Ақтөбе облысында көктемгі су тасқыны салдарынан келтірілген залалды анықтайтын арнайы комиссия өз жұмысын бастады.

"Комиссия өкілдері су тасқынынан қанша адамның зардап шеккенін, қанша үй мен нысанға зақым келгенін, барлық шығын көлемін есептеп, шешім шығарады. Үйі апатты деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін жасауға жергілікті әкімдіктер жауапты", — делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

ТЖ салдарынан қираған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары мен салуға ҚР Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен қаражат бөлінетін болады. 

Естеріңізге сала кетейік, су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі Ақтөбе қаласы және облыстың бес ауданында жарияланды.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.