Оѕтїстік ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



жүктеу 1.09 Mb.
бет4/10
Дата07.11.2018
өлшемі1.09 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сүзу


Сүзусұйықты немесе газды өткізіп, асылып жүрген қатты бөлшектерді ұстайтын кеуек бөгеттердің көмегімен бөлу процесі. Суспензияны сүзгіштің көмегімен бөледі. Ол сүзу бөгетімен екіге бөлінген. Ыдыс бөліктерінде қысым айырмашылығын туындатады, соның әсерінен сұйық сүзу бөгетінің кеуектері арқылы өтеді, ал қатты бөлшектер оның бетінде қалып қояды. Сонымен суспензия таза сүзіндіге және ылғал тұнбаға бөлінеді. Сүзу бөгетінде алынған тұнбалар екіге бөлінеді: сығылатын және сығылмайтын. Қысым айырмашылығы үлкейгенмен кеуектілігі азаймайтын тұнбаны сығылмайтын тұнба деп атайды, кері жағдайда сығылатын тұнба деп атайды.

Сүзу жылдамдығы


Сүзу жылдамдығы қозғаушы күшке тура пропорционал және кедергіге кері пропорционал. Айнымалы жылдамдықты дифференциалды түрде былай өрнектейміз:
(11)

Мұнда V — сүзінді көлемі, м3; S — сүзу беті, м; — қысым айырмашылығы, н/м2; mсұйық фазаның тұтқырлығы, н×сек/м2; Roc — тұнба қабатының кедергісі; Rфп — сүзу бөгетінің кедергісі. Roc , Rфп м-1 өлшенеді.


8. 3 сурет. Сүзу процесінің тәсімі:

1 – сүзгіш; 2 – сүзу бөгеті; 3 – суспензия; 4 – сүзінді; 5 – тұнба.

Тұнба көлемінің сүзінді көлеміне қатынасын арқылы белгілейміз; сонда тұнба көлемі Х0V тең. Сонымен қатар тұнба көлемі hocS көбейтіндісімен өрнектелуі мүмкін, мұнда hoc — тұнба қабатының биіктігі, м. Сондықтан


бұдан (12)

Тұнба қабатының кедергісі

(13)

Roc мәнін (11) теңдеуге қойсақ

(14)

Сүзу бөгетінің кедергісін ескермесек (Rфп = 0) (14) теңдеуден:



(15)

Ал V=0 деп қабылдасақ, сүзу процесінің басында тұну қабаты жоқ кезде,



(16)

ΔР=const кезінде (14) теңдеуді интегралдасақ



(16)

немесе


(16”)

Мұнда – сүзу тұрақтысы, сүзу бөгетінің кедергісін сипаттайды, м32; - сүзу тұрақтысы, сүзу режимін және тұнбаның физикалық - химиялық қасиеттерін ескереді, м2/с.


4. Иллюстрациялық материалдар: Виртуалды қондырғылар. Негізгі аппараттар бейнеленген плакаттар.
5. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Промышленная технология лекарств, Том 1. Под ред. Чуешова В.И. – Х.: МТК-Книга, Издательства НФАУ, 2002 – 560 с.

  2. Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии.9-е изд. - М.: Химия, 1973

  3. Плаксин Ю.М., Малахов Н.Н., Ларин В.А. Процессы и аппараты пищевых производств. – М.: КолосС, 2008. – 760 с.

  4. Ақбердиев Ә.С. Тамақ өндірісінің процестері және аппараттары, Алматы; 1998 ж.

  5. Кавецкий Г.Д. Процессы и аппараты пищевой технологии. - М.: Колос, 2000.

Қосымша:

  1. Романков П.Г., Курочкина М.И. Гидромеханические процессы химической технологии.3-е изд. - Л.: Химия,.

  2. Жужиков В.А. Фильтрование. 4-е изд. М.: Химия, 1986

  3. Фармацевтическая технология. Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.

  4. Брагинский Л.Н., Бегачев В.И., Барабаш В.М. Перемешивание жидких сред. - М.:-Химия, 1984.-336 с.

  5. Александров И. А. Ректификационные и абсорбционные аппараты. Методы рсчета и основы конструирования. 3-издание - М.: Химия,

  6. Кафаров В.В. Основы массопередачи - М.: Высшая школа, 1979


6. БАҚЫЛАУ сұрақтар (кері байланысы):

  1. Тұнудың қозғаушы күші не?

  2. Тұну процесінің тәсімін сипаттаңыз.

  3. Тұну беті қалай аныұталады?

  4. Сүзу арқылы қандай біртекті емес жүйелерді бөледі?

  5. Сүзу процесін қандай күштер және тұрақтылар сипаттайды?

  6. Центрифугалардағы қозғаушы күш не?

1. Тақырыбы 5: Сұйық ортаны араластыру. Газды жүйелерді бөлу.
2. Мақсаты: Студенттерді сұйық ортаны араластырумен және газды жүйелерді бөлумен таныстыру, сонымен қатар оларды есептеуді үйрету.
3. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:

  1. Сұйық ортаны араластыру.

  2. Газды жүйелерді бөлу.


Сұйық ортаны араластыру

Фармацевтикалық өнеркәсіпте суспензия, эмульсия және гомогенді жүйелерді (ерітінділерді) алу үшін, химиялық жылу және массаалмасу процестерінің қарқындылығын арттыру үшін сұйық орталарды араластыру процесі кеңінен пайдаланылады.

Сұйық орталарды араластырудың негізгі үш тәсілі болады:

1) механикалық - әртүрлі құрылысты былғауыштар жәрдемімен;

2) пневматикалық - сығылған ауа немесе инертті газдар жәрдемімен;

3) циркуляциялық - сораптар немесе соплалар жәрдемімен.

Араластыру процесі негізінен: араластыру сапасы және араластырғыш әрекетінің қарқындылығымен сипатталады.

Механикалық былғауыштардың тұтынатын қуаты

Гидродинамиканың теңдеуіне сәйкес, сұйықтың стационарлы еріксіз қозғалысын, ауырлық күшін ескере отырып, мына ұқсастық сандар теңдеуімен сипаттауға болады



Мұнда геометриялық ұқсастық симплекстері.

Араластыру процесін сипаттау үшін модификацияланған Эйлер (), Рейнольдс () және Фрудо () ұқсастық сандары қолданылады. Олар осы ұқсастық сандардың кәдәуілгі өрнектерін түрлендіру жолымен алынады.

Араластыру кезінде сұйықтың орташа жылдамдығын анықтау мүмкін емес. Сондықтан сұйықтың сызықтық жылдамдығының орнына модификацияланған ұқсастық сандарға шамасы қойылады. Ол былғауыштың айналу жылдамдығына пропорционал:



Мұнда былғауыштың айналу саны;



былғауыш диаметрі.

Анықтаушы сызықтық өлшем ретінде былғауыш диаметрі қабылданады.

Осы шамаларды сәйкес ұқсастық сандарға қоямыз, сонда:

Модификацияланған Рейнольдс ұқсастық саны



;

Модификацияланған Фрудо ұқсастық саны



;

Модификацияланған Эйлер ұқсастық саны



.

Эйлер ұқсастық санына кіреді. Бұл былғауыш білігіне берілген күш жеңетін қысым айырмашылығы. Ол күш пайдалы қуат N арқылы өрнектеледі. Қуат N шамасы білікке берілген күштің және айналу жылдамдығының көбейтіндісіне пропорционал.



Сонда ;



Эйлер ұқсастық санына қойсақ:

Соңғы өрнек бойынша анықталған Эйлер ұқсастық санын қуат ұқсастық саны деп атап, деп белгілейді.


Газды жүйелерді бөлу. Газды тазалаудың мына әдістерін ажыратады:


  1. Ауырлық күші әсерімен тұндыру (графитациялық тазалау).

  2. Инерциялық күштер әсерімен тұндыру.

  3. Сүзу.

  4. Ылғалды тазалау.

  5. Электростатикалық күштер әсерімен тазалау.

Газды тазалау дәрежесін h мына түрде анықтайды:

где G1, G2 — Алғашқы және тазаланған газдардағы асылған бөлшектердің мөлшері.


Графитациялық тазалау. Шаңтұндыру камералары


Ауырлық күші әсерімен газды шаңнан тазалау тұндыру камераларында жүргізіледі. Шаңдалған газ камераға 1 беріледі,оның ішінде горизонталь сөрелер 2 орналасқан. Газ камерада қозғалғанда газдан шаң бөлшектері сөрелерге қонады. Сөрелерден өткен газ бөгетті 3 айнала ағып, камерадан шығарылады. Сөрелерде жинақталған шаң бөлшектері мезгіл – мезгіл есікшелер 4 арқылы шығарылып тасталады.



8.6 сурет. Шаңтұндыру камерасы:

1 – камера; 2 – горизонталь сөрелер; 3 – бөгет; 4 – есікшелер.

Осы әдіспен газды үлкен бөлшектерден ғана жеткілікті тазалауға болады, сондықтан шаңтұндырғыш камераларды газды шаңнан алдын ала тазалауға қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет