Оқу жылының соңындағы 1 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген ата-ана жиналысының хаттамасы



жүктеу 426.62 Kb.
бет1/3
Дата22.04.2019
өлшемі426.62 Kb.
  1   2   3

2013-2014 оқу жылының соңындағы 1 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген ата-ана жиналысының хаттамасы.

Хаттама №5

Барлығы-28

Қатысқаны-25

Күн тәртібінде:

1.ІҮ оқу тоқсанының қорытындысы,келесі оқу жылының міндеті.

2. «Балаңның оқу қортындысына көңілің тола ма?» (пікірлесу)

3. Ағымдағы мәселелер.



Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі І- ші мәселеге сәйкес ата-аналар балаларының ІҮ оқу тоқсаны мен жылдық оқуқортындысын тыңдады.Ата-аналарға баланың сабағына дұрыс көңіл бөлінбейтіндігі,ешқандай себепсіз сабақтан қалатын оқушылардың бар екендігі айтылды.Сонымен бірге ата-ана жиналысына шақырғанда түгел келмейтіндігі,жалпы ата-аналардың балдарына 1 сынып болса да онша көңіл бөлмейтіндігі айтылды.


Күн тәртібіндегі ІІ- ші мәселе бойынша ата-аналар оқу қортындысына байланысты өзара пікір алысты.Әр ата-ана өз баласының біліміне толықтай қанағаттанатынын айтты.Шындығыны келгенде баланың сабағына өте қатты мән бермейтіндіктерін мойындады.Келешек әр ата-ана өз баласының оқуына,сабағынан ретсіз қалмауына баса көңіл аударатындарын айтты.

Шығып сөйлеушілер:

  1. Оспанова А. Менің немерем Бекзат осы сыныпта оқиды.Алғашқы кезде біраз қиналдық.Үйден өзіміздің,мектепте мұғалімнің үйретуі арқасында біраз жақсы болдық.Сонда жазуы,сын жұмысынан алған бағасы дұрыстала қоймады.Меңінше бар күш ата-анада болуы керек,себебі мұғалімнің 4-5 сағат үйреткені аздық етеді.Немеремнің оқу қортындысына көңілім толады.




  1. Шыныбеков Б. Менде апамның сөзіне қосылам.Өйткені үйде баланың сабағына уақтылы көңіл бөлмейтініміз анық.Бала әлі кішкентай,ойын баласы қараған күні алған бағасы мен онша мән бере қоймаған, сабағының бағасының арасы өте алшақ.Мұғалімге қояр кінәміз жоқ.Бастауышта үлгірмеген бала енді қай кезде үлгірмек?Сондықтан сіз,біз болып келешек баламыздың сабағына дұрыс көңіл бөлуіміз керек-ақ.



  1. Мұратов С. Қызымның сабағы төмен,оған келісем.Себебі өзім ертелі-кеш жұмыстамын.Үйде бала-шаға болып өздері қалады.Егер үйден оқытатын адам болса,ақылы оқытар едім.1 сыныптағы оқу үлгірімі қортындысы дұрыс деп есептеймін.

Қаулы:

  1. ІҮ оқу тоқсаны мен жылдық оқу қортындысы қанағаттанарлық деп бағалансын!

  2. Келешек ата-ана мен сынып жетекші арасындағы байланыс 1-ші жолға қойылсын.

  3. Егер ата-ана баласының оқуына,сабақ үлгіріміне дұрыс көңіл бөлмей,осы жағдай қайталанса бала сол сыныпта орнында қалдырылсын!

№ 19 орта мектебінде 15.ІХ.2014ж жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.

Хаттама №1

Барлығы-25

Қатысқаны-25



Қаралатын мәселе

1.Жаңа оқу жылындағы атқарылатын істер мен таныстыру.

2. Ата-аналар комитетін сайлау.

Тыңдалды:

Жаңа оқу жылындағы «Атамұра» оқулығы жаңа бағдарлама туралы мағлұмат беру.

Оқулық барлық оқушыларға толық жеткенін, сол оқулықтарды қаптап таза ұқыпты оқу жылының аяғына дейін ұстауларын ескерту.

Сыныпта 25 оқушы барын,олардың себепсіз сабақтан қалмауын айтып өтті.
Шығып сөйлеушілер:

Жалғасова.Б.ата-ана:Мен баламның сабағына күнделікті назар аударып,кей жерлерде көмектесіп отырамын.Бәріміз күнде қадағалап отырсақ бізге де,мұғалімге де кішкентай да болса да жеңілдік болар еді.


Ботабаева.Р.ата-ана:Ұлымның сабағы төмен,оған келісем.Себебі өзім қарауға уақытым жоқ. Егер үйден оқытатын адам болса,ақылы оқытар едім.
Сонымен бірге ата-аналарға оқушылардың жеке бас тазалығын басты назарға алуларын тапсырып өтті.
Ата-аналар комитетінің құрамын сайлау.

Қаулы:


1.Жаңа оқу жылындағы тапсырмаларды уақытында орындалуын қадағалау.

2.Оқушылардың жеке бас тазалығын үнемі назарға алуын тапсыру.

3.Ата-ана мен сынып жетекші арасындағы байланыс 1-ші жолға қойылсын.
Ата-ана комитетінің құрамы:

Төреағасы: Омарова Динара

Мүшесі:Жаңұзақова Жанна

Сарманбаева Назира



Қызылорда облысы Арал ауданы Жақсықылыш кенті

19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Берсүгірова Мирамкүл
Тақырыбы: «Әліппе -білім бастауы».

Мақсаты: Әліппеден алған білімдерін тексеру, оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, ана тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. 

Мұғалімнің құттықтау сөзі: 
-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! «Әліппе бітіру»мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 
Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл- ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларын!

Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Хормен:

Болашаққа жол ашар-

Ол сүйікті- Әліппе!

Ол сүйікті -Әліппе!

-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе сөзі:

-Балалар,осы «Әліппе»сөзінің әр әрпін саралап айтсақ.

Ә-әлемді

Л-легімен

І-ізгілік

П-парасатпен

П-паш

Е-етеміз


-Балалар,олай болса,сүйікті Әліппемізді ренжітпей,рахметімізді айтып,өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымызбен қарындастарымызға табыс ету-біздің міндетіміз.Сондықтан осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп,өнерлерімізді ортаға салайық.
Әліппе сұрақ қояды.
Әлия

Әліппе сауатыңмен санамды аштың,

Достарыммен теңдес араластым.

Үйреніп,әріптермен әңгімені,

Күн сайын алға қарай қадам бастым.
Әліппем менің Әліппем, 

Абылайхан

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым ағасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Арайлым

Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,

Ана тілге әкеліп жалғастырдың.

Әр әріпті қостырып,сөзін құрып,

Хат танытып,алғаш сен көзімді аштың.

Ерназар

Іші толған әріпке,

Жақсы кітап әліппе.

Барлық білім-ілімнің,

Ағасы осы әліппе.

Камшат

Қош болып тұр,әліппе,анамдайсың,

Жақсы бол деп,біздерге алаңдайсың.

Мен үйреткен әріптің құдыретімен,

Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.

Нұрбол

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертек те,

Үйреткен оны әліппе.

Гүлжанат

Апа –ата атын сен,

Бізге үйреттің әліппе.

Бізге нағыз жақынды,

Сенен білдік әліппе.
Ән: «Әліппе» Сұлтанов Нартай
Нұрсерік

Көлге айналған бұлақтың,

Қайнар көзі әліппе.

Том –том қалың кітаптың,

Басы болар әліппе.

Айдана

Ашылды енді алдымнан,

Кең дүние есігі соғылған,

Әліппе-білім бесігі.



Айзада

Әліппем менің әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштын білімнін,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Мадина 
Әліппе деген алтын жол 
Апарар сені алысқа. 
Жеңіл емес ауыр жол 
Тырысып бақ намысқа. 

Нұрқанат

Таныстырып 42 әріппен,

Қош бол менің қаиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи жаза білгенің



Сауатты адам санатына кіргенім.

Алина

Қош бол құдды әліппе,

Көп нәрсенә үйреттін.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің

Назарбике

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған,

Сөз бен дыбыс,әртүрлі әріптермен.
Әліппе сөзі:

Көрініс: «Өшіргіш пен қағаз»
Жұмбақ

Маған да, саған да, 
Жақын туыс – бес адам. 
Үш әріптен тұратын, 
Оңға оқы, солға оқы, 
Өзгермейді еш одан, 
Бәрі де өз жұратың, 
Айтады кәне: кім атын?(Ата; Ана;Апа; Аға; Іні) 

Әріптерден сөз жазу,дыбыстық талдау.
Мұғалім: - Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, жазуды, санауды үйрендік. Осының бәрін үйреткен кім?


-Балалар,сенде4айішіндекөпнәрсеніүйрендіңдер 
-Осыныңбәрінүйреткенкімдер? 



Бәрі: Мектеп, мұғалім, әліппе, ата-ана.
Мұғалім: 
-Біздің білім алатын ордамыз- мектеп. 
-«Мектеп-кеме, білім-теңіз». Мектеп –екінші үйіміз, себебі, біздің бір күніміздің жартысы мектепте өтеді, бір аптаның алты күні мектепте өтеді. 
-Біз мектепке не үшін келеміз? 
-МЕКТЕП сөзіне арналған тақпақтар тыңдайық: 
Алмажан
Мектеп деген білім кені , жыр кені, 
Мектеп деген ғылымның ең үлкені. 
Мектеп деген тәрбиеші адамға. 
Мектеп деген даналардың мекені. 
Айда

Мектебім- білім берер алтын ұям. 
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. 
Баулисын 4жыл бойы ата- анамдай. 
Әрқашан қасиетті атың маған. 
Данияр 
Армысың сен алтын ұя мектебім,
 
Саған айтар жыр алғысым көп менің. 
Жүректерге жаққан білім шырағын, 
Мақтан етем сені мәңгі мектебім. 
Дәурен
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі, 
Алтын ұя, ақ босаға киелі. 
Қанат қаққан білім алып өзіңнен, 
Күллі шәкірт саған басын иеді. 
Камшат
Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық, 
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. 
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың, 
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. 
Зарина
Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам, 
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам. 
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек. 
Тамырланып , сан тарапқа тараған. 

Бәрі бірге: 
Жүректерге жаққан білім шырағын , 
Мектебіме арналады бұл әнім! 



ӘН: « мектебім» Қарасаева Алмажан
Әліппе: «Әліппе» оқуға

Үйреткен әр күні

Кім атын атай ғой?

Бәрі: Ол біздің

Мұғалім апай ғой.


Әліппе: Үйретіп санауды,

Көп еңбек сіңірген

Кім атын атай ғой?

Бәрі: Ол біздің

Мұғалім апай ғой.


Алина

А-ны айтқанда дауысым дірілдейді,

Ұстазым көз алдымда күлімдейді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын айырып буынды енді.

Ерхан

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым маған кілтін алып берді.

Аягөз

Әліппе оқуға

Үйреткен әр күні,

Үйретіп санауды

Көп еңбек сіңірген

Мұғалім апай ғой!



Диас

Үйретіпмұғалімбізгеәліппені, 
Мұғалімғылымғажолсалыпберді. 
Адамныңақыл-ойы,мақсаттары, 
Оқудыңсәулесіменжарықкөрді. 
Нұрасыл

Алғашқыұстазымызанамызбентеңкеледі, 
Барасылынбізгежиып,молбереді. 
Қанатыменсусебелепасылжан,
Әршәкіртінбаласынанкемкөрмейді. 

Нартай

Әліппедаңғылжолашты, 
Жаңаданпәндержалғасты. 

Әліппесырынұқтырған 
Барлығыхормен: 
-Рахмет,ұстазалғашқы! 



Ән«Ардақтыұстазым» КендебаевДанияр



Әліппе: 
-Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар. 
Мұғалім: 
-Математика – ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік.

( ауызша есеп) 

Мұғалім: Балалар,біз Әліппеден оқу,жаза білуді үйренсек,ал математикадан санауды есептеуді,сандарды жаза білуді үйрендік.Балалар, математикадан осы уақытқа дейін не үйрендіңдер?Ендеше сандарды сөйлетіп көрейік.
Санамақ Әлия

Балалар біз сандарды сөйлеттік.Енді есептер қоямын ойланып барып шешіңдер.
«Жұмбақ» (математика: Ата-ана, балаларға).

1. Торда үш қоян бар еді.Үш оқушы бір-бірден қоян алды. Сонда тақтада әлі де бір қоян қалды. Ол қалай? (Ж: біреуі торымен алған).

2.Бес бұтақты қайыңда,

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер сайынға,

Сонда қалды неше алма? (Қайыңда алма өспейді).

3.Тепсең-ақ секіріп,

Ұстатпай қашады.

Бір жерге бекініп,

Тұра алмай сасады. (доп).

4.Күн мен түн қалай басталады? (кезекпен)

5.Адам есектен неге құлайды? (жерге).

6.10 ешкіден 5 қойды алсақ, неше ешкі қалады? (10)

7.Адам несіз өмір сүре алмайды? (ауасыз, сусыз, тағамсыз).

8.Сен және мен, біз екеумуз қосылсақ қанша боламыз? (екеу)

9.Алманың жартысы неге ұқсайды? (жарты алмаға)

10.Қарға ұшады, ал ит құйрығына отыра ма? (Ит жуас болса, құйрығына қарға қонып отырады).

Енді қызықты есептерді шығарып көрейік
Бес асықтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады. 5-3 = 2


Ағаштағы төрт алмұрт,
Піскен екен тимей құрт.
Самат алып екеуін,
Қалдырған екен нешеуін? 4-2 = 2


Қазып жүр құмды бес мысық,
Үшеуі жатыр күн ыстық.
Екеуі жүр шомылып,
Барлығы қанша санап шық. 5+3+2 = 10


Алма ағашта жеті алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Жетеуінде жеп қойсам,
Қалады онда неше алма? ( 0 )


Табақта 4 өрік,
Қолымда 3 өрік.
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік? ( 7 )


Маратта бар 5іні,
Мұратта бар 2 іні.
Қоссақ бес пен екіні,
Неше болады шешуі? (7 )
Біз енді келесі тоқсанда бағаланамыз.Сондықтан қай баға жақсы екенін білу үшін,бағаларды сөйлетіп көрейік.

Назарбике

Балалар ең жаман баға қайсы екен?Ендеше, бұл бағаны ортамыздан аластатайық.Ең жақсы баға қайсы екен?ол 4 пен 5 ол бағаларды ортамызға алайық.



Балалар біз математикадан да білімімізді көрсеттік.Ендеше Әліппеменде қоштасатын кез келді Әліппе бізге қанша нәрсе үйреткен екен.Әліппенің арқасында жазуға, өз бетімізбен оқуға сөз,сөйлем құрауға дағдылындық.Ендеше, әліппеге не деуіміз керек?
Хормен: Жақсы кітап Әліппе

Қош бол құтты Әліппе
Ән: «Рахмет саған әліппе» хор
Мұғалім: 
-Балалар, әрі қарай бізге Әліппенің орнына АНА ТІЛІ келеді. 
-Қарсы алайық, танысайық 

Ана тілі сөйлейді:
Туған елдің тілімін,
 
Ақылы мен танымымын. 
Түсіндірер бәріне, 
Ана тілі пәнімін. 
Ана тілің-арың бұл, 
Ұятың боп тұр бетте. 
Өзге тілдің бәрін біл, 
Өз тіліңді құрметте! 
-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер. 
Мұғалім:Ана тілі балалардың өнерін тамашалаңыз. 

Арайлым:

Ақылындай дананың

Асылындай сананың

Ана тілі арымыз

Ақ сүтіндей ананың

Алмажан:

Біз -атаның ұлымыз,

Біз- ананың гүліміз.

Адамдыққа үйреткен

Асыл ана тіліміз.

Диас:

А-дан бастап шыр шерткен

Барлық пәнді үйреткен.

Ардақтап біз оқимыз,

Ана тілін құрметпен
Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер: 
1. Қабат-қабат қаттама 
Ақылың болса аттама (кітап) 

2. Тақтада жазып, жалықпаған, 
Жаза-жаза арықтаған (бор) 

3. Үйреткен білімді, 
42 білімді (алфавит) 

4. Алты түрлі түсі бар, 
Сурет салар ісі бар (қарындаш)

 5.Бір үйге көзсіз боп басың сұғасың, 
Бұл үйден көреген болып шығасың. (Мектеп) 
-Рахмет, балалар, жарайсыңдар! 

Көрініс: «Дымбілмес»
әріптерге байланысты жұмбақтарын шешіп көрейікші.
1. Қос бүйірін тіреніп, Тұрады ылғи шіреніп. ( Ф )
2. Үш шырпыдан бір есік, Құрастырып көр шешіп. ( П )
3. Сақинаға қарайық, Ұқсайды оған қай әріп? ( С )


-Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз: 
-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам – Ана! 
-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз.


-АНА сөзіне байланысты тақпақтарын тыңдаңыздар: 



А: Нұрасыл

Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың, 
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың. 
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың, 
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым! 

Н Нартай

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын, 
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың. 
Білім алып, тер төгем , еңбек етем, 
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін! ... 
Айдан
Ата-анаға еркелеп, 

Ортасында өстік біз. 
Жақсы оқып, қуантып, 
Бестік күнде алдық біз.... 

Балалар хормен: 
-Ата-анаға мың рахмет! 



Ән: Анашым Сағынаева Камшат.

Құрметті ата-аналар оқушылардың өнерін тамашаладыңыздар, 
сіздердің білімдеріңізді тексерейік. 

Ойын:5 ата-анаға 5 әріп беріледі.Б,Т,Ж,З,Қ

Мен қойған сұрақтарға берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап бересіздер.


-Балаңыздың аты кім?

-Балаңыздың жолдасы кім?

-Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді?

-Балаңыз бос уақытында немен айналысады?


Мақал-мәтел (жалғасын жалғастыру)
Ананың көңілі балада, Ананың сүті – бал, 
Баланың көңілі далада. Баланың тілі бал. 

Досы көпті жау алмайды, 
Ақылы көпті дау алмайды. 

Еңбектің наны тәтті 
Жалқаудың жаны тәтті. 

Ұлдың ұяты әкеге 
Қыздың ұяты шешеге 

Ендігі кезекті оқушылардың қонақтарға арналған ән мен билерін тамашалаңыздар.

Би: «Ха-фа-на-на»

Ән: «Балдырған»

Би: «Жігіттер биі»

Би:
Мұғалім:

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан,ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға,тілек айтар қонақтар.
Сөз кезегі мектеп басшыларына беріледі.

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар,ата-аналар келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет!

Біз сіздермен қоштаспаймыз,келесі кездескенше дейміз.

«Жұмбақ» (математика: Ата-ана, балаларға).

1. Торда үш қоян бар еді.Үш оқушы бір-бірден қоян алды. Сонда тақтада әлі де бір қоян қалды. Ол қалай? (Ж: біреуі торымен алған).

2.Бес бұтақты қайыңда,

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер сайынға,

Сонда қалды неше алма? (Қайыңда алма өспейді).

3.Тепсең-ақ секіріп,

Ұстатпай қашады.

Бір жерге бекініп,

Тұра алмай сасады. (доп).

4.Күн мен түн қалай басталады? (кезекпен)

5.Адам есектен неге құлайды? (жерге).

6.10 ешкіден 5 қойды алсақ, неше ешкі қалады? (10)

7.Адам несіз өмір сүре алмайды? (ауасыз, сусыз, тағамсыз).

8.Сен және мен, біз екеумуз қосылсақ қанша боламыз? (екеу)

9.Алманың жартысы неге ұқсайды? (жарты алмаға)

10.Қарға ұшады, ал ит құйрығына отыра ма? (Ит жуас болса, құйрығына қарға қонып отырады).


Математика:
Сәлемет пе достарым?
Сабағы боп жоспардың.
4 амалды қолданған,
Математика достарың.

Хормен: Сәлеметсіз бе, математика!

Математика:
--Ал балалар, математикадан не үйренгендеріңді көрсетіңдерші? Сан құрамдарын сұрау. 5,6,7,8 сандарының құрамын атаңдаршы?

Енді қызықты есептерді шығарып көрейік
Бес асықтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады. 5-3 = 2
Ағаштағы төрт алмұрт,
Піскен екен тимей құрт.
Самат алып екеуін,
Қалдырған екен нешеуін? 4-2 = 2
Қазып жүр құмды бес мысық,
Үшеуі жатыр күн ыстық.
Екеуі жүр шомылып,
Барлығы қанша санап шық. 5+3+2 = 10
Алма ағашта жеті алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Жетеуінде жеп қойсам,
Қалады онда неше алма? ( 0 )
2. Табақта 4 өрік,
Қолымда 3 өрік.
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік? ( 7 )
3. Маратта бар 5іні,
Мұратта бар 2 іні.
Қоссақ бес пен екіні,
Неше болады шешуі? (7 )

08.12.14ж

1 «в» сынып Әліппе
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Щ дыбысы мен әрпімен, Щщ дыбысының ерекшелігімен, дыбыстық талдату арқылы дауыссыз дыбыс екенін ажырату. Сөздер, сөйлемдерді жылдам оқуға үйрету.
Дамытушылық: ойлау қабілеті мен дүниетанымын кеңейту. Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғат байлықтарын күтіп ұстауға, табиғатты да, адам өзін - өзі де күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кеспе әріптер
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Қол ұстасып бәріміз,
Жылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
1. бағандағы сөздерді тізбектей оқу
2. Электр өлеңін жатқа сұрау
3. Ээ дыбысынан келетін сөздерді жазу.
ІІІ.Жаңа сабақ

Жұмбақ жасыру

Бірі тісті жуады,
Бірі шаңды қуады
Ол - щетка
Буынға бөліп көрейік (Щетка)
Дыбыстық талдау жасап жіберейік
ызың Дауыссыз қатаң Тіл алды Барлық буында келеді
Щщ әрпін көрсету
Щетка түрлерімен таныстыру

- Балалар  щеткалардың бәрі бірдей ме?
- Олардың атқаратын қызметтері әр түрлі.
- Бірі тіс тазартады.
- Бірі киім тазартады.
- Бірі аяқ - киім тазартады.
Ұқыпты, таза жүруіміз үшін осы щеткаларды қолдана білуіміз керек. Деніміз сау болуы үшін тазалықты сақтайық.лар Щ дыбысы қай әріпке ұқсайды?
Щи – көкөністер қосылған орыс халқының тағамы.

Борщ – орамжапырақ, дәрумендер қосылып жасалатын сорпа.

Ащы – жуа ащы, бұрыш ащы.

Дәмді білдіреді.

Тұщы – ішетін суымыз тұщы.

Өзен суы тұщы, ал теңіз, мұхит суы ащы болады.

Осы біздің Маңғыстауда Каспий теңізі бар. Каспий теңізінің суы ащы.

Ал Балқаш көлінің суы – тұщы, жартылай тұщы.

Каспий теңізінің, Балқаш көлінің суретін көрсету.

Оқушыларға тізбектей оқыту.

Мәтінге талдау жүргізу.

Мәтінде щ әрпі бар ма?

Сергіту сәті

Тазалық сақшысы Айнаға қараймыз

Иіс сабын, орамал Шашты да тараймыз

Қасында пастасы Ас ішіп болған соң

Щеткасы тағы бар Мектепке барамыз.

Дәптермен жұмыс
«Сөз құра,тез құра»

«ш» ма әлде «щ» ма?

Кім тапқыр?
А..... ы т ұ...... ы бор.... пла......... тка
(щ)

Сабақты қорытындылау

Бүгін сабақта   қандай  әріп өттік?

Ол қандай дыбыс?



Үйге:   Щеткалар айтысын оқып келу

Бағалау, мадақтау

Каталог: uploads -> konspekt -> klass-chas
klass-chas -> Ұлғайту. Ата-аналардың өз ұлттық салт дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ата-аналаға қазақтың көне сөздері және ырым, тыйым
klass-chas -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері
klass-chas -> Сайыс тақырыбы: «Көктем аруы»
klass-chas -> Жер судың аты, тарихтың хаты
klass-chas -> Тєуелсіздіктіњ тањы-жарќын
klass-chas -> Ы. Алтынсарин атындағы жоббм “Қазақ халқының ерлік істері”
klass-chas -> Ұстазым, сізге арнаймын
klass-chas -> 19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейтова Айгерім 19. 03. 2015 жыл Тәрбие сағаты
klass-chas -> «Даламның исі бұрқырап, қарттарым аман-сау жүрші!»
klass-chas -> Тип урока: Сообщение новых знаний


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет