Оқу- әдістемелік қҰжаттар семей – 2012 Мазмұны


Өзін өзі тексерудің сұрақтары



жүктеу 0.72 Mb.
бет2/5
Дата23.11.2017
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5

Өзін өзі тексерудің сұрақтары:

1 Шаруашылық аңдарының міндеті.

2 Құстардың биологиясы.

3 Басқа пәндермен байланысы.

Әдебиеттер: Наумов С.П. Омыртқасыздар зоологиясы., зоология, жануарлар систематикасы.

6-7 тақырып. Мысықтар мен куница отряд үстінің биологиясы

1. Мысықтар тұқымдасына жалпы сипаттама.

2. Мысықтар тұқымдасының өкілдері мен таралу ареалы.

3. Мысықтар тұқымдасынаың көбеюі.

Мысықтар тұқымдасына ірі және орташа болатын, саусақтарымен басып жүретін, аяғьі ұзын (гепардтан басқалары) және өткір тырнақтары бар жыртқыштар жа-тады. Тірі жануарларды тасаланып барып, байқатпай шабуыл жасап, ұстап жейді.

Гепард және арыстан мен сілеусін — жануарларды иттерше қуып жүріп үстайды. Бұлардың жырткыш тісі өте жақсы жетілген. Олар Австралиядан басқа жердің барлығында да кездеседі, көптеген түрі тропикада тараған. Бізде кездесетін түрлері: жолпарыс Қиыр Шығыста және Орта Азияның кейбір жерлерінде кездеседі.

Қабыланның негізгі тараған жері Азия және Африка, бізде Кавказда, Түркменияда және Қиыр Шы-іыста кездеседі. Барыс Орта және Орталық Азия тауларының биік шьщдарында тіршілік етеді. Бүл түқымдасқа жататын үсақ мысықтардың бірнеше түрі бар. Мысалы, Батыс Украинаның. Бұл түрлері кемірушілермен және күстармен қоректенеді.

Сілеусін биік таулардьң жыл бойы қар басып жатқан жерлерінде тіршілік етеді. Қары қалын, жерлерде тіршілік етуіне байланысты аяқтары үзын және табаны жалпақ болады. Ақ қояндарды үйықтап жатқанда тап беріп немесе ит-терше қуып жетіп үстап жейді.

Гепард басқа мысықтардан ерекшелігі табаны ұзын, тырнағы жасырынбайды. Бүлар негізінен Онтүстік Азиянын, шөлді аудандарында тараған. Бізде гепард-тар оңтүстік Туркменияда кездеседі. Олар ашық далалы жердегі жануарларды қуып жүріп үстап, жейді. Гепардтарды қолға үйретіп ақ бекендерді үстауға пайдаланады.

Мысык, түқымдастар сирек кездесетін болғандықтан, кәсіптік маңызы аз жануарлар болып саналады.

Өзін өзі тексерудің сұрақтары:

1 Жыртқыштардың таралуы, бейімделуі.

2 Жыртқыштардың систематикасы.

3 Жыртқыштардың экологиясы.

Әдебиеттер: Наумов С.П. Омыртқасыздар зоологиясы., зоология, жануарлар систематикасы.

8-9 тақырып. Ескек аяқтылар биологиясы.

1. Ескек аяқтылардың жалпы сипаттамасы.

2. Ескек аяқтылардың экономикалық, кәсіптік маңызы

3. Ескек аяқтылардың азықтану ерекшеліктері.

Ескек аяқтылар суда тіршілік етуге бейімделген жыртқыш тарға жақын сүт қоректілер болып есептеледі. Суда олар қоректенеді және дем алады. Бұлар жағаға немесе мұздың үстіне шағылысу, күшіктеу және түлеу үшін ғана шығады. Құрлықпен байланысы әрбір түрінде түрліше болады. Суда тірші.ми етуіне байланысты, дене құрылысында бірнеше бейімделушілп тері бар. Жалпы денесі ұзын және үршық тәрізді болады. Мп йыны қысқа, денесінен айқын айрылып тұрмайды. Аяқтары ескек сияқты болады. Денесінде түгі болмайды. Денесіндегі жылуды реттеп отыратын, сыртқы механикалық әсерден сақтайтын және жануардың меншікті салмағын азайтатын тері астындағы май кабаты жақсы жетілген.

М. М. Слепцовтың зерттеуінің нәтижесінде, кейбір түрлерінің терісінің астыңғы қабатында өңешпен жалғасып жататын бір немесе екі ауа қапшығының болатыны анықталған. Ауа қапшығындағы ауаның біріншіден организмнің меншікті салмағын кемітуі, екіншіден суда жүзген кезде тыныс алуға пайдаланылуы мүмкін. Құлак қалқаны редукцияға ұшыраған, бірақ бұлар өте нәзік дыбысты естиді. Иіс мүшесі жақсы жетілген, керісінше көзі нашар көреді. Тіс системасы жер бетінде тіршілік ететін жыртқыштардың тісінің құрылысына ұқсас.

Ескек аяқтылардың үлкен кәсіптік маңызы бар. Олардың майы мен терісін пайдаланады. Кейбір түрлерінің терісі өте құнды болады Құлақты тюленьдер тұқымдасы. Бұлардың құлақ қалқанының нұсқасы ғана бар. Артқы аяғының ескегі алға қарай иіліп, құрлықта қозғалуына мүмкіндік береді. Шошақ тістері жақсы жетілген. Бүл тұқымдасқа жата-тындар теңіз арыстандары, сивучтар және теңіз мысықтары. Бұл түрлерінің барлығы да туар кезінде жер бетіне шығады.

Теңіз мысығының маңызы үлкен.. Бұл ұзындығы 2 метрдей болатын тюленьдердің ірі түрі. Тынық мұхиттың солтүстік жағына тараған. Жазда түлеу және көбею үшін мысықтар кейбір аралдарға жиналады. Жағада май айы-нан август айына дейін болады. Бұлардың осы топтанып шоғырланған жерін «жатақ» деп атайды. Күзде түлеп болған соң оңтүстікке миграциялайды. Теңіз мысығының мұндай жатағы бізде Командор аралдарында және Тюленье (Сахалиннің жа-нындағы) аралдарында бар. Теңіз мысығы — полигамдар, яғни бір еркегі 30—80-ге жуық ұрғашысын ұрықтандырады. Ұрғашысы қара түсті бір ғана күшік туады. Ересектері қоңыр-сұр түсті болады. Терісі қыска калың түбітті және бірен-саран ұзын қылшығы болады. Терісін өңдегенде осы ұзын қылшығын жұйып тістап, тегіс етіп қырқып, әдетте қара түске бояйды. Теңіз Мысығын жазда жатағында жатқанда аулайды, сонымен олардьң санын арттыруда ғылыми жұмыстар жүргізілінеді.

Нағыз тюленьдер тұқымдасы, қүлақ қалқандары болмайды. Артқы аяқтарынын, ескегі алдына қарай бүгілмейді. Сондықтан да артқы аяғының жер бетімен қозғалуына көмегі тимейді. Бүлардын, көпшілік түрлері екі жарты шардағы мұзды теңіздерде тараған. Түлеу, шағылысу және күшіктеу үшін мұздың үстіне шығады. Бұл кезде бірнешеуі бірігеді. Мүны «залежка» деп атайды. Кейбір түрлері кеңінен миграцияласа, енді бір түрлері барынша бір жерде т-рақтап тіршілік етеді. Мысалы, Гренландия тюленьдері орһоса Арктикадан кыста оңтүстікке қарай миграциялап, Ақ тетеңіздің жиегінде және тұйықтарына, Нью-Фаундленд және Ян-Майен аралдарының мұздарының үстіне топтанып, күшіктейді, түлейді және шағылысады. Осы кезде оларды аулайды. Күшіктері үш жүмаға дейін ақ түсті болады. эалықтармен қоректенеді.

Теңіз қояны.Олардьщ үзындығы екі метрден астам болады. Теңіз қояндары Мұзды мүхиттың, Берингов және Охот теңіздерінін тайыз жағалауында түрақты тіршілік етеді. Су түбіндегі омыртқасыздармен қоректенеді. Олар үлкен топ қүрамайды. Мүздын, үстінде күшіктейді. Нерпаның түсі ала, ірі болмайды. Бұл да миграцияламайды. Атлантика мүхитының солтүстік теңіздерінде, Мүзды мұхитка және Тынық мұхиттың солтүстігіне, Ладога және Сайма көлдеріне тараған. Бүлар қыста мұздан ін жасап, соған балалайды. Байкал мен Каспий көлдерінде нерпаға жа-қын тюленьнің ерекше түрі тіршілік етеді. Нерпа көпшілігінде балықтармен және шаян тәрізділермен қоректенеді. Бала-лары ақ түсті, үлпілдек жүнді болады. Оларды «ақ тиіндер»деп атайды.

Морждар түқымдасы Евразия мен Солтүстік Американың поляр жак жиегінде және Мұзды мүхиттың Архипелагіндегі Франц-Иосиф аралына тараған, Морждардың денесініқ үзындығы 3-4 м, салмағы 1000 кг болады. Артқы аяқтарының ескектері, құлақты тюленьдердікі сияқты, алдына карай иіледі де қүрлыққа жүруіне қатысады. Қүлағының сыртқы қалқаны болмайды. Терісінің түгі жоқ деуге де болады. Жоғарғы жағының шошақ тістері үлкен, сойдиып аузынан шығып тұрады. Осы тістерінің көмегімен олар мұз-дың үстіне шығады және судың түбіндегі омыртқасыздарды қазып алып, қоректенеді. Судың жиегіне, мұздыц үстіне шығып, бірнешеуі бірігіп топ қүрайды.



Өзін өзі тексерудің сұрақтары:

1 Ескек аяқтылардың систематикасы.

2 Ескек аяқтылар шаруашылықтағы маңызы.

3 Ескек аяқтылар түрлері, экологиясы.

Әдебиеттер: Наумов С.П. Омыртқасыздар зоологиясы., зоология, жануарлар систематикасы.
10-11 тақырып Кеміргіштердің биологиясы

Кемірушілер сүт қоректілердщ ішіндегі өте көп және кеңінсп тараған жануарлар болып саналады. Кемірушілердің үш мыңі ;і жуық түрі бар, жер шарының барлық бөліміне тараған оргаи измдер. Дене мөлшеріне қарай үсақ немесе орташа болып келетін көбінесе өсімдікпен қоректенетін жануарлар. Осыған байланысты тісінің қүрылысында өзгешіліктері болады. Шошақ тіс болмайды, керісінше күрек тістері өте жақсы жетілген. Күрек тістерімен шөпті тістеп жүлады, ағаштарды кеміреді, қатты қабығы бар түқымдарды шағып, дәнін жейді. Азу тістерінің үсті бүдірлы болады. Күрек тістерінің, кейбір түрлерінде азу тістерінін, де түбірі болмайды. Сондықтан тістері өмір бойы өсіп отырады. Қатты өсімдік тектес азықтармен қоректенуіне байланысты ішегі өте ұзын және барлығында да бүйен болады. Қорегінің көпшілігі шөп немесе ағаш қабықтары болатындарының (қоядардың) бүйені ұзын болады да, ал дәндермен қоректенетіндерінің (тышқандардың) бүйені қысқа болады.

Жыныстық жағынан ерте жетілуі мен көп бала тууына байланысты көпшілігі өте тез көбейіп кете алады.

Кемірушілердің ішінде жер бетінде, жер астында, орманда және жартылай суда тіршілік ететіндері бар.

Кемірушілердің көпшілігінің терісі құнды болады. Сондықтан олардың кәсіптік маңызы үлкен. Бірсыпыра кемірушілер ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері болып есептеледі. Енді біреулері адамға қауіпті аурулар (оба) таратады. Кемірушілер отрядына көптеген түқымдастар және түрлер жатады.

Тиіндер түқымдасы. Тиіндер түқымдасы Евразияда және Солтүстік Америкада тараған. Біздің Отанымыздың барлық облысындағы ормандарда кәдімгі тиін тіршілік етеді. Қырым, Кавказ және Тянь-Шаньда бұл тиін қолдан жерсіндірілген. Тиіндер ағаш қуыстарына үя салып, тіршілік етеді. Қыста үйқыға кетпейді. Қорегінің басым көпшілігі қылқан жапырақты ағаштардың түқымдары, азда болса жемістермен және саңырауқұлақтармен де қоректенеді.

Қүнарлы әрі жүмсақ азықтармен қоректенуіне байланысты бүйені нашар жетілген. Азу тістерінің түбі болғандықтан олар өмір бойы өсіп отырмайды. Әдетте олар қысқа азық қорын жинамайды. Бірақ, кейде тиіндер саңырауқүлақтарды жинап, ағашта кептіреді. Тиіндер жылына екі-үш рет көбейеді. Өсімталдығы азық жағдайына байланысты. Азықтары мол жылдары көбейіп, ал азық қоры аз жылдары саны өте кеміп кетеді. Қоректері аз жылдары олар ауып ауыл шетіндегі бау-бақшаға, парктерге келеді. Бағалы терісі үшін аң аулау кәсібінде маңызды орын алады.

Шұбар тышқандардын бірнеше ерекшелігіне тоқтап кетейік. Біріншіден олардың денесі жолақ болады, екіншіден құйрығының жүні тықырлау келеді. Олар жерге ін қазып ұя салады. Негізгі тіршілігі жер бетінде өтеді де, қысқа қарай ұйқыға кетеді. Күзге қарай самырсын жаңғақтарынан және астық дәндерінен, бүршақтан қор жинайды. Бізде Сибирьде және Европаның шығыс бөлігіндегі ормандарда жолақ тышқан деген бір ғана түрі кездеседі.

Тиіндер түқымдасына жататын саршұнақтар мен суырлардың да кептеген түрлері жер бетінде тіршілік етеді. Бұған жататын түрлердің көпшілігі індерде бірнешеуі бірігіп, топтанып ке-бінесе далалы және таулы жерлерде мекендейді. Бүлардың тиіндерден айырмашылығы жылына бірақ рет көбейеді. Олар шөптермен және астықтардың дәнімен қоректенеді. Сондықтан да бұлардың көпшілігі ауыл шаруашылығының зиянкестері. Сондықтан оларға қарсы аяусыз күрес жүргізіледі. Сонымен қатар саршұнақтар мен суырлар адамдарға оба және басқа жүқпалы ауруларды жұқтырады. Қысқы үйқыға қоректік шөптері қурап кеткен жылдары жаздың ішінде де жата береді. Заволжье, Қазақстан даласында және Орта Азия жартылай шөлді даласында мекендейтін сары саршұнақтың қысқы ұйқысы ерекше ұзын болады. Сары саршұнақтар егістік жерлерден қашығырақ мекендейді, сондықтан ауыл шаруашылығының қауіпті зиянкесі болып саналмайды Жыл бойына төрт ай ғана активті тіршілік етеді. Саршұнақтардың терісі басқа өкілдерінің терісіне қарағанда өте құнды және сапалы болады.

Орта Азияның құмды шөлінде тараққүйрық саршұнақ тіршілік етеді. Олар қысқы ұйқыға жатпайтын, бұталарға тез өрмелеп шығатын және шөбі сирек құмды жерлерді мекендейтін организм. Індерінен ұзақ жерлерге өрістеп жайылып кетеді, өте жүйрік болады.

Оңтүстік-шығыс Европаның, Қазақстанның, Батыс Сибирьдің далаларында және Орта Азияның тауларында суырлар тіршілік етеді. Суырлар систематикалық және биологиялық белгілері бойынша саршұнақтарға жақын организмдер, бірақ олардан анағұрлым ірі болады. Олардың нағыз өкілі дала суыры болып есептеледі.

Қанатты тышқан тұқымдасы негізінен тропиктік зоналарға тараған. Бізде үшатын тиін деген бір ғана түрі Европа мен Сибирьдің ормандарын мекендейді. Күндіз ағаш қуыстарына жасырынып, түнге қарай шығатын түн жануары. Алдыңғы және артқы аяқтарының арасында болатын тері жарғағының көмегімен ұшатын тиіндер ағаштан-ағашқа секіріп, қалықтай «ұшып», 10 м-дей жерге барып түседі. Бұлар сирек кездесетін, кәсіптік маңызы жоқ жануарлар.

Жайра тұқымдастары. Жайралардың денесінің арқа жағы ұзын, өткір қатты инелермен қапталған. Жайраның бізде деген бір ғана түрі Закавказьенің шығысында Орта Азияның тау бөктерлерінде кездеседі. Ағаш арасында, інде мекендейді. Кейбір жерлерде бақшаға зиянын тигізеді. Жайра қорғанғанда арқа жағындағы ұзын, өткір инелерін түкситіп, тез секіріп жауына инелерін төсейді Халық арасында бұлар жауына инелерін атып жібереді-мыс деген жалған түсінік бар, ол дұрыс емес.

Құндыз тұқымдасы. Қазіргі кезде құндыздың екі түрі белгілі. Біреуі Солтүстік Америкада тараған, ал екіншісі бізде тіршілік етеді. Құндыздар топтанып жүріп ағашты өзендердің бойын мекендейді. Ағаш бұтақтарының және сабақтарының кескіндерінен «үйшік» және ін жасайды. Олар өзен бойына орналасқансын, сол өзенді төменгі жағынан байлап бөгеу жасап, өзен суының деңгейінің бір қалыпта болуын реттейді. Жазда шөптесін азықтармен, ал қыста ағаштардың қабығы және бұтақтарымен қоректенеді. Олар ағаш бұтақтарын кесіп, ұясының маңына қыстық қор жинайды. Жы-лына бір-ақ рет көбейіп, 2—4-ке дейін бала туады. Үш жасқа келгенде ғана жыныстық жағынан толығады.

Қарақас тұқымдасы. Бұлар сырт пішіні тиіндерге ұқсас ұсақ кемірушілер. Негізінен Европаның, Орта Және Оңтүстік Азияның жапырақты ормандарына тараған. Олар тіршілігін ағашта да өткізеді және қысқы үйқыға жатады. Қаракас соня полчак деген ірі түрі баубақшаларда жемісті жеп, зиянын тигізеді.

Қосаяқтар түқымдасы . Бүлардың алдыңғы аяқтары қыска, артқы аяқтары ұзын болады. Қосаяқтар далалы, шөлді жерлерде тіршілік етеді. Құйрығы ұзын, оның ұшы көпшілік жағдайда шашақты болады. Артқы аяқтарымен секіріп, өте тез қозғалады. Кейбір түрлері бақша және техникалық өсімдіктерді жеп зиянын тигізеді.

Соқырлар түқымдасы. Бұл жер астында тіршілік етуге бейімделген кемірушілер. Бұл тұқымдасқа жататын кемірушілердің денесі жұмыр, мойыны денесінен айқын бөлінбеген, басы екі бүйірінен қысылыңқы, құлақ қалқаны болмайды. Табандары қысқа, көзі терісінің астына жасырынған, түгі кысқа, барқыт сияқты болады. Олар жерді күрек тістерімен қазып, басымен итеріп, топырақты сыртқа шығарады. Соқырлар өсімдіктердің тамырымен қоректенеді. Қоректерін іздеп жер астынан күрделі ін жолдарын жасайды. Кейбір жерлерде шаруашылыққа зиянын тигізеді. Соқырлар Отанымыздың Европалык бөлігінің далалық жерлерінде және Кавказда кең тараған.

Тышқандар тұқымдасы. Тышқандар көбінесе інде тіршілік ететін, кеңінен тараған кемірушілер. Бұлар негізінен өсімдіктермен, кейбір түрлері ұсақ жәндіктермен, насекомдармен қоректенеді. Тышқандар тез жетілетін, есімтал жануарлар. Қоректік азық мол болып, қолайлы жағдай туса кейбір түрлері жыл бойы көбейе береді.

Тышқан тұқымдастарынан біздің елімізде егеуқұйрықтар кездеседі. Бұл топтың негізгі өкілдері сұр егеуқұйрық немесе қаптесерлер . Бұлар көбінесе қүрылыстарда, адам мекендейтін жерлерде болады. Тышқандардың көптеген түрі барлық жерлерде кездеседі. Мысалы, үй тышқаны , дала тышқаны, орман тышқаны т. б. Орман тышқандары ағаштын, себілген түқымын тасып, өскінін жойып, зиянын тигізеді. Егіс тышқаны басқа тышқандардан азу тісінің кұрылысындағы ерекшелігімен және қүйрығының қысқа болуымен ажыратылады. Бұлар астық шаруашылығының зиянкестері. Арктикада лемминге деген бір түрі кездеседі. Олардың кейбіреулері қысқа қарай түсін аққа өзгертеді. Шөлді жерлерде құм тышқандары кездеседі. Бұлардың басқаларына қарағанда ірі, сүйретілген ұзын құйрығы болады.

Тышқандар тұқымдасына терісі өте бағалы ондатра деген ірі кеміргіш те жатады. Оның отаны Солтүстік Америка. Олар Отанымыздың көпшілік жеріне жерсіндірілген. Ондатра жартылай су жануары. Көбінесе өсімдігі қалың су қоймаларында тіршілік етеді. Шөптен және жапырақтан жасаған үйшіктері немесе індері болады. Су өсімдіктерімен қоректенеді. Өте есімтал келеді. Әр балалағанда баласының саны 4-12-ге дейін жетеді. Жылына бұлар 2-4 рет кебейеді. Бір жылға жетпей-ақ жастарының жыныс органдары жетіледі.



Өзін өзі тексерудің сұрақтары:

1 Кеміргіштер түрлері.

2 Кеміргіштер систематикасы..

3 Кеміргіштердің шаруашылыққа әсері.

Әдебиеттер: Наумов С.П. Омыртқасыздар зоологиясы., зоология, жануарлар систематикасы.
12-13 тақырып. Қоян тәрізділердің биологиясы

Сұрақтар: Қоянның сыртқы құрылысы. Қоянның ішкі құрылысының топографиясы. Зәр шығару жүйесі.

Бұлардық жоғарғы жағындағы негізгі жұп күрек тісінің арт жағына орналасқан, нашар жетілген тағы да екі күрек тісі болады.

Пишухалар және қояндар болып екі тұқымдасқа белінеді:

Шиқылдақтар немесе шөп жинағыштар тұқымдасы. Бұларға бойы аласа, ұсақ аңдар жатады. Шиқылдақтардың қүлақтары және табандары қысқа болады. Олар Азияның таулы облыстарында көбірек кездеседі. Бізде Орта Азияның және Сибирьдің тауларында, Забайкальенің, Қазақстанның және Заволжьенің далаларына тараған. Бұлар қысқа азықтық қор жинайды. Мысалы, даур шиқылдақтары шөптерді бір жерге жинап кептіреді, ал таулы жерде тіршілік ететін түрлері мысалы солтүстік шиқылдақтары жинаған шөптерін тас арасындағы қуыстарға тығып, қысқа сақтайды.

Қояндар түқымдасы. Қояндардың артқы аяқтары және құлақтары ұзын болады. Бізде жабайы қояндардың төрт түрі және кроликтер бар. Көбірек тараған түрлері: ақ қоян бүкіл тундраға, Европаның және Сибирьдін, ормандарына және далаларына тараған. Қыста түсі ақ болады.

Ор қоян Отанымыздың Европалық бөлігінде, Кавказда, Қазақстанның солтүстігінде және Батыс Сибирьдіц даласына тараған. Бұлар ағашсыз далалы жерді мекендейді. Қысқа қарай олардың денесінін, біраз жері ғана ағарады, ал Қырымда мүлде өзгермейді. Орта Азияның шөлінде ұсақ түрі —қүм қояндары кездеседі.

Қояндар өсімдіктердің вегетативтік органдарымен қоректенеді. Жазда шөппен, қыста — ағаштың қабығымен, жіңішке бұтағымен қоректенеді. Үнемі осындай қатты заттармен қоректенетін болғандықтан олардың азу тістері үздіксіз өседі және бүйені өте ұзын болады. Қыстық қор жинамайды арнаулы ін қазып, ұя жасамайды. Олар бұтаның тасасына немесе калың шөптін,арасына жатып дем алады, көбейеді. Осыған байланысты көжектерін ұзақ уақыт (50 күн шамасында) көтереді. Көжектерінің т.үгі жетілген, ширақ, туысымен анасына ілесіп жүріп кетеді. Қояндар жылына екі-үш рет балалайды.

Жабайы кролик батыс Европаның барлық жерінде, бізде Одесса және Херсон маңайында кездеседі. Кояндарға қарағанда бұлардың құлақтары және табандары қысқарақ болады. Кроликтердін, бірнешеуі бірігіп, топталып жүреді және ін қазады. Көжектерін отыз шақты күн көтереді. Туғанда көжектері қызылшақа, нашар болады. Жалпы қояндардың кәсіптік маңызы өте үлкен.

Өзін өзі тексерудің сұрақтары:

1 Қоян тәрізділерге сипаттама..

2 Қоян тәрізділер құрылысы

3 Зәр шығару жүйесі.

Әдебиеттер: Наумов С.П. Омыртқасыздар зоологиясы., зоология, жануарлар систематикасы.

14-15 тақырып Жүп түяқтылардың биологиясы

1. Жұп тұяқтылардың жалпы сипаттамасы мен систематикасы.

2. Жұп тұяқтылардың географиялық таралуы.

3. Жұп тұяқтылардың қәсіптік тиімділігі.

4. Жұп тұяқтылардың шаруашылық маңызы.

Жұп тұяқтылар жер бетінде есімдік тектес заттармен қоректеніп, тез жүгіретін жануарлар. Тек бегемоттар ғана жартылай суда тіршілік етеді. Осыған байланысты олардың аяғы ұзын және ең соңғы саусағында тұяғы болады. Үшінші жәні төртінші саусақтары бірдей жетілген, осы екі саусақтың ортасынан аяқтарының тірегі өтеді. Екінші және бесінші саусақтары өте нашар жетілген, немесе болмайды. Бұғаналары да жетілмеген. Жұп тұяқтылар екі отряд тармағына бөлінеді.

Күйыс қайтармайтындар. Бұл отряд тармағына бегемоттар және шошқалар жатады. Бұлардың екінші және бесінші саусақтары жақсырақ жетілген. Шошақ тістері үлкен болады. Азу тістерінің үсті бұдырлы, тамағын әбден шайнап жұтуға мүмкіндік береді. Қарны қарапайым, сондықтан күйіс қайырмайды.

Біздің оңтүстік облыстарда жабайы шошқаның қабан деген бірақ түрі тараған. Сол жабайы шошқадан осы кезде қолда өсірілетін үй шошқаларының көптеген түрлері шыққан. Бұлар қамысты, тоғайлы жерлерді мекендейді. Жылына бір-ақ рет көбейеді де, бір туғанда 4-6 торай туады. Қолдан сұрыптау арқылы үй шошқаларын жақсартудың нәтижесінде, жабайы тегіне қарағанда өсімтал түрлері шығарылған. Осыған байланысты олардың емшектерінің де саны көбейген. Оңтүстік Азияда, Африкада және Америкада жабайы шошқаның басқа түрлері кездеседі.

Бегемот ірі, жалаңаш терілі, жартылай суда тіршілік ететін жануар. Олар құрлықка өте сирек шығады да өзендер мен көлдерде болады. Су өсімдіктерімен қоректенеді. Бегемоттар тропиктік Африкада тараған.

Күйыс қайтарушылар. Бұл отряд тармағына қарынының құрылысы күрделі жануарлар жатады. Бұлардың карыны шала шайналған жемінің ашуына және олардың күйіс қайырғанда қайтадан дұрыс ұсатылып, жұтылуына бейімделген. Бұған жұп түяқтылардың басым көпшілігі жатады.

Бұлардың шошақ тістері мен II және V саусақтары нашар жетілген немесе кейбір түрлерінде тіпті болмайды. Сымбатты, көпшілігінің мүйізі болатын жануарлар.

Көн табандылар тұқымдасына түйелер, ламалар жатады. Бүлардың II және V саусақтары болмайды, тұяғы өте нашар дамыған. II және IV саусақтары келіп тірелетін, көпшік сияқты кенді жалпақ табанына денесінің салмағын салып, қозғалады. Бүларда қарыны басқа күйіс қайыратындармен салыстырғанда күрделі емес.

Осы кезде Орталық Азияның даласында жабайы түйенің бір түрі қос өркешті түйе сақталған. Бір өркешті түйенің нардың тек қана қолға үйретілген бір түрі белгілі, ал жабайы түрі белгісіз. Нар көбінесе Африкада және Оңтүстік Азияда кездеседі. Түйелерде май қоры өркешіне жиналады. Мұндай май өз тарапынан артық су қоры болып есептеледі. Өйткені, ол тотыққан кезде су пайда болып, ол қанға барады. Сондықтан өркешінде майы көп түйелер шөлге шыдамды келеді.

Американың кен табандарының өркеші болмайды. Олар таулы жерді мекендейді, мысалы, гуанако және викунья. Бұлардың қолға үйретілген екі түрі белгілі: лама және альпака. Бұларды да түйе сияқты көлік есебінде және жүні, еті үшін ұстайды.

Бұғы тұқымдасына дене құрылысы сұлу, тұяқты, терінің кутис бөлімінен өсетін, бұтақты сүйекті, жыл сайын ауысып түсіп түратын мүйізі бар жануарлар жатады.

Солтүстік бұғыларынан басқаларында мүйіз тек қана еркектерінде болады.

Тропиктік Африка мен Австралиядан басқа құрлықтың барлығына дерлік тараған. Бізде бұлардың 7 турі кездеседі: Солтүстік бұғысының еркегінде және ұрғашысында да мүйіз болады. Жас бұғылар теңбіл болмайды. Евразияның және Солтүстік Американың орманды далаларының көпшілігіне және тундраның барлық жеріне тараған. Бұғыларды қолда үйрету негізінен тундрада іске асырылған. Ақ марал немесе Батыс Европада, Қырымда, Кавказда, Тянь-Шаньда, Оңтүстік Сибирьдің тауларына тараған. Олар орманды жерлерді мекендейді.

Теңбіл марал өмір бойы теңбіл түсті болады. Олар Қиыр Шығыстын, оңтүстік бөлігіндегі ормандарда мекендейді. Бұл соңғы екі маралдың өсіп жетілмеген жас мүйіздерінен (панто) пантокрин деп аталатын бағалы дәрі жасалады. Бұғылардың ең ірі түрі — бұлан немесе суын Европаның, Сибирьдін, және Оңтүстік Американың орманды бөліктеріне тараған. Басқа бұғылардан бір айырмашылығы бұлар табын құрамайды. Қыста жапырақты ағаштардың бұтағымен қоректенеді. Бізде бұландарды қолға үйрету тәжірибесі іске асуда. Елік— мүйізі азғана бұтақталған, бұғының ең ұсақ түрі болып есептеледі. Бұлар Европаның және Оңтүстік Сибирьдің орманды және орманды-далалы зоналарында, Қырымда, Кавказда, Орта Азияның тауларында кездеседі. Бұлардың бұғылардан ерекше бір түрі құдыр болып есептеледі. Оның мүйізі жоқ, ал еркектерінің жоғарғы жағындағы шошақ тістері жақсы жетілген, кейде сойдиып ауызынан шығып тұрады. Олар Шығыс Сибирьдің, таулы ормандарын мекендейді.

Бұғылардың барлығының да өнеркәсіптік маңызы зор. Олардың еті және терісі пайдаланылады. Парфюмерия өндірісінде пайдаланылатын жануар мускусының негізгі көзі құдыр мускус безі болып саналады. Солтүстік бүғылары қолға үйретіліп, көлік есебінде пайдаланылады. Олардың терісі замшы (жеңіл өндірісте) жасауға қажет материал және шикі зат болып саналады. Медицинада маралдардың пантасын пайдаланады.

Қуыс мүйізділер тұқымдасы. Бұлардың маңдай сүйегі өсіндісінің сыртын қаптап түратын қуыс мүйізі болады. Мүйізі эпидермистің мальпигий қабатынан пайда болған, ол бұтақтанбайды және жасына қарай ауысып отырады. Тек қана Американың айыр мүйізді бөкенінін, мүйізі екі айыр болады да жыл сайын түлеп отырады. Мүйіз басым көпшілігінде еркектерінде ғана болады. Жоғарғы жағында шошақ тісі болмайды.

Бұлардың жабайы түрі Оңтүстік Америка мен Австралиядан басқа барлық жерде кездеседі. Көптеген түрлері қолда өсіріліп, олардан үй жануарларының көптеген жаңа түрлері шығарылады. Бұл тұқымдастың негізгі жабайы түрлері мыналар.

Бекендердің көптеген түрлері Африкада тараған. Көбінесе бізде кездесетін қарақұйрық—Закавказьенің шығысында, Орта Азияның және Қазақстанның далалы және шөлді жерлерінде мекендейді. Ақ бөкен Қазақстанның далалы жерлерінде тараған. Кавказ бен Карпат тауларында мүйізінің ұшы ілмек тәрізді артына қайрылған мүйізі бар орман бөкені серна тіршілік етеді.

Жабайы ешкілер мен қойлардың бірнеше түрі Кавказдың, Орта Азияның және Оңтүстік Сибирьдің тауларына таралған. Мысалы, ешкілерден Кавказдың турлары, Сибирьдің ешкімүйізі. Жабайы ешкілер жартасты биік тауларды мекендейді және олар 20—30-ы бірігіп, топтанып жайылады. Жабайы қойлардан муфлонды алуға болады. Муфлон Оңтүстік Закавказьеде кездеседі. Соңғы жылдары олар Қырым түбегіне жерсіндірілді. Орта Азияның тауларында жабайы кой — архар деген ірі түрі кездеседі. Жабайы қойлардың жабайы ешкілерден бір ерекшелігі таудың жартассыз, барынша тегіс жеріне жайылады. Қыста бірнешеуі (100 аса) бірігіп, топтанып жүреді, архардан үй қойларының әр түрлі жаңа түқымдары шығарылған.

Жабайы егіздердің қазіргі түрлеріне Оңтүстік Азия мен Африкада кездесетін Азиялық және Африкалық буйволдар, Үндістанда — бантенг, гаял және гаур жатады. Бүлар орманды және ірі бұталы жерлерді мекендейді. Орталық Азияда өзіндік ерекшелігі бар жүндес як (қодас), Солтүстік Америкада — бизон, ал бізде зубр деген бір ғана түрі кездеседі. Бұларды бұрын зубрлар мекендеген Солтүстік Кавказдың ормандарында, Москваның түбінде (Серпухов ауданында) табиғат жағдайында көбейту шаралары жүргізіліп жатыр.

Ертеде Оңтүстік Россияның даласында ірі түрі тур тіршілік еткен. Оны XVII ғасырда құртып жіберген.

Жоғарыда керсетілген түрлерден бантенг, гаял, буйвол, қодас ертеден қолда өсіріліп келе жатқан жануарлар. Тур осы замандағы көптеген мүйізді ірі қараның арғы ата-тегі болып саналады.

Жирафтар түқымдасы тек қана Африкаға тән жануар. Олардын, алдыңғы аяғы мен мойыны өте ұзын, басында терімен қапталған қысқа мүйізі болады. Екі түрі белгілі. Бірінші окапи Орталық Африканың ормандарында тіршілік етеді. Бұл аздап та болса мойыны мен аяғы қыскарақ жануар. Екінші жираф Шығыс және Орталық Африканың саванналарында кездеседі. Мойны мен алдыңғы аяғы өте ұзын болады. Екеуі де ағаштардың, бұталардың жапырақтарымен, кейде шөппен қоректенеді.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет