ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



жүктеу 0.51 Mb.
бет1/4
Дата19.10.2017
өлшемі0.51 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4

ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ


«Алынбайтын протез дайындау техникасы»



ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ


Мамандығы: 0304000 «СТОМАТОЛОГИЯ»

Біліктілігі: 0304013 «Дантист»

Курсы: 3

Семестр: V

Құрастырушы:

оқытушы Бейсенова Г.Е.

Шымкент-2014 ж.

Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді

«_______» _____________

№ «_______» хаттама


«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі:



Сабақ №1
1.Сабақтың тақырыбы: Ғаныштан жоғарғы жақтың орталық күрек тістерін мүсіндеу.

2.Сағат саны: 1 сағат 45 мин(100%)

3.Сабақ түрі: теориялық сабақ

4.Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Оқушыларды қосымша материалдардың түрлерімен және оларды қолдануда керек құралдармен мен таныстыру және оқыту.

  • тәрбиелік : Тіс техникалық зертханасында жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау керектігімен таныстыру.

  • дамыту : Ғанышпен жұмыс істеу ережелерін меңгеру, жоғарғы жақтың орталық күрек тістерін ғаныштан мүсіндеу ерекшеліктерін меңгеруді жетілдіру, дамыту

5.Оқыту әдісі: пікірталас

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекті және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны:

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі (Н):

1.Алтынбеков К.Д., Мирзабеков О.М.,Нысанова «Тіс протездерін жасау технологиясы» (Алматы «Эвро» ЖШС баспасы,2011ж)

2.Копейкин В.Н., Демнер Л.М. «Зубопротезная техника» (Москва, «Медицина», 1998.)

3.Курляндский В.Ю. «Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии» (Москва, «Медицина», 1997г.)



Қосымша (Қ):

1.К.Д. Алтынбеков., «Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар.»(Алматы 2010ж )

2. Погодин В.С., Пономарев В.А. «Руководство для зубных техников» (Ленинград, «Медицина», 1993г.)

3.Поюровская И.Я. «Стоматологическое материаловедение», (Москва, «ГЭОТАР Медиа»2007ж)



8. Ұйымдастыру кезеңі 5мин(6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 20мин(22%)

1.Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын негізгі және қосымша материалдар. 2.Ғаныш,құрамы, қасиеті.



10.Жаңа сабақты түсіндіру. 40мин(44%)

Барлық ортопедиялық шаралар тіс-жақ жүйесінің жоғалған жүйесін қайта құру және қызметін қайта қалпына келтіруге бағытталған.Сондықтан тіс технигі мамандықты меңгеру процесі барысында тіс-жақ жүйесін құрайтын мүшелердің анатомиясын біліп қана қоймай, олардың топографиясы мен функциясының тамақ қабылдау, сөйлеу және мимика кезінде өзара қатынасын білу маңызды. Стомотологиялық ортопедиялық емдеудің жетістіктері тіс-жақ сүйектері мен бет әлпетінің құрылымдық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан жақсы білуге байланысыты екендігі белгілі. Тіс қатарларының әр түрлі кетіктерін қайтара қалпына келтіруде әрбір тістің құрылымдық ерекшеліктері мен оның антогонист тістерімен қарым-қатынасын білу өте маңызды. Тістің сауыт бөлігінің талапқа сай қайтара қалыпты жағдайға келтіру, эстетиканы, тісті қоршаған тірек аппаратының тіндерінің функцияларын қамтамасыз ететіндігі белгілі.



Тістердің құрылымы. Табиғи тіс үш бөліктен тұрады: сауыт, мойын және түбірі. Тістің сауыт бөлігі қызыл иектен шығып тұрады, ол эмальмен қапталған. Сауыт бөлігінің негізін дентин массасы құрайды.

Тістің түбірі альвеола өсіндісінде орналасады, оның құрамы дентиннен құралып, сырты ценментпен қапталған. Тіс түбірі тіректік қызметті орындайды.

Тістің сауыт бөлігінің түбірге өтетін жері анатомиялық мойны деп аталады. Тістің мойын бөлімінде эмаль қаптамасы аяқталып, қызыл иектің ішкі эпителиалды астарымен ұласып жатады. Ал тістің қызыл деңгейіндегі көрініп тұрған мойны – клиникалық мойын деп аталады.

Табиғи сауыт бөлігінің бірнеше беттері болады.

Алдыңғы күрек тістердің кесу қырлары, ал сүйір тістердің-төмпешіктері, кіші және үлкен азу тістердіңшайнау немесе окклюзиялық беттері болады.

Тістердің көрші тістерге қараған беттерін жанасу немесе апроксималды деп айтады.

Тістердің алдыңғы тістерге қараған жанасу беттерін мезиалды, ал артта тұрған тістерге жанасу беттерін-дисталды деп атайды.

Тістердің сырқа қараған беттері вестибулдыбеттері-ерін немесе ұрт беттері деп аталады.

Таңдай немесе тіл беттері дегеніміз, тістердің ауыз қуысына қараған ішкі беттері. Тістің сауыт бөлігінің ең шығыңқы жерін, тістің экваторы деп атайды. Экватор тісті окклюзиялық немесе қызыл иек бөліміне бөледі.

11.Жаңа тақырыпты бекіту. 15мин(16%)

1.Тіс техникалық лабораториясы, бөлімдері.

2.Тіс техникалық лабораториясында жұмыс істегенде қауіпсіздік шаралары.

3.Ғаныш, құрамы, қасиеті, қолданылуы.

4.Ғанышпен жұмыс істеу ережелері.

5.Жоғарғы ортаңғы күрек тістің анатомялық пішіні.



12.Сабақты қорытындылау. 5мин(6%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау;

- келесі сабақтың тақырыбын бағалау;

13.Үйге тапсырма беру. 5мин(6%)

Н-1, бөлім -1,бет 8-17

Н-2, бөлім -1,бет 3-15

Қ-1, бөлім -1,бет 3-17



Сабақ №2
1.Сабақтың тақырыбы: Ғаныштан төменгі жақтың орталық күрек тістерін мүсіндеу. 2.Сағат саны: 1 сағат 45 мин(100%)

3.Сабақ түрі: теориялық

4.Сабақтың мақсаты:

  • оқыту : Ортопед стоматолог пен тіс технигігің бірігіп атқаратын жұмыстарының негізгі қағидаларымен таныстыру және оқыту.

  • тәрбиелік : Тіс техникалық зертханасында жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау керектігімен таныстыру.

  • дамыту : Ғанышпен жұмыс істеу ережелерін меңгеру, төменгі жақтың орталық күрек тістерін ғаныштан мүсіндеу ерекшеліктерін меңгеруді жетілдіру,дамыту

5.Оқыту әдісі: фантомда жұмыс істеу

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекті және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары,жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны:

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі (Н):

1.Алтынбеков К.Д., Мирзабеков О.М., Нысанова «Тіс протездерін жасау технологиясы» (Алматы «Эвро» ЖШС баспасы,2011ж)

2. Копейкин В.Н., Демнер Л.М. «Зубопротезная техника» (Москва, «Медицина», 1998.)

3.Курляндский В.Ю. «Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии» (Москва, «Медицина», 1997г.)



Қосымша (Қ):

1.К.Д. Алтынбеков., «Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар.» (Алматы 2010ж )

2.Погодин В.С., Пономарев В.А. «Руководство для зубных техников» (Ленинград, «Медицина», 1993г.)

3.Поюровская И.Я. «Стоматологическое материаловедение», (Москва, «ГЭОТАР Медиа»2007ж)



8. Ұйымдастыру кезеңі 5мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 20мин(22%)

1.Тіс техникалық лабораториясы, бөлімдері.

2.Тіс техникалық лабораториясында жұмыс істегенде қауіпсіздік шаралары.

3.Ғаныш, құрамы, қасиеті, қолданылуы.

4.Ғанышпен жұмыс істеу ережелері.

5.Жоғарғы ортаңғы күрек тістің анатомялық пішіні.



10.Жаңа сабақты түсіндіру. 40мин(44%)

Жоғарғы және төменгі күрек тістерінің ортақ белгілері. Бұл тістердің сауыт бөліктерінің пішіндері алдыңғы жағынан қарағанда күрек іспеттес, сауыттың сыртқы беті томпақ, таңдай беті иілген, апроксималды беттері үшбұрышты, үшбұрыштың төбесі кесу қырларына бғытталған. Сауыт бөліктің кесу қыры жалпақ, ал мойын бөлігі қысыңқы. Кесу қырының мезиалды бұрышы сүйір, ал дисталды бұрышы-доғал. Таңдай беттен қарағанда үшбұрышты, үшбұрыштың төбесі мойын бөлікке қарай бағытталған, және оның жоғарғы үштен ір бөлігінде төмпешігі болады. Бір түбірлі тістер, түбірлерінің ұштары дисталды бағытта қисайған.

Жоғарғы және күрек тістердің айырмашылықтары. Сайыт бөлігін мезиал-дистал бағытта қарағанда ең томпақ тіс үстіңгі ортаңғы күрек тіс. Екінші орында үстіңгі бүйір күрек тіс. Үшінші орында төменгі бүйір күрек тіс. Төменгі ортаңғы күрек тіс ең жіңішке тіс болып табылады.

Үстіңгі күрек тістердің таңдай беттерінде оңға және солға біртіндеп үлкейетін сайлар болады. Таңдай бетінің дистал және медиал қырлары эмельдың қалңдауымен мойын бөлікке жалғасып жатады. Тістердің мойын бөліктерінде төмпешік үстіңгі тістерде айрықша шығыңқы және сайлардың бірігетін жеріндегі шұңқыр «соқыр тесік» деп аталады.

Төменгі күрек тістердің ішкі беттерін ойыстығы жоғарғы тістерге салыстырғанда аздау.

Үстіңгі күрек тістерлің мойын сызығының контуры домалақ пішінді болса, төменгі күрек тістерде бұл сызық, сопақша немесе гиперболла болады.

Төменгі күрек тістердің түбірлерінің мезиал және дистал беттері біртегіс және осы беттерде ұзына бойына орналасқан аздап білінетін ойықтар болады.

11.Жаңа тақырыпты бекіту. 15мин(16%)

1.Төменгі орталық күрек тістің анатомиялық пішіні.

2.Жоғарғы және төменгі орталық күрек тістердің анатомиялық пішіндерінің ерекшеліктері.

3.Төменгі орталық күрек тістердің анатомиялық пішінін мүсіндеу.



12.Сабақты қорытындылау. 5мин(6%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау;

- келесі сабақтың тақырыбын бағалау;

13.Үйге тапсырма беру. 5мин(6%)

Н-1, бөлім -2,бет 51-54

Н-2, бөлім -2,бет 19-33

Қ-1, бөлім -1,бет 3-17


Сабақ №3
1.Сабақтың тақырыбы: Ғаныштан жоғарғы жақтың бүйір тістерін мүсіндеу.

2.Сағат саны: 1 сағат 45 мин(100%)

3.Сабақ түрі: теориялық

4.Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Ғанышқа байланысты негізгі технологиялық процестер түрлерімен және оны қолдануда керек құрал-жабдықтармен мен таныстыру және оқыту.

  • тәрбиелік : Ғанышпен жұмыс істеуге арналған құрал-жабдықтармен жұмыс істеп машықтану оларды қолдану амал-әдістерін меңгеру.

  • дамыту : Ғанышпен жұмыс істеу ережелерін меңгеру, жоғарғы жақтың бүйір күрек тістерін ғаныштан мүсіндеу ерекшеліктерін меңгеруді жетілдіру, дамыту

5.Оқыту әдісі: Шағын топтармен жұмыс істеу

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютерлер,интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекті және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны:

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі (Н):

1.Алтынбеков К.Д., Мирзабеков О.М., Нысанова «Тіс протездерін жасау технологиясы» (Алматы «Эвро» ЖШС баспасы,2011ж)

2. Копейкин В.Н., Демнер Л.М. «Зубопротезная техника» (Москва, «Медицина», 1998.)

3.Курляндский В.Ю. «Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии» (Москва, «Медицина», 1997г.)



Қосымша (Қ):

1.К.Д. Алтынбеков., «Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар.»(Алматы 2010ж )

2. Погодин В.С., Пономарев В.А. «Руководство для зубных техников» (Ленинград, «Медицина», 1993г.)

3.Поюровская И.Я. «Стоматологическое материаловедение», (Москва, «ГЭОТАР Медиа»2007ж)



8. Ұйымдастыру кезеңі 5мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 20мин(22%)

1.Төменгі орталық күрек тістің анатомиялық пішіні.

2.Жоғарғы және төменгі орталық күрек тістердің анатомиялық пішіндерінің ерекшеліктері.

3.Төменгі орталық күрек тістердің анатомиялық пішінін мүсіндеу.



10. Жаңа сабақты түсіндіру. 40мин(44%)

Жоғарғы ортаңғы күрек тісті мүсіндеу. Тістердің сауыт бөліктерінің анатомиялық пішіндерін есте жақсы ұстау үшін және мүсіндерге мануалды машықтануды жаттықтыру үшін тістің сауыт бөліктерінің пішіндерін әртүрлі матермалдармен (балауыз, гипс, пластилин, сабын) жасауға болады. Ең ыңғайлысы гипс болады.

Бұл үшін жұмсақ немесе тіс техникалық гипстен тік бұрышты бағаналарды дайындаймыз. Бағананың бір бетіне пунктир сызықпен тістің осін сызып, келешек тістің жанасу беттерінің сызбаларын сызамыз. Тіс сауытың бүйір бетінің биіктігі мен жалпақтығының қатынасы. Тістің өрнектерін сызып болғаннан кейін, гипс пышағымен бағананы сауытқа шақтап кесеміз, бұның соңы сына тәріздес ұщы бар бағана болады. Алынған сына тәріздес бағанадан, таңдай бетін пішіндейміз, ол үшбұрыш түрінде, мойын бөлігінде төмпешігі болады. Осыдан кейін вестибулды бетін өңдейміз, пішінін төрт бұрышты етіп, шпательдің көмегімен қырларын дұрыстаймыз, ең соңында тістің сауыт бөлігінде анатомиялық пішін береміз.

Таңдай бетінің ойыс жері сауыттың үштен екі бөлігін қамтида, ал таңдай төмпешігі үштен бір бөлігін құрайды.

Сауыттың ең соңғы әзірлігі- оның мойын бөлігін өңдеу болып табылады. Бұл үшін гипс бағанасының түбір бөлігін конус түрінде келтіріп, шпательдің үшкір ұшымен тіс мойнының контурын жасайды.



Бүйір күрек тістер. Бүйір күрек тістің сауыт бөлігі орталық күрек тіске қарағанда кішірек және қысқалау, сауыттың медиалды бұрышы дөңгеленіп келеді.

Вестибулды беті орталық күрек тіске ұқсайды. Яғни кесу қырына қарай жіңішкереді.

Таңдай беті үшбұрыш пішінді, оның төбесі мойын бөлігінде орналасқан. Бүйін күрек тістің гипстен мүсінделуі орталық күрек тістіңкіне ұқсас.

11.Жаңа тақырыпты бекіту. 15мин(16%)

1.Жоғарғы бүйір күрек тістердің анатомиялық пішіні.

2. Жоғарғы ортаңғы күрек тістерден анатомиялық пішінінің айырмашылықтары.

3.Ғаныштан жоғарғы жақтың бүйір тістерін мүсіндеу.



12.Сабақты қорытындылау. 5мин(6%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау;

- келесі сабақтың тақырыбын бағалау;

13.Үйге тапсырма беру. 5мин(6%)

Н-1, бөлім -2,бет 51-55

Н-2, бөлім -2,бет 33-35

Қ-1, бөлім -3,бет 26-37


Сабақ №4
1.Сабақтың тақырыбы: Ғаныштан төменгі жақтың бүйір тістерін мүсіндеу.

2.Сағат саны: 1 сағат 45 мин(100%)

3.Сабақ түрі: теориялық

4.Сабақтың мақсаты:

  • оқыту : Ғанышқа байланысты негізгі технологиялық процестер түрлерімен және оны қолдануда керек құрал-жабдықтармен мен таныстыру және оқыту.

  • тәрбиелік : Ғанышпен жұмыс істеуге арналған құрал-жабдықтармен жұмыс істеп машықтану оларды қолдану амал-әдістерін меңгеру.

  • дамыту : Ғанышпен жұмыс істеу ережелерін меңгеру, төменгі жақтың бүйір күрек тістерін ғаныштан мүсіндеу ерекшеліктерін меңгеруді жетілдіру, дамыту

5.Оқыту әдісі: Ситуациялық есептер

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекті және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны:

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі:

1.Алтынбеков К.Д., Мирзабеков О.М., Нысанова «Тіс протездерін жасау технологиясы» (Алматы «Эвро» ЖШС баспасы,2011ж)

2. Копейкин В.Н., Демнер Л.М. «Зубопротезная техника» (Москва, «Медицина», 1998.)

3. Курляндский В.Ю. «Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии» (Москва, «Медицина», 1997г.)



Қосымша:

1.К.Д. Алтынбеков., «Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар.»(Алматы 2010ж )

2. Погодин В.С., Пономарев В.А. «Руководство для зубных техников» (Ленинград, «Медицина», 1993г.)

3.Поюровская И.Я. «Стоматологическое материаловедение», (Москва, «ГЭОТАР Медиа»2007ж)



оқыту : Ғанышқа байланысты негізгі технологиялық процестер түрлерімен және оны қолдануда керек құрал-жабдықтармен мен таныстыру және оқыту.

тәрбиелік : Ғанышпен жұмыс істеуге арналған құрал-жабдықтармен жұмыс істеп машықтану оларды қолдану амал-әдістерін меңгеру.

дамыту : Ғанышпен жұмыс істеу ережелерін меңгеру, жоғарғы жақтың бүйір күрек тістерін ғаныштан мүсіндеу ерекшеліктерін меңгеруді жетілдіру,дамыту

8.Ұйымдастыру кезеңі 5мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 20мин(22%)

1.Жоғарғы бүйір күрек тістердің анатомиялық пішіні.

2. Жоғарғы ортаңғы күрек тістерден анатомиялық пішінінің айырмашылықтары.

3.Ғаныштан жоғарғы жақтың бүйір тістерін мүсіндеу.



10.Жаңа сабақты түсіндіру. 40мин(44%)

Гипстен төменгі жақ күрек тістерінің сауыттарын мүсіндеу. Гипс бағанада тістің бүйір бетінің және кесу қырының жанынан көрінісі сызбасын жүогізеді. Сызбаға сәйкес гипстің артығын алып, вестибулярлы беті мен тіс мойнын мүсіндейміз. Сауыттың тілдік бетінде қырларын, төмпешікті және тістің мойнын келтіреміз. Ең соңында тістің кесуші қырларын өңдеп соңғы пішінді береді.

11.Жаңа тақырыпты бекіту. 15мин(16%)

1.Төменгі бүйір күрек тістердің анатомиялық пішіні.

2.Төменгі бүйір күрек тістердің жоғарғы бүйір күрек тістерден анатомиялық пішінінің айырмашылықтары.

3.Ғаныштан төменгі жақтың бүйір тістерін мүсіндеу.



12.Сабақты қорытындылау. 5мин(6%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау;

- келесі сабақтың тақырыбын бағалау;

13.Үйге тапсырма беру. 5мин(6%)

Н-1, бөлім -2,бет 52-55

Н-2, бөлім -2,бет 35

Қ-1, бөлім -3,бет 19-20


Сабақ №5
1.Сабақтың тақырыбы: Ғаныштан жоғарғы жақтың сүйір тістерін мүсіндеу және үлкен, кіші азу тістерін мүсіндеу.

2.Сағат саны: 1 сағат 45 мин(100%)

3.Сабақ түрі: теориялық

4.Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Ғанышқа байланысты негізгі технологиялық процестер түрлерімен және оны қолдануда керек құрал-жабдықтармен мен таныстыру және оқыту.

  • тәрбиелік : Ғанышпен жұмыс істеуге арналған құрал-жабдықтармен жұмыс істеп машықтану оларды қолдану амал-әдістерін меңгеру.

  • дамыту : Ғанышпен жұмыс істеу ережелерін меңгеру, жоғарғы жақтың сүйір тістерін мүсіндеу және үлкен, кіші азу тістерін мүсіндеу ерекшеліктерін меңгеруді жетілдіру,дамыту

5.Оқыту әдісі: Шағын топтармен жұмыс істеу

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекті және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны:

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі:

1.Алтынбеков К.Д., Мирзабеков О.М., Нысанова «Тіс протездерін жасау технологиясы» (Алматы «Эвро» ЖШС баспасы,2011ж)

2. Копейкин В.Н., Демнер Л.М. «Зубопротезная техника» (Москва, «Медицина», 1998.)

3. Курляндский В.Ю. «Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии» (Москва, «Медицина», 1997г.)



Қосымша:

1.К.Д. Алтынбеков., «Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар.»(Алматы 2010ж )

2. Погодин В.С., Пономарев В.А. «Руководство для зубных техников» (Ленинград, «Медицина», 1993г.)

3.Поюровская И.Я. «Стоматологическое материаловедение», (Москва, «ГЭОТАР Медиа»2007ж)



8. Ұйымдастыру кезеңі 5мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 20мин(22%)

1.Төменгі бүйір күрек тістердің анатомиялық пішіні.

2.Төменгі бүйір күрек тістердің жоғарғы бүйір күрек тістерден анатомиялық пішінінің айырмашылықтары.

3.Ғаныштан төменгі жақтың бүйір тістерін мүсіндеу.



10.Жаңа сабақты түсіндіру. 40мин(44%)

Сүйір тістер. Сүйір тістер тістердің ішінде ең ұзыны, оның сауыт бөліктері конус түрінде, күрек тістерге салыстырғанда қомақты және апроксималды беттері томпақтау болып доғасының бұрыштарында орналасады.

Вестибулды беті томпақ және тікесінен орналасқан онша айқындалмаған білік төмпешік түрінде орналасқан, кесу қырында білік айқын байқалады. Білік тістің вестибулды бетін өзара теңдей емес екіге бөліп жатады, кішірегі медиалды ал, улкендеуі дисталды.

Медиалды бұрыш, дисталды бұрышқа салыстырғанда төмен орналасқан.

Сауыттың таңдай беті қысыңқы, аздап томпақтау. Сауыттың щеті күрек тістеріндей тік емес, мезиал жақтың 1/3 бөлігіне жақын орналасқан төмпешік, сауыттың қырын екі доғал кесіндіге бөледі. Мезиалды кесінді дисталды кесіндіге салыстырған қысқарақ.

Сауыттардың дистал бұрыштары дөңестеу. Сүйір тістердің түбір сандары біреу, оның мезиал және дистал бағыттағы қалыңдығы, вестибул және тіл бағытын жуандау.

Вестибул және тіл бағытта түбірлер жіңішке және жұмыр болып көрінеді.

Және осы бағытта сүйір тістің түбір ұшы дисталды бағытта қисайған.

Жоғарғы және төменгі сүйір тістердің айырмашылықтары. Үстіңгі сүйір тістердің сауыт бөліктері, астыңғы сүйір тістерге салыстырғанда үлкендеу болып келеді, бірақ биіктіктері қысқалау. Сауыт бөліктерінің тіл немесе таңдай бетіндегі төмпешіктері үстіңгі сүйір тістерде айқын, астыңғы тістерде түзу көрінеді. Үстіңгі сүйір тістердің таңдай бетіндегі томпешіктен М және Д бұрыштарға қарай ұзарған жіңішке сайлардың іздері болады, асыңғы сүйір тістерде бұл бет ішке қарай иілген.

Үстіңгі сүйір тістердің мойын сызығының контуры жұмыр, төменгі сүйір тісте сопақша немесе гиперболаға ұқсайды.



Сүйір тісті гипстен мүсіндеу. Гипс бағанада сауыт бөліктің жанасу беттерін сызып аламыз. Осыдан кейін кесу қырында төмпешікті белгілеу арқылы оны екі теңдей емес бөліктерге бөледі, кішірек бөлімі медиал фасетканы мүсіндеуде, ал үлкендеу бөлімі- дистал фасетканы мүсіндеуге арналады. Белгіленген төмпешіктер мезиалды және дисталды бағыттарда кесу қырын мүсіндейміз. Осыдан кейін, тіс сауытың жанасу беттерін мүсіндейміз, сауыттың пішіні мойын бөлікке қарай тарылады.

Жоғарыдағы дайындықтан кейін, сүйір қырларды доғалдайды, мүсіндеу мойын бөлігімен аяқталады. Жоғарыдан қараған кезде кесу қырының қисықтығы көрінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет