Танымал актер, әзілкеш Жахан Отарғалиев өміріндегі оң өзгерістерді айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/stories/zhahan_utargaliyev
Әзілкеш екінші рет ажырасқаннан кейін, бәрін тастап туған жеріне көшуді ойлаған. Алайда оны райынан қайтарған бір ғана адам көрінеді.
“Басыма түскен ауыр сынақтардан кейін күйзелістің түбіне барып келдім. Адам баратын жер емес екен. Әлеуметтік желіге де шықпай қалдым. Бастаған тірліктерімнің бәрі сәтсіз болды. Алматыда жүре беруді ойламай, Оралға көшемін деп шешім қабылдадым. Міне, заттарымды да жинап қойдым. Сол жақта ештеңе істемей, жақындарымның жанында боламын деп ойладым. Бірақ бір ғана адамның сөзі мені ойымнан қайтарды”, – деді әзілкеш.
-
"7 ай ғана бірге тұрдық": Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеулерімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты
-
"Әжем теріс бата берген": Актер Шерхан Пірназар балалық шағын есіне алды
Айтуынша, анасы ұлының өнер адамы болғанын қалаған. Сол үшін де өнер саласындағы тірліктерін жалғастыруды өтінген. Әзілкеш анасының аудио жазбасын желіге жүктеді.
“8 ай жатып, түк істемегенің жетер?! Енді тұрып, тірліктеріңді жаса. Қырғын шаруа күтіп тұр. Біраз жатып, демалдың. Жасамайды екенсің, сені балам деп есептемеймін. Менің балам екеніңді дәлелде” делінген аудиода.
Осы сәттен кейін, Жахан ойынан қайтып, жоспарларын өзгерткен. Тіпті, жақында оқырман қауымды жақсы жаңалықпен қуантпақшы.
“Анамның айтқанынан кейін, мешітке келіп дұға жасадым. Араға ұзақ уақыт салмай досым хабарласып, бір идея айтты. Қысқасы, менің өмірімде жаңа белес пайда болды. Біз адамбыз, әлсізбіз. Мықты болу өзіңе ғана байланысты екен. Керемет жаңалық болғалы тұр” деп жазды әзілкеш.
Фото: https://www.instagram.com/stories/zhahan_utargaliyev
Еске салайық, Жаханның жанкүйері экс жұбайы Балжан Бидашпен көрші тұратынын жазған едік.
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.