Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевимка академиясы



жүктеу 474.23 Kb.
бет1/3
Дата20.04.2019
өлшемі474.23 Kb.
  1   2   3

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
« №2 қоғамдық денсаулық сақтау » кафедрасы

ДӘРІС КЕШЕНІІ
«Этика және деонтология негіздері» пәні бойынша

5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған
Курс-ІІІ


2014ж.
Дәріс кешені кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген.

Хаттама № ______________2014 ж.

Кафедра меңгерушісі ,

м.ғ.д., профессор.м.а: А.М.Жақсыбергенов






1.Тақырып: «Этика» ұғымы және оның мәні.
Мақсаты: Студенттерге этика түсінігін оқып үйрету.
Дәріс тезистері: Медициналық этика және деонтология әдептілік пен моралды үйрететін философиялық дисциплина.Осындай мағыналы басқа да термин- мораль. Сондықтан бұл термин бірге қолданылады. Этиканы жиі ғылыммен, мораль оқумен, әдептілікпен байланыстырады. Дәрігерлік этика ұғымы ежелгі уақыттан қалыптасқан. Медициналық этика жайында әртүрлі тарихи дәуірде әлем халықтарында өз түсінігі қалыптасты,олар ұлттық, діни, мәдени және басқа да ерекшеліктермен байланысты. Медициналық этиканың сақталған ежелгі көздеріне Ежелгі Вавилон заңдары жатады.Гиппократ медициналық этиканың негізгі принциптерін қалыптастырды (“Ант”,“Заң”,“Дәрігер жайында”). Сонымен қатар медициналық этиканың дамуына тәжік ғалымы дәрігер Ибн Синаның көзқарасы үлкен әсер қалдырды. Оның негізгі идеялары “Дәрігерлік ғылым каноны” және “Этика” шығармасы энциклопедиялық еңбегінде жазылған.

Медициналық этика дамуына сонымен қатар орыс клиницистері М.Я.Мудров,

С.Г.Забелин орны ерекше.

Иллюстративті материал: презентация (8 слайд ұсынылады ).
Әдебиеттер:

Негізгі :

1. Нұрмақов, А. Ж. Медициналық деонтология және жедел хирургиялық аурулар практикумы : IV курс студенттерінің (бакалавриат) тәжірибелік сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құрал. - Алматы : ЖШС "Эверо", 2011. – 10 экз.

2. Деонтология қағидаларының онкологияда қолданылуы : оқу құралы / О. Қ. Кулакеев [ т. б.]; ред. басқ. О. Д. Дайырбеков. - Шымкент : Б. ж., 2004. – 2 экз.

3. Кулимова, Л. Т. Коммуникация негіздері : оқу-әдістемелік құрал. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.- 100 экз.

4. Оразбекова Г. А. Дәрігердің коммуникативтік дағдылары: жоғары медициналық оқу орындарына арналған оқулық. - Алматы : өнер, 2009. – 50 экз.

5. Асимов М. А. Коммуникативті дағдылар: оқулық . - Алматы : Б. ж., 2011. -300 экз.



Қосымша:

1. Еренкова, Н. В. Этика и деонтология в педиатрии : монография . - Ташкент : Изд-во им. Ибн Сины, 1991.- 1 экз.

2. Иванюшкин, А. Я. Профессиональная этика в медицине (философские очерки) : моногр. - М. : Медицина, 1990. -2 экз.

3. Магазаник Н. А. Искусство общения с больными: моногр- М. : Медицина, 1991.-2 экз.

4. Матвеев В. Ф. Основы медицинской психологии, этики и деонтологии: учебное пособие . - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Медицина, 1989.- 2 экз.

5. Медицинская этика и деонтология: монография / Под ред. Г. В. Морозова. - М. : Медицина, 1983. – 2 экз.



Бақылау сұрақтары(кері байланыс):

  1. Медициналық этика дегеніміз не?

  2. Медициналық этиканың негізгі қағидалары қандай?


2.Тақырып: Гиппократ этикасы мен деонтологиясы.

Мақсаты:Студенттерге Гиппократ этикасы мен деонтологиясын оқып үйрету.
Дәріс тезистері: Гиппократ — атақты Ежелгі Рим дәрігері. Тарихта медицина атасы ретінде танымал.Ол тарихи тұлға болып табылады. Гиппократ атымен жоғары моралды облик және дәрігердің этиканы өткізу көріністері байланысты.

Гиппократ анты. Ант Гиппократтық корпустың бірінші шығармасы болып табылады. Дәрігер өзінің өмірінде және кәсіптік қызметін басшылыққа алуға міндетті, ант бірнеше принциптен тұрады:

  1. Мұғалімдер,ұжым, оқушылар алдында міндетті.

  2. Жамандық жасамау қағидасы.

  3. Эвтаназия мен абортты болдырмау.

  4. Науқастармен жыныстық қатынаста болмау.

  5. Дәрігерлік құпияны сақтау.

Қазіргі заманғы медициналық этика келесі аспекпттерден тұрады:

• ғылыми — медицина қызметкерлері қызметінің этикалық және әдептілік аспектілерінің медициналық ғылым бөлімі.

• практикалық — кәсіптік медициналық қызметте этикалық қалыптар мен ережелерді қолдану және қалыптасу тапсырмаларын медициналық практика аймағында қолдану.

Ежелгі медициналық этика және деонтология көздері: «Хаммурапи заңдары», «Дәрігер жайында»,«Ант»,«Гиппократ заңы»,индиялық «Өмір кітабы», «Аюрведа». Этика терминін адамдық мораль мен әдептілік көрінісі ретінде Аристотель ұсынған.

Иеремия Бентам (ағылшын философы 1748-1832) деонтология түсінігіне

« өзінің мақсатына жету үшін міндетті іс әрекетін оқу керек ».
Иллюстративті материал: презентация (10 слайд ұсынылады).

Әдебиеттер:

Негізгі :

1. Нұрмақов, А. Ж. Медициналық деонтология және жедел хирургиялық аурулар практикумы : IV курс студенттерінің (бакалавриат) тәжірибелік сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құрал. - Алматы : ЖШС "Эверо", 2011. – 10 экз.

2. Деонтология қағидаларының онкологияда қолданылуы : оқу құралы / О. Қ. Кулакеев [ т. б.]; ред. басқ. О. Д. Дайырбеков. - Шымкент : Б. ж., 2004. – 2 экз.

3. Кулимова, Л. Т. Коммуникация негіздері : оқу-әдістемелік құрал. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.- 100 экз.

4. Оразбекова Г. А. Дәрігердің коммуникативтік дағдылары: жоғары медициналық оқу орындарына арналған оқулық. - Алматы : өнер, 2009. – 50 экз.

5. Асимов М. А. Коммуникативті дағдылар: оқулық . - Алматы : Б. ж., 2011. -300 экз.



Қосымша:

1. Еренкова, Н. В. Этика и деонтология в педиатрии : монография . - Ташкент : Изд-во им. Ибн Сины, 1991.- 1 экз.

2. Иванюшкин, А. Я. Профессиональная этика в медицине (философские очерки) : моногр. - М. : Медицина, 1990. -2 экз.

3. Магазаник Н. А. Искусство общения с больными: моногр- М. : Медицина, 1991.-2 экз.

4. Матвеев В. Ф. Основы медицинской психологии, этики и деонтологии: учебное пособие . - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Медицина, 1989.- 2 экз.

5. Медицинская этика и деонтология: монография / Под ред. Г. В. Морозова. - М. : Медицина, 1983. – 2 экз.


Бақылау сұрақтары(кері байланыс):

1. Гиппократ анты дегеніміз не?

2. Гиппократ этикасы дегеніміз не?

3. Гиппократ деонтологиясы дегеніміз не?


3. Тақырып: Медициналық этиканың негізгі принциптері және тәртібі.
Мақсаты: Этиканың негізгі принциптері мен тәртібін үйрету.
Дәріс тезистері: Этика — мораль мен әдептілік сұрақтарын зерттейтін философиялық ғылым. Этика адамдардың өзара қатынасын, олардың ойын, сезімін, жақсылық категориясындағы ісін, міндетін, құрметін, бақытын зерттейді. Дәрігер этикасы — бұл адамның шындық моралі, сондықтан дәрігер тек жақсы адам болуы керек. Гиппократ бірінші рет дәрігерлердің өзара арақатынасына, науқас туыстарына көңіл аударды. Гиппократ арқылы қалыптасқан этикалық принциптер өз дамуын антикалық дәрігерлер А.Цельс, К.Гален жұмыстарында жалғасын тапты. Сонымен қатар медициналық этика дамуына Шығыс дәрігерлері де өз үлесін қосты.(Ибн Сина, Абу Фарзджа).

Дәрігерлік этиканың маңызды принциптері:



  1. Науқасқа адами қарым–қатынас, Гиппократтық талапты сақтау жамандық жасамау, науқас психикасына аяушылықпен қарау,ауырлық жасамау.

  2. Дәрігер міндеті – адамдардың физикасы және психология үшін тартыс.

  3. Дәрігер міндеті – ұлтына,жынысына қарамай көмек беру.

  4. Дәрігерлер арасында өзара көмек көрсету принципі.

  5. Дәрігерлік құпияны сақтау принципі.

Ежелгі Үнді, Египет қолжазбаларында дәрігердің науқасқа, ұжымға қарым–қатынасы, сапалы әдептілік жайында көрсетілген.Ежелгі үнділердің айтуы бойынша: «Науқас үшін дәрігер-атасы, сау адамдарға- ол дос.Денсаулығы қалыпқа келгенде - ол қорғаушы».

Әрбір кәсіп ынталықты қажет етеді. Әсіресе халықпен жұмыс істейтін мамандықтарға қажет. Атақты орыс клиницисті Мудров дәрігер мамандығы кездейсоқ емес ынталану болуы керек.

Атақты жазушы К.Паустовский «ынталану» түсінігін былай деп жазды: «Дәрігерлік сабақ та емес, жеке қызығушылық та емес, міндетті орындау. Дәрігерлік міндетті атқару». Медициналық этика адам өмірінің әлеуметтік және табиғи түсінігі бойынша құрылуы қажет. Науқастарға қатынасы бойынша дәрігерлер өздерін шарасыз туыстары секілді ұстамауы қажет. Герцен айтуы бойынша дәрігерлер «жаны жылайды, бірақ аурумен күрескенде көзжас емес, түсінік қажет». Кәсіби этиканы ерекше жағдайларда нақты қызметте жалпы этиканың спецификалық көрінісі ретінде қарастыру қажет. Кәсіби этика бұл гуманизм, борыш, ар, намыс сұрақтарына жауап беретін, маман қызметінде әдептілік ролінің ғылыми бөлімі. Кәсіби этика басқа маманның психоэмоционалдық белгілерін оқытатын пән.
Иллюстративті материал: презентация (10 слайд ұсынылады).

Әдебиеттер:

Негізгі :

1. Нұрмақов, А. Ж. Медициналық деонтология және жедел хирургиялық аурулар практикумы : IV курс студенттерінің (бакалавриат) тәжірибелік сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құрал. - Алматы : ЖШС "Эверо", 2011. – 10 экз.

2. Деонтология қағидаларының онкологияда қолданылуы : оқу құралы / О. Қ. Кулакеев [ т. б.]; ред. басқ. О. Д. Дайырбеков. - Шымкент : Б. ж., 2004. – 2 экз.

3. Кулимова, Л. Т. Коммуникация негіздері : оқу-әдістемелік құрал. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.- 100 экз.

4. Оразбекова Г. А. Дәрігердің коммуникативтік дағдылары: жоғары медициналық оқу орындарына арналған оқулық. - Алматы : өнер, 2009. – 50 экз.

5. Асимов М. А. Коммуникативті дағдылар: оқулық . - Алматы : Б. ж., 2011. -300 экз.



Қосымша:

1. Еренкова, Н. В. Этика и деонтология в педиатрии : монография . - Ташкент : Изд-во им. Ибн Сины, 1991.- 1 экз.

2. Иванюшкин, А. Я. Профессиональная этика в медицине (философские очерки) : моногр. - М. : Медицина, 1990. -2 экз.

3. Магазаник Н. А. Искусство общения с больными: моногр- М. : Медицина, 1991.-2 экз.

4. Матвеев В. Ф. Основы медицинской психологии, этики и деонтологии: учебное пособие . - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Медицина, 1989.- 2 экз.

5. Медицинская этика и деонтология: монография / Под ред. Г. В. Морозова. - М. : Медицина, 1983. – 2 экз.


Бақылау сұрақтары(кері байланыс):

  1. Медициналық этика қағидалары қандай?

  2. Қазіргі заманғы медициналық этика қағидаларының ерекшелігі неде?

  3. Медициналық этиканың негізгі тәртібі қандай?


4. Тақырып: Адам ағзаларын трансплантациялаудың моралдық мәселелелері.
Мақсаты: Адам ағзаларын трансплантациялаудың мәселелерін талқылау.
Дәріс тезистері: Трансплантация — тірі материалды мүшенің өзіне немесе басқа реципиентке алмастыру. Қазіргі уақытта донорлық мүше қажеттілігі жоғары орын алып отыр.Бір адамнан екінші адамға мүшені ауыстыру идеясы жаңа ғылым емес. Ежелгі Египеттік Папирус Эберс медициналық трактатында тыртықты, ашық жараны жабу үшін теріні бір жерінен басқа жеріне алмастыру жайында айтылған. Ежелгі Үнді Ведаларында тері алмастыру жазылған.

Атақты Рим ғалымы Цельс тіндерді басқа денеге алмастыру жайында жазды.

Мұндай трансплантация жаңа жерде тез жазылады деп дәлелдеді.

Бірақ Ежелгі Рим құлдырағанда трансплантация идеясы жойылды, себебі ерте христиандық шіркеуде өлген адамды жаруға, тіпті медицинаға тыйым салынды. Мүшелерді алмастыруды ХІХ ғ соңында Алексис Каррель негізін қалады.

Адамдардың ағзаларды алмастыруға қарсы себептері:

• биомедициналық жетістікке және арнайы медицинаға сенімсіздік.

• трансплантация шындыққа қарсы сезім, өз ағзасының басқа адам ағзасында өмір сүруге немесе табиғатты, құдайды көру қорқынышы.

• өлгенді құрметтеу қажеттілігі, тірі кезінде құрмет көрсету әдісі тәрізді.

Өлген адамның ағзаларын алмастыруда маңызды этикалық талаптарға ақпараттық және донорлық өлім алдындағы келісімі жатады.Ағза трансплантациясын реттейтін негізгі этикалық принциптерге жатады:


  1. Адам ағзалары сату және сатып алу объектісі ретінде қарастырылуы қажет

  2. Потенциалды донор ағза эксплантациясының салдары нәтижесіне толық ақпараттандырылған болуы қажет

  3. Тірі донордан ағза алмастыру тек басқа адамның өмірін қорғауға ерікті түрде негізделеді.

  4. Донор өміріне тікелей қауіп төндіретін эксплатация жіберілмейді.

  5. Кең таралған практикада ағзаны тек өлген адамнан алады.


Иллюстративті материал: презентация(12 слайд ұсыналады).
Әдебиеттер:

Негізгі :

1. Нұрмақов, А. Ж. Медициналық деонтология және жедел хирургиялық аурулар практикумы : IV курс студенттерінің (бакалавриат) тәжірибелік сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құрал. - Алматы : ЖШС "Эверо", 2011. – 10 экз.

2. Деонтология қағидаларының онкологияда қолданылуы : оқу құралы / О. Қ. Кулакеев [ т. б.]; ред. басқ. О. Д. Дайырбеков. - Шымкент : Б. ж., 2004. – 2 экз.

3. Кулимова, Л. Т. Коммуникация негіздері : оқу-әдістемелік құрал. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.- 100 экз.

4. Оразбекова Г. А. Дәрігердің коммуникативтік дағдылары: жоғары медициналық оқу орындарына арналған оқулық. - Алматы : өнер, 2009. – 50 экз.

5. Асимов М. А. Коммуникативті дағдылар: оқулық . - Алматы : Б. ж., 2011. -300 экз.



Қосымша:

1. Еренкова, Н. В. Этика и деонтология в педиатрии : монография . - Ташкент : Изд-во им. Ибн Сины, 1991.- 1 экз.

2. Иванюшкин, А. Я. Профессиональная этика в медицине (философские очерки) : моногр. - М. : Медицина, 1990. -2 экз.

3. Магазаник Н. А. Искусство общения с больными: моногр- М. : Медицина, 1991.-2 экз.

4. Матвеев В. Ф. Основы медицинской психологии, этики и деонтологии: учебное пособие . - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Медицина, 1989.- 2 экз.

5. Медицинская этика и деонтология: монография / Под ред. Г. В. Морозова. - М. : Медицина, 1983. – 2 экз.


Бақылау сұрақтары(кері байланыс):

  1. Қазақстандағы трансплантология жетістігі қандай?

  2. Қазақстандағы трансплантология мәселелері қандай деңгейде?



5.Тақырып: Клондаудың этикалық мәселелері.
Мақсаты: Клондаудың этикалық мәселелерін оқып үйрету.

Дәріс тезистері:

Клон — бұл басқа адамның бірдей ұқсастығы. Клонды кәдімгі әйел тоғыз ай көтереді,олар басқа балалар секілді жанұяда тәрбиеленеді. Клон ұқсастығы өзінің оригиналынан бірнеше жылға кіші болады, сондықтан оларды шатастыру қаупі жоқ.Сонымен клон – адамның ксерокөшірмесі немесе егізі емес, жай кіші бірдей ұқсастық. Адамдық клон басқа адам секілді юристтік құқыққа және міндетке ие. Адамды клондау жеке ерікті негізде жүзеге асырылады.

“Адамды клондау не үшін қажет?” деген сұраққа екі жауап бар: Жанұяға атақты тұлғалардан бала егізін ұрықтандыру мүмкіндіктері. Баласы жоқ жанұяға балалы болуға.

Клондау жайында көптеген пікірталастар бар. Француз биологтарының адамды клондау жұмысы бойынша перспективалар талқылануда. Клондаудың этикалық мәселелері әр адамды клондауға сәтсіз көшірме нәтижесі құбыжық болуы мүмкін. Бір жұмыртқалы немесе бірдей ұқсастықтарды клондау шынайы жағдайда өтеді. Көптеген ғалымдар адамның генетикалық көшірмесін құптайды.

Атақты эволюционист Оксфорд университетінің профессоры Р.Даукинс өзін клондауды ұсынған: Оның айтуынша өзіңнің көшірмеңді бақылау тамаша, тек 50 жасқа жасартқанда деген.
Иллюстративті материал: презентация (8 слайд ұсынылады).
Әдебиеттер:

Негізгі :

1. Нұрмақов, А. Ж. Медициналық деонтология және жедел хирургиялық аурулар практикумы : IV курс студенттерінің (бакалавриат) тәжірибелік сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құрал. - Алматы : ЖШС "Эверо", 2011. – 10 экз.

2. Деонтология қағидаларының онкологияда қолданылуы : оқу құралы / О. Қ. Кулакеев [ т. б.]; ред. басқ. О. Д. Дайырбеков. - Шымкент : Б. ж., 2004. – 2 экз.

3. Кулимова, Л. Т. Коммуникация негіздері : оқу-әдістемелік құрал. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.- 100 экз.

4. Оразбекова Г. А. Дәрігердің коммуникативтік дағдылары: жоғары медициналық оқу орындарына арналған оқулық. - Алматы : өнер, 2009. – 50 экз.

5. Асимов М. А. Коммуникативті дағдылар: оқулық . - Алматы : Б. ж., 2011. -300 экз.



Қосымша:

1. Еренкова, Н. В. Этика и деонтология в педиатрии : монография . - Ташкент : Изд-во им. Ибн Сины, 1991.- 1 экз.

2. Иванюшкин, А. Я. Профессиональная этика в медицине (философские очерки) : моногр. - М. : Медицина, 1990. -2 экз.

3. Магазаник Н. А. Искусство общения с больными: моногр- М. : Медицина, 1991.-2 экз.

4. Матвеев В. Ф. Основы медицинской психологии, этики и деонтологии: учебное пособие . - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Медицина, 1989.- 2 экз.

5. Медицинская этика и деонтология: монография / Под ред. Г. В. Морозова. - М. : Медицина, 1983. – 2 экз.


Бақылау сұрақтары(кері байланыс):

  1. Клондаудың этикалық мәселелері қандай?

  2. Клондаудың Қазақстандағы қандай жетістіктерін білесіз?

  3. Клондау дегеніміз не?

  4. Клондауға діни көзқарас қандай?

2 кредит
1. Тақырып: “Деонтология” ұғымы және оның түрлері.
Мақсаты: Деонтология түсінігін оқып үйрету.
Дәріс тезистері:  Алғашқы рет “Деонтология” түсінігі ХVIII ғ пайда болды. Бұл терминді ағылшын философы И.Бентам өзінің “Деонтология немесе мораль” туралы ғылым кітабында жазған. Деонтология сөзі гректің екі сөзінен: deon-міндетті және logos-оқу. Деонтология медициналық терминін атақты хирург Н.Н.Петров енгізген. Медициналық деонтология медициналық этиканың бір бөлігі. Деонтология мед персоналдың нақты жағдайда біркелкі іс әрекетті оқытады. Медициналық этика деонтологияның теориялық негізі болып табылады.Медициналық деонтология аспектілеріне жатады: медиктердің науқастармен,науқас туыстарымен арақатынасы. Арақатынастың негізі ежелгі сөз: Сөзбен, шөппен, пышақпен емдеу керек деп есептеді ежелгі емшілер.Ақылды сөзбен науқас көңілін көтеруге,күш қуат беруге,жазылуға үмітін жоғарылатуға болады, сонымен қатар басқа сөзбен науқасты жаралау,оның денсаулығының бірден нашарлауы мүмкін. Дәрігер науқасқа сезімталдылықпен қарау керек,

  


Иллюстративті материал: презентация(12 слайд ұсынылады).
Әдебиеттер:

Негізгі :

1. Нұрмақов, А. Ж. Медициналық деонтология және жедел хирургиялық аурулар практикумы : IV курс студенттерінің (бакалавриат) тәжірибелік сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құрал. - Алматы : ЖШС "Эверо", 2011. – 10 экз.

2. Деонтология қағидаларының онкологияда қолданылуы : оқу құралы / О. Қ. Кулакеев [ т. б.]; ред. басқ. О. Д. Дайырбеков. - Шымкент : Б. ж., 2004. – 2 экз.

3. Кулимова, Л. Т. Коммуникация негіздері : оқу-әдістемелік құрал. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.- 100 экз.

4. Оразбекова Г. А. Дәрігердің коммуникативтік дағдылары: жоғары медициналық оқу орындарына арналған оқулық. - Алматы : өнер, 2009. – 50 экз.

5. Асимов М. А. Коммуникативті дағдылар: оқулық . - Алматы : Б. ж., 2011. -300 экз.



Қосымша:

1. Еренкова, Н. В. Этика и деонтология в педиатрии : монография . - Ташкент : Изд-во им. Ибн Сины, 1991.- 1 экз.

2. Иванюшкин, А. Я. Профессиональная этика в медицине (философские очерки) : моногр. - М. : Медицина, 1990. -2 экз.

3. Магазаник Н. А. Искусство общения с больными: моногр- М. : Медицина, 1991.-2 экз.

4. Матвеев В. Ф. Основы медицинской психологии, этики и деонтологии: учебное пособие . - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Медицина, 1989.- 2 экз.

5. Медицинская этика и деонтология: монография / Под ред. Г. В. Морозова. - М. : Медицина, 1983. – 2 экз.


Бақылау сұрақтары(кері байланыс):

1. Алғаш "деонтология" ұғымын ашқан кім?

2. Деонология анықтамасы қандай?

3. Қандай деонтология түрлерін білесіз?


2. Тақырып: Ғылыми-медициналық және этикалық контекстегі ятрогения мәселесі.
Мақсаты:Студенттерге ғылыми-медициналық және этикалық контекстегі ятрогения мәселесін оқып үйрету.
Дәріс тезистері:  

  Берілген Заң құқықтық реттеу және істерді реттейді. Азаматтардың Ата заңымызда көрсеткен денсаулық қорғау және медициналық көмек алудағы конституциялық құқықтарын сақтауда мемлекеттік саясаттың құқықтық негізін құрайды.Адамның өрбуіне қатысты құқықтық саясатты жүргізеді және кепілдеме ретінде шығады.

Осы Заңдағы мақсаттарға жету үшін негізгі түсінік қолданады:

Репродуктивті денсаулық – бұл адамның репродуктивті сфераның қызмет жасауына және қалыптасуына физикалық, әлеуметтік қолайылығын айтады.

Репродуктивтік денсаулықты қорғау-адамның өмір бойы репродуктивті сферанының ауытқущылығын жою, денсаулықты нығайтуға жаңа технологияларды, әдістерді қолдану.

Репродуктивті таңдаудың еркіндігі- балалардың туылуына, туылу интервалына әрбір отбасы, жеке тұлғалардың дискриминациясыз,еш қысымсыз қабылдау құқығы.

Отбасын жоспарлау- ол әрбір отбасы, әрбір ерлі-зайыпты бала тууға, оның санын жоспарлауға,балалар арасындағы интервалға, түсіктің алдын алуға бағытталған іс-шаралар.

Бедеулік-стандартты диагностикалық әдістермен дәлелденген өмірге бала әкеле алмаушылық

Қосымша репродуктивтік технологиялар- жүктіліктің ерте кезеңінде эмбрионның дамуы ананың жатырынан тыс орындалатын жаңа бедеулікте қолданатын әдістер.

Суррогаттық аналық- экстрапорпоралды ұрықтану арқылы әйелдің жатырына ұрықты ендірудің қосымша репрдуктивті технология.

Контрацепция жағымсыз жүктіліктің алдын алу тәсілдері мен жолдары.

Адам эмбрионы адамның 8 аптаға дейін ұрық. Адам өрбуне мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына жатады:

-Репродуктивтік денсаулық сақтаудағы ғылыми зерттеулерді мемлекеттік қолдау.

-Репродуктивті денсаулықты қорғауда азаматтарға медико-әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық көмекті дамыту.

-репродуктивті денсаулықты қорғауға бағытталған коммуникативті кампанияларды ұйымдастыру және жүргізу.

-репродуктивті денсаулықты қорғауға бағытталған регионалды бағдарламаларды және қоғамдық қозғалысты қолдау.

-репродуктивті денсаулықтың ауытқушылығын алуға арналған шараларды жүргізу.

-Этика – мораль, адамгершілік және оның таптық мәні туралы ғылым. Медициналық этика – медициналық қызметкерлердің жұмысындағы гуманизмнің көрінісі.

Этика мен мораль – қоғамдағы адамдардың мінез құлқын, олардың бір-біріне және қоғамдық құндылыққа деген қарым-қатынасын реттейтін ережелерге қажеттілігінен туған қоғамдық сананың формасы болып табылады.

Қазіргі мораль адамдардың бір-біріне деген кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, шындық пен адалдықты, табандылықты, еңбекті сүюді, сыйластық қарым қатынас жасауды талып етеді.

Емдеудің тиімділігінің бірқатар дәрежеде аурудың медициналық қызметкерге сенуіне байланысты «Жазылып шығамын деп сену-сауығудың бел ортасы». Емдеудің барлық кезеңінде де сырқаттың сауығатынына сенім тудыруы қажет, ол – гуманист – дәрігердің парызы, ал гуманизм – медициналық мамандықтың табиғи қасиеті.
Иллюстративті материал: презентация (10 слайд ұсынылады).
Әдебиеттер:

Негізгі :

1. Нұрмақов, А. Ж. Медициналық деонтология және жедел хирургиялық аурулар практикумы : IV курс студенттерінің (бакалавриат) тәжірибелік сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құрал. - Алматы : ЖШС "Эверо", 2011. – 10 экз.

2. Деонтология қағидаларының онкологияда қолданылуы : оқу құралы / О. Қ. Кулакеев [ т. б.]; ред. басқ. О. Д. Дайырбеков. - Шымкент : Б. ж., 2004. – 2 экз.

3. Кулимова, Л. Т. Коммуникация негіздері : оқу-әдістемелік құрал. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.- 100 экз.

4. Оразбекова Г. А. Дәрігердің коммуникативтік дағдылары: жоғары медициналық оқу орындарына арналған оқулық. - Алматы : өнер, 2009. – 50 экз.

5. Асимов М. А. Коммуникативті дағдылар: оқулық . - Алматы : Б. ж., 2011. -300 экз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет