Танымал блогер Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақовтың желіде тараған видеосына қатысты ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ел назарында жүрген ару бауырының видеосын “орынсыз әзіл” деп бағалады. 

“Бала күнімде Әлиханға тиісіп, күн бермейтін едім. Ол маған қарсы шығып, жұдырық ала жүгірмейтін. Өйткені қызға қол көтермеу керегін біледі. Видеосына қарап “әйелдерді ұрып-соғады, оларға қарым-қатынасы жаман” деп тұжырым жасауға болмайды. Қыз атаулысын аялауды ата-анамыз үйреткен. Біз қоғамда болып жатқан тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы жаңалықты отбасымызбен бірге талқылаймыз. Олар әйелді ұрып-соғудың дұрыс емес екенін айтады. Соны көріп өскен Әлиханның тиран болуы мүмкін емес. Ол парақшасында негатив пікір жазып жатқан қыздарды да құрметтейді. Тіпті өзінің сүйген қызын да алақанына салып аялайды. Оған ешқашан дауыс көтермейді. Ал орынсыз әзілмен түсірілген видео зорлық-зомбылықты насихаттау емес",  – деп жазды Айжан Байзақова. 

Еске салайық, атышулы блогердің інісі сүйіктісі үйлену ұсынысынан бас тартса, оны ұрып тастайтынын меңзеп, видео түсіргенін жазған болатынбыз. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.