Өтінімдерді соңғы қабылдау уақыты – 2018 жылдың 25 қарашасы. «Студенттердің 100 үздік идеясы»



жүктеу 57.54 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі57.54 Kb.
түріКонкурс

«Ел-шежіре» қоғамдық қоры өзінің 100idea.kz сайтында ҚР Білім және ғылым министрлігінің тікелей бастамасымен өтіп жатқан «Стуенттердің 100 үздік идеясы» атты республикалық конкурсқа материалдар қабылдап жатқаны туралы хабарлайды.

Өтінімдерді соңғы қабылдау уақыты – 2018 жылдың 25 қарашасы.
«Студенттердің 100 үздік идеясы» конкурсының ережесі қосымшада беріліп отыр.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Ел-шежіре» қоғамдық қоры

«Студенттердің 100 үздік идеясы» атты

республикалық конкурстың

ЕРЕЖЕСІ


Астана – 2018

«Студенттердің 100 үздік идеясы» атты

республикалық конкурстың

ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ереже:

1. «Студенттердің 100 үздік идеясы» республикалық конкурсы Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін жүзеге асыру жөніндегі жалпы республикалық «100 идея» жобасын іске асыру щеңберінде өткізіледі.

2. Конкурс инновациялық қызметті белсендіруге, тәжірибелік мүдде мен қоғамдық маңыздылықты білдіретін инновациялық идеялар мен жобаларды анықтауға және енгізуге бағытталған.

3. Конкурсты ұйымдастырушы: ҚР Білім және Ғылым Министрлігі, «Ел-шежіре» қоғамдық қоры.

4. Осы Ереже Конкурсты ұйымдастыру, өткізу және қорытындылау қағидаттаттарын белгілейді.



Мақсаты:

Үздік идеялар мен жастар бастамаларын жинақтау.


Міндеттері:

 «100 үздік идея» арнайы сайты мен әлеуметтік желілер арқылы барлық елден жастардың 100 үздік идеясы базасын жинақтау және құрастыру;

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ең жаңа келешек жобаларды белгілеу және оларды ұсыным ретінде қоғамдық қатынастар мен ішкі саясат мәселесіне жетекшілік ететін мемлекеттік және жергілікті атқару органдарына табыстау;

 Талантты жастарды іздеп табу, оларды алдағы уақытта «Рухани жаңғыру» қосымша бағдарламасын іске асыруға тарту, олардың әлеуетін ашуға жағдай жасау.


Конкурсқа қатысушылар:

Конкурсқа қатысуға студент жастар, қоғамдық жастар ұйымы шақырылады.


Конкурсты өткізу және қатысу шарттары:
1. Конкурсқа қатысушылар конкурстық материалдарды беру кезінде авторлық құқығы, сондай-ақ зияткерлік меншік құқығы туралы заңнама талаптары сақталуы қажет.

2. Қабылданған материалдар хабарламаларда және жарнамалық сипаттағы материалдарда мамандандырылмауы қажет.

3. Қатысушылар Ұйымдастырушының берген тізімінен тақырып пен бағытты өз еркімен таңдайды.

4. Ұсынылған материалдар Конкурстың мақсатына сай келуі тиіс. Тапсырылған материал Конкурс талабына сай келмеген жағдайда, өтінім қоғамдық комиссияның қарастыруна жіберілмейді. Егер конкурстық материалда техникалық қателер, нормативсіз лексика, экстремизмге шақыру, «Жарнама құқығындағы» көрсеткіш болған жағдайда, ондай материал Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

5. Жастардың және Қоғамдық жастар ұйымының бастамалары 2018 жылғы 10 қыркүйек пен 2018 жылғы 20 қараша аралығында «100 үздік идея» арнайы сайтында қабылданады.

6. Конкурсқа қатысу үшін, төмендегі ақпаратты жолдауларыңыз қажет: тегіңіз, аты-жөніңіз, әкеңіздің аты, жұмыс және ұялы телефоныңыз, электрондық мекенжайыңыз, өтінім тақырыбы мен бағыты, ұсынылатын бастама немесе жоба.

7. Конкурсқа арналған материалдар төмендегі формата болуы қажет: Аудиоматериалдар:

–MP3 форматы немесе WMA;

– ұзақтығы 3 минуттан аспауы тиіс;

– файлдың көлемі 150 МБ-дан аспауы тиіс;

Бейнематериалдар:

–AVI форматы, MPEG-1,2,4;

– ұзақтығы 60 минуттан аспауы тиіс;

– файлдың көлемі 750 МБ-дан аспауы тиіс;

Мәтіндік жарияланымдар:

–PDF, RTF немесе DOC форматы:

– файлдың форматы 60 МБ-тан аспауы тиіс;

Шрифт: Times New Roman 14

Фото:

– JPGформаты



– файлдың көлемі 60 МБ-н аспауы тиіс.

8. конкурсқа қатысуға материал беру жөнінде шектеу қойылмайды.

9. Қатысушы конкурстық өтінімге өзгеріс енгізуге немесе кері байланыс формасы арқылы конкурстық жұмыстарды беру мерзімі аяқталғанға дейін «Өзгеріс енгізу» белгісі арқылы хабарламалар сайтына жолдап, қайтаруға құқылы.

10. Конкурстың ұйымдастырушысы конкурсқа арналған баспа және электрондық өнімдегі конкурсқа берілген материалдарды жариялау ға құқылы.


Конкурстық өтінімнің тақырыбы мен бағыты:
1. Қазақстанның қасиетті жерлерін бренділеу және оларды әрі қарай дамыту;

2. қолайлы қала ортасын қалыптастыру;

3. ауылдық жердің тұрмысын жақсарту;

4. «табыс тарихы» мен селф-брендингты көпшілікке тарату саласындағы бастамалар

5. бизнес-жобалар мен стартаптар;

6. әлеуметтік саладағы жаңа цифрлық шешімдер;

7. латын әліпбиінге көшу;

8. алғаш қазақ тіліне аударылған кітаптарды оқуға және көпшілікке таратуға қызығушылықты арттыру;

9. өлкетану;

10. Қазақстанның мәдениетін шетелге таныту және елдің халықаралық қоғамдық-мәдени ұстанымы.


Конкурстың жюри мүшелері:

1. Қатысушылардың жұмыстарын тексеру үшін, жұмыстарды бағалауды жүзеге асыратын, іріктеу критерийлерінің бірлігін қамтамасыз ететін конкурстық комиссия (қоғамдық танымал тұлғалардан тұратын) құрылады.

2. Конкурстық комиссия берілген материалдарының негізінде төмендегі критерийлер бойынша конкурс жеңімпаздарын белгілейді:
Үздік қоғамдық жоба;

Тақырыптың өзщектілігі;

Тақырыпты ашу сапасы;

Авторлық шеберлік;

3. Конкурстық комиссия қатысушы-өтінім берушіденконкурстық материалға қатысты қосымша ақпарат сұрауға құқылы,

Конкурстық комиссия ағымдағы жылдың желтоқсан айында республикалық конкурстың қорытындысын шығарудың салтанатты рәсімінде бастама авторларын марапаттау үшін ең үздік қоғамдық жобаларды іріктейді.


Конкурс қатысушыларды марапаттау:
1. Бағалау қорытындысы бойынша ең жоғары балл алған өтінім жеңімпаз болып табылады. Балл саны бірдей болған екі немесе одан да көп қатысушылардың конкурстық жұмыстарын конкурстық комиссия қосымша талқылайды, сосын жеңімпазды белгілейді.

2. Жеңімпаздардың бас жүлдесі Ноутбук және заманауи гаджеттер болып табылады.

3. Конкурс қатысушыларын марапаттау үшін, ұйымдастырушылар мен серіктестер атынан қосымша номинациялар белгілену мүмкін.

4. Конкурстың қорытындысы ағымдағы жылдың желтоқсанында шығарылады.

5. Марапаттау рәсімінің өтетін күні мен орны ағымдағы жылдың 30 қарашасында «100 үздік идея» сайтында көрсетіледі.

6. Конкурс нәтижесі БАҚ –да жарияланады, сондай-ақ «100 үздік идея» сайтында және Ұйымдастырушылардың/БАҚ-тың әлеуметтік желілерінде жарияланады.


Байланыс ақпараты:

Конкурстың интернеттегі арнайы сайты: Конкурс шарттары, оның қатысушылары туралы, сондай-ақ конкурстық материалдарды жинақтауды, Конкурсты жариялауды және нәтижелерін айтуды жүзеге асыру туралы арнайы ақпарат орналастырылатын «100 үздік идея».



«Ел-шежіре» ҚҚ Президенті Д.Әшімхан
Каталог: downloads -> materials2
downloads -> Хайдаров есқайрат ерболатұлы XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты АҚпараттық хат павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
downloads -> Хабарландыру
downloads -> Ақпараттық хат құрметті әріптестер!
downloads -> akp_den_kz.doc [VІІ қысқы Азия ойындары]
materials2 -> Төреқұлов оқуларының Үшінші халықаралық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр
materials2 -> Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференция жұмысының негізгі бағыттары
materials2 -> Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Құрметті әріптестер!


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет