Өткізілетін сату туралы хабарлама «ktz express»



жүктеу 56.33 Kb.
Дата02.11.2017
өлшемі56.33 Kb.




Өткізілетін сату туралы хабарлама

«KTZ Express» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) 2017 жылғы 5 қыркүйек сағ 12:00 (Астана уақытымен) Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz. веб-порталында қара және түсті металл сынықтарымен қалдықтарын сату бойынша сауда-саттықтың өткізілетіні туралы хабарлайды.

Металл сынықтарын сату «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы Басқармасының шешіммен бектітілген (02.03.2017ж. № 02/7 хаттама) «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамында және еншілес мекемелерде металл сынықтарын сатудың Бірыңғай ережелеріне (бұдан әрі - Бірыңғай ереже) және «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар кеңесінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 шешімімен бекітілген Мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесіне (бұдан әр і- Реттеме) сәйкес жүргізіледі.



Электронды саудаға Қоғам иелігіндегі Металл сынықтары төменде көрсетілген мөлшермен және шарттармен ұсынылады



Металл сынықтары маркалары

Металл сынықтарының тұрған орны

Металл сынықтарының салмағы, тн

Металл сынықтарының бастапқы бағасы, тенге

Кепілдік жарна, тенге

Шарттар

1

5А, 12А маркалы металл сынықтары, п/б доңғалақ жұптарын ось - диск металл сынықтары, құрыш болат, п/б доңғалақ жұптарын металл сынықтары

Ақмола облысы Астана бекеті

950,471

35 818 521

5 372 778

  • 100% алдын ала төлеу Металл сынықтарын сату туралы шарт жасалынған күннен бастап 10 (он) банктік күн ішінде (төленген кепілдік жарнаны қоса есептегенде) ;

  • тиеу, өлшеу, реттеу, бөлшектеу, радиациялық бақылау қорытындысымен бірге;

  • Металл сынықтарын сату туралы шарт жасалынған күннен бастап 30 (отыз) календарлық күн ішінде металл сынықтарын олардың нақты тұрған орнынан шығару




2

5А маркалы металл сынықтары, п/б доңғалақ жұптарын ось - диск металл сынықтары, құрыш болат, 16А маркалы металл сынықтары, п/б доңғалақ жұптарын металл сынықтары

Ақмола облысы Курорт-Боровое бекеті

656,347

25 310 276

3 796 541

3

12А маркалы металл сынықтары, п/б доңғалақ жұптарын металл сынықтары

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс бекеті

45,089

1 704 148

255 622

4

шойын сынықтары, п/б доңғалақ жұптарын металл сынықтары

Шығыс-Қазақстан облысы:

Защита бекеті, Семей бекеті



3,665

125 801

18 870

5

12А маркалы металл сынықтары, п/б доңғалақ жұптарын металл сынықтары

Алматы облысы: Алматы 2 бекеті,Талдыкорган бекеті

3,542

101 598

15 240

6

12А маркалы металл сынықтары, шойын сынықтары, құрыш болат, 16А маркалы металл сынықтары, мыс сынықтары, алюминий сынықтары

Кызылорда облысы, Торетам бекеті

1,755

197 024

29 554

7

12А маркалы

металл сынықтары, п/б доңғалақ жұптарын металл сынықтары



Атырау облысы, Атырау бекеті

1,190

41 954

6 293



Сауда-саттыққа қатысу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, металл сынықтарын жинау, сақтау, өңдеу, сату жумыстарын жүзеге асыратын жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға рұқсат етіледі.

Саудаға қатысушыларды тіркеу Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz. веб-порталында хабарлама шыққан күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттықтың басталуына 2 сағат қалғанда тоқтатылады.

Кепілдік жарна «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ есеп-шотына төленеді: БИН: 050540004455, БИК: KZKOKZKX, ИИК:KZ529261501102032004, АО «Казкоммерцбанк».

Төлемнің мақсаты: электрондық конкурсқа қатысу үшін жарна(кепілдік жарна мөлшеріне банктік қызмет төлемі кірмейді).

Банктік кепіл кепілдік жарна үшін қабылданбайды.



«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ есеп-шотына кепілдік жарнаның уақытылы түсу үшін кепілдік жарнаны өтінімдерді қабылдауға үш күннен кем емес уақытта төлеу ұсынылады.

Сауда-саттықтың нәтижесі бойынша хаттамаға қол қоймаған сауда-саттықтың жеңімпазына кекпілдік жарна қайтарылмайды.

Сауда-саттықтың нәтижесі бойынша хаттама электронды конкурстың нәтижесін белгілейтін, жеңімпаздың міндеттерін анықтайтын және сатушының металл сынықтарын сатып алу бағасы бойынша келісім жасайтын құжат болып табылады.

www.gosreestr.kz. веб-порталында сауда-саттықтың қорытындысы шығарылған күннен бастап 10 күн мерзімінде жеңімпазбен Металл сынықтарын сату туралы шарт жасалынады.

Электронды конкурстың өткізілу тәртібі, сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу туралы, Жеңімпазды анықтаулардың шарттары туралы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ www.gosreestr.kz сайтындағы Реттемеден және «KTZ Express» АҚ www.ktze.kz сайтындағы Бірыңғай ережеден көруге болады.



Металл сынықтарын сатудың үлгі шарттары «KTZ Express» АҚ www.ktze.kz сайтында жарияланған.

Сауда-саттықтың жүргізілуі туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан немесе келесіде көрсетілген телефондар арқылы алуға болады 8 (7172) 552981(«АЕО» АҚ) и 8 (7172) 600916 жылжымалы құрам және контейнер жөндеу бөлімі.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет