Өткен сабақты қайталау мақсатында тапсырмаларды орындау



жүктеу 69.18 Kb.
Дата26.11.2018
өлшемі69.18 Kb.
түріСабақ










Өткен сабақты қайталау мақсатында тапсырмаларды орындау.

Барлық оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін талдау жасаймыз. Әр оқушы өз жұмысын тексеріп, «Басбармақ» әдісімен өзін бағалайды.


Топтастыру. Балаларға құстардың аты жазылған парақшаларды таратып беріп, бұл құс қай топқа жататынын анықтатып сол бойынша топталуларын сұраймын.

І топ. Жыл құстары

ІІ топ. Отырықшы құстар

ІІІ топ. Үй құстары

ІV топ. Ұшпайтын құстар










1. Сызба арқылы құстар туралы түсіндіріп өту.


- Балалар тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Құстар
- Құстардың жойылып бара жатқан түрін қызыл кітапқа енгізеді және оларды арнайы қорықтарға қорғауға алып, санын молайтады. 1922 ж. Құстарды қорғаудың Халықаралық кеңесі құрылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” құстардың 209 түрі мен 83 түр тармағы, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 56 түрі енгізілген. олар: Қарақұс, қоңыр кептер, қызылжемсаулы қарашақаз, құртамыш шалшықшы, кіші аққу, кезқұйрықты субүркіт, көкқұс, лашын, сары құтан, сақалтай, сүйір тұмсықты шалшықшы сұңқылдақ аққу т. б.

Осы құстарға қарай отырып ата - бабаларымыз ауа - райын болжаған.


- көңілдене сайраса - келер күн ашық; - үндері тынса, күн күркірейді;
- жыл құстары топтанып қайтса — келер қыс қатты;
- жыл құстары топ - тобымен бір мезгілде оралса, көктем тез кіреді;
- жер бауырлап ұшса, ауа райы бұзылады;
- күзде ұясын күн түсетін жаққа салса - қыс суық, көлеңке бетке салса, жылы болмақ;
- қыста үй төңіректей жиналып қиқуласа, қарды қазса, күн суытады.
- Қарылғаш бірде төмендеп, бірде биіктеп ұшса, дауыл соғады;
- Қарылғаш биіктей ұшса, ауа райы жақсарады, төмен қалықтаса, бұзылмақ. Т. б


Суретпен жұмыс. Сурет арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру
Құстар шайнай алмайды. Себебі олардың тістері жоқ. Сондай - ақ бұлардың тұмсықтары да бұл үшін бейімделмеген. Тамақтары қорытылу үшін олар майда тастарды және ірі қиыршықтарды жұтады. Тастар ірі азықтарды майдалап, тістің рөлін атқарады.

Тоқылдақ — тұмсығы қашау сияқты, ағашқа өрмелегіш құстар. Тоқылдақтар ағаш бойымен өрмелеп қозғалғанда, қатты құйрық қанаттары денесіне тіреу болады. Қашау сияқты тұмсығының жәрдемімен олар ағаштардың қабықтарын сындырып, оның, арасындағы насекомдармен және олардың личинкаларымен қоректенеді. Олардың тілі ұзын да, ұшында түктері болады. Тоқылдақтар насекомдардан басқа қарағайдың тұқымдарымен де қоректенеді. Қоректерін іздеу кезінде жасаған қуыстарға ұяларын салады. Ұясында 3 — 5 жұмыртқа болады. Орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды насекомдарды қырады. Тоқылдақтар әсіресе жаз айларында пайдалы, өйткені, олар бұл кезде насекомдармен қоректенеді. Қыста тоқылдақтар көпшілігінде қылқанды ағаштардың дәндерімен қоректенеді. Сондықтан да халық “тоқылдақ — орман емшісі” деп атайды.

Бірқазан - олар Каспий және Арал теңіздерін, Балқаш, Сасықкөл көлдерінің алабын мекендейді. Дене тұрқы 1, 8 м - дей, салмағы 13 килограммға дейін жетеді. Тұмсығы өте ұзын, төменгі жақ сүйегінің астында созылмалы тері қапшығы болады.. Бірқазан – топтанып жүретін құстар. Олар қоректерін (балықтарды) көбіне су құзғындарымен бірлесіп аулайды. Суда жақсы жүзгенмен, сүңги алмайды, жемін суға басы мен мойнын батырып жіберіп ұстайды. Бірқазан – жыл құстары, наурыз айында ұшып келіп, өніп - өсіп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді.

Сары ала қаз – Қазақстанның барлық жерінде кездеседі және ұялайды. Таулы су қоймаларын мекендейді. Өсімдік (дән дақылдармен, тары, бидаймен) жануар (шаян, бунақденелермен) қоректенеді.

Сыбырлақ аққу – Солтүстік Каспийде, Түркістан мен Шымкенттің оңтүстігінде қыстайды. Негізінен су астындағы өсімдіктердің бөлігімен, ұсақ-түйек жануар тектес азықтармен де қоректене алады.
Жалпақ тұмсықты үйрек – Сулы - батпақ алқаптардың бәрінде ұялайды. Жануар тектес азықтармен (шаян, қоңыз, өрмекші, шабақ, биттермен) қоректенеді.

Бүркіт - қомақты биік тұмсығы және ұзын жалпақ қанаты бар ірі жыртқыш құс. Негізінен балықтармен және су құстарымен қоректенеді. Қоян, құмтышқан және ондатрларды аулайды.

Дала қыраны – Мықты тұмсығы және күшті аяғы бар, тілерсегі саусағына дейін барлық жағынан қауырсынданған, ірі және орташа құстар. Қуаң далалы, шөлді және шөлейтті жерлерде мекендейді. Негізінен кеміргіштермен қоректенеді. Басқа сүтқоректілерді, құстарды, бауырымен жорғалаушыларды аулайды. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген. Тудағы бейнесін байланыстыру ( Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Ұлан - байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР - ның еркiндiк сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан - дүниесiнiң кеңдiгiн паш етеді).

Ақ сұңқар - шіл, кептер, ұзақ, қарға, құрларды қоректенеді; қояндарға да шабуыл жасайды. Өте жақсы саятшы құс. Қазақстанның қызыл кітабына енгізген.


Мәтінмен жұмыс. Оқып мазмұнын түсіну. Оқушыларға оқыту. «Бейімділік» сөзіне түсінік беру.

Дескриптор:

  1. «Бейімділік» дегенді қалай түсінетініңді нақты мысалмен дәлелді етіп әңгімеле.

  2. Құстардың қоректенуіне өз тұмсықтары қандай қолайлы жағдай туғызатынына мысал келтіріп әңгімеле.

  3. Үй құстарын адамдар не үшін асырайды, әңгімелеп бер.

Бейімділік - Жануарларға тіршілігін сақтауға, жыртқыштан құтылуға, көмектесетін қасиет. Бейімділік жануарлардың сыртқы түрінде, түсінде, жекеленген мүшелеріндегі құрылысында көрінеді. Табиғат жағдайы жер бетінің барлығында бірдей емес. Сондықтан жануарлар тіршілігіне бейімділік қажет.

«2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы өзара топты бағалау.
Сергіту сәті. Мен торғаймын, торғаймын,

Суықтан да тоңбаймын.

Құрт-құмырсқа, шіркейден

Бау-бақшаны қорғаймын.



Дәптермен жұмыс.


«2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы жекелеген оқушыларды бағалап, кері байланыс жасаймын.
Ой-қиял. Құсты оның мекендейтін ортасында және өзіне тән ерекше тұмсығымен салу үшін 5-7 минут уақыт беремін. Суреттердің тұсаукесерін өткіземіз.

Сызба

Жабайы және үй құстарының суреті

АКТ
Слайд

Оқулық

Дәптер


Постер




Аяқталуы

Топтық жұмыс «Фишбоун» әдісі бойынша құстардың азаюына не себеп болады және оны қалай шешетіндерін балық қаңқасына жазып қорытынды жасайды.

Дескриптор:



  1. Құстар неліктен азаяды?

  2. Құстарды қорғау үшін не істеу керек?

«Шапалақ» әдісімен өзара топтарды бағалау.
Үйге тапсырма. Құстарды бақылау, қамқор болу. Оларға арнап ұя, жемсауыт жасау.

Балық қаңқасы






Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКT-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс


  • Дер кезінде кері байланыс жасау.

  • Қабілетіне қарай шығармашылық тапсырма беру.

  • «Бас бармақ», «2 жұлдыз, 1 тілек», «Шапалақ», «Басбармақ» әдістері

  • Жаратылыстану, әдебиеттік оқу

  • Бейнелеу өнері, еңбекке баулу

  • АКТ слайд

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағамдау
Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:
2:

Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңызды жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет