, сотта қаралып жатыр, процесс жабық. Заңға сәйкес, сот үкімі жарияланған кезде хабарлаймыз", – делінген сот хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматы полициясы қалталы азаматтарға эскорт қызметін ұсынып, “жеке секс-кештер” ұйымдастырды деген күдікпен 25 жастағы азаматша ұсталғаны туралы жазған едік.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.