Отчет о реализации Государственной программы развития здравоохранения Республики Казахстан



жүктеу 2.36 Mb.
бет1/12
Дата11.04.2019
өлшемі2.36 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есеп
Есептік мерзім: 2016 жыл.

Бекітілген: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» 2016 жылғы  15 қаңтардағы №176 Қазақстан Республикасы Президентінің   Жарлығымен.

Мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.

Бірлесіп орындаушылар: Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі бағыты: болашаққа инвестициялар: денсаулық сақтау.





  1. Бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпарат






Атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Орындауға жауаптылар

Орындалуы

Қаржыландыру көздері

ББ коды

Орындалуы туралы ақпарат

Базалық мәні

(2014 жылғы факт)

Жоспар

Факт

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11




Бағдарманың мақсаты: Еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту




Күтілетін өмір сүру ұзақтығының деңгейі
 
 
 
 

Жас саны
 

ҰЭМ Статистика комитетінің ресми деректері

ДСӘДМ, ІІМ, БҒМ, АШМ, МСМ, ҰЭМ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

71,62

71,8

71,95







Көрсеткіш 2015 жыл қорытындысы бойынша берілген.
2016 жылғы қорытынды көрсеткіші 2017 жылдың сәуір айында ұсынылады.


1-мақсат: Елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту




Халық денсаулығының индексі
 
 
 
 
 

%
 
 
 

ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі

ДСӘДМ, ІІМ, БҒМ, АШМ, МСМ, ҰЭМ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

-

17

26,3







Көрсеткішке қол жеткізілген.


1-міндет. Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту




Зардап шеккендері бар ЖКО саны

абс.

ІІМ ведомстволық статистикалық есебі

ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

20378

19570

17974







Көрсеткішке қол жеткізілген.





Жарақаттардан, оқыс оқиғалардан және уланулардан болатын өлім-жітім

100 000 тұрғынға шаққан-да

ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі

ДСӘДМ, ІІМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

87,8

84,9

76,53







Көрсеткішке қол жеткізілген.





15-17 жастағы балалар арасында өзіне-өзі қол жұмсау деңгейі

100 000 тұрғынға шаққанда

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми деректері

БҒМ, ІІМ, ДСӘДМ

19,3

17,2

16,9







Көрсеткішке қол жеткізілген.





15-49 жас тобындағы АИТВ-инфекциясының 0,2-0,6 % шегінде таралуы

%

ДСӘДМ ведомстволық статистика-лық есебі

ДСӘДМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

0,168

0,26

0,196







Көрсеткішке қол жеткізілген.





15-17 жастағы балалар арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен (бұдан әрі – ЖЖБИ) сырқаттанушылық (мерез маркері)

100 000 тұрғынға шаққанда

ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі

ДСӘДМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

6,9

6,2

4,8







Көрсеткішке қол жеткізілген.





Туберкулезбен сырқаттану

100 000 тұрғынға шаққанда

Туберкулезбен сырқаттану

ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі

66,4

63,1

58,4







Көрсеткішке қол жеткізілген.





Сотталғандар арасындағы туберкулезбен сырқаттану

100 000 сотталғанға шаққанда

Сотталғандар арасындағы туберкулезбен сырқаттану

ІІМ ведомстволық статистикалық есебі

799,0

780,0

427,9







Көрсеткішке қол жеткізілген.





Инфекциялық және паразиттік аурулармен сырқаттану көрсеткішін кемінде 315,9-дан аспайтын деңгейде ұстап тұру

100 000 тұрғынға шаққанда

Инфекциялық және паразиттік аурулармен сырқаттану көрсеткішін кемінде 315,9-дан аспайтын деңгейде ұстап тұру

ҰЭМ ведомстволық статистикалық есебі

295,6

315,9

314,8







Көрсеткішке қол жеткізілген.





Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту

%

Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту

МСМ ведомстволық статистикалық есебі

25,1

27,0

27,4







Көрсеткішке қол жеткізілген.





Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің базасында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту

%

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің базасында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту

МСМ ведомстволық статистика-лық есебі

13,0

14,0

15,3







Көрсеткішке қол жеткізілген.





Семіздіктің таралуы

100 000 тұрғынға шаққанда

Семіздіктің таралуы

ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі

278,3

256,5

102,48







Көрсеткішке қол жеткізілген.





Нашақорлықтың және мінез-құлық ауруларының профилактикасы жөніндегі бағдарламаларды іске асыратын жалпы білім беру мекемелерінің үлесі

%

Нашақорлықтың және мінез-құлық ауруларының профилактикасы жөніндегі бағдарламаларды іске асыратын жалпы білім беру мекемелерінің үлесі

БҒМ ведомстволық статистикалық есебі

50,0

78,0

78,0







Көрсеткішке қол жеткізілген.





Есірткіні залалды тұтынумен және оған тәуелділікпен наркологиялық есепте тұрған адамдар саны

100 000 тұрғынға шаққанда

Есірткіні залалды тұтынумен және оған тәуелділікпен наркологиялық есепте тұрған адамдар саны

ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі

194,3

192,0

153,1







Көрсеткішке қол жеткізілген.


5.1-бағыт. Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту

5.1.1-бағыт. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін қалыптастыру

1.

Ең үздік әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, ҚР-да қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеуі бойынша ұсыныстар дайындау

ҚР Үкіметіне ұсыныстар

2016 жылғы

2-тоқсан


ДСӘДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
















Еуропа елдері мен АҚШ-тың қоғамдық денсаулық сақтау қызметі ұйымының түрлі нысандары бар, халықаралық тәжірибелері зерттелді.

2016 жылғы қаңтар айында, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанындағы имидждік жоба аясында Премьер-Министрінің орынбасары деңгейінде «Қоғамдық денсаулық қызметін қалыптастыру» жобасының тұсаукесері өтті. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің жұмыс істеу ұсынысы өз ішіне, алдын алу интеграция сұрақтары бойынша, жұқпалы және созылмалы жұқпалы емес ауруларды ерте анықтау және бақылау (мысалы, жетекші ЭЫДҰ елдерінің) тиімді әлеуметтік маңызды санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету үшін тиімді ресурстарды үйлестіру және басқаруға ерік береді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен қарастырылған, барлық негізгі қоғамдық денсаулық функциялар тиімді жүзеге асыратын басқару функцияларын бiр мемлекеттiк органда концентрациялау ұсынылған. Бұл санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүргізу функцияларының Министрліктің қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылымының негізгі бір бөлігі болуын айқындайды. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитетін реформалау арқасында (бұдан әрі - ҰЭМ) және жұқпалы және созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алу және мониторингтеу сұрақтарымен айналысатын, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары мен органдарын иммундау және зертханалық диагностиканы Министрліктің басқаруына беру.

2016 жылғы 7 шілдедегі № 24 Қазақстан Республикасы Үкіметі хаттама тапсырмасының 1.2.1 тармағына сәйкес ҚР ҰЭМ-мен бірге тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетін реформалау сұрақтары бойынша және санитарлық-эпидемиологиялық қызметті Министрліктің қарамағына беру мәселе шешіліп, келісімге қол жеткізілді (2016 жылғы 27 шілдедегі хаттама).

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетін реформалау және ҚР ДСМ қарамағына санитарлық-эпидемиологиялық қызметті беру жөнінде ұсыныстар Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолданған (2016 жылғы 1 тамыздағы № 05-1-29/27324//21 (п.1.2.1)).

2017 жылыдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» 412 Қаулысымен ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетін қайта ұйымдастыру жүзеге асырылды және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері ҚР ҰЭМ-нен ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ДСМ ) беру мәселесі шешілді. ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі комиттің ведомствасы мен Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің құрылымдық бөлiмшесі құрылды.

Қазақстан Республикасында қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру жұмыстары жалғасуда.

ҚР Үкіметінің жоспарына сай 2017 жылдың 1 жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің моделін сәуір айында қарастыру көзделген
Іс-шара мерзімінің бұзылуымен орындалды.


2.

ДСӘДМ-нің және жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы саясатты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерін құру

ДСӘДМ бұйрығы, әкімдіктің қаулысы

2016 жылғы

4-тоқсан


ДСӘДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
















ҚР ДСӘДМ «2014 жылғы 18 тамыздағы № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен ведомстволардың құрылымы мен штат санын бекіту» туралы бұйрық жобасы әзірленді (2016 жыл 29 қараша). Берілген бұйрық жобасы ҚР ДСӘДМ жауапты хатшыға қол қоюға ұсынылған. Бұйрық ҚР ДСӘДМ қайта құру процесінің басталуына байланысты тіркелген жоқ.

Облыстардың жергілікті атқарушы органдарына, денсаулық сақтау басқармаларында қоғамдық денсаулық сақтау облысында саясатты жүзеге асыру жөніндегі құрылымдық бөлімшелерді құру жөнінде ұсыныс хат жолданды (2016 жылғы 24 қарашадағы № 05-1-32/7680-И шығыс хаты).

Денсаулық сақтау басқармаларының ақпаратына сай 3 аймақта – Алматы қаласында, Ақмола, Жамбыл облыстарында қоғамдық денсаулық бөлімдері құрылды.

12 өңірдің денсаулық сақтау басқармаларының басшыларымен ҚДҚ бөлімшелерін құру жұмыстары жүргізілуде (облыс әкімдігіне денсаулық сақтау басқармасы өз құрамында ҚДҚ бөлімшелеріне штаттық бірліктерді бөлу жөнінде көмек көрсету үшін хат жіберді).

Қоғамдық денсаулық сақтау облысында саясатты жүзеге асыру үшін ҚР ДСМ құрылымдық бөлімшелерін және денсаулық сақтау басқармаларын құру жұмыстары жаңадан құрылатын Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аясында жалғастырылатын болады (2017 жылғы 25 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» №412 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы).
Іс-шара жүзеге асырылмады.


3.

ДДСҰ-ның, CDC-тің (АҚШ ауруларды бақылау және профилактика орталығы) қолдауымен ДСӘДМ, ведомстволық ұйымдардың және қоғамдық денсаулық сақтау саясатын жүзеге асыратын басқа да мүдделі мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері үшін ең үздік халықаралық стандарттарға сәйкес оқыту семинарларын ұйымдастыру *

семинарлар

жыл сайын

ДСӘДМ
















Жыл сайын ДДСҰ-ның, CDC-тің қолдауымен қоғамдық денсаулық сақтау, инфекциялық аурулардың алдын алу саясаты мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастырылады.

2016 жылы CDC/ CAR қолдауымен практикадағы дәрігерлерге, мейіргерлерге және медициналық ЖОО оқытушыларына эпидемиологияның актуальды мәселелері бойынша 4 оқыту курстары жүргізілді.

Барлығы 116 маман оқытылды, соны ішінде 96 жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары және 20 ҚР ДСӘДМ ведомстволық бағынысты мамандары.

CDC ұсынған ақпаратқа сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрлігі және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орталық аппаратының мамандарына курстар жүргізіледі.

Сонымен қатар, ҚР ДСӘДМ мамандары ДДСҰ-ның ЕӨБ қолдауымен Шығыс Еуропа және Орталық Азияда алғашқы медициналық-санитарлық көмек үшін инфекциялық емес аурулар бойынша негізгі іс-шаралар пакетін енгізу бойынша (2016 ж. мамыр, Самарқанд қ. Өзбекестан) семинарларға, денсаулық сақтау жүйелері және саясаты бойынша Еуропалық обсерваториясыен ұйымдастырылған «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек:интеграцияланған және тиімді көмекке инновациялық тәсіл» жазғы мектепке (шілде 2016 ж. Венеция қ., Италия).
Іс-шараны іске асыру жалғасуда.


4.

Мыналарға:
- инфекциялық емес аурулар профилактикасы және онымен күрес жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған жаһандық іс-қимыл жоспарына;
- ДДСҰ негіздемелік конвенциясына және Еуропалық темекіге қарсы күрес стратегиясына;
- ДДСҰ тағам өнімдері және тамақтану саласындағы 2015 – 2020 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес сынаудан өткен технологиялардың негізінде инфекциялық емес аурулардың профилактикасы және мониторингі жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету

ҰЭМ-ге ақпарат

жыл сайын

ДСӘДМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
 
 


















2016 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының ДСӘДМ «2016 жылға арналған салауатты өмір салтын құру және аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №325 бұйрығына сәйкес елімізде төмендегідей іс-шаралар өтті:

- дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні аясында ҚЖА алдын алу, Дүниежүзілік жүрек күні, Дүниежүзілік инсультке күрес күні, «Денсаулық жолы» атты кең ауқымды дәрігерлік бригадалардың халыққа көмек-кеңес беріп салауатты өмір салты бойынша ақпараттық науқандар жүргізу іс-шаралары, ауыл тұрғындарының арасында мінез-құлық тәуекел факторларын алдын алу және аурулар бойынша жалпы 1534793 адамды қамтитын 138557 іс-шаралар өткізілген болатын.

- қант диабетінің алдын алу үшін бүкіл Республикада Дүниежүзілік диабетпен күресу күнінің аясында 204778 адамды қамтыған 16199 іс-шаралар жүзеге асырылды, облыстық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында: 29 – телебағдарламалар, 57 - радиобағдарламалар, 10 - пресс-конференциялар, 60 - мақалалар жариялау ұйымдастырылды.

- онкологиялық ауруларды ерте анықтауға бағытталған Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күн, сүт безі қатерлі ісігін жұртшылық назарына жеткiзу қатерлі ісік күні және осылардың ертерек алдын алу және жұрттың хабардарлығының деңгейін көтеру бойынша іс-шаралар өткізді (Дүниежүзілік қатерлі ісікке күрес күн, Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігімен халықты хабардар ету күні) 831948 адамды қамтитын 91 378 іс-шаралар өткізілді.

- бронх демікпесінің алдын алу бойынша Дүниежүзілік бронх демікпесіне қарсы күн 621335 адамды қамтыған 38958 іс-шаралар ұйымдастырылды. Облыстық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында: телебағдарламалар/радиобағдарламалар, пресс-конференциялар, денсаулық сақтау басқарламарының веб-сайттарында ақпарат орналастырылған, МҰ - 72.

- дүниежүзілік темекі шегудің алдын алу шаралары, темекіні пайдалануды бақылау және төмендету бойынша ақпараттық науқандар – Халықаралық темекіге қарсы күн, Жалпыұлттық темекіден бас тарту күніне орай 900861 адамды қамтыған 91849 іс-шаралар өткізілді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Темекі бақылау жөніндегі негіздемелік конвенцияға сәйкес іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда, сонымен қоса, темекiге қарсы күрес мәселелерi бойынша сұрақтар туындаса керек кездерде тіректерін қоса және ақпарат әзірлеу және беру жобасының барлық қатынаулы тиісті құралдарды пайдалана отырып қоғамдық ақпарат жүйесін нығайтады және қолдайды.

-он күндік аясында, республикада алкоголь ішуден бас тарту ұлттық күніне орай 326581 адам жалпы қамтыған 25035 іс-шаралар өткізілді.

Республикада 4683  бейінді 1382632 халықты қамтыған денсаулық мектептері жұмыс жасайды, оның БМСК ұйымдарында – 4306 денсаулық мектептері, стационарларда – 377.

Темекі өнімдерін, темекі демеушілігі, темекі бұйымдарын сату, өндіру, темекіге сәйкес келетін бұйымдарды сату және тарату бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік тұрғысынан «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне түзетулер енгізілді (кәсіпкерлік субъектісі санатына байланысты бес тен бастап қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшеріне дейін айыппұлдар қарастырылған).

Темекі өнімдеріне акциздердің төлемдері біртіндеп жоғарылау процессі жалғасуда.

2015 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 822 қаулысына сәйкес, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда темекі бағасы 240 теңгеге дейін өсті.

2016 жылдың 7 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, 2016 жылдың 31 желтоқсандағы дейін фильтрлі сигареттер құны орнатылды және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 20 (жиырма) фильтрлі сигаретке темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі құны орнатылды: 2016 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда екі жүз жетпіс теңге көлемінде; 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жүз теңге көлемінде.

2016 жылы 17 наурызда , Еуропалық экономикалық комиссияның шешімімен темекінің зияны және темекі бұйымдарын тұтыну мен оларды қолданудың параметрлер туралы ескерту эскиздер бекітілді.

2016 жылы 15 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия темекі өнімдерін техникалық реттеу Кеңес шешімі 2014 жылғы 12 қарашадағы «Кеден одағының техникалық реттеу туралы» № 107 қаулысы күшіне енді.

2016 жылдың 15 мамырында темекіге қарсы күрес бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жөніндегі негіздемелік Конвенцияның кейбiр ережелерiн ескере отырып, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы келісімге сәйкес әзірленген техникалық регламенттер күшіне енді. Бұл техникалық регламент Кеден одағының кедендік аумағында, сондай-ақ ақпараттық талаптарына (таңбалау) айналымға шығарылатын темекі өнімдеріне Кеден Одағының талаптарына сәйкес кеден аумағына қолдану және орындау үшін міндетті белгілейді, оның еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін темекі өнімдерін сату, орау үшін қолданылады.

2016 жылдың 1 – 10 сәуірі аралығында республика өңірлерінде салауатты тамақтанудың маңыздылығы туралы барлық мүдделі орындардың арасында мектеп жасындағы балалардың хабардарлығын арттыруға, әсіресе, мектептерде балалардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдай жасауға ықпал ету мақсатында, тамақтандыруды ұйымдастыру және дұрыс тамақтанудың маңыздылығы бойынша он күндік өткізілді.

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында 1624474 адамды қамтитын 74.898 іс-шара өткізілді: оның ішінде акциялар - 32; ашық есік күндері - 274; дөңгелек үстелдер - 100; семинар-тренингтер - 1414; ата-аналар жиналысы - 2308; спорттық іс-шаралар мен конкурстар - 12 091, басқа да іс-шаралар - 57 898. Облыстық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында: 115 – телебағдарламалар, 81- әр түрлі баспа БАҚ жариялымдарда, веб-сайттарда, әлеуметтік желілерде, сыртқы жарнамаларда, билбордтар мен баннерлер ақпараттар орналастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет