Отчетный доклад акима Возвышенского сельского округа Кусаинова А



жүктеу 53.94 Kb.
Дата02.04.2019
өлшемі53.94 Kb.



Возвышен селолық округі
Возвышен селолық округінің аумағы 3200 шаршы км, 28538 гектар ауыл шаруашылық жері, оның ішінде егістік жері 22172 гектар.

Возвышен селолық округін үш елді мекендер біріктіреді. Возвышен селосы халқы 2432 адам, Изобильное 51 адам, Малая Возвышен 96 адам. Селолық округтың барлық халқы 2579 адам, округ аумағында 779 үй бар, оның ішінде зейнет жасында 320 адам, 15 жасқа дейінгі балалар 418.

Біздің селоларда 23 ұлт өкілдері тұрады, олар алдарында қойылған міндеттерді татулықпен бір отбасындай шешеді.

Ауыл шаруашылық саласында округте 3 ЖШС, бір ірі ФШҚ және 32 ұсақ шаруа қожалықтары бар.

Ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіріу жұмысы жүргізілуде. 2 ЖШС құрылды «Север Жасыл жер» И.А Фиксель (4 ұсақ ШҚ кірді), «Таммит» ЖШС Христиченко Т.М. құрылды (7 ұсақ ШҚ кірді).

2010 жылы дәнді дақылдар 22032 гектарға себіліп және толық жиналды, өнімділігі 13,3 ц/га.

Округте мал шаруашылығының дамуы да байқалады, «Возвышенское» ФШҚ-да 2009 жылға қарағанда мал басының өсімі 12,2% артқан.

Мемлекетіміздің саясатының өзекті бір мәселесі халықтың тұрмыс жағдайын айтарлықтай көтеру.

Әр отбасының ауқатты тұруы үшін, жеке қосалқы шаруашылықтарын дамытуға жағдай жасалу қажет. Біздің ауылдастарымызға ол үшін барлық жағдай жасалған. Селолық округтің шаруа қожалықтары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің басшылары жеке шаруаларға жем шөп дайындауға көмектеседі.

Бұл шаруашылықтарда село жастарының көбі жұмыс істейді. Жыл сайын ШҚ және ЖШС-тері өздерінің ауыл шаруашылық техникаларын жаңа техникалармен толықтырады.

Селолық округте нарықтық экономиканың тұрақты даму жағдайында 4 түрлі ауыл шаруашылық тауарларын ұқсататын кәсіпорындар істейді, оның ішінде 2 диірмен, 2 кіші наубайхана. Жеке кәсіпкер И.А. Фиксельдің мал сою цехы жұртқа өз қызметін көрсетеді, өнімдерді ұқсатып тұшпаралар істейді.

Селолық округ аумағында халыққа қажетті түрлі тауарлар сататын 20 дүкендер бар. Бүгін селолық округ дүкендерінде азық-түліктерден басқа да шаруашылық және тұрмыстық техникаларды да алуға болады. Халыққа қажетті тауарлар толық көлемде бар және бағаларды қолайлы.

Кәсіпкерлер округтің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып, қажет уақытында демеушілік көмектерін көрсетеді.

Селолық округ халықтарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Жол қартасы» бағдарламасы бойынша су қысымы мұнараларына күрделі жөндеулер жасалды.

Ауыз сумен қамтамасыз ету көзі топтастырылған Булаев су құбырлары. Халықты сумен қамту ішкі су тарату желілері арқылы жүргізіледі. Су тарататын 8 пункт бар.

Округте халыққа жолаушылар тасымалдау бойынша қызмет көрсететін 2 облыстық және аудандық автобус бағыттары бар. Сонымен қатар, округ тұрғындарын Петропавл қаласына және аудан орталығына тасымалдайтын 3 жеке кәсіпкерлер қызмет көрсетеді. Олардың бұл қызметпен айналысуы үшін қажет құжаттары бар.

Округ селоларын телефонизациялау бойынша жұмыс жүргізілуде, «Қазақ телеком» 699 абонентке байланыс қызметін көрсетеді.

Округ аумағында пошта байланысының бөлімшесі бар, онда «Халық банкі» АҚ бөлімшесі және ХҚО орналасқан олар бүкіл Возвышен аймағына қызмет көрсетеді.

Тұрмыстық газбен «Рока» ЖШС қамтамасыз етеді және олардың газ тарату стансалары тәулік бойы жұмыс істейді.

Халыққа және округ мекемелерін электр қуатымен аудандық электр желілері қамтамасыз етеді.

Аудандық бюджеттен және шаруашылық субъектілер қаражатынан Мағжан Жұмабаев, Ленин көшелері жарықтандырылды, сондай-ақ көшелер қиылыстарына, стадионға фанарлар орнатылды жалпысаны 81.

Автокөлік жолдарынсыз бір де бір экономика саласы алға баспайды.

«Жол қартасы» бағдарламасы бойынша ұзындығы 12 км жолға жөндеу жұмысы жүргізілді, оның ішінде 7 км облыстық маңызы бар жол, 5 км аудандық маңызы бар жол.

Білім беру саласының даму негіздері Мемлекеттік бағдарламамен белгіленген.

Селолық округте 2 мектеп бар: Возвышен орта мектебі онда 378 оқушы

оқиды, мектеп жанында 40 орындық интернат және Малая Возвышенкада бастауыш мектебінде 6 оқушы және шағын орталық жұмысын істейді.

2010 жылы Возвышен орта мектебіне жөндеу жұмысына республикалық бюджеттен

4млн 837 мың теңге, облыстық бюджеттен 2 млн. 414мың теңге қаржы бөлінді. Возвышен мектебінде білім беру саласында, оқушыларға сапалы білім оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар және оқытудың белсенді түрлері жоғары қойылған.

2010 жылы 42 түлек ҰБТ тапсырды, орташа бал 87,4, 18 түлектер грантқа ие болды. Селолық округ мектептері педагогикалық кадрлармен толық қамтамасыз етілген, арнайы білімдері бар.

жоғары санаты мұғалімдер саны -4, біріншісі санаттты мұғалімдер -21, екіншісі санатты мұғалімдер-13, 6 мұғалімнің санаты жоқ.

Мектептерде ыстық тамақ ұйымдастырылған. Тамақтын бағасын арзандату үшін мектеп жанындағы учаскеде картоп және көкөністердің жақсы өнімі алынды.

Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге, білім беруге Возвышен селосында 75 орындық «Бөбек» бала бақшасы ашылды.

Селолық округ аумағында 2 кітапхана бар.

Халықтың денсаулығын сақтауға және нығайтуға көп көңіл бөлінеді. Округ аумағында аудандық орталық ауруханасының Возвышен бөлімшесі іқызмет етеді, онда 20 адамға жатар орын, сондай ақ дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Денсаулық сақтау секторында селолық округте мемелекеттік емес жеке дәріхана бар.

Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын қолдау үшін, шаруа қожалықтары және мекемелер басшылары халықты жұмыспен қамту аудандық бағдарламасын орындауда. «Север Жасыл жер» ЖШС-де 5 жұмыс орны ашылды, бала бақшасы ашылуына байланысты 33 жұмыс орны құрылды. «Жол картасы» бойынша «Барахоев» ЖК-де 4 жұмыс орны құрылды.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Возвышен селолық округінде оқу орнын бітірген түлектерге 4 жұмыс орны ашылып

берілді.

2010 жылғы 1 қазанан 1 қарашаға дейін қарт адамдар және мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөнінде айлықты өткізу кезеңінде 411 адамға мекемелер және шаруашылық субьектілер 713 мың теңге сомасында азық-түлік және ақшадай қолдау көрсетті.

Қазақстан Республикасының «Балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес жыл басынан бері біздің округте 92 отбасы 182 балаға 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 2 млн 44500мың теңге алды. Атаулы әлеуметтік көмекті 19 отбасының 73 мүшелері 975 мың теңге алды.

Селолық округте мемлекеттік тілді қолдау және дамыту шараларын жүзеге асыру бойынша, қазақ тіліндегі аудандық «Мағжан Жұлдызы» газетіне жазылу жұмыстары жүргізіледі, мешіт қызмет етеді, мектептерде мемлекеттік тілді игеру үшін кабинеттер жабдықталған.

Селолық округтағы спорт - округ бойынша ғана емес, бүкіл ауданның мақтанышы. Біздің спортсмендеріміз облыстық, аудандық жарыстарға қатысады.

Тұрғындардың әлеуметтік жағдайларын шешу мәселесінде әкім аппараты ШҚ, ЖШС, ЖК басшыларына сүйенеді, Наурыз мейрамын, Жеңіс күнін, балаларды қорғау күні, қарттар күні мейрамын, мектептерде жана жылдық шырша өткізуге көп көмектерін көсетеді.

Возвышен селолық округінде елді мекендерді санитарлық тазалауда және көркейту бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Қоршаулар жөнделіп сырланды, аумақтар көгалдандырылды , қоқыс орындары тазартылды, мекемелерде гүлзарлар жасалды.

Округ аумағында учаскелік инспекторлардың көмегімен ішімдікке жақын тұратын адамдар мен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Әкім аппараты және мектептермен бірлесе отырып, кәмелетке талмаған құқық бұзушылар, жайсыз отбасыларымен жұмыстар жүргізілді. Профилактикалық есепке 3 жайсыз отбасы және 4 кәмелетке толмаған жастар тұр.

Селолық округ әкімі және аудан әкімінің 2010 жылға халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтылған ұсыныстар, ескертулердің орындалуы жөнінде айтарлықтай жұмыстар жүргізілді: Ә.А. Кәкішеваны жұмысқа орналастыру мәселесі шешілді, көшелерде шамдар орнатылды, Малая Возвышенка, №2 бөлімше Изобильное селосына айына бір рет дәрігерлер баратын болды. Әкім аппараты әділет басқармасымен бірлесе отырып халыққа үй кітабын, жеке басының куәлігін ресімдеуге көмек көрсетеді. «Қазпошта» бөлімшесінде ХҚК орналығынның бөлімшесі жұмысын істейді.

Әр жаңа жылдың басы – істемінген жұмыстарға қорытынды, сараптама жасау және алдымызға жаңа міндеттер қою, олардың шешімін табатын жолдарды анықтау уақыты болып саналады.

2010 жылдың қорытындысы – бірлесіп істеген жұмыстарымыздың нәтижесі.



Әрине, алдағы жылда да біз бірігіп шешетін көп мәселелер, проблемалар бар.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет