ОңТҮстік қазақстан жағдайындағы кәдімгі сұр топырақтарының ТҰздану мәселелері



жүктеу 82.17 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі82.17 Kb.

ӘӨЖ 631. 4 584 5
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘДІМГІ СҰР ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ ТҰЗДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
М.А. Пирметова

Биол.ғыл.канд. Қ.Т. Абдраимова

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан

Берілген мақалада Түркістан ауданы, Нұртас ауылы және Жаңақорған аудан, Қарауылтөбе елді-мекеніне қарасты күріш алқабының сұр топырақтарында жүргізілген зерттеу жұмыстары мен нәтижелері көрсетілген.

Түйінді сөздер: мелиорация, тұзданған топырақ, қарашірік, ерігіш тұздар.
Топырақ - мемлекеттік байлықтардың бірі болып табылады. Өркениеттің дамуына тарихи зерттеулер нәтижесінде көрсетілгендей, кез келген мемлекеттің экономикалық дамуы және құлдырауы топырақ құнарлығының факторына тікелей байланысты. Қазіргі таңда топырақтың деградацияға ұшырауы қарқынды жүріп жатыр.

Өркениеттің үдемелі дамуына байланысты ауыл шаруашылығына қажетті көптеген жерлер басқа мақсаттарға пайдаланылып келеді. Ауылшаруашылық мақсатында ұзақ уақыт пайдаланылған жерлер дұрыс пайдаланбағандықтан, рекультивациялық және мелиорациялық іс-шаралар жүргізудің аздығынан деградацияға ұшырап, топырақ жамылғысы өзіне сай құнарлық қасиетінен айрылып отыр.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, дүниежүзінде суарылатын жерлер 246,4 млн.га аймақты қамтып, 48%-ы тұздану үдерісіне ұшыраған [1, 2]. Топырақтар тек тұзданып қана қоймай, , ауыр металдармен ластануда, су және жел эрозиясына, тағы да басқатопырақ құнарлығын бұзушы факторлардың әсеріне ұшырауда.

Туындап отырған мәселелердің шешімін табу жолдардың бірі, қазіргі заманның талаптарына сәйкес биологиялық факторларды кеңінен пайдалану. Экологиялық тепе-теңдікті сақтай отырып, егістік аймақтардағы топырақтардың құрылымын жақсарту жұмыстарының орны ерекше. Мұнда, бірінші кезекте биологиялық зат ретінде биомелиоранттарды пайдалануға болады (көң, сабан, сидераттар, мәдени дақылдар және т.б). Бұл мәселерді шешуде негізгі рөл фиторесурстар еншісінде. Био- және фитомелиоранттар топырақтың агрофизикалық қасиетін түп-тамырымен өзгерте алады. Ауылшаруашылықтың ландшафтты-адаптивті барлық элементтері (ауыстырып егу, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар және т.б) топырақтың биологиялық, агрофизикалық және агрохимиялық қасиетіне оң әсерін береді. Сондықтан, жергілікті құжаттар мен фиторесурстарды пайдалана отырып, биомелиорацияны кеңінен қолдану, ғылыми негізде өзекті және практика жүзінде үлкен мәнге ие [3].

Топырақтың тұздануы - топырақтағы ерігіш тұздардың жинақталу үдерісі [4]. Оңтүстік Қазақстан өңірі жағдайындағы Түркістан және Жанақорған аудандарында егіншілік мақсатында пайдаланылатын территориялар қайта тұздану үдерісіне ұшыраған. Бұл аймақтарда қолайсыз климат және жер асты суларының тұздылығының жоғары дәрежесіне байланысты топырақ жамығысы деградацияға тез ұшырайды.

Осы жағдайға байланысты, зерттеу нысандары ретінде Түркістан аудан Нұртас елді-мекені, Жаңақорған ауданы Қарауылтөбе елді-мекені территорияларынан алынған топырақ сынамалары зерттелді. Топырақтың тұздануын бағалау үшін ерігіш тұздардың аниондары (СО32- , HCO3-, Сl-, SО42- ) мен катиондары (Са2+, Мg2+, Nа+, К+) анықталды. Осыған сәйкес, зерттеулерде келесі әдістер пайдаланылды: топырақтың гигроскопиялық ылғалдылығын анықтау, су сығындысы арқылы құрғақ қалдықты анықтау, тұздану дәрежесін есептеу, трилонометриялық әдіс арқылы Са2+, Mg+ иондарын, аргентометриялық әдіс арқылы ионын, гравиметриялық әдіс арқылы , фотоколориметриялық әдіс арқылы , , , иондарын, титрлеу әдіс арқылы , , иондарын анықтау [5, 6].

Тұз иондары су сығындысының талдануы арқылы анықталды. Су сығындысына талдануының нәтижелеріне сәйкес таңдалынып алынған нысандарда ерігіш тұздардың айырмашылығы байқалды (кесте 1).
Кесте 1 - Су сығындысына жүргізілген лабораториялық зерттеу жұмыстарының нәтижесі


Тұз иондары, мг/дм3

Нұртас елді-мекені

Қарауылтөбе елді-мекені



244,71

75,3



0,629

2,602



0,18

0,248



169

30,93



6,081

0,34



-

-



305

305

Са2+

572,6

157

Mg+

-

16,18

Зерттеу жұмысының нәтижелері көрсеткендей, жинақталған ерігіш тұздардың көп мөлшері Нұртас елді-мекенінде анықталды. Егер топырақтағы ерігіш тұздардың жалпы мөлшері 0,25 %-дан кем болуы қажет. Ал зерттеуге алынған топырақтарда ерігіш тұздардың мөлшері, 0,25 %-дан артып отыр (Нұртас елді-мекені-1,9%, Қарауыл төбе елді-мекені-0,6%). (сурет 1).




Сурет 1 - Топырақ сынамаларының тұздану дәрежесі

Тұздылығы жоғары топырақтардың өнімділігі төмен болып келеді, ал оның кейбір түрлері егістік үшін мүлдем жарамсыз. Тұзды топырақтардың өнімділігі төмен болуының негізгі себептері: зарарлы тұздармен тұздануы (сульфаттар, хлоридтер) және физикалық қасиеттерінің бұзылуы. Шет елдік және отандық тәжірибелер көрсеткендей, тұздылыққа төзімді өсімдіктер көмегімен тұзданған топырақтарға биомелиорация жасау экономикалық және экологиялық тұрғыдан тиімді,сондай-ақ, оңай орындалатын мелиорацияның бір түрі болып табылады.

Тұзға төзімді ауылшаруашылық өсімдіктерді мелиорациялау негізінде пайдалану жер асты суларының деңгейін төмендетіп, топырақты органикалық заттармен қамтамасыз етіп, топырақтың биологиялық белсенділігін арттырады [7].

Біздің жағдайда зерттеуге алынған топырақтардың сілтілігі: Жаңақорған ауданы Қарауылтөбе күріш алқабы - 2 ммоль/дм3, Нұртас елді-мекені егістіктен шығып қалған топырағы - 1,4 ммоль/дм3 көрсетті. Ал қарашірік мөлшері: Жаңақорған ауданы Қарауылтөбе елді-мекеніндегі күріш алқабы -1,04%, Нұртас елді-мекені егістіктен шығып қалған топырағы - 0,4% құрады. Осы көрсеткіштерге орай биомелиорант ретінде, тұзданған сұр топырақтағы тұз иондарының әсерін анықтау мақсатында келесідей көп жылдық шөптесін өсімдіктері таңдалып алынды:



Кәдімгі жоңышқа (Medicago sativa) – малға азық ретінде көп пайдаланылатын бұршақ тұқымдас шөптесін өсімдік. Тамыр жүйесі: кіндік тамыр. Топырақ таңдамайтын, суыққа төзімді, топырақты жақсарту қасиетіне ие өсімдік.

Ақ беде  (Trifolium repens) – бұршақ тұқымдасы, беде туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Тамыр жүйесі: шашақ тамыр. Топырақ құнарлығын жақсарту қасиетіне ие малға сіңімді жем-шөп.

Дәрілік түйе жоңышқа (Melilótus offisinalis) – бұршақ тұқымдасына жататын екі жылдық шөптесін өсімдік. Тамыр жүйесі: кіндік тамыр. Түйе жоңышқалар жасыл тыңайтқыш болып табылады және малға азық ретінде беріледі [8].

Бұл шөптесін өсімдіктерді топыраққа отырғызудан бұрын өну энергиясы мен өнгіштігін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстар жүргізілді (кесте 2).


Кесте 2 - Таңдалынып алынған шөптесін өсімдіктердің тұқымдарының өну энергиясы мен өнгіштігі


Өсімдік атауы

Өнгіштігі, %

Өну энергиясы

Кәдімгі жоңышқа

95,5

4

Ақ беде  

94,85

4

Дәрілік түйе жоңышқа

96,1

3

Зерттеу негізінде алынған өсімдіктердің тұқымдары агротехникалық әдістерге сәйкес лабораториялық жағдайда және алқаптық негізде топырақтарға отырғызылды. Нұртас елді-мекені топырағының жоғары тұздылығын ескеріп, органикалық тыңайтқыш ретінде 1гектарға 3тонна көң қосылды. Түйе жоңышқа екі топырақта жақсы өсімталдық көрсетуде. Ал, кәдімгі жоңышқаның өсу динамикасы Жаңақорған сұр топырағында түйе жоңышқаға қарағанда жоғары көрсеткішке ие болды (сурет 2, 3).



Сурет 2 - Кәдімгі жоңышқа Сурет 3 - Дәрілік түйе жоңышқа

Зерттеу нысандарынан алынған топырақ сынамаларына талдау жүргізу барысында, олардың құрамындағы ерігіш тұздарының айырмашылығына байланысты Нұртас елді-мекенінің топырағы тұздылығы ен жоғары мөлшерді 1,9% көрсетті. Қарауылтөбе елді-мекенінің топырағының тұздылығы 0,6% құрады. Осыған орай, қайта тұздану нәтижесінде ауылшаруашылық айналымынан шығып қалған жерлердің өнімділігін, биологиялық белсенділігін қайта қалпына келтіру мақсатында тұзды ортаға төзімділік көрсететін, экологиялық, экономикалық жағынан тиімді шөптесін өсімдіктерді пайдалануды ұсынамыз.
Әдебиет
1 Нгуен Суан Хай Мелиорация и восстановление плодородия деградированных почв/ [диссертация]// Москва.- 2004. С. 10-12

2 Нгуен Суан Хай Мелиорация и восстановление плодородия деградированных почв/ [диссертация]// Москва.- 2004. С. 13

3 Денисов, К. Е. Условия формирования урожайности многолетних трав и их фитомелиоративная роль / К. Е. Денисов, Е. П. Денисов, А. П. Солодовников // Кормопроизводство. — 2006. - № 3. - С. 14—18.

4 Пестов Л. Ф. Засоленность природных вод // Мелиоративная энциклопедия. – М.: Росинформагротех, 2004. – Т. 1. – С. 517. 5. Яковлева, Л. В. Практикум по химическому анализу почв: рабочая тетрадь [Текст] / Л. В. Яковлева, А. В Федотова. – Астрахань: Издательский дом «Астраханский университет», 2009. – 37, [3] с.

6 Государственный комитет по стандартом. Москва. – ГОСТ. 26449. 1-85. Методы химического анализа соленых вод.

7 Пимоновым К.И., д.с-х.н., доцент Что можно сеять на солончаковых почвах /[статья]// Растениеводство .- 2014

8 Арыстанғалиев С.А. Растительный мир Казахстана, его изучение, использование и охрана / Инт. ботаники и фитоинтродукции НАН РК. - Алматы, 1995. - С. 28.

ПРОБЛЕМЫ ЗАСОЛЕНИИ СЕРАЗЕМОВ ЮЖНО – КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
М.А. Пирметова

Канд.биол.наук К.Т. Абдраимова



Международный казахско-турецкий университет имени Х. А. Ясави, Туркестан
В данной статье приведены результаты исследовательской работы засоленных сераземных почв города Туркестан, село Нуртаса и рисовых полях Жанакурганской района.
Ключевые слова: мелиорация, засоленная почва, органические вещество, легкорастворимые соли.

SALINITY PROBLEMS GREY SOILS SOUTH KAZAKHSTAN REGION

M.A. Pirmetova

Cand.biol.sci. K.T. Abdraimova

Ahmed Yasawi International Kazakh-Turkish University, Turkestan



This article presents the research of saline grey soils city of Turkestan, village Nurtas and rice fields Zhanakorgan region.

Key words: reclamation, soil salinity, organic matter.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет