Оѕтїстік ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



жүктеу 1.09 Mb.
бет3/10
Дата07.11.2018
өлшемі1.09 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бөлу процесінің материалдық балансы


Тұтас фазадан және онда ұшып жүрген бөлшектерден тұратын жүйені бөлу керек деп есептейміз. Мына белгілеулерді енгіземіз:

Gқ, Gm, Gt - берілген қоспа, мөлдірленген сүйық және тұнба мөлшерлері, кг. Хқ, Хм, Хт - b затының қоспадағы, мөлдірленген сұйықтағы және тұнбадағы массалық үлестері.

Егер заттардың шығыны болмаса, онда ажыратудың материалдық тепе-теңдігін былай жазуға болады:

заттардың барлық мөлшері бойынша:

дисперсті фаза (Ь заты) бойынша;



Егер қоспадағы Ъ затының массалық үлесі берілген болса (4.1) және (4.2) теңдеулерінен мөлдірленген сұйық Gm және тұнба мөлшерін анықтауға болады:



Мөлдірленген сұйықтағы және тұнбадағы затының массалық үлестерін әр технологиялық процестердің шартына байланысты таңдап алуға болады.


4. Иллюстрациялық материалдар: Виртуалды қондырғылар. Негізгі аппараттар бейнеленген плакаттар.
5. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Промышленная технология лекарств, Том 1. Под ред. Чуешова В.И. – Х.: МТК-Книга, Издательства НФАУ, 2002 – 560 с.

  2. Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии.9-е изд. - М.: Химия, 1973

  3. Плаксин Ю.М., Малахов Н.Н., Ларин В.А. Процессы и аппараты пищевых производств. – М.: КолосС, 2008. – 760 с.

  4. Ақбердиев Ә.С. Тамақ өндірісінің процестері және аппараттары, Алматы; 1998 ж.

  5. Кавецкий Г.Д. Процессы и аппараты пищевой технологии. - М.: Колос, 2000.

Қосымша:

  1. Романков П.Г., Курочкина М.И. Гидромеханические процессы химической технологии.3-е изд. - Л.: Химия,.

  2. Жужиков В.А. Фильтрование. 4-е изд. М.: Химия, 1986

  3. Фармацевтическая технология. Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.

  4. Александров И. А. Ректификационные и абсорбционные аппараты. Методы рсчета и основы конструирования. 3-издание - М.: Химия,

  5. Кафаров В.В. Основы массопередачи - М.: Высшая школа, 1979


6. БАҚЫЛАУ сұрақтар (кері байланысы):

  1. Біртекті емес жүйелерді жіктеу негізінде жатқан белгілерді атаңыз.

  2. Қандай біртекті емес жүйелерді білесіз?

  3. Біртекті емес жүйелерді бөлу әдістерін атаңыз.

  4. Бөлу процесінің материалдық балансынан қандай шамаларды анықтайды?

  5. Бөлу эффектісін не сипаттайды?



1. Тақырыбы 4: Тұндыру. Сүзу.
2. Мақсаты: Студенттерді тұндыру, сүзу және центрифугалау процестерімен, және оларды есептеу әдістерімен, оларды аппаратуралық безендірумен таныстыру.
3. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:

  1. Тұндыру және оны есептеу әдістері.

  2. Сүзу және оны есептеу әдістері.


Тұндыру

Тәжірибе жүзінде біртекті емес жүйелерді тұндыру кезінде шашыраған бөлшектердің концентрациясы аппараттың үстіңгі жағынан төмен қарай біртіндеп өсетіні байқалған. Тұнба қабаты (1 аймақ) үстінде қойылған суспензия аймағы (2 аймақ) түзіледі. Бұл аймақта бөлшектердің қысыла тұнуы, олар өзара үйкеледі және соқтығысады. Аппаратта шекаралары анық бөлінген қысыла тұну аймағын (2 аймақ), одан жоғары жатқан еркін тұну аймағын (3 аймақ), оның үстіндегі тазаланған сұйық аймағын (4 аймақ) ажыратуға болады.





8.1 сурет. Тұну процесінің тәсімі:

1 – тұнба қабаты (шлам); 2 – қойылған суспензия аймағы; 3 – еркін тұну аймағы; 4 – тазаланған сұйық аймағы.

Тұндыру процесінің басында көбінесе үлкен бөлшектер тұнады. Алайда бұл бөлшектердің концентрациясы азайғанда кері ағынды сұйықтың тежеу әсері әлсірейді және тұну жылдамдығы әсер ететін күшпен орта кедергісінің күші динамикалық теңдікке жеткенше артады. Одан кейінгі уақыт кезеңінде тұну тұрақты жылдамдықпен өтеді. Тұну процесінің соңғы және өте жәй жүретін кезеңі – тұнбаның тығыздалуы. Бұл кезде тұну процесінің жылдамдығы азаяды.

Қысыла тұну жылдамдығы еркін тұну жылдамдығынан аз болады. Бұл құбылыс қысыла тұну кезінде бөлшектер орта кедергісін жеңумен қатар, қосымша кедергіні, бөлшектердің өзара үйкелі және соқтығысуы нәтижесінде пайда болған, жеңуі керек.

Тұндырғыштарды есептеу. Тұндырғыштар алғашқы қоспа құрамындағы ең майда бөлшектерді де тұндыруға арналып жобаланады.


t (сек)уақыты аралығында суспензия тұнбаға және биіктігі h (м) болатын тазаланған сұйық қабатына бөлінді деп есептейік. Тұну беті F (м2) кезінде уақыт бірлігінде тазаланған сұйық көлемі Vосв3/сек) мына теңдеумен өрнектеледі:

(5)

Осы уақыт ішінде жылдамдықпен тұнатын бөлшектер h (м) жолын өтуі керек. Олай болса



(6)

Биіктікті (жолды) (5) теңдеуге қойсақ



(7)

(7) теңдеу тұндырғыштың өнімділігі оның биіктікке емес, тұну жылдамдығына және бетіне тәуелді екенін көрсетеді. Керекті тұну бетін мына өрнектен анықтаймыз:



(8)

Тазаланған сұйық көлемі Vосв оның тығыздығы rосв (кг/м3) кезінде



Мұнда Gосв — тазаланған сұйық массасы, кг.

Сонда

(9)

(3) теңдеуден Gосв мәнін (9) теңдеуге қойсақ, тұну беті



(10)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет