Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Президент сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне арналған жиын өткізбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сондай-ақ мемлекет басшысы іс-сапары барысында бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралап, мегаполистің жол-көлік жүйесін дамыту бойынша әкімдік жоспарларымен таныспақ.

Айта кетейік, бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram парақшасында мемлекет басшысы 24-25 қаңтар күндері Алматыға іссапармен келетінін хабарлаған еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.