Әділет министрлігі қазақстандықтарға тағы бір кең тарап жатқан жаңа алаяқтық схема туралы ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кейінгі кездері алаяқтар өздерін әділет органдарының немесе сот орындаушысы өкілдеріміз деп таныстырып, қазақстандықтардың жеке дерегін сұрай бастаған. 

Өзін әділет қызметкері немесе сот орындаушысы ретінде таныстырған алаяқтар азаматтарға хабарласып, атқарушылық құжаттардың талаптарын орындауды, банк шоттарын бұғаттап, жүргізуші куәлігін тоқтата тұрумен және т.б. түрлі жолдармен қорқыта отырып, берешекті өтеуді талап етіп отыр.

Министрлік мұндай қоңыраулар түскен жағдайда азаматтар атқарушылық іс жүргізудің бар немесе жоқ екені туралы ақпаратты мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (МАЖ ААЖ) немесе aisoip.adilet.gov.kz сайтына кіріп  өз бетінше тексере алатынын еске салды.
 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.