Өтіріктің таралуына және адамдардың Өтірікті қабылдауына әкеп соғатын кейбір себептерді түсіндіру



жүктеу 75.47 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі75.47 Kb.

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
ӨТІРІКТІҢ ТАРАЛУЫНА ЖӘНЕ АДАМДАРДЫҢ ӨТІРІКТІ ҚАБЫЛДАУЫНА ӘКЕП СОҒАТЫН КЕЙБІР СЕБЕПТЕРДІ ТҮСІНДІРУ

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَقَالَ الَّذِينَ لاَ يَعْلَمُونَ لَوْلاَ يُكَلِّمُنَا اللَّهُ أَوْ تَأْتِيَنَا آيَةٌ كَذَلِكَ قَالَ الَّذِينَ مِن قَبْلِهِم مِّثْلَ قَوْلِهِمْ تَشَابَهَتْ قُلُوبُهُمْ قَدْ بَيَّنَّا الآيَاتِ لِقَوْمٍ يُوقِنُونَ ﴾

Білімсіздер: «Не үшін Аллаһ бізбен сөйлеспейді? Не үшін аят-белгілер бізге келмейді?», - дейді. Бұлардан бұрынғылар тура осындай сөздерді айтқан болатын. Олардың жүректері ұқсас. Расында, нақ иланатын елге Біз аяттарды ашық баян етіп қойғанбыз!” («әл-Бақара» сүресі, 118-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):

﴿ أَتَوَاصَوْا بِهِ بَلْ هُمْ قَوْمٌ طَاغُونَ ﴾

«Олар бұл жөнінде өзара келіскен бе? Жоқ, олар шектен шыққан қауым» («әз-Зәрийят» сүресі, 53-аят).

Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) өтіріктің таралуының себептері туралы былай деген: «Бірінші себеп: өтірікті ойдан тоқитын адам оны әдемі сөздер арқылы ұсынады, оны көркем етіп сәндейді, шешендік пен көркем сөздерге орап-бүркейді. Ақыл-есі әлсіз болғандар осы өтірікті қабылдауға ұмтылады әрі оны өте әдемі етіп көреді. Олар осы сенімдерді өте тез қабылдап алады да, соларға еліктей бастайды. Әрі бұл әлдебір адамға сапасыз тауар ұсынғанда, ал адам осы тауардың шынайы болмысы туралы білмей алданытын жағдай сияқты. Бұл әдіске өтірік таратуды қалайтындардың барлығы жүгінеді. Әрі ешкім өтірікті сәндемей және оны надандарға ақиқат деп көрсетпей тарата алмайды. Аллаһ Тағала былай деді: «Осылайша, Біз әр пайғамбарға адамдардың және жынның шайтандарынан дұшпандарды белгіледік. Олар бір-біріне әдемі алданыш сөздерін сыбырлайды. Егер Раббың қаласа, олар мұны істемес еді. Оларды өздерінің ойдан шығарған нәрселерімен бірге қойып қой» («әл-Әнғам» сүресі, 112-аят). Аллаһ Тағала өтірік таратушылардың өз сөздерін сәндейтіндерін, ал ақылы әлсіз надандар (оларға) алданатынын атап айтты. Бұл надандар осы өтірікті тыңдай бастайды да, оған иланады және разы болады. Өйткені бұл өтірік тыңдарман оған алданатындай әдемі етіп бүркелген. Осы аят туралы ой тоқтатшы, өйткені ол өзіне ұлы мағынаны қамтыған! Онда өтіріктің нағыз негізі түсіндірілген. Аят қауіптенуге тиіс нәрсеге назар бұрады. Әрі егер сен өтіріктің жолын қуушылардың сөздеріне қарасаң, онда олардың түсінігі жоқ адамдардың арасында (ал адамдардың көбі дәл осындай) жылдам тарайтынын көресің. Әрі жағдай бұзақы-пасықтар бұзықтықтың ең үлкен түрлерін тыңдарман тіпті оларға жиіркеніш сезінбейтіндей әрі кейін соларға иілетіндей атаулармен атауына дейін жетті.



Екінші себеп: өтірікті таратушы адам адамдардың жүректерін ақиқаттан кері бұрып, оны келемеждеп-кемсітіп көрсете бастайды. Ол ақиқат үшін адамдарды одан барынша алыстата алатын ең жексұрын атауларды таңдап алады. Барлық бидғатшылар мен адасушылар дәл осылай істейді. Басым жағдайда олар осындай жолмен адамдарды ақиқаттан бет бұрғызады және өтірікке шықарады. Сондықтан да олар әһлю-с-Суннаға хашәуилер, насыбилер, мужәсима, мушәбиха деген сияқты басқа да аттарды тағып қойды.

Үшінші себеп: Бидғатшы өзінің өтірігін надандардың жүрегіне тәтті ету үшін, өз түсінігі мен бидғатын міндетті түрде ұлы адамдардың біріне теліп (жапсырып) қояды. Адамдар сондай – олар ұлы адамдардың сөздерін ұлықтайды, оларды шын көңілмен қабылдайды әрі оларға иланады. Айтушының дәрежесі олардың жүрегінде қаншалықты жоғары болса, олар оның сөздерін де соншалықты құптап қабылдайды. Олар осы адамның сөздерін Аллаһ пен Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерінен де жоғары қоюға дейін жетіп жатады. Олар: «Бұл адамдар Аллаһ пен Оның Елшісі туралы (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізден көбірек біледі», - дейді.

Егер сен осы себеп туралы ойланатын болсаң, онда ол адамзат жанының (нәпсілердің) басым бөлігін жеңетінін көресің. Адамдар Аллаһтан келген дәлелдері болмастан, дәйектерге ие болмай, осы сөздерді айтқан біреу туралы өзінің жақсы пікіріне ғана сүйенеді. Олар мұны елшілердің дініне өз ата-бабаларының дінін қарсы қойғандардан мирас етіп алған. Ол адамдар өздерінің ата-бабалары туралы жақсы ойда болатын, оларды ұлықтайтын, сондықтан да солардың сөздерін елшілер алып келген (ақиқаттан) жоғары қойды. Олардың жүректерінде ата-бабаларының орны жоғары болғаны соншалықты – олар соларға қарсы шыға алмайтын, әрі ата-бабаларын кәпір және адасқан деп айта алмайтын. Әрбір соқыр ілесушінің өзі ұлықтайтын кісісіне қатысты жағдайы осындай, әрі Қиямет Күніне дейін осылай болмақ.

Төртінші себеп: қандай да бір салада, қандай да бір жеке бір ғылымда көрнекті болған бір кісі жалған түсінікті қабылдап алуы мүмкін. Адамдар арасында сөздері мен мәртебесі кең танылған, белгілі бір салада көрнекті болған бұл адам әлдебір бидғатты қабылдап алады. Кейін надандар осыны есітіп және ол туралы жақсы ойлап, егер ол осы бидғатты қабылдап, оны өзінің мәзһабы етіп алған болса, онда олар өздерін де осылай істеуге тиіс деп есептейді. Олар өздері үшін ол құп көрген нәрсені құп көреді. Олар: «Егер ол өзінің талантының арқасында өз саласында сондай үлкен жетістіктерге қол жеткізген болса, онда бұл талант оған дұрыс сенімдерді таңдауға да септігін тигізеді», - деп жатады.

Бұл көптеген қауымдардың опат болуына себеп болған қасірет, әрі олардың саны қанша болғанын бір Аллаһ қана біледі. Мысалы, надан адамдар математика мен медицинада жетістікке қол жеткізген, өз ақылын пайдаланып осы ғылымдарда ерекше биіктерге көтерілген пәлсапашыларды көріп жатады. Бұл надандар олар туралы: «Егер олар осы ғылымдарда осындай биіктіктерге жеткен болса, онда діни білімдерде де тура осылай болмақ. Олардың діндегі мәртебесі де математикадағы және медицинадағы мәртебесіндей жоғары», - дейді.

Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ! Бұл қасірет қаншама қауымдарды опат етті! Ол қаншама елдерді қиратты! Қаншама игіліктерден жұрдай етті! Қаншама қайғы-қасіреттер әкелді! Қаншама адамдарды елшілерді өтірікшілер деп айтуға мәжбүрледі! Бірақ бұл адасқандар Аллаһ Тағала дінде мүлде надан болған адамға басқа бір таң қаларлық ғылымдарда түсінік беруі мүмкін екенін білмейді. Сондықтан тіпті Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі де: «Сендер өздеріңнің дүниелік істерің туралы менен жақсырақ білесіңдер», - деген екен (Муслим, 2363). Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шындықты айтты! Расында, математика, геометрия, музыка ғылымдары, жағрафия, суды өлшеу ғылымы, құбырлар жүргізу туралы ғылым, құрылыс, егіншілік, дәрігерлік, поэзия – осы ғылымдарды білетін адам бұл нәрселерде өте шебер болуы мүмкін. Бірақ Аллаһ, Оның періштелері, Оның Кітаптары, Оның пайғамбарлары, Қиямет Күні және осының барлығының егжей-тегжейліктері туралы білімге қатысты айтар болсақ, онда ол елшілерде! Аллаһ Тағала былай деді: «Бұл Аллаһтың уәдесі. Аллаһ уәдесінен айнымайды. Бірақ адамдардың көбі мұны білмейді. Олар дүние тіршілігі туралы тек айқын нәрсені ғана біледі әрі Ақыреттен қаперсіз» («әр-Рум» сүресі, 6-7 аяттар).

Кейібір мұсылмандардың алғашқы ұрпақтары былай дейтін: «Дүниелік ғылымдарды жетік үйренгені соншалық – дирхамды тырнағымен үйкеп, оның салмағын бірден айта алатын, бірақ өз діні туралы еш нәрсе айта алмайтын адамдар бар!» Аллаһ Тағала бұл адамдардың білімі туралы былай деді: «Өйткені оларға елшілері айқын аят-мұғжизалармен келгенде, олар өздеріндегі білімге мардымсынды да, келемеждеген нәрселері бастарына жетті» («әл-Ғафир» сүресі, 83-аят). Аллаһ Тағала пенделерін ақылдары жететін нәрселері бойынша бір-бірінен ерекшеленетіндей етті. Ақыл адамға ол өзін соған бағыштаған белгілі бір салада пайда беруі мүмкін, бірақ ол айналысатын нәрседен едәуір жеңілірек болған басқа салаларда пайда бермеуі де мүмкін. Адамға өз-өзін соған бағыштаған салада басқа салада берілмеген сондай бір ынта мен талант берілуі мүмкін. Біз адамның бір ғылымның қыр-сырына дейін білетінін, бірақ басқа ғылымдағы қарапайым нәрселерді білмейтінін жиі көріп жатамыз. Ендеше, ақылмен жетуге болмайтын пайғамбарлардың білімі туралы не айтуға болмақ? Бұл білімді өз бетімен (дербес түрде) игеру мүмкін емес, десе де ақыл бұл білімді (игеру) мүмкін емес деп санамайды. Керісінше, адам осы білімді алған кезде, ақыл оның ақиқат екендігімен келіседі, әрі оны қабылдауға ұмтылады. Адамдар игере алатын білім мен олар игере алмайтын білімнің арақатынасы сәбидің білімі мен ересек адамдардың білімінің арақатынасы сияқты.

Бесінші себеп: өтірікті таратушылар адамдардың көңілін сирек кездесетін күрделі мәселелермен аулайды, ал ақылдың (болмысы) сондай – ол әдеттегіден тыс ерекше бір нәрсені түсінген кезде, содан ләззат алады. Мұндай ақыл тіпті кездестіруді армандамаған жабайы аңды атып алған аңшы сияқты. (Адам) жанының (нәпсісінің) кейіпі, міне, осындай! Олар ерекше мәселелерді қызық көріп, соларға елігеді, ал содан соң соларға қарай илана түседі. Егер белгілі бір білім көп болса әрі оған әрбір кісі (бай да, кедей де) қол жеткізе алса, онда жанның (нәпсінің) оған деген (құштарлығы) суиды, тіпті ол білім ол үшін пайдалы әрі жақсырақ болса да. Алайда мұндай білім көп, әрі оларға ие болғандардың саны да көп, ал жан (нәпсі) сол арқылы өзгелерден ерекшелене алатын бір нәрсені қалайды. Кейін осы ерсі теориялар мен ғылымдарға адамдардың құлақтарына өтірік таратушылар тастайтын әртүрлі күрделі атаулар қосылады. Адамдардың жандары (нәпсілері) осы ерсі ғылымдарды оқып үйренуге ұмтылады да, олардың мән-мағыналарын ұғынуға талпыныс жасайды. Әрі осы ғылымдар Аллаһ пен Оның Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келген нәрсеге деген иман туралы білімге ие болмаған біреудің жүрегіне кездессе, олар оны билеп алады. Әрі бұл туралы: «Аллаһпен ант етемін, егер әуестік соған ғашық болған адамға сіңіп үлгерген болса, онда адамдардың оған көмектесуі өте қиын болады», - деп айтылғандай, мұндай жүректі құтқару діни дәрігерлерге өте қиынға соғады. Осындай ерсі нәрселерге деген құштарлықтың себебінен адамдар соларды талқылай бастайды, таң қаларлық жаратылыстарды, жұмбақтарды, бас қатырғыштарды талқылай бастайды, тіпті қарапайым нәрселер олар үшін бұдан пайдалырақ болса да.

Алтыншы себеп: өтіріктің жақтаушылары өз өтіріктерін ұсынудан бұрын міндетті түрде осы өтіріктің алғышарттарын тарату арқылы өздеріне қажетті негіз әзірлейді. Бұл адамның алдымен жерге қазықтар қағып шығып, содан соң ғана шатыр тігетіні сияқты.

Олар Құран мен Сүннетті олардың айқын (анық) мағынасына сәйкес түсінетін адамдарды сөгеді, олардың намысын қорлайды, надан деп атайды т.с.с.

Олар: «Құран мен Сүннеттің дәлелдері білім мен мығым сенім бермейді, әрі білім мен мығым сенімге тек ақылдың дәлелдері мен логика ережелері арқылы ғана қол жеткізіледі», - деп айтады.

Олар: «Егер ақыл шариғи мәтіндерге қайшы келсе, онда ақылға басымдық беріледі», - дейді.

Бұл олардың өтірікті тарату үшін негіз ретінде салатын бастапқы принциптері” (Қз.: «әс-Сауа‘иқ әл-Мурсалә», 2/451 және әрі қарай).
Алынған дереккөз: АбдуЛлаһ ибн Салих әл-‘Убайләннің «Мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының тәрбие мен түзету мәселесіндегі мәнһажының айқын түсіндірмесі» кітабы (шейх Салих ибн Фаузан ибн ’АбдиЛләһ әл-Фаузанның ескертпелерімен), 25-ереже.

Араб тілінен орыс тіліне аударған: Арсен Абу Яхъя.

Қазақ тіліне орыс тілінен аударған: «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы.
Каталог: KITAPTAR MEN MAKALALAR -> manhagh -> 28%20-%20manhagh erejeleri
28%20-%20manhagh erejeleri -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлердің барлығы бір деңгейде емес деп есептейді, әрі кәпірлердің барлығына бірдей қатынас жасалады деп есептемейді»
28%20-%20manhagh erejeleri -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а мәңгілік өмірге деген толыққанды ұмтылыс дүниелік нәрселерге қатысты ұстамды болғанда ғана мүмкін болатынына сенеді»
28%20-%20manhagh erejeleri -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а құлшылық-ғибадатта және жәрдем сұрауда өзіңді тек Аллаһқа байланыстыруға, әрі барлық істерде, соның ішінде өмірде кездесетін қиындықтар мен проблемаларда
28%20-%20manhagh erejeleri -> Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!
28%20-%20manhagh erejeleri -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а діндарлықты түсіну мәселесіндегі қателік үш түрлі болады деп санайды»
28%20-%20manhagh erejeleri -> «Бидғатты жақтаушылардың (әһлю-л-бид’а) мұсылмандарға тигізетін зияны кәпірлердің зиянынан да көп болуы мүмкін»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет