Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті «Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология»



жүктеу 0.94 Mb.
бет1/6
Дата07.05.2019
өлшемі0.94 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика академиясы
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

«Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасы


Жалпы гигиена пәні бойынша теориялық сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
Біліктілігі:
Курс: III______бөлім_____топ______
Семестр:

Құрастырғандар: Жақсыбаева Ж.Б.

Тойжанов Б.Қ.

Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді
«___»__________
«___» хаттама.


Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Долтаева Б.З.

1-тақырып

1. Сабақтың тақырыбы: Кіріспе

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға жалпы гигена пәнін мақсатын міндетін оқыту және үйрету

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: білім берудің дағдыларын және жаңа әдістерін дамыту

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. 5 мин (6%)

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

Сұрау арқылы білімін тексеру. 15 мин (16%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)

Гигиена – негізгі профилактикалық пән ретінде медицинада маңызды орын алады. Ол алдын алу бағытының бірінші кезектілігімен ерекшеленеді.

Қазіргі таңда ғылыми – техникалық дамуға байланысты гигиенаның алдына қойған мақсаты көбейіп, күрделене түсті. Ғылыми – техникалық дамудың жетістіктері адамды жұмыспен қамтып, бір жағынан жақсы әсер етсе, яғни материалдық жағдайын жақсартса, екінші жағынан атмосфералық ауаны, топырақты, суды әр түрлі зиянды заттармен ластап, оның денсаулығына теріс әсер етеді.

Адамға тек табиғи факторлар әсер етіп қоймайды, сонымен қатар қоршаған ортаның химиялық, биологиялық, физикалық факторлары, әлеуметтік ортаның қалыптасуы мен антропогендік факторлардың біртұтас кешені әсер етіп жатқан қазіргі кезеңде гигиенаның маңыздылығы бұрынғыдан да асып түсті.

Осыған байланысты орта медицина қызметкерлері үшін өзінің кәсіптік жұмысында гигиеналық сауаттылық айрықша маңызды, өйткені олардың күнделікті жұмысы, аурухана жағдайында болсын, өнеркәсіп кәсіпорындарында болсын әр түрлі факторлардың әсер сипатын біліп, аурудың пайда болуын анықтауға, дәрігерге дейінгі көмекті дұрыс көрсетуге және алдын алу шараларын дұрыс жүргізуге мүмкіндік береді. Аурулар үшін емдік сауықтыру режимін, медициналық қызметкер үшін қолайлы жұмыс жағдайын, ауруханаға қойылатын санитарлық талаптарды білудің де маңызы зор. Оларды сақтау ауруды дұрыс емдеуге, ауруханаішілік инфекцияны болдырмауға және медицина қызметкерлерінің ауыруының алдын алуға ықпал етеді, сонымен қатар гигиеналық білімдер - орта буынды медицина қызметкерлерін әлеуметтік және табиғи жағдайлардың адам денсаулығына қалай әсер ететінімен және салауатты өмір салтының адам денсаулығы үшін маңыздылығымен таныстырады.



Гигиена дегеніміз қоршаған ортаның, яғни топырақтың, судың, ауаның, тамақтың адам ағзасына әсерін зерттейтін ғылым. Гигиена пәнінің алдына қойған міндеті - аурудың алдын алу шараларын анықтап, оны іске асыру.

Гигиена пәні – негізгі алдын алу пәні болғандықтан, оны барлық медицина мамандары білуі қажет. Гигиена медицина қызметкерлеріне адамдар арасында санитарлық ағарту ісін дұрыс жүргізу, балалардың күн тәртібін дұрыс құру үшін, тамақтануды дұрыс ұйымдастыру, ауру адамдардың қалай тамақтануы керек екендігі туралы дұрыс ақыл - кеңес беру үшін және ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу үшін өте қажет.

Санитария – гигиена ғылымының мақсатын тәжірибе жүзінде іске асырады.

Гигиена сөзінің өзі грек тілінен аударғанда «денсаулықты алып келетін» деген мағынаны береді және ежелгі грек денсаулық құдайы Эскулаптың қызы Гигеи есіміне тура келеді.



Гигиенаның даму тарихы

Гигиенаның ғылым ретінде дамуы XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырдың басында басталды, бірақ адамзатқа жеке бас гигиенасы, қоғамның гигиенасы, оның түбірі ежелден - ақ белгілі.

Мысалы: өте ертеде итмұрын қайнатпасының қырқұлақ ауруының алдын алу үшін қолданылатыны белгілі болған. Х ғасырдағы құжаттарға сүйенсек ол жерде Корсунский су құбыры туралы жазылған. Киев Русында моншалардың көп болғандығы туралы жазылған. 1650 жылы Мәскеуде «тұрмыстық қалдықтарды далаға төгуге тыйым салынатыны» туралы үкім шыққан.

Біздің эрамыздан 1,5 мың жыл бұрын ежелгі Египетте үйлерді, көшелерді тазарту, қоқыстарды жинау және оны алып кету, жеке бас гигиенасын сақтау, науқастарды жекешелеу, тағамтану гигиенасы туралы ережелер болған. Ежелгі Қытайда жүйелі тамақтану, дем алу тәртібі, елдімекенді жоспарлау және жайластыру бойынша талаптар белгілі болды.

Дәрігер Авиценна бес томдық «Дәрігер ғылымының каноны» шығармасының гигиена бөлімінде «Жағымды ауа туралы», «Су сапасы туралы», « Денсаулық сақтау туралы» мақалалар жазған.

Гигиена туралы алғашқы ғылыми мекемелер, ғылыми еңбектер XIX ғасырда еуропада пайда болды. 1857 жылы ағылшын ғалымы Паркс

«Практикалық гигиенаға жетекшілік» оқулығын баспадан шығарды.

Ресейде экономика мен қоғамның нашар дамуына байланысты гигиена

өте жай дамыды. ХУІІІ ғасырда Ресейдің кейбір жерлерінде медициналық- топографиялық түсініктеме жазылып, сол жергілікті жердің адамдарының ауруының сол жерді қоршаған ортамен байланысты екені дәлелденген.

ХІХ ғасырда гигиена кеңінен дами бастады және оның дамуына көптеген сол кездегі ғалымдар Н.И Пирогов, С.Г Боткин, Г.А Захарин, А.А Остроумов ықпал етті. ССРО – да гигиенаның негізін қалаушы ғалымдар:

А.П Доброславин, Ф.Ф. Эрисман, Г.В. Хлопин.

Доброславин А.П. ( 1842- 1889 ж.ж) – Ресейдің гигиена кафедрасының алғашқы профессоры. 1871 жылы Петербургте медициналық - хирургиялық академияда ең алғаш гигиена кафедрасын ұйымдастырған және оның меңгерушісі болған. Ең алғаш жалпы гигиена пәнінен лекциялар жинағын шығарған. Өзінің тәжірибелік жұмысын ол Петербургтің елдімекенін сауықтыру жұмыстарына бағыттаған. Бұл кісі көптеген белгілі гигиенистерден дәріс алған. Осы кісінің ұсынысымен Петербургте ең алғаш рет тамақты зерттейтін санитарлық зертхана ашылған.

Эрисман Ф.Ф. – (1842-1915 жж) Әйгілі гигиенист және қоғам қайраткері. Мәскеу университетінде ең алғаш рет гигиена кафедрасын және Ресейде ең алғаш рет санитарлық станса ашқан. Эрисманның көптеген еңбектері коммуналдық гигиена мәселелеріне байланысты – Петербургтегі тұрғын үй жағдайы, судың сапасы туралы және т.б. Мәскеу губерниясының көптеген зауыттар мен фабрикасында санитарлық зерттеу жұмысын жүргізген. Жұмысшылардың жұмыс жағдайын зерттеп, сол туралы «Мамандық және жұмыс істеу гигиенасы» атты еңбегін жазған.

Доброславин А.П. және Эрисман Ф.Ф. негізінен жалпы гигиена мәселелерімен айналысқан.



Хлопин Г.В. – ( 1868- 1929 жж) Ф.Эрисманның оқушысы, өзінің ғылыми және тәжірибелік жұмыстарын қоршаған ортаны зерттеуге арнап, суға, топыраққа, ауаға зерттеу жүргізіп, ол бойынша әдістемелік нұсқаулар жазған. Одессада, Петербургте, Юрьевте гигиена кафедраларының меңгерушісі қызметін атқарған.

11. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)

Гигиена ғылымының тарихы?

Гигиена ғылым ретінде дамуына үлес қосқан ғалымдар?

Гигиенаның түрлері?

Гигиенаның зерттеу әдістері?

Гигиенаның

12. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

13. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)
2-тақырып

1. Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық ауа гигенасы.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға атмосфералық ауа гигенасын, ауның физикалық қасиетін, химиялық құрамы мен таныстыру және оқыту

- тәрбиелік: атмосфералық ауаның адам өміріндегі маңызын білуге және бағалай білуге тәрбиелеу.

- дамыту: білім берудің жаңа дағдыларын және тәсілдерін дамыту.

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

Өткен тақырыптар бойынша ауызша сұрау 15 мин (16%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)

Атмосфералық ауа гигенасы. Атмосфера - жерді қоршаған ауа қабаты, ал ол газдардың қоспасынан тұрады. Ауаның негізгі бөлігі (90%-на дейін) 15 км-ге дейінгі биіктікте орналасады, яғни басым бөлігі тропосфера, ал қалған бөлігі 48 км-ге дейінгі биіктікте немесе стратосфера қабатында (9,99%) орналасқан. Атмосфераның ең жоғары қабатында небары 0,01% ауа болады. Жер бетінен 50 км-ден 80 км-ге дейінгі аралықта мезосфера қабаты, 1000 км-ге дейін ионосфера, 3000 км-ге дейін экзосфера, 50000 км-ге дейін магнитосфера қабаты орналасқан. Жер бетіндегі газ қабықшасының қалыңдығы – 50000 км. Атмосфераның физикалық және химиялық қасиеттерінің гигиеналық маңызы зор. Біріншіден, олар адамның функционалдық жағдайларының дәрежесін анықтайды, екіншіден, атмосфералық ауаны ластайтын заттардың айналымына әсер етеді. Демек, осы 2 жағдай адамның денсаулығына әсерін тигізеді.

Атмосфералық ауаның химиялық құрамы

Ауаның химиялық құрамы: азоттан (78,09%), оттегінен (20,94%), аргоннан (0,93%), көмір қышқыл газынан (0,03%) тұрады. Осы негізгі 4 құрамдас атмосфераның табиғи газдық құрамының 99,99% - ын құрайды. Қалған 0,01% бөлігі неон, гелий, метан, криптон, ксенон, озон және т.б. инертті газдардан тұрады. Адам тыныштық жағдайында минутына 5-10 л, қозғалыс кезінде 30 л, жұмыс істеу кезінде 100 л-ге дейін ауа жұтады. Ауаның физикалық және химиялық құрамының өзгеруі адамның денсаулығына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Ауаның құрамының тұрақтылығы және оның таза болуы онда жүретін табиғи өзін - өзі тазалау процесіне байланысты өзгеріп тұрады. Өзін -өзі тазалау процестеріне мыналар әсер етеді: жел, ластанған ауаны

елдімекеннен алыс жаққа алып кетеді, жаңбыр – ауаның құрамындағы зиянды заттарды жуып кетеді, оттегі мен озонның химиялың әсері, микроорганизмдер, ауа құрамындағы органикалық және басқа да қоспаларды тотықтырады, өсімдіктер мен балдырлар көмірқышқыл газын өздерінің бойына сіңіріп алып, ауаны оттегімен толықтырады. Бірақ қазіргі кезде ауада жүретін табиғи өзін - өзі тазалу процесінің күші, ауаны таза ұстау үшін жеткіліксіз, сондықтан атмосфералық ауаны қорғау бойынша шаралар орындалуы қажет.

Ауаны орташа тәуліктік тұтыну 15 - 30 м3-тай болады. Оттегі, азот және инертті газдар ауаның тұрақты құрамды бөліктері болып табылады және олардың ауадағы қатынасы іс жүзінде барлық уақытта бірдей.



Оттегі – ауаның маңызды құрамдас бөлігі. Адамдар мен жануарлардың өмірі үшін, жану және тотығу процесі үшін өте қажет. Ашық атмосферада оттегі мөлшерінің ауытқуы қатты байқалмайды. Адам ағзасында физиологиялық өзгерістер ауа құрамындағы оттегінің мөлшері 16-17% төмендегенде байқалады, ал оттегінің мөлшері ауа құрамында 11-13% төмендегенде адамда айқын оттегі жетіспеушілігі байқалады. Бұл кезде адамның жұмыс қабілеті күрт төмендейді. Ауа құрамындағы оттегінің мөлшері 7-8% төмендегенде адам оттегі жетіспеушілігінен өліп кетуі мүмкін.

Парциалды қысымның төмендеуі адамдар мен жануарларда оттегі жетіспеушілігін тудырады ( қанның оттегімен қанығуы төмендейді). Оттегінің жетіспеушілігі, оттегінің парциалдық қысымының төмендеуінен пайда болады, мысалы, ондай өзгеріс адам самолетте ұшқан кезде байқалады, оны «биіктік ауруы» деп те атайды. Бұл мәселені оттекті приборлар, скафандрлар және самолет кабиналарына ауаны компрессорлардан өткізіп беру арқылы шешуге болады.

Мұндай өзгеріс адам тауға көтерілгенде де байқалуы мүмкін. 3000 метр биіктікке көтерілгеннің өзінде –ақ адамда « тау ауыруы» пайда болуы мүмкін. Бұл кезде ағзада, ұлпаларда тотығу процесі бұзылады, адам өзін нашар сезінеді, тыныс алуы жиілейді. Тау ауруының алдын алу үшін адам өзін - өзі шынықтырып, акклиматизацияға үйрету керек. Үнемі тауға шығып, шынығып жүрген адамдар және үнемі тауда тұратын адамдар оттегінің жетіспеушілігін сезінбейді.

Оттегінің аз концентрациясы жабық бөлмелерде көп адам болған кезде байқалады. Мысалы, су асты кемелерінде апат болған жағдайда, шахталарда, қолданылмайтын құдықтарда оттегін басқа газдар ығыстырып шығаруы мүмкін.

Медиктерді оттегінің жоғары концентрациясының адам ағзасына әсерінің ерекшелігі қызықтырады. Медицинада тыныс алатын ауаны оттегімен байыту (40-60% -ға дейін ), оттегі жетіспеушілігін емдеген кезде қолданылады. Барокамерада қысым 3 атм. болады, мұндай кезде гипоксия жағдайындағы ұлпалардың оттегімен қамтамасыз етілуі жақсарады, олардың жұмысы тұрақталады. Медицинада емдеудің бұл түрін «гипербариялық оксигенация» деп атайды. Бұл әдіс хирургияда және жедел терапияда, мысалы, адам көміртегінің монооксидімен уланғанда қолданылады.

Азот - ауаның негізгі құрамдас бөлігі. Ол азотты заттардың айналымына қатысып, маңызды биологиялық рөл атқарады. Ол оттегін араластырғыш ретінде қолданылатындықтан, маңызы зор, өйткені таза оттегі адамға токсикалық әсер етеді.

Көмір қышқыл газы немесе оны көміртегінің қос тотығы деп те атайды – түссіз газ, иісі жоқ, шырышты қабықты тітіркендірмейді, ауа құрамында көп мөлшерде болса да адам оны сезбейді, сондықтан адам ол газбен уланып қалғанын білмей де қалады. Көмір қышқыл газы ауадан 1-1,5 есе ауыр, сондықтан ол бөлменің төменгі жағында жиналады. Атмосфералық ауа құрамында көп емес 0,03-0,04%, мөлшерде кездеседі, оның мөлшері табиғатта өзгеріп тұрады. Тұрғын бөлмелер үшін көмір қышқыл газының мөлшері - 0,1%. Ауа алмасуы жоқ бөлмелерде, адамдар көп жиналған кезде көмір қышқыл газының концентрациясы 0,7- 0,8% - ға дейін жетеді. Адамның хал-күйінің нашарлауы көмір қышқыл газының концентрациясы 1,0 - 1,5% -ға жеткен кезде байқалады. Егер бөлменің ауасының құрамында көмір қышқыл газының мөлшері 0,1 - 0,15 % болса, ол сол бөлменің ауа алмасуының нашарлығын көрсетеді, яғни бөлмедегі көмір қышқыл газының мөлшері сол жердің ауасының ластануының жанама санитарлық көрсеткіші болып табылады. Егер ауа құрамында көмірқышқыл газының мөлшері 1% -ға жетсе, адам ағзасында қышқылдық – сілтілік тепе - теңдіктің бұзылуы (ацидоз) байқалады, бірақ жұмыс қабілеті өзгермейді, ал көмір қышқыл газының концентрациясы 1,5 –

3 % болған кезде, улану белгілері байқалады: тыныс алудың нашарлауы, бас ауырыуы, жұмыс қабілетінің нашарлауы және т.б. Көмірқышқыл газының бөлмедегі мөлшері 6% -ға жеткен кезде адам өміріне қауіп төнеді, ал 10-12% -ға жеткен кезде адам есін жоғалтады, өледі.

Атмосферада көмір қышқыл газының артуының себебі отынның жануы.

Аргон, неон, гелий, криптон, ксенон - инертті газдар, олардың концентрациясы ауада тұрақты, биологиялық белсенділігі жоқ. Ешқандай реакцияға қатыспайды.



Озон – атмосфераның жерге жақын бөлігіне стратосферадан өтеді. Озон стратосферада ауаның отегіне ультракүлгін сәулелердің әсерінен электрлік разряд кезінде пайда болады, сондықтан ол ауаның табиғи құрамына кіреді. Озонның атмосферадағы мөлшері 3,5 млрд. тоннаға жақын, ал көлемі ауаның небәрі 0,000001% -ын құрайды. Озон биологиялық нысандарға өте зиянды әсер ететін күн сәулесінің қысқа толқынды ультракүлгін бөлігін ұстап қалады, оны өзіне сіңіріп, жер бетінің қатты суып кетуінен сақтайды. Соңғы 17 жыл ішінде Солтүстік жарты шар стратосферасында озонның концентрациясы 3% кеміген.

Атмосфералық ауаның тұрақты емес табиғи құрамына аммиак, күкіртсутек, су булары және шаң кіреді. Аммиак атмосфералық ауа құрамына органикалық азотты заттардың ыдырау процесінен түседі. Күкіртсутек құрамында күкірті бар ақуызды заттардың атмосфералық ауада ыдырауынан пайда болады.



11. Жаң тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)

Атмосфералық ауаның адам өміріндегі алатын орыны?

Атмосфералық ауаның химиялық құрамы?

Оттегінің табиғаттағы ролі?

Көмір қышқыл газының табиғаттағы ролі?

Ауаның физикалық қасиеттері?



12. Сабақты қорытындылау : 5 мин (6%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

13. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)

3- тақырып

1. Сабақтың тақырыбы: Су және сумен қамтамасыздау гигиенасы

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға су және сумен қамтамасыздау гигиенасы, адам үшін судың алатын орынын, ауыз суға қойылатын гигиеналық талаптарды оқыту және үйрету

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: білім берудің жаңа дағдыларын және тәсілдерін дамыту.

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру 5 мин (6%)

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру

Өткен тақырыптардан ауызша сұрау 15 мин (16%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)

Су біздің планетамыздың ең кең таралған нысаны болып табылады: ол бүкіл жердің шамамен төрттен бір бөлігін алып жатыр; өсімдіктер мен жануарлар ағзаларының 50 пайызынан астамы судан тұрады; жерде тірі қарапайымдылардың пайда болуында су негізгі орта болып табылады; адам ағзасы 20 пайыздан астам су жоғалтса өлімге алып келеді; су қазір де тірі материяның аса маңызды құрамдарының бірі болып табылады.

Сонымен, Жердің бүкіл су қорының 0,3 % -ы ғана тұщы су қорын құрайды, ал 2,1 %-ын қазіргі кезде пайдалану мүмкіндігі жоқ мұз айдындары құрайды. Әлем мұхиттары суының 1 л-інде 35 г тұз болады, Каспий теңізі суының 1 литрінде - 13,5 г, ал Балтық теңізінде - 5 г тұз бар, әрине бұның бәрі ішуге жарамсыз. Негізінен Жер бетіндегі тұщы сулар көлемі шектелген, сондықтан көптеген елдер қазіргі күннің өзінде тұщы судың тапшылығын көруде, ол әсіресе ауылшаруашылық және өндірістік қажеттіліктермен тығыз байланысты.

Мұндай жағдай Қазақстанның Батыс бөлігіне тікелей байланысты. Ақтау қаласында тұщы су көздері мүлдем жоқ, осыған орай 1963 жылы онда теңіз суын тұщыландыруға арналған дистилляциялық қондырғы орнатылған, ал 1973 жылы сол қалада әлемде алғаш рет атомдық тұщыландырғыш салынды.

Қазақстанның су кадастрын 2174 өзен құрайды, оның көп бөлігі ұзындықтары 200 км – ден аспайтын кішірек өзендерге жатады. Бұлардың ішінен тек төртеуінің (Ертіс, Сырдария, Орал, Есіл) ғана ұзындықтары 1 мың км – ден астам. Бұл Республикамызда өзендер жүйесінің әлсіз дамығанын көрсетеді, негізінен өзендер қардың еріген суымен қоректенеді, ал жазғы уақытта көбісі кеуіп, құрғақ арна түзеді. Қазақстанда 35 мың көл бар, бірақ оның 90% -ы кішкене, уақытша тек көктемдегі уақытта толатын, күзге қарай соры шыққанша кеуіп, сортаңды жерге айналады. Республикамыздың ірі көлдері негізінен тұзды суға жатады, ал тұщы су көздеріне тау және ірі өзендер жатады.

Қазақстанда тұщы судың шамамен 60 км3 бөлігі мұздақтарда, олардың саны 1500 –нан жоғары және мұздақтардың еріген сулары су ресурстарының едәуір бөлігін құрайды. Республикамыздың жер қойнауында 70 –тен астам тұщы және тұздылау артезиан сулары бар.

Оңтүстік облыстар тұщы су көздерімен едәуір жақсы қамтамасыз етілген, онда сумен қамтамасыз етудің жер асты қорлары мол. Бұл аймақтың тек кейбір қалалары ғана жер беті суларын пайдалануға мәжбүр болып отыр, бірақ келешекте Оңтүстік Қазақстан облысының барлық қалаларын жер асты суларымен қамтамасыз етуге болады. Болашақта мұндай жоспарлар Шығыс Қазақстанда да іске аспақшы, ал Орталық Қазақстанда ірі жер асты суларының қойнаулары болғанымен, оларды пайдалану бірқатар қиындықтар тудырады.

Батыс Қазақстанның жер асты суларының көп бөлігінің минералдылығы жоғары, оларды тек тұщыландырудан кейін ғана шаруашылық –ауыз су мақсатында қолдануға болады. Солтүстік Қазақстанды жер асты сумен қамтамасыз ету қиын жағдайда, тек кейбір елдімекендер ғана толығымен жер асты суымен қамтамасыз етіледі, ал басқалары жер асты суын жартылай ғана пайдаланады. Алматы қаласын шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз етуде 2/3 бөлігі жер асты суы, ал 1/3 бөлігі Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің суы пайдаланылады. Сонымен Республикамыздың кейбір аудандары үшін сумен қамтамасыз ету осы күнге дейін күрделі мәселе болып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет