Өтініш Мен, зейнеткер, еңбек ардагерімін, тыл ардагерімін, жасым 91де. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының



жүктеу 17.83 Kb.
Дата09.05.2019
өлшемі17.83 Kb.


«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Қуаныш Ердаулетұлы Бишимов Мырзаға Ақтөбе қаласы, Бөкенбай Батыр көшесі, 32үй, 1корпус, 1пәтер тұрғыны, тыл ардагері, еңбек ардагері, Бухаева Жалғас Аймаққызынан тел: 77-57-20, 8-701-195-38-34

Өтініш

Мен, зейнеткер, еңбек ардагерімін, тыл ардагерімін, жасым 91де. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еліміздегі кез-келген ардагерге қамқорлық жасауды одан әрі жалғастырумен келе жатқанын, әсіресе Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен бірге тыл еңбеккеріне кез-келген көмекті көрсетіп жататынын көгілдір экраннан көріп отырамын . «Атамекен» ҚР ҰКП 2015 жылы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «Ерлікке тағзым!» әлеуметтік жобасы аясында ардагерлерге қамқорлық жасап менің пәтерімнің сыртқы есігіне жаңа темір есік салдыртып берген болатын. Үйім жылы. Алғысым шексіз. Алда келе жатқан қарттар күні қарсаңында бір көмек көрсетесіздер деп өтініш жаздыртып отырмын. Тұратын пәтеріміз бір бөлмелі, ас бөлмесінде тұскағазы ажырап түсіп тұр,20кв, соны ауыстыруға, жаңа тұскағаз жапсыртып беруге көмектессеңіздер. Қолымда қызым бар, мұғалім, тұрмыс құрмаған. Үйімзді несиеге алған болатын соған байланысты жөндеу жұмыстарына мүмкіндігі болмай жүр. Өз Әкем Сисенбин Аймақ соғыста жоғалған, оралмағандар тізімінде. Балаларымның әкесі де Ұлы Отан Соғысында теміржолшы болған ардагер азамат еді, соғыстан аман оралдым деп мемлекеттен көмек сұрамай үй болып, ұрпақ тәрбиелеп, еліне адал еңбек етіп дүниеден өтті. Мерейлі отбасындай жақсы өмір сүрдік. Азаматым дүниеден өткен соң тағдырдың тауқыметімен ауыр күндерді өткіздім. Үш ұл тәрбиелеп өсірген едік. Кенеттен (суға кетіп) 32 жастағы кіші балам, кейін екі үлкен ұлым да жүрек талмасынан қайтыс болды. Балаларым тірі тұрса мұндай өтініш жазбас па едім. Пәтеріме көп жөндеудің қажеті жоқ, жоғарыда жазылған өтінішімнің орындалуына мүмкіндік жасасаңыз деймін.



Бухаева Жалғас Аймаққызы. Ақтөбе қаласы, Бөкенбай Батыр көшесі, 32үй, 1корпус, 1пәтер. 21.09.2018.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет