Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті Биохимия, биология және микробиология кафедрасы Молекулалық биология және медициналық генетика пәні бойынша



жүктеу 353.25 Kb.
Дата18.01.2018
өлшемі353.25 Kb.
түріСабақ



Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

Молекулалық биология және медициналық генетика пәні бойынша
тәжірибе сабақтарға арналған әдістемелік өңдеу
Мамандығы: « Фармация »
Курсы: I
Семестрі: I

Құрастырушылар:

Алипбаева. Г. С

Жазықбаева. Г. Т.

Шымкент - 2014
Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді:
29. 05. 2014 ж
№ 24 хаттама.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі: Есіркепов М.М

1. Сабақтың тақырыбы: Ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі.

Сағат саны: 90 мин ( 100%)

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Оқыту : Студенттерге ақуыз макромолекуласының бірінші, екінші, үшінші реттік құрылымын, ақуыздың негізгі қызметін үйрету. Ақуыз молекуласының фолдингін, ақуыз молекуласының табиғи құрылымын айқындайтын факторларды, шаперондар қызметтерін, приондар құрылысын қызметін үйрету.

тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.
Оқыту әдісі: Жаңа инновациялық әдістер арқылы тақырыппен таныстыру (презентация), мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер,тест тапсырмаларына жауап беру, баяндау, сұрақ-жауап, ситуациялық есептер, бақылау жұмысы, тест тапсырмалары, үлестірмелі кеспелер
Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.

а) техникалық құралдар: Микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, нұсқау карталар, кестелер.

сөзжұмбақтар, плакаттар жинағы.



б) оқыту орны : 413, 427б, 428 бөлме.
Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. С.А.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика»- Оқулық.Шымкент-«Асқаралы» баспасы,2008 ж.

  2. «Биология». Учебник под редакцией Ярыгина В.Н.-М.,Высшая школа, 2004.

  3. Қазымбет.П.К.,Мироедова Э.П.Биология.Учебное пособие для студентов медицинских вузов.Астана,2007

  4. Медицинская биология и генетика. Под редакцией Куандыкова.Е.У.-Алматы,2004

  5. Молекулалық биология негіздері Қуандықов Е.О.,Аманжолова Л.Е.-Алматы,2008


Қосымша әдебиеттер:

  1. Пехов А.П. «Биология общая генетика».Учебник.-М.,2006.

  2. Жалпы биология және медициналық генетика пәнінен есептер мен сұрақтар.Медициналық жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы А.В.Иткес редакциясымен,-М.ГЭОТАР-МЕД,2004


Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

1. Ақуыз түсінігі

2. Ақуыздың бірінші реттік құрылымы

3. Ақуыздың екінші реттік құрылымы

4. Ақуыздың үшінші реттік құрылымы

5. Ақуыз молекуласының фолдингі

6. Ақуыз молекуласының табиғи құрылымын айқындайтын факторлар

7. Фолдинг факторлары

8. Фолдинг ферменттері

9. Шаперондар қызметі

10.Приондардың атқаратын қызметі
Сабақтың мақсаты мен міндеті:

Ақуыз молекуласының бірінші, екінші және үшінші реттік құрылымын, қызметін, ақуыз молекуласының фолдингін, фолдингті айқындайтын факторларды, фолдинг ферменттерін, шаперондар қызметін түсіндіру.



Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)

1. Ақуыз молекуласының табиғи құрылымын айқындайтын факторлар

2. Фолдинг факторлары

3. Фолдинг ферменттері

4. Шаперондар қызметі

5. Приондардың атқаратын қызметі


Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)


  • Тақырыпты жоспарымен таныстыру

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.

Ақуыздар - жасушаның ең маңызды макромолекулаларының бірі.Оның элементтік құрамын, құрылысының теориясын алғашқылардың бірі болып зерттеген және «протеин» деп атауды ұсынған Голландия химигі болатын. Ақуыз молекуласы –полимер, оның мономерлері болып амин қышқылдар саналады. Қазіргі кезде табиғатта анықталған аминқышқылдардың жалпы саны-300 дей, бірақ ақуыз молекулаларында олардың тек 20 аминқышқылдары ғана кездеседі. Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар осы 20 аминқышқылдарды пайдаланып сан алуан ақуыз молекулаларын құрастырады.Кейбір ақуыздар молекуласында басқа да сирек кездесетін аминқышқылдар болады. Ақуыз молекуласында аминқышқылдар бір бірімен пептидтік байланыс арқылы байланысып үлкенді кішілі полипептид тізбегін пайда етеді. Мұны ақуыздың 1 реттік құрылымы деп атайды. Ақуыз молекуласында 20 аминқышқылдардың болатындығын ескерсек, онда олардың түрліше комбинациялануы нәтижесінде,қасиеттер әртүрлі болып келетін қаншама изомерлердің түзілетінін есептеу қиын емес.

Кейбір ақуыздар молекуласында басқа да сирек кездесетін аминқышқылдар болады. Мысалы, коллагенде-гидроксипролин,гидроксилизин;протромбинде-карбоксиглутамин қышқылы т.б. Ақуыз молекуласында аминқышқылдар бір бірімен пептидтік байланыс арқылы байланысып үлкенді кішілі полипептид тізбегін пайда етеді. Ақуыз молекуласының құрылысының полипептидтік теориясын Э.Фишер тәжірибе жасап қалыптастырды.
Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)

Ақуыздың бірінші, екінші, үшінші реттік құрылымдарын альбом бетіне түсіру.



Жаңа тақырыпты бекіту 9 мин (10%)

Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)

Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау



Үйге тапсырма беру 2 мин (2%)

Ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының биосинтезі



2. Сабақтың тақырыбы: Ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының биосинтезі.

Сағат саны: 90 мин ( 100%)

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Оқыту : Студенттерге нуклеин қышқылдарының биосинтезін, ДНҚ молекуласының ең маңызды қасиеттерінің бірі- оның өздігінен екі еселенуі болып саналатынын, ДНҚ репликациясының үш түрлі әдісімен консервативті, жартылай консервативті, дисперсті әдісін, ДНҚ транскрипциясын, РНҚ синтезін, транскрипция факторларын, ДНҚ молекуласының реттеуші учаскелерімен байланысатын ақуыздарды, транскрипцияның жалпы факторларын, транскрипция тетіктерін, транскрипцияның алғашқы өнімдерін, ақуыз биосинтезін түсіндіру.

тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

дамыту: жаңа қосымша иновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.
Оқыту әдісі: Жаңа инновациялық әдістер арқылы тақырыппен таныстыру (презентация), мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер,тест тапсырмаларына жауап беру, баяндау, сұрақ-жауап, ситуациялық есептер, бақылау жұмысы, тест тапсырмалары, үлестірмелі кеспелер
Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.

а) техникалық құралдар: микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, нұсқау карталар,кестелер, сөзжұмбақтар, плакаттар жинағы.

б) оқыту орны : 413, 427б, 428 бөлме.
Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.С.А.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика»- Оқулық.Шымкент-«Асқаралы» баспасы,2008 ж.

2.«Биология». Учебник под редакцией Ярыгина В.Н.-М.,Высшая школа, 2004.


  1. Қазымбет.П.К.,Мироедова Э.П.Биология.Учебное пособие для студентов медицинских вузов.Астана,2007

  2. Медицинская биология и генетика. Под редакцией Куандыкова.Е.У.-Алматы,2004

  3. Молекулалық биология негіздері Қуандықов Е.О.,Аманжолова Л.Е.-Алматы,2008


Қосымша әдебиеттер:

1.Пехов А.П. «Биология общая генетика».Учебник.-М.,2006.

2.Жалпы биология және медициналық генетика пәнінен есептер мен сұрақтар. Медициналық жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы А.В.Иткес редакциясымен - М.ГЭОТАР - МЕД, 2004
Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.




    1. ДНҚ репликациясы

    2. Транскрипция, транскрипция тетіктері

    3. Трансляция немесе ақуыз биосинтезі

    4. Репликация тетіктері

    5. Полимеризация ферменттері

    6. ДНҚ репликациясын аяқтаушы ферменттер

    7. ДНҚ ның теломерлік бөлімдерінің репликациялануы

    8. Теламералар қызметтері


Сабақтың мақсаты мен міндеті:
Ақуыз молекуласының биосинтезін, репликация, транскрипция, трансляция механизмдерін үйрету
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)


  • Оқущылардың білімін жан жақты тексеру

  • Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру

1.Ақуыз түсінігі

2.Ақуыздың бірінші реттік құрылымы

3.Ақуыздың екінші реттік құрылымы

4.Ақуыздың үшінші реттік құрылымы

5.Ақуыз молекуласының фолдингі

6.Ақуыз молекуласының табиғи құрылымын айқындайтын факторлар

7.Фолдинг факторлары

8.Фолдинг ферменттері

9.Шаперондар қызметі

10.Приондардың атқаратын қызметі
Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)


  • Тақырыпты жоспарымен таныстыру

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.

Эукариоттық жасушалар өздерінің пішіндерін өзгертуге, қозғалып орындарын ауыстыруға, цитоплазма органеллаларының қозғалуын және митоз кезінде хромосомалардың мақсатты ажырасуын қамтамасыз етуге қабілетті. Жасушаның бұл қабілеттері оның негізгің цитоархитектурасын қалыптастыратын цитоскелет ақуыздары жиынтығы арқылы жүзеге асады. Цитоскелет жасушаның белгілі бір құрылымдық деңгейінің ұйымдастырылуын бірқалыпты ұстап тұрантын, ерімейтін ақуыздар кешені болып табылады. Цитоскелет 3 негізгі құрылымнан - микротүтікшеден, актин филаменттерінен және аралық филаменттерден құралған.Олардың әрқайсысы мыңдаған ақуыздардан тұрады. Цитоскелет элементтерінің үшеуіде полимеризацияланады және өздігінен полимерлік құрылымдарға кірігіп мыңдаған біркелкі актин бөлшектеріне, әжептеуір ұзын, 10-15мкм, жасушаны тесіп өтетін сызықты массивтерге жинақталады. Бұл өте ұзын, жіпше тәрізді құрылымдар. Олар органелаларды ұстап тұрушы, жасуша ішілік қаңқа және органеллалар қозғалатын «рельстер» қызметтерін атқарады.

Цитоскелет құрылымының қалыптасуында және қызметтік бірігуінде (интеграция) оның негізгі компоненттерімен бірге қосымша ақуыздар да маңызды рөл атқарады. Олар:


  • органеллалардың цитоскелетке жабысуына;

– органеллалардың бағытты қозғалуын қалыптастыруға;

– цитоскелет байланыстарына және қызметтерінің үйлестірілуіне

жауап береді.
Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)
Ақуыз молекуласының биосинтезі репликация, трансляция,транскрипция механизмдерін альбом бетіне түсіру
Жаңа тақырыпты бекіту 9 мин (10%)

Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)

Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау



Үйге тапсырма беру 2 мин (2%)

Цитоскелеттің рөлі



3. Сабақтың тақырыбы: Цитоскелеттің рөлі

Сағат саны: 90 мин ( 100%)

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Оқыту : Студенттерге эукариоттық жасушалардағы цитоскелеттің рөлін, негізгі құрылымдық деңгейін, микротүтікшелерді, актин филаменттерін, аралық филаменттерін үйрету.

тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.

Оқыту әдісі: Жаңа инновациялық әдістер арқылы тақырыппен таныстыру (презентация), мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер,тест тапсырмаларына жауап беру, баяндау, сұрақ-жауап, ситуациялық есептер, бақылау жұмысы, тест тапсырмалары, үлестірмелі кеспелер

Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.

а) техникалық құралдар: микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, нұсқау карталар, кестелер.

сөзжұмбақтар, плакаттар жинағы.



б) оқыту орны : 413, 427б, 428 бөлме.
Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.С.А.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика»- Оқулық.Шымкент-«Асқаралы» баспасы,2008 ж.

2.«Биология». Учебник под редакцией Ярыгина В.Н.-М.,Высшая школа, 2004.

3.Қазымбет.П.К.,Мироедова Э.П.Биология.Учебное пособие для студентов медицинских вузов.Астана,2007

4.Медицинская биология и генетика. Под редакцией Куандыкова.Е.У.-Алматы,2004

5.Молекулалық биология негіздері Қуандықов Е.О.,Аманжолова Л.Е.-Алматы,2008


Қосымша әдебиеттер:

1.Пехов А.П. «Биология общая генетика». Учебник.-М.,2006.

2.Жалпы биология және медициналық генетика пәнінен есептер мен сұрақтар.Медициналық жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы А.В.Иткес редакциясымен,-М.ГЭОТАР-МЕД,2004
Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.




  1. Цитоскелеттің негізгі құрылымдары

  2. Микротүтікшелер

  3. Центросома

  4. Актин филаменттері

  5. Аралық филаменттер

  6. Цитоскелеттің жасушадағы рөлі


Сабақтың мақсаты мен міндеті:
Цитоскелеттің жасушадағы қызметін студенттерге түсіндіру
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)


  • Оқущылардың білімін жан жақты тексеру

  • Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру

1. ДНҚ репликациясы

2. Транскрипция, транскрипция тетіктері

3. Трансляция немесе ақуыз биосинтезі

4. Репликация тетіктері

5. Полимеризация ферменттері

6. ДНҚ репликациясын аяқтаушы ферменттер

7. ДНҚ ның теломерлік бөлімдерінің репликациялануы


Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)


  • Тақырыпты жоспарымен таныстыру

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.

Ағзалардың түпкілікті қасиеттері - өздігінен өрбу, өздігінен жаңару, өздігінен реттелу, жасушалардың бөлінуіне негізделінетіні бұрыннан белгі.

Жасушалардың митоз, мейоз жолдарыменбөлінуі (Чистяков-1875, Е.Страс бургер-1877), митоздың негізгі фазалары (профаза, метафаза, анафаза, телофаза), жасуша циклінің кезеңдері (G1, S, G2, М)осыдан 100 жыл бұрын зерттеліп сипатталған.

Жасуша циклі (митоздық цикл) дегеніміз жасушаның пайда болуы, өсуі, атқаратын қызметтеріне икемделуі және әрі қарай бөлінуі кезеңдерінде байқалатын құбылыстар мен үдерістер жиынтығы болып табылады.

Жасуша циклі (митоздық цикл) 4 кезеңдерден тұрады:

G1(Gар-1)-пресинтетикалық кезең-жаңадан пайда болған жасушалардың өсуі, ДНҚ молекуласының синтезделуіне (репликация) дайындалу кезеңі. Осы кезеңде жасушаның кезекті митоздық циклға енуі не бөлінуін тоқтатуы туралы «шешім» қабылданады. Көптеген сүтқоректілер жасушаларында бұл кезеңнің ұзақтығы 9-12 сағатқа тең.

S-синетикалық кезең-ядрода ДНҚ молекуласы синтезделінеді (екі еселенеді), цитоплазмада органеллалар, оның ішінде центриолялар, көбееді. Бұл кезеңнің аяғында жасуша, ДНҚ бойынша, тетраплоидты болады. Бұл кезеңнің ұзақтығы шамамен 10 сағатқа тең.

G2 (Gар-2)-постсинтетикалық кезең-жасуша бөлінуге дайындалады, яғни митоздың қалыпты жүруі үшін қажет барлық ақуыздар, оның ішінде бөліну жіпшесін қалыптастыратын тубулин, синтезделінеді. Бұл кезеңнің ұзақтығы 4,5-5,0 сағатқа тең.

М-митоз - жасушаның бөліну кезеңі, ол 4 фазадан - профаза, метафаза, анафаза, телофазадан тұрады. Митоздың жалпы ұзақтығы 30-40 мин.
Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)
Цитоскелеттің негізгі құрылымдарын альбом бетіне түсіру
Жаңа тақырыпты бекіту 9 мин (10%)

Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)
Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

Үйге тапсырма беру 2 мин (2%)

Жасушалық циклдің реттелуі



4. Сабақтың тақырыбы: Жасушалық циклдің реттелуі

Сағат саны: 90 мин ( 100%)

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Оқыту : Студенттерге жасуша циклінің пайда болуын, өсуін, атқаратын қызметтерін, әрі қарай бөліну кезеңдерінде байқалатын құбылыстар мен үдерістер жиынтығын түсіндіру

тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

дамыту: жаңа қосымша иновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.

Оқыту әдісі: Жаңа инновациялық әдістер арқылы тақырыппен таныстыру (презентация), мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер,тест тапсырмаларына жауап беру, баяндау, сұрақ-жауап, ситуациялық есептер, бақылау жұмысы, тест тапсырмалары, үлестірмелі кеспелер

Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.

а) техникалық құралдар: микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер,нұсқау карталар,кестелер.

сөзжұмбақтар, плакаттар жинағы.



б) оқыту орны : 413, 427б, 428 бөлме.
Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.С.А.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика»- Оқулық.Шымкент-«Асқаралы» баспасы,2008 ж.

2.«Биология». Учебник под редакцией Ярыгина В.Н.-М.,Высшая школа, 2004.

3.Қазымбет.П.К.,Мироедова Э.П.Биология.Учебное пособие для студентов медицинских вузов.Астана,2007

4.Медицинская биология и генетика. Под редакцией Куандыкова.Е.У.-Алматы,2004

5.Молекулалық биология негіздері Қуандықов Е.О., Аманжлова.Л .-Алматы,2008


Қосымша әдебиеттер:

1.Пехов А.П. «Биология общая генетика».Учебник.-М.,2006.

2.Жалпы биология және медициналық генетика пәнінен есептер мен сұрақтар.Медициналық жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы А.В.Иткес редакциясымен,- М.ГЭОТАР-МЕД,2004
Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.




  1. Жасуша циклының реттелуінің молекулалық тетіктері

  2. Жасуша циклының негізгі кезеңдері: пресинтетикалық

  3. Синтетикалық кезең

  4. Постсинтетикалық кезең

  5. Жасушаның митоз, мейоз жолымен бөлінуі


Сабақтың мақсаты мен міндеті:
Жасуша циклының кезеңдерін (пресинтетикалық, синтетикалық және постсинтетикалық) үйрету.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

14 мин (15%)




  • Оқущылардың білімін жан жақты тексеру

  • Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру

1. Цитоскелеттің негізгі құрылымдары

2. Микротүтікшелер

3. Центросома

4. Актин филаменттері

5. Аралық филаменттер

6. Цитоскелеттің жасушадағы рөлі
Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)


  • Тақырыпты жоспарымен таныстыру

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану

Ағзалардың түпкілікті қасиеттері-өздігінен өрбу, өздігінен жаңару, өздігінен реттелу, жасушалардың бөлінуіне негізделінетіні бұрыннан белгі.

Жасушалардың митоз, мейоз жолдарыменбөлінуі (Чистяков-1875, Е.Страс бургер-1877), митоздың негізгі фазалары (профаза, метафаза, анафаза, телофаза), жасуша циклінің кезеңдері (G1, S, G2, М)осыдан 100 жыл бұрын зерттеліп сипатталған.

Жасуша циклі (митоздық цикл) дегеніміз жасушаның пайда болуы, өсуі, атқаратын қызметтеріне икемделуі және әрі қарай бөлінуі кезеңдерінде байқалатын құбылыстар мен үдерістер жиынтығы болып табылады.

Жасуша циклі (митоздық цикл) 4 кезеңдерден тұрады:

G1(Gар-1)-пресинтетикалық кезең-жаңадан пайда болған жасушалардың өсуі, ДНҚ молекуласының синтезделуіне (репликация) дайындалу кезеңі. Осы кезеңде жасушаның кезекті митоздық циклға енуі не бөлінуін тоқтатуы туралы «шешім» қабылданады. Көптеген сүтқоректілер жасушаларында бұл кезеңнің ұзақтығы 9-12 сағатқа тең.

S-синетикалық кезең-ядрода ДНҚ молекуласы синтезделінеді (екі еселенеді), цитоплазмада органеллалар, оның ішінде центриолялар, көбееді. Бұл кезеңнің аяғында жасуша, ДНҚ бойынша, тетраплоидты болады. Бұл кезеңнің ұзақтығы шамамен 10 сағатқа тең.

G2 (Gар-2)-постсинтетикалық кезең-жасуша бөлінуге дайындалады, яғни митоздың қалыпты жүруі үшін қажет барлық ақуыздар, оның ішінде бөліну жіпшесін қалыптастыратын тубулин, синтезделінеді. Бұл кезеңнің ұзақтығы 4,5-5,0 сағатқа тең.

М-митоз-жасушаның бөліну кезеңі, ол 4 фазадан-профаза, метафаза, анафаза, телофазадан тұрады. Митоздың жалпы ұзақтығы 30-40 мин.
Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)
Жасуша циклының реттелуінің молекулалық тетіктерін (механизмдерін) альбом бетіне түсіру

Жаңа тақырыпты бекіту 9 мин (10%)

Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)

Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау



Үйге тапсырма беру 2 мин (2%)

Жасуша циклы . Жасушаның пресинтетикалық, синтетикалық және постсинтетикалық кезеңдері



5. Сабақтың тақырыбы: Жасуша циклы. Жасушаның пресинтетикалық, синтетикалық және постсинтетикалық кезеңдері

Сағат саны: 90 мин ( 100%)

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Оқыту : Студенттерге жасуша циклының кезеңдерін (пресинтетикалық, синтетикалық және постсинтетикалық) үйрету. G1(Gар бөлінуге дайындалуын, яғни митоздың қалыпты жүруін қажет барлық ақуыздарды, оның ішінде бөліну жіпшесін қалыптастыратын тубулинді синтезделуін, бұл кезеңнің ұзақтығы 4,5-5,0 сағатқа тең екенін үйрету.

М-митоз-жасушаның бөліну кезеңін, ол 4 фазадан-профаза, метафаза, анафаза, телофазадан тұратынын, митоздың жалпы ұзақтығы 30-40 мин болатынын түсіндіру.

тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

дамыту: жаңа қосымша иновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.

Оқыту әдісі: Жаңа инновациялық әдістер арқылы тақырыппен таныстыру (презентация), мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер,тест тапсырмаларына жауап беру, баяндау, сұрақ-жауап, ситуациялық есептер, бақылау жұмысы, тест тапсырмалары, үлестірмелі кеспелер

Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.

а) техникалық құралдар: микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер,нұсқау карталар,кестелер.

сөзжұмбақтар, плакаттар жинағы.



б) оқыту орны : 413, 427б, 428 бөлме.
Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. С.А.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика»- Оқулық.Шымкент-«Асқаралы» баспасы,2008 ж.

2. «Биология». Учебник под редакцией Ярыгина В.Н.-М., Высшая школа, 2004.

3. Қазымбет.П.К., Мироедова Э.П.Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. Астана, 2007



  1. Медицинская биология и генетика. Под редакцией Куандыкова.Е.У.-Алматы, 2004

  2. Молекулалық биология негіздері Қуандықов Е.О.,Аманжолова Л.Е.-Алматы, 2008


Қосымша әдебиеттер:

1. Пехов А.П. «Биология общая генетика».Учебник.-М.,2006.

2. Жалпы биология және медициналық генетика пәнінен есептер мен сұрақтар.Медициналық жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы А.В.Иткес редакциясымен,-М.ГЭОТАР-МЕД,2004
Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.




  1. Жасушаның пресинтетикалық кезеңі

  2. Жасушаның синтетикалық кезеңі

  3. Жасушаның постсинтетикалық кезеңі

  4. Жасушаның митоздық циклдан шығуы

  5. Жасушаның митоз, мейоз жолдарымен бөлінуі


Сабақтың мақсаты мен міндеті:

Жасуша циклының кезеңдерін (пресинтетикалық, синтетикалық және постсинтетикалық) түсіндіру


Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

14 мин (15%)




  • Оқущылардың білімін жан жақты тексеру

  • Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру

1.Жасуша циклының реттелуінің молекулалық тетіктері

2.Жасуша циклының негізгі кезеңдері: пресинтетикалық

3.Синтетикалық кезең

4.Постсинтетикалық кезең

5.Жасушаның митоз, мейоз жолымен бөлінуі


Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)



  • Тақырыпты жоспарымен таныстыру

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.



М-митоз-жасушаның бөліну кезеңі, ол 4 фазадан-профаза, метафаза, анафаза, телофазадан тұрады. Митоздың жалпы ұзақтығы 30-40 мин.

Профазада-жасуша ядросында хроматин жіпшесі ширатылып, тығыздалып жуандап, микроскоп арқылы көруге болатындай, жіпше тәрізді құрылымдар-митоздық хромосомаларға конденсацияланады. Бұл кезде әрбір митоздық хромосома бір-біріне жабысқан екі хроматидадан тұрады. Олар когезин деп аталатын ақуыз арқылы байланысқан. Хромосома деген терминді 1883 ж. Вальдейер ұсынған.

Хромосомаларда РНҚ синтезі толығымен тоқталады; рибосома гендерінің активсізденуі нәтижесінде ядрошықтар жойылады, біртіндеп ядро қабықшасы ыдырап бұзылады:

-ядроның ішкі мембранасымен байланысқан ядро ламинасы, оның негізін құрайтын аралық филаменттердің деполимеризациялануы салдарынан, ыдырайды-ал ядро мембраналары ұсақ көпіршіктерге бөлшектенеді.

Осы сияқты құбылыс цитоплазмада да байқалады, яғни эндоплазмалық тор (ЭПТ), Гольджи кешені визикулаларға (көпіршіктерге) ыдырайды.

Әрқайсысы жұп центролядан тұратын екі диплосома жасуша полюстеріне қарай біртіндеп ығысып жылжиды және бөліну жіпшелерін қалыптастыра бастайды. Рибосомаларда ақуыз синтезі күрт төмендейді.

Метафазада-митоздық хромосомалардың конденсациялануы ең жоғарғы шегіне (деңгейіне) жетеді және олар бөлінуші жасушаның экваторлық жазықтығына (ортасына) шоғырланады.

Анафазада-хроматидалар конденсацияланған күйде болып, бір-бірінен байланысын толық үзіп, бөлінуші жасушаның қарама-қарсы полюстеріне қарай тартыла бастайды. Бұл кезде олар центромералық учаскелерімен тиісілі полюске, ал теломерлік учаскелерімен жасуша экваторына қарай бағытталған болады.

Телофазада-жасуша полюсіне қарай жылжып қозғалушы хромосома жиынтығы «өздерінің» диплосомасына жақындап барып тоқтайды.

Профазада ядро мембранасының ыдырауы кезінде түзілген көпіршіктер хромосомалармен қосылады. Олардың қабырғасына ядроның поралық кешені қыстырылады. Ол арқылы аралық филаменттерді қалыптастырушы ақуыздар көпіршіктерге енеді де ядро ламинасын пайда етеді. Осының нәтижесінде көпіршіктер өзара қосылады. Алғаш әрбір хромосома айналасында қос қабат қабықша пайда болады, яғни кариомералар деп аталатын көптеген мини ядролар түзіледі. Олардың әрқайсысы «өзінің» диплосомасымен байланысқан болады.


Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)
Жасуша циклының кезеңдерін (пресинтетикалық, синтетикалық және постсинтетикалық) альбом бетіне түсіру
Жаңа тақырыпты бекіту 9 мин (10%)

Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)

Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау



Үйге тапсырма беру 2 мин (2%)

Митоз.Апоптоз туралы түсінік



6. Сабақтың тақырыбы: Митоз. Апоптоз туралы түсінік.

Сағат саны: 90 мин ( 100%)

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Оқыту : Студенттерге М-митоз-жасушаның бөліну кезеңін, ол 4 фазадан-профаза, метафаза, анафаза, телофазадан тұратынын, митоздың жалпы ұзақтығы 30-40 мин.болатынын түсіндіру.

Профазада - жасуша ядросында хроматин жіпшесі ширатылып, тығыздалып жуандап, микроскоп арқылы көруге болатындай, жіпше тәрізді құрылымдар - митоздық хромосомаларға конденсацияланады. Бұл кезде әрбір митоздық хромосома бір-біріне жабысқан екі хроматидадан тұрады. Олар когезин деп аталатын ақуыз арқылы байланысатынын,

Метафазада - митоздық хромосомалардың конденсациялануы ең жоғарғы шегіне (деңгейіне) жетеді және олар бөлінуші жасушаның экваторлық жазықтығына (ортасына) шоғырланғанын,

Анафазада - хроматидалар конденсацияланған күйде болып, бір-бірінен байланысын толық үзіп, бөлінуші жасушаның қарама-қарсы полюстеріне қарай тартыла бастайды. Бұл кезде олар центромералық учаскелерімен тиісілі полюске, ал теломерлік учаскелерімен жасуша экваторына қарай бағытталған.

Телофазада-жасуша полюсіне қарай жылжып қозғалушы хромосома жиынтығы «өздерінің» диплосомасына жақындап барып тоқтайтынын түсіндіру.

тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.
Оқыту әдісі: Жаңа инновациялық әдістер арқылы тақырыппен таныстыру (презентация), мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер,тест тапсырмаларына жауап беру, баяндау, сұрақ-жауап, ситуациялық есептер, бақылау жұмысы, тест тапсырмалары, үлестірмелі кеспелер
Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.

а) техникалық құралдар: микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер,нұсқау карталар,кестелер.

сөзжұмбақтар, плакаттар жинағы.


б) оқыту орны : 413, 427б, 428 бөлме
Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:
1С.А.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика»- Оқулық.Шымкент-«Асқаралы» баспасы,2008 ж.

  1. «Биология». Учебник под редакцией Ярыгина В.Н.-М.,Высшая школа, 2004.

  2. Қазымбет.П.К.,Мироедова Э.П.Биология.Учебное пособие для студентов медицинских вузов.Астана,2007

  3. Медицинская биология и генетика. Под редакцией Куандыкова.Е.У.-Алматы,2004

  4. Молекулалық биология негіздері Қуандықов Е.О.,Аманжолова Л.Е.-Алматы,2008


Қосымша әдебиеттер:

1. Пехов А.П. «Биология общая генетика».Учебник.-М.,2006.

2.Жалпы биология және медициналық генетика пәнінен есептер мен сұрақтар. Медициналық жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы А.В.Иткес редакциясымен,-М.ГЭОТАР-МЕД,2004
Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.




  1. Митоз түсініктемесі

  2. Митоз кезеңдері (профаза)

  3. Метафаза

  4. Анафаза

  5. Телофаза

  6. Циклинтәуелді киназалар


Сабақтың мақсаты мен міндеті:
Митоз процесінің негізгі кезеңдерін (профаза, метафаза, анафаза, телофаза) түсіндіру
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

14 мин (15%)





  • Оқущылардың білімін жан жақты тексеру

  • Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру

1.Жасушаның пресинтетикалық кезеңі

2.Жасушаның синтетикалық кезеңі

3.Жасушаның постсинтетикалық кезеңі

4.Жасушаның митоздық циклдан шығуы

5.Жасушаның митоз, мейоз жолдарымен бөлінуі


Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)


  • Тақырыпты жоспарымен таныстыру

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.

Адам патологияларын жіктеу медициналық генетиканың ең қиын

мәселелерінің бірі болып келеді, сондықтан да барлық мамандардың көңілінен шығатын, түпкілікті құрастырылған тұқым қуалайтын аурулардың жіктелу жүйесі әлі күнге дейін жоқ. Бұл тұқым қуалайтын патологиялардың топтарын және формаларын ажырату үшін қолданылатын критерияларды таңдау кезінде туындайтын көптеген қиындықтарға байланысты болса керек.

Хромосомалық аурулар деп – клиникалық сипаттары жағынан түрліше болып келетін адамдар патологиасының үлкен бір тобын айтамыз. Олардың бәрінің себептері бір – ол әртүрлі хромосомалық мутациялар. Хромосомалық аурулардың басқа тұқым қуалайтын аурулардан ерекшелігі Г.Мендель заңдарынан өзгеше жолмен тұқым қуалауы .

Моногендік аурулар-тиесілі ақуыз молекуласының қызметінің бұзылуына не толық жойылуына алып келетін нүктелі мутация салдарынан дамитын тұқым қуалайтын аурулардың үлкен бір тобы болып табылады. Моногендік аурулар аутосомды-доминантты, аутосомды-рецессивті және жыныспен тіркес тұқым қуалайды.

Қазіргі деректер бойынша тұқым қуалайтын моногендік аурулар тұрғындардың 2,4%-кездеседі, ал олардың орташа популяциялық жиілігі жаңа туылған нәрестелердің 10:1000 тең. Олардың арасында-аутосомды-доминанты аурулар-7:1000, немесе 60%, аутосомды-рецессивті аурулар-2,5:1000-30% құрайды.


Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)
Митоз процесінің кезеңдерін (профаза, метафаза, анафаза, телофаза) микроскоп арқылы бақылап, альбом бетіне түсіру
Жаңа тақырыпты бекіту 9 мин (10%)

Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)

Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау



Үйге тапсырма беру 2 мин (2%)

Тұқым қуалау ерекшеліктері. Хромосомалық аурулар.




7. Сабақтың тақырыбы: Тұқым қуалау ерекшеліктері. Хромосомалық аурулар.

Сағат саны: 90 мин ( 100%)

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Оқыту : Студенттерге адам патологияларын жіктеу медициналық генетиканың ең қиын мәселелерінің бірі болып келетінін, түпкілікті құрастырылған тұқым қуалайтын аурулардың жіктелу жүйесі әлі күнге дейін жоқ екендігін, бұл тұқым қуалайтын патологиялардың топтарын және формаларын ажырату үшін қолданылатын критерияларды таңдау кезінде туындайтын көптеген қиындықтарға байланысты екенін түсіндіру.

Хромосомалық аурулар – клиникалық сипаттары жағынан түрліше болып келетінін, адамдар патологиясының үлкен бір тобы екенін айту. Олардың бәрінің себептері бір – ол әртүрлі хромосомалық мутациялар. Хромосомалық аурулардың басқа тұқым қуалайтын аурулардан ерекшелігі Г.Мендель заңдарынан өзгеше жолмен тұқым қуалауын, және де қазіргі деректер бойынша тұқым қуалайтын моногендік аурулар тұрғындардың 2,4%-кездесетінін, ал олардың орташа популяциялық жиілігі жаңа туылған нәрестелердің 10:1000 тең екендігін, олардың арасында-аутосомды-доминанты аурулар-7:1000, немесе 60%, аутосомды-рецессивті аурулар-2,5:1000-30% құрайтынын түсіндіру.

тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

дамыту: жаңа қосымша иновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.

Оқыту әдісі: Жаңа инновациялық әдістер арқылы тақырыппен таныстыру (презентация), мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер,тест тапсырмаларына жауап беру, баяндау, сұрақ-жауап, ситуациялық есептер, бақылау жұмысы, тест тапсырмалары, үлестірмелі кеспелер

Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.

а) техникалық құралдар: микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер,нұсқау карталар,кестелер.

сөзжұмбақтар, плакаттар жинағы.



б) оқыту орны : 413, 427б, 428 бөлме.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

    1. С.А.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика»- Оқулық.Шымкент-«Асқаралы» баспасы,2008 ж.

    2. «Биология». Учебник под редакцией Ярыгина В.Н.-М.,Высшая школа, 2004.

    3. Қазымбет.П.К.,Мироедова Э.П.Биология.Учебное пособие для студентов медицинских вузов.Астана,2007

    4. Медицинская биология и генетика. Под редакцией Куандыкова.Е.У.-Алматы,2004

    5. Молекулалық биология негіздері Қуандықов Е.О.,Аманжолова Л.Е.-Алматы,2008


Қосымша әдебиеттер:

1.Пехов А.П. «Биология общая генетика».Учебник.-М.,2006.

2.Жалпы биология және медициналық генетика пәнінен есептер мен сұрақтар.Медициналық жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы А.В.Иткес редакциясымен,-М.ГЭОТАР-МЕД,2004
Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.




  1. Адамдардың тұқым қуалайтын аурулары

  2. Хромосомалық синдромдар

  3. Моногендік аурулар

  4. Меңдель заңдарынан өзгеше тұқым қуалайтын аурулар

  5. Мультифакторлы аурулар


Сабақтың мақсаты мен міндеті:

Адамдардың тұқым қуалайтын ауруларын, хромосомалық синдромдарды,

моногендік ауруларды, Меңдель заңдарынан өзгеше тұқым қуалайтын ауруларды, мультифакторлы ауруларды түсіндіру
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

14 мин (15%)




  • Оқущылардың білімін жан жақты тексеру

  • Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру




    1. Митоз түсініктемесі

    2. Митоз кезеңдері (профаза)

    3. Метафаза

    4. Анафаза

    5. Телофаза

    6. Циклинтәуелді киназалар

    7. Жасушаның митоз, мейоз жолдарымен бөлінуі


Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)



  • Тақырыпты жоспарымен таныстыру

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.

Ғасырлар бойына адамдардың тұқым қуалайтын ауруларын емдеу мүмкін болмады, себебі, біріншіден – белгілердің тұқым қуалаушылық тетіктері белгісіз болды; екіншіден – Мендельденуші тұқым қуалайтын белгілер ұрпақтарға қатып қалған күйінде, еш бір өзгеріссіз беріледі деген генетикалық тұжырым басым болды.



Медициналық генетикалық кеңес беру (МГК)-балалардың тұқым қуалайтын аурулармен туылуын болдырмауға бағытталған арнайы медициналық жәрдемнің бір түрі болып табылады.

Медициналық генетикалық кеңес беруді алғаш рет Мәскеуде ХХ ғ. 20 жылдарының аяғында көрнекті невропатолог С.Н.Давиденков ұйымдастырған, ал медициналық генетикалық кеңес беретін бірінші кабинет 1941 ж. АҚШ-тың Мичиган университетінде ашылған.

«Генетикалық кеңес беру» терминін 1947 ж. С.Рид ұсынған. Ол осы жылы алғаш рет генетиаклық кеңес беру туралы қысқаша әдістемелік қолданба жазған. Медициналық генетикалық кеңес бергенде мендельденуші (моногендік) және мендельденбейтін (полигендік, мультифакторлы) аурулар арасында біршама айырмашылық болатындығын ескерген жөн. Егер де мендельденуші белгілердің теориялық негізі толық шешілген десек, мендельденбейтін (мультифакторлы) аурулардың генетикалық қаупін анықтау тек ойша, болжам күйінде анықталуы мүмкін, себебі оның генетикасы әлі күнге дейін толық зерттелмеген.
Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)
Адамдардың тұқым қуалайтын ауруларын, хромосомалық ауруларды (Даун синдромы, Эдварс синдромы, Патау синдромы, Клайнфельтер синдромын, Шерешевский-Тернер синдромын, Мысықша мияулау синдромын) альбом бетіне түсіру
Жаңа тақырыпты бекіту 9 мин (10%)

Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)

Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау



Үйге тапсырма беру 2 мин (2%)

Тұқым қуалайтын ауруларды лабораториялалау




8. Сабақтың тақырыбы: Тұқым қуалайтын ауруларды лабораториялық диагностикалау әдістері.

Сағат саны: 90 мин ( 100%)

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Оқыту : Студенттерге медициналық генетикалық кеңес беру (МГК)-балалардың тұқым қуалайтын аурулармен туылуын болдырмауға бағытталған арнайы медициналық жәрдемнің бір түрі болып табылатынын, медициналық генетикалық кеңес беруді алғаш рет Мәскеуде ХХ ғ. 20 жылдарының аяғында көрнекті невропатолог С.Н.Давиденков ұйымдастырғандығын, ал медициналық генетикалық кеңес беретін бірінші кабинет 1941 ж. АҚШ-тың Мичиган университетінде ашылғанын жариялау туралы жеткізу.

«Генетикалық кеңес беру» терминін 1947 ж. С.Рид ұсынған. Ол осы жылы алғаш рет генетикалық кеңес беру туралы қысқаша әдістемелік қолтаңба жазғандығын, медициналық генетикалық кеңес бергенде мендельденуші (моногендік) және мендельденбейтін (полигендік, мультифакторлы) аурулар арасында біршама айырмашылық болатындығын түсіндіру.



тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

дамыту: жаңа қосымша иновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.

Оқыту әдісі: Тест тапсырмаларына жауап беру, баяндау,сұрақ-жауап, ситуациялық есептер, бақылау жұмысы,тест тапсырмалары, үлестірмелі кеспелер

Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.

а) техникалық құралдар: микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер,нұсқау карталар,кестелер.

сөзжұмбақтар, плакаттар жинағы.



б) оқыту орны : 413, 427б, 428 бөлме.
Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

    1. С.А.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика»- Оқулық.Шымкент-«Асқаралы» баспасы,2008 ж.

    2. «Биология». Учебник под редакцией Ярыгина В.Н.-М.,Высшая школа, 2004.

    3. Қазымбет.П.К.,Мироедова Э.П.Биология.Учебное пособие для студентов медицинских вузов.Астана,2007

    4. Медицинская биология и генетика. Под редакцией Куандыкова.Е.У.-Алматы,2004

    5. Молекулалық биология негіздері Қуандықов Е.О.,Аманжолова Л.Е.-Алматы,2008


Қосымша әдебиеттер:

1.Пехов А.П. «Биология общая генетика».Учебник.-М.,2006.

2.Жалпы биология және медициналық генетика пәнінен есептер мен сұрақтар.Медициналық жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы А.В.Иткес редакциясымен,-М.ГЭОТАР-МЕД,2004
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.




  1. Тұқым қуалайтын ауруларды алдын алу принциптері

  2. Тұқым қуалайтын аурулардың әлеуметтік салдары

  3. Мутациялық жүк

  4. Ретроспективтік кеңес беру

  5. Проспективтік кеңес беру


Сабақтың мақсаты мен міндеті:

Адамдардың тұқым қуалайтын ауруларын, хромосомалық синдромдарды,

моногендік ауруларды, Меңдель заңдарынан өзгеше тұқым қуалайтын ауруларды, мультифакторлы ауруларды алдын алу туралы түсіндіру.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

14 мин (15%)




  • Оқущылардың білімін жан жақты тексеру

  • Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру




  1. Адамдардың тұқым қуалайтын аурулары

  2. Хромосомалық синдромдар

  3. Моногендік аурулар

  4. Меңдель заңдарынан өзгеше тұқым қуалайтын аурулар

  5. Мультифакторлы аурулар


Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)


  • Тақырыпты жоспарымен таныстыру

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.

Тұқым қуалайтын ауруларды емдегенде,басқа кең таралған және жақсы зерттелген аурулар(мыс: инфекциялық) сияқты,емдеудің 3 жолын қолданады,симптомдық,патогенетикалық,этиотроптық. Барлық тұқым қуалайтын патологиялар-жаңадан пайда болған және ата-тетіктерінен берілген мутациялық жүк негізінде қалыптасады.Адам популяцияларындағы мутациялық жүктің эффектері эволюциялық –генетикалық, медициналық және әлеуметтік тұрғыдан байқалады. Емханаларда тұқым қуалайтын аурулармен ауыратын адамдарға, осы патологиялары жоқтарға қарағанда, медициналық жәрдем 5-6 рет жиі көрсетіледі. Ауруханадағы сырқаттылардың 10-20 %-ы әртүрлі тұқым қуалайтын патологиялары кездесетін балалар. Бұл популяциялардағы жалпы аурулар санынан 5-6 есе

артық. Тұқым қуалайтын патологиялар кездесетін адамдардың тіршілік ұзақтығы тек қана ауру түріне байланысты емес, сол сияқты медициналық жәрдем деңгейіне де байланысты болады. Денсаулық сақтау жүйесі жақсы дамыған елдердің өзінде де тұқым қуалайтын аурумен ауыратын пациенттердің көбісі балалық шақта дүние салады. Канадада, тұқым қуалайтын аурулармен ауыратын адамдардың барлығының күтілген тіршілік ұзақтығын есептегенде олардың тіршілік ұзақтығы тұрғындардың орташа тіршілік ұзақтығынан жиырма жылға кем болған.Тұқым қуалайтын аурулардың әлеуметтік салдары ауыру адамдар арасында мүгедектер санының көбеюі және оларды бағып күтуге жұмсалатын экономикалық,рухани шығындар деңгейінің өте көп,жоғары болуымен сипатталады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі тұқым қуалайтын ауруларды емдегеннен гөрі оны болдырмай,алдын алудың адамға да,қоғамға да тиімді екенін көрсетеді. Патологиялардың алдын алу шараларының негізгі екі тобы белгілі: балалардың тұқым қуалайтын патологиялармен туылуын болдырмау, генотипінде патологиялық өзгерістер кездесетін адамдарда аурудың даму тәуелділігін төмендету. Қазіргі кезде, медициналық генетикалық кеңес беруге негізделген тұқым қуалайтын патологиялардың бірінші реттік алдын алу шараларын іске асыруда елеулі табыстарға қол жеткізу.
Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)
Адамдардың тұқым қуалайтын ауруларын, хромосомалық ауруларды (Даун синдромы, Эдварс синдромы, Патау синдромы, Клайнфельтер синдромын, Шерешевский-Тернер синдромын, Мысықша мияулау синдромын) альбом бетіне түсіру
Жаңа тақырыпты бекіту 9 мин (10%)

Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)

Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау Үйге тапсырма беру 2 мин (2%)

Тұқым қуалайтын ауруларды емдейтін негізгі принциптері.

9. Сабақтың тақырыбы: Тұқым қуалайтын ауруларды емдейтін негізгі принциптері.

Сағат саны: 90 мин ( 100%)

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Оқыту : Студенттерге емханаларда тұқым қуалайтын аурулармен ауыратын адамдарға, осы патологиялары жоқтарға қарағанда, медициналық жәрдем 5-6 рет жиі көрсетілетінін, ауруханадағы сырқаттылардың 10-20 %-ы әртүрлі тұқым қуалайтын патологиялары кездесетін балалар екендігін жеткізу. Бұл популяциялардағы жалпы аурулар санынан 5-6 есе артық екендігін түсіндіру. Тұқым қуалайтын патологиялар кездесетін адамдардың тіршілік ұзақтығы тек қана ауру түріне байланысты емес, сол сияқты медициналық жәрдем деңгейіне де байланысты болады. Денсаулық сақтау жүйесі жақсы дамыған елдердің өзінде де тұқым қуалайтын аурумен ауыратын пациенттердің көбісі балалық шақта дүние салатынын студенттерге жеткізу.
тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

дамыту: жаңа қосымша иновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.

Оқыту әдісі: Тест тапсырмаларына жауап беру, баяндау,сұрақ-жауап, ситуациялық есептер, бақылау жұмысы, тест тапсырмалары, үлестірмелі кеспелер

Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.

а) техникалық құралдар: микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер,нұсқау карталар,кестелер.

сөзжұмбақтар, плакаттар жинағы.



б) оқыту орны : 413, 427б, 428 бөлме.
Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:


    1. С.А.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика»- Оқулық.Шымкент - «Асқаралы» баспасы, 2008 ж.

    2. «Биология». Учебник под редакцией Ярыгина В.Н.-М.,Высшая школа, 2004.

    3. Қазымбет.П.К., Мироедова Э.П.Биология.Учебное пособие для студентов медицинских вузов.Астана,2007

    4. Медицинская биология и генетика. Под редакцией Куандыкова.Е.У.-Алматы,2004

    5. Молекулалық биология негіздері Қуандықов Е.О.,Аманжолова Л.Е.-Алматы,2008


Қосымша әдебиеттер:

1.Пехов А.П. «Биология общая генетика».Учебник.-М.,2006.

2.Жалпы биология және медициналық генетика пәнінен есептер мен сұрақтар.Медициналық жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы А.В.Иткес редакциясымен,-М.ГЭОТАР-МЕД,2004
Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

1.Тұқым қуалайтын ауруларды алдын алу принциптері

2. Тұқым қуалайтын аурулардың әлеуметтік салдары

3. Мутациялық жүк

4. Ретроспективтік кеңес беру

5. Проспективтік кеңес беру


Сабақтың мақсаты мен міндеті:

Адамдардың тұқым қуалайтын ауруларын, хромосомалық синдромдарды,

моногендік ауруларды, Меңдель заңдарынан өзгеше тұқым қуалайтын ауруларды, мультифакторлы ауруларды алдын алу туралы түсіндіру.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

14 мин (15%)




  • Оқущылардың білімін жан жақты тексеру

  • Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру

1.Адамдардың тұқым қуалайтын аурулары

2.Хромосомалық синдромдар

3.Моногендік аурулар

4.Меңдель заңдарынан өзгеше тұқым қуалайтын аурулар

5.Мультифакторлы аурулар


Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)


  • Тақырыпты жоспарымен таныстыру

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.


Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)
Адамдардың тұқым қуалайтын ауруларын, хромосомалық ауруларды (Даун синдромы, Эдварс синдромы, Патау синдромы, Клайнфельтер синдромын, Шерешевский-Тернер синдромын, Мысықша мияулау синдромын) альбом бетіне түсіру
Жаңа тақырыпты бекіту 9 мин (10%)

Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)

Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау



Үйге тапсырма беру 2 мин (2%)

Диф.сынаққа дайындалу








Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет