“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева күйеуінің туған күніне ерекше сыйлық дайындап, жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/

Өнер иесі жақында бесінші қызын дүниеге әкелген болатын. 

“Жәннатыма былтыр осындай , жүрегімнен шыққан ақ тілегімді жазған екенмін. Тағы да осы тілекті осы жерге қалдыруды жөн көрдім. Менің және қыздарымның өмірінің өзгеруіне себепші болған жан. Туған күнің құтты болсын! Алла тағалаға мың да бір алғыс, сендей жанды жолықтырған! Махаббаттың бар екеніне сендіргенің үшін рақмет! Қыздарға әкелік махаббат бердің. Менің өмірімнің “жыртық-жамауымен” жақсы көрдің. Өзіңді қатты жақсы көремін!”, – деп жазды өнер иесі. 

  • Желіні шулатқан "Айка тізімі": Іс Антикорға берілді

  • Экс-депутаттың ұлы: Алматыдағы тұрғын үй кешенінде күзетшіні өлтірген күдікті туралы не белгілі

Одан кейін, эстрада жұлдызы алғаш танысып, отбасы құруға бел буған сәтін де есіне алды.

“Сенімен кездесіп, үйленуге шешім қабылдағанда қатты қорыққаның есімде. “Қыздар мені қалай қабылдар екен?”, “Ұнатпай қалып, сені қызғанып жүрсе, не істеймін?” деп қорыққан кездер артта қалды. Бәрі саған байланысты екеніне көзім жетті. “Қыз бала әкеге жақын болады” деген сөз рас екен. Міне, өзіңдей әкеге қыздарым жақын болып алды. Көпшіліктің дұғасының арқасында Амина қызымыз дүниеге келді. Ғұмырың ұзақ болсын! 100 жасқа кел”, – деп тілек білдірді әнші. 

Еске салайық, өнер иесі жолдасының бала күтуге көмектесетінін айтқанын жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.