Өткізілу орны мен уақыты



жүктеу 22.81 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі22.81 Kb.
түріСеминар


Орталық Азияның Қазақстандағы Еуразиялық Қоры және Алматы Менеджмент университетінің ҮЕҰ Сараптама орталығы тренерлерінің ұйымдастыруымен «Үкіметтік емес ұйым жетекшілерінің кәсіби дағдыларын дамыту»

тақырыбына өтетін семинар-тренингтің

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
Өткізілу орны мен уақыты: Тараз қаласы, Қазақстан халқы Ассамблеясы «Достық» үйінің конференц залы (Көшек батыр көшесі №60), ағымдағы жылдың 18-20 мамыры аралығы сағат 10.00-18.00-де.

Ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Орталық Азияның Қазақстандағы Еуразиялық Қоры және Алматы Менеджмент университетінің ҮЕҰ Сараптама орталығы.

Мақсаты: Облыстағы үкіметтік емес жастар ұйымдарының кәсіби тұрғыда дамуын ынталандыру, әлеуметтік әріптестікті нығайту және азаматтық қоғамды дамыту, оларға бағыт бағдар беру, облыстағы жетекші ұйым басшылары арасында біліктіліктерін шыңдау, өзара тәжірибе алмасу алаңын құру.

Мазмұны: Оңтүстік аймақ бойынша облыстағы үкіметтік емес жастар ұйымдарының көшбасшыларымен «Үкіметтік емес ұйым жетекшілерінің кәсіби дағдыларын дамыту» тақырыбына үкіметтік емес ұйымдар саласындағы сарапшылар әлеуетін дамыту бастамасы аясында Орталық Азияның Қазақстандағы Еуразиялық Қоры және Алматы Менеджмент университетінің ҮЕҰ Сараптама орталығының тренерлері мониторинг және бағалау арасындағы айырмашылық туралы облыстағы үкіметтік емес жастар ұйымдарының көшбасшыларына дәріс оқып, мониторинг пен бағалаудың жаңа әдістерін түсіндіреді.

Сондай-ақ, мәліметтер бойынша қазіргі таңда Тараз облыс аумағында 75-ке жуық үкіметтік емес жастар ұйымдары тіркелген. Аталған үкіметтік емес ұйымдардың бүгінгі күні 35-ке жуығы белсенді жұмыс жүргізуде. Осының нәтижесінде жастардың жастар саясаты саласындағы іс-шараларға қатысуының сандық өсімі байқалады.Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде 2013 жылы 24 бағыт бойынша жұмыстар жүргізіліп, оған 39,0 млн.теңге қаржы жұмсалды. Аталған бағытта жастар арасындағы өзекті проблемалар барынша қамтылды.

Сонымен қатар, басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде 2014 жылы 38,0 млн.теңге қаржы қарастырылып, 25 бағытта әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылды. Ағымдағы жылы басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жастарға патриоттық тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, этносаралық қарым-қатынасты нығайту, «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысын үйлестіру, теріс діни ағымдарға жол бермеу, жастар қылмысының алдын алу, жастардың жұмыспен қамтылуы, еңбек жастарын қолдау сияқты және т.б. салаларды қамтыған 22 бағыт бойынша жұмыстарды жүргізуге жергілікті бюджеттен 36,6 млн.теңге қаржы қарастырылды.

Қатысушылар: облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының, облыстық «Жастар орталығының» қызметкерлері, үкіметтік емес жастар ұйымдарының көшбасшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

Туындаған сұрақтар бойынша: Айдана Қонарова, жоба ассистентінен, aidana@ef-ca.org электронды поштасы арқылы немесе: 8 (727) 250-18 10 (іш. 134) тел. арқылы, және Қуанышева Айнұрға, ҮЕҰ Сараптамалық Орталығының үйлестірушісі, a.kuanysheva@iab.kz электронды поштасы арқылы немесе: 8 777 064 91 54 тел. арқылы хабарласа аласыз. Және



? Ф.Абдралиев ( 8 (7262) 56-96-63 (Тараз қ.)

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет