Отчет предназначен для учета задолженности, освоения и погашения иностранных кредитов, предоставленных резидентам Республики Казахстан под гарантию правительства и кредитным



жүктеу 39.04 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі39.04 Kb.



Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының

2010 жылғы 21желтоқсандағы
№351 бұйрығына 28-қосымша

«Резидент еместерден алынған (резидент еместерге көрсетілген)



қызметтер және субсидиялар туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7381202, индексі 7-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы
19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес дайындалды және ведомстволық статистикалық байқаудың «Резидент еместерден алынған (резидент еместерге көрсетілген) қызметтер және субсидиялар туралы есеп» статистикалық нысанын (коды 7381202, индексі
7-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) толтырудың тәртібін нақтылайды.

2. Келесі анықтамалар және методологиялық түсініктемелер осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:

1) Қазақстан Республикасының резиденттері:

халықаралық ұйымдарды, шетелдік елшіліктерді, консулдықтарды және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктерді қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қазақстандық елшіліктер, консулдықтар және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктер;

осы тармақтың осы тармақшасының екінші абзацында және


2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалдары және өкілдіктері;

азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасында бір жылдан астам тұратын жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасынан тыс аумақта бір жылдан кем уақытша тұратын азаматтар. Шет елде мемлекеттік қызмет, білім алу және емделу мақсатында жүрген азаматтар олардың басқа елдердің аумағында болу мерзімдеріне қарамастан резиденттер болып табылады;

2) Қазақстан Республикасының резидент еместері:

Қазақстан Республикасының елшіліктерін, консулдықтарын және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктерін қоспағанда басқа мемлекеттердің аумағындағы заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық ұйымдар, шетелдік елшіліктер, консулдықтар және басқа да шетелдік дипломатиялық және ресми өкілдіктер;

осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында және осы тармақшасының екінші абзацында көрсетілген заңды тұлғалардың басқа мемлекеттер аумағындағы филиалдары және өкілдіктері;

азаматтығына қарамастан шет елде бір жылдан астам тұратын жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасы аумағында кемінде бір жыл тұратын шетелдік азаматтар. Республика аумағында мемлекеттік қызмет, білім алу және емделу мақсатында жүрген шет мемлекеттердің азаматтары олардың республика аумағында болу мерзімдеріне қарамастан резиденттер еместер болып табылады.

3. Осы нысанда сұратылатын ақпарат Қазақстан Республикасының төлем балансын жасауға арналған. Бұл нысанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарының (министрліктер, агенттіктер, жергілікті атқарушы органдар) операциялары туралы белгілі бір тоқсан үшін мәліметтер болуы тиіс. Осы нысан бойынша төлем балансының ресми және басқа да қызметтер бойынша операцияларына қатысты ақпарат жинақталады. Төлемдер мен түсімдерді нақты төленген уақыты бойынша емес, олардың есептелген сәті (нақты қызмет көрсетілген күні) бойынша көрсету қажет.

Б бөлігінің 70-жолы бойынша резидент емес компанияларға Қазақстан Республикасында қысқа мерзімді (бір жылдан кем) құрылыс жобалары бойынша жүзеге асырған құрылыс жұмыстары үшін төлемдер көрсетіледі. Резидент емес компаниялардың Қазақстан аумағындағы филиалдары, еншілес кәсіпорындары немесе өкілдіктері орындаған құрылыс жұмыстары алынып тасталады.

В бөлігінің 90-92-жолдары бойынша резидент еместерден консультациялар және оқыту түрінде өтеусіз алынған техникалық көмек көрсетіледі.

Г бөлігінің 150-жолы бойынша «Байқоңыр» кешенін қоса алғанда Қазақстан аумағында орналасқан әскери-сынақ полигондарын жалдағаны үшін Г бөлігінің 150-жолы бойынша резидент еместерден, әдетте, нақты инвестициялық бағдарламалармен (мысалы, ірі көлемдегі құрылыс инвестициялық жобаларымен) байланысты инвестициялық мақсаттарға алынған күрделі трансферттер (ақшалай және заттай нысанда) Г бөлігінің
150-жолы бойынша резидент еместердің Қазақстан Республикасының күрделі активтеріне қомақты зиян келтіргені немесе мүлкін басқалай бүлдіргені үшін (мысалы, мұнайдың ағып кетуімен, күшті жарылыстың және т.б. болуымен) өтемақы төлемдері көрсетіледі.

Барлық операциялар мың АҚШ долларымен көрсетілуі тиіс. Басқа шетел валюталарындағы операцияларды алдымен теңгеге, содан кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚР ҰБ) операция жасалған күнгі тиісті ресми бағамдары бойынша АҚШ долларына ауыстыру керек. Теңгемен операцияларды да операция жасалған күнгі ҚР ҰБ-нің тиісті ресми бағамдары бойынша АҚШ долларына ауыстыру керек.

Барлық операциялар Тәуелсіз мемлекеттер достығы (бұдан әрі – ТМД) елдері және басқа елдер, сондай-ақ әріптес елдер бойынша көрсетіледі. Кестелердің 4-19 аралығындағы бағандарының атауында әріптес елдердің аттарын респондент жүргізген операциялардың жалпы көлеміндегі оның (үлесінің) азаюына қарай ең көп үлесі бар ТМД елдеріне немесе басқа елдерге қатыстылығына қарамастан көрсету қажет. Қалған елдермен жүргізілген операциялардың жалпы сомасын «басқалары» деген 20-бағанда көрсету қажет.

4. Арифметикалық-логикалық бақылау:



В бөлігі 90-шы жол = 91+92 жолдардың қосындысы барлық бағандар үшін.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет