Өткізілетін орны: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, Өткізу уақыты



жүктеу 71.58 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі71.58 Kb.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
«ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ – 17: ІРГЕЛІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ЖЕТІСТІКТЕР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
Елі: Қазақстан Республикасы

Өткізілетін орны: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5.

Өткізу уақыты: 11-12 сәуір 2019 ж.

Пленарлық мәжілістің өткізілетін орны және уақыты: бас ғимарат, акт залы, сағ.10.30.

Ұйымдастырушы: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Конференция өткізудің мақсаты: Қазақстан Республикасы мемлекетінің және қоғамның алдына қойған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Президенттің жолдауындағы міндеттер бойынша пікірталасқа барлық санаттағы зерттеуші - ғалымдардың қатысуына мүмкіндік беретін ақпараттық ғылыми алаң құру.



Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:


1.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның егемендігін нығайтудағы ролі және әлемдік қауымдастықтағы беделі;

2.

Тарих және қазіргі заман: өткенді сақтау, болашақты қалыптастыру;



Қазіргі тіл білімі және әдебиеттанудың мәселелері: үштілділік пен латын әліпбиіне көшу жалпыұлттық бірлік;

4.

Білім беру және мәдениет аясында инновациялық қызметке болашақ педагогтарды кәсіби тұрғыдан даярлау;

5.

Экономиканы цифрландыру - Қазақстанның әлеуметтік - экономикасын дамытудың - факторы ретінде;

6.

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы мемлекет пен құқықтың және азаматтық қоғамның мәселелері мен даму перспективалары;

7.

«Ақылды технологиялар» – Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі;

8.

Химиялық технологияларды дамытудың заманауи бағыттары, металлургия, нанотехнология және силикат материалдары;

9.

Тоқыма өнеркәсібін дамытудың келешегі;

10.

Тамақ инженериясы және биотехнология;

11.

Құрылысқа және машинажасауға заманауи технологияларды енгізу;

12.

Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;

13.

Жаңартылған энергетика, ресурстар және энергияны сақтаушы технологиялар;

14.

Физика-математикалық ғылымдар саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулер, өндірісті автоматтандыру мен IТ-технологиялар;

15.

Бәсекеге қабілетті тұлғаны психологиялық тұрғыдан тәрбиелеу мен дамытудағы спорттық сауықтыру аспектілері.

Конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар Қазақстан Республикасы және шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындары мен ғылыми- зерттеу институттарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғалымдар конференция жұмысына қатысуға шақырылады.


Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі (2 данадан) және электрондық нұсқасы, ұйымдастыру жарнасы (3500 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен Auezov-17@mail.ru немесе төмендегі мекен-жайда 2019 жылдың 20 наурызына дейін қабылданады: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, №16 ғимарат, 1 қабат, 109 каб. Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы: PhD докторы Назарбек Ұлжалғас Бақытқызы – М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылыми-зерттеу басқармасының директоры.


Баяндаманы дайындауға қойылатын талаптар:

Баяндама мәтіні (суреттер мен сызбаларды қоса А4 форматында 6 беттен аспайтын) Microsoft Word редакторының мәтінінде терілуі қажет. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамалар үшін Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 11, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы – 2,5 мм, қалған жақтары – 20 мм, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см) қолданылады. Мақала төмендегідей тәртіппен орналасады: бірінші жолда мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде ӘОЖ (Әмбебап ондық жіктеу) көрсетіледі, бір жол төмен – бас әріптермен мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде автордың аты-жөні және тегі, бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде мекеме, қала, ел атауы және электрондық адрес (e.mail) беріледі. Келесі жолда курсивпен – орыс тіліндегі баяндамалар үшін түйін және аbstract, қазақ тіліндегі баяндамалар үшін резюме және аbstract, ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін аbstract 150 ден 250 сөзге дейін жазылады. Бір жол төмен мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде кілттік сөздер жазылады, ол 7 сөзден кем болмауы тиіс. Баяндаманың негізгі мәтіні келесі жолда, мақаланың жазылған тілінде басылады. Әдебиеттер_тізімі'>Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін екі нұсқада көрсетіледі, біріншісі түп нұсқада, екіншісі Reference роман алфавитінде (латыншада) SCOPUS, РИНЦ мәліметтер базасында көрсетілетін бұл сілтемелер журналдармен мақала авторларын дәйектеме (цитирование) оқу барысында ескерілетіндей болу керек.

Баяндама мәтіні түзетілмейді, түпнұсқа болып саналады. Конференция еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін материалдар жарияланбайды, қаралмайды және қайтарылмайды.

Конференция еңбектерініндегі іріктелініп алынған мақалалар Conference Proceedings SCOPUS және РИНЦ мәліметтер базасына енгізілуі жоспарлануда.


Қонақ үйді брондау 2019 жылдың 25 наурызына дейін
Құрметті әріптестер! Сіздерден жоғарыда көрсетілген талаптарға сай дұрыс терілген материалдарды жіберу сұралады.

Баяндаманы дайындау үлгісі:

ӘОЖ (10 пт.)

UDC (10 pt.)


МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ (11 пт.)
ROLE OF MUKHTAR AUEZOV IN THE DEVELOPMENT

OF KAZAKH LITERATURE (11 pt.)
Асқарова Г. (11 пт.)

Askarova G. (11 pt.)

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент, Қазақстан (10 пт.)

M.Auezov South Kazakhstan State University, Shymkent, Kazakhstan (10 pt.)

@e.mail
Резюме: (10 пт.) 150-250 сөз

Аbstract: (10 пт.) 150-250 words
Кілттік сөздер: 7 сөзден кем емес

Keywords: not less than 7 words
Баяндаманың негізгі мәтіні (11 пт.)

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Әдебиеттер (11 pt.)

References (11 pt.)


Өтініш үлгісі:

Өтініш

1

Баяндамашының тегі, аты-жөні (толығымен)




2

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы




3

Мекемесі, лауазымы




4

Мекен-жайы (индексі көрсетілуі міндетті)




5

Телефон, факс (халықаралық байланыс кодымен)




6

Баяндаманың тақырыбы




7

Секцияның атауы




8.

Керекті техникалық құралдар




9.

Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі

(иә, жоқ)







Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру алқасына хабарласуыңызды сұраймыз:

Телефон: +7 (7252) 21-06-48, 30-05-71 Факс: +7 (7252) 21-19-89 E-mail: Auezov-17@mail.ru

160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5.

Ұйымдастыру жарнасын материалдық жауапты Қынатова Әсия Әмзеқызына аудару қажет.

ЖСН:590217402425

Жеке куәлік № 035091873 ҚР ІІМ 01.08.2013 берілген.



«Казкоммерцбанк» Шымкент филиалы № 4003032776194757
Каталог: downloads -> fevral-2019
downloads -> Бақылау күндері: 3-28 қазан – жоо-ның үздік оқытушысы – 2016 байқауының факультетішілік кезеңін өткізу. 31 қазан
downloads -> Қазақстанның ежелгі тарихы
downloads -> Хайдаров есқайрат ерболатұлы XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты АҚпараттық хат павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
downloads -> Хабарландыру
downloads -> Ақпараттық хат құрметті әріптестер!
downloads -> akp_den_kz.doc [VІІ қысқы Азия ойындары]


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет