Оқулық. дидактикалық Жұмыс дәптері. қамсыздандыру



жүктеу 131.49 Kb.
Дата14.01.2018
өлшемі131.49 Kb.
түріОқулық

Мерзімі «___» _____________________
Сабақтың тақырыбы: Табиғатта ақпарат ұғымы. Ақпарат түрлері. Ақпарат көзі, қабылдаушы мен жеткізу ортасы. Ақпараттық процестер (үрдістер). Адамның ақпаратты қабылдауы.

Бағдарламалық – Оқулық.

дидактикалық Жұмыс дәптері.

қамсыздандыру:

Сабақтың мақсаты: 1. Ақпарат ұғымымен, оның түрлерімен, үлгілерімен және өңдеу тәсілдерімен таныстыру. Арнаулы, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру. Бейнелік және таңбалы ақпаратты ажырата білуге үйрету. Таңбалы ақпаратты кодтау тәсілдерімен таныстыру.

2. Оқушылардың ақпарат ұғымын, формаларын, көздерін, типтері мен

қасиеттерін, өңдеу тәсілдерін, кодтау тәсілдерін білу қабілеттерін

дамыту.


3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Пікірлесіп - түсіндіру

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар: - ақпарат ұғымын;

  • ақпарат формаларын;

  • ақпарат көздерін;

  • ақпарат типтері мен қасиеттерін;

  • ақпаратты өңдеу тәсілдерін;

  • ақпаратты кодтау тәсілдерін;

Оқушылар үйрені тиіс:

  • тірі табиғатта, техникада, қоғам мен адам іс әрекетінде ақпараттарды жеткізу, сақтау және өңдеу тәсілдерінің мысалын келтіру.


Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Теориялық материалды түсіндіру, жұмыс дәптерінде берілген тапсырмаларды орындаумен кезектестіріледі.

Бізді қоршаған әлемнің ең маңызды мәні зат, энергия мен ақпарат болып табылады. Зат пен энергия сияқты ақпараттың да мәні өте зор. Оның өсімдіктердің, жануарлардың, адам мен жалпы адамзат қоғамының өміріндегі мәні олардан кем емес.

Ақпарат бұл тек кітаптардан, газет мақалаларынан немесе берілген жаңалықтардан алынған мәліметтер ғана емес, күрделі биологиялық молекулалардың құрылымында, радиосигналдар мен кілт рельефінде сақталатын мәліметтер болып табылады.

Дегенмен, ақпарат ұғымы ғылымдар шегінде анықталмайтын ұғым болып табылады. Бұл ұғым тек материалдық ақпарат тасуыш, ақпарат көзі, ақпарат жеткізуші, оны қабылдаушы, көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы барын ұйғарады деп пайымдауға болады.

Бұл ұғым бірі қалмастан, барлық салаларда: философияда, жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдарда, биологияда, медицина мен физиологияда, адам мен жануарлар психологиясында, социологияда, өнерде, техникада, экономикада және күнделікті өмірде пайдаланылады.

Ақпарат туралы былай айтуға болады: ақпарат – бұл бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу деп пайымдауға болады.
1.1.1.Тапсырма. Ақпарат деген сөзге сен қандай мағына бересің

Оқушыларға берілген тақырып бойынша өз пікірін дәптерге жазу ұсынылады.
1.1.2.Тапсырма. Ақпарат алатын көздерді атап айт.

«Біз ақпаратты қайдан аламыз» деген сұрақты дискуссия барысында талдау. Жауаптар әр түрлі болуы мүмкін.

1.1.3.Тапсырма. Кестеге өзің ақпарат алған мысалдары мен олар алынған ақпарат көздерін жаз.


Ақпарат

Ақпарат көзі

1. Internet бүкіл әлемнен байланысты.

Инфоматика сабағы

2. Қосындылардың орнын ауыстырғанмен олардың суммасы өзгермейді

Математика сабағы

3. Амеба бір клеткадан тұрады

Биология оқулығы

4. Токқа қосылған үтікке қол тигізу қауіпті

Апаңның ескертуі

5. Тұратын уақыт болды

Қоңырау сағат


Жаттығуда біраз көмек берілген. Кестенің қатары толығымен толтырылған. Екіншіден бастап бесіншіні қоса қатарлар жартылай толтырылған. Қалған қатарларды оқушылар өз бетімен толтыруы керек. Жауаптардың айырмашылығы түрлі болуы мүмкін.
Кім ақпарат хабарласа сол ақпарат көзі болып табылады. Мысалы, мұғалім, оқушы, сарқырама шуылы, т.б. Кімде-кім ақпаратты қабылдап алса, онда ол ақпарат қабылдаушы болып табылады. Мысалы, адам, жануар, өсімдік т.б.

Ал ақпарат тасуыш: сынып тақтасы, журнал, аууа бөлшектері, слайд, перфокарта, ген т.б. бола алады.

Ақпарат көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы телекоммуникациялық арна да, ауа да дыбыс толқындарын тасушы бола алады.

Ақпарат көзі мен қабылдаушы жанды (тірі организмдер), жансыз (ДК) заттар, айқын (мұғалім - оқушы) және жанама (су шуылы сарқырамының жақын екенін білдіреді) болуы мүмкін.

Ақпарат қабылдаушы бір уақытта оны жеткізуші де болатын және керісінше жағдайлар да кездеседі.
1.1.4.Тапсырма. Берілген мысалдарда ақпарат көзін Қабылдаушы мен Ортасын белгілеңдер.


Үй иесі

1. Есікке қоңырау соғу.


2


Аңшы
. Аңшы қоянның ізімен жүріп келеді.

(ақпаратты бір жаққа беру)



Дос

Дос

3. Екі достың телефонмен сөйлесуі



(ақпарат алмасу)
Ұсынылады:

  • Бірінші үш мысалды бірге талқылау.

  • Ақпарат көзі де, қабылдағышы да бірнеше болуы мүмкін екенін түсіндіріп, тапсырманың басқа пункттерін өз бетімен орындауға мүмкіндік беру.

  • Егер тапсырманы сыныпта орындауға сабақ уақыты жетпесе, онда оны үйге беру.


1.1.5.Тапсырма(Ү). Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

Жауаптар әр түрлі болуы мүмкін.

1.1.6.Тапсырма(Ү). Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір.

Жауаптар әр түрлі болуы мүмкін.

1.1.7.Тапсырма. Сенің ойыңша берілген ақпараттық процестердің қайсысы басым екенін кестеде өзің белгіле.


Процесс

Беру

Сақтау

Өңдеу

1. Кітап оқы

+







2. Күнделікке баға қою







+

3. Математикадан есеп шығару







+

4. Есікке қоңырау соғу

+







5. Компьютерде ойнау

+




+

6. Диктант жазу

+




+

7. Тақпақ жаттау




+




8. Суретке түсу

+

+




9. Балмұздақ сатып алу

+




+


Тапсырма тек ақпарат пен үш түрлі: беру, сақтау, өңдеу жұмыс істеуге болатыны жөнінде қорытынды жасалғаннан кейін ғана орындалады. Кесте әр мысалды талқылап толтырылады. Әр процесте ақпаратты беру, сақтау, өңдеу әр түрлі мөлшерде болатыны анықталады. Мұның ішінде жұмыстың басым түрін белгілеу ұсынылады. Жауаптар әр түрлі болуы мүмкін.
1.1.8.Тапсырма. Бірыңғай ақпараттық процестерді құрайшыларға бөліңдер.

Ұсынылады:

  • Келтірілген «Математикадан есеп шығару» мысалын оқушылармен бірге талқылау.

  • Оқушылардың бірыңғай процесті құраушыларға бөлуді қаншалықты түсінгеніне байланысты келесі мысалды олармен бірге талдау, немесе өз беттерімен орындауға мүмкіндік беру.

Велосипед сатып алу (мысалы, былай толтырылуы мүмкін).



Алу

Өңдеу

Сақтау

Берілу

Бағасын,

Бір ақша жете ме?


Білгіштердің пікірімен басқа дүкендердегі велосипедтердің бағасын есте сақтаймыз



Сатушыға өзіміздің шешіміміз туралы айтамыз

Сапасын

Ұнай ма, ұнамай ма?

шығарушы

фирманы


білуіміз керек







Теориялық материалды жұмыс дәптерінде тапсырмаларды орындаумен кезектестіріп түсіндіруге көшу.

Адамның барлық іс-әрекеті кез-келген уақытта ақпарат алумен байланысты: көріп – ақпарат аламыз, естіп, зат ұстап, ас ішіп, иіскеп те ақпарат аламыз. Ақпаратты бізді қоршаған заттар мен құралдар береді: кітаптар, журналдар, газеттер, теледидар, радио т.б.

Адамдардың үйдегі, мектептегі, жұмыстағы және көшедегі бір-бірімен қарым-қатынасы – бұл ақпарат беруі.
1.1.9.Тапсырма. Адам қандай ақпарат алады?

Тапсырма адам өзінің сезім мүшелері арқылы ақпарат алатыны туралы сөйлесу барысында орындалады. Жауаптар әр түрлі болуы мүмкін.
Ақпарат түрлері

Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық-саясаттық, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық т.б.

Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:


  1. статикалық (тұрақты) немесе динамикалық динамикалық (айнымалы);

  2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;

  3. басқарушы және мәлімет беруші;

  4. объективті және субъективті болуы мүмкін.

Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.

Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:

Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді.

Басқа жануарлар иіс сезу мүшесі арқылы бөгде иісті сезіп бөтен жерден кетеді.

Жарғанат қараңғыда ұшқанда ультрадыбысты толқынды жібереді, олар әр түрлі заттардан шағылып оралып қабылданады, оған қайта кеңістікке бағытталуға мүмкіндік береді.

Кейбір ағаштар бір-біріне құрттар шабуыл жасағаны туралы мәлімет бере алады. Мұндай хабардан кейін олар қорғану үшін, жапырақтарына улы заттар шығарады.

Ақпарат беру мен өңдеу ұрпақтан ұрпаққа генетикада жануарлар мен өсімдіктердің қажетті қасиеттері бекіту мен селекция сұрыптау үшін қоладнылып келеді.

Ақпаратты өңдеу мен берудің көптеген тәсілдері бар.

Адам сол немесе басқа тілді ишарат, ым мен дыбысты қолдана отырып, ақпарат беріп, оны кез-келген сезім мүшесі арқылы қабылдай алады.

Басқа сөзбен айтқанда адам ақпаратты сигнал немесе таңба түрінде береді, өңдейді және қабылдайды. Сигнал жарық, дыбысты (радиотолқындар), электромагниттік, биохимиялық т.б. бола алады. Сигналды бірнеше типтерге бөлуге болады:



  1. Физикалық табиғаты бойынша электромагниттік, арық, жылылық, дыбыс, механикалық, биохимиялық;

  2. Қабылдау тәсілі бойынша көру, есту, дәмді сезу, аурулық, физиологиялық.

Белгі деп кез-келген тілдің алфавитін, ымишарат тілдерінің белгілерін, кез-келген кодтар немесе цифрларды, ноталық белгішелерін т.б. санауға болады. Ақпаратты өңдеу процесі ақпаратты тасушы мен ақпаратты беру мен ақпаратты өңдеу құралдарының болуын ескереді.

Ақпаратты тасушы оны сақтайды, оған бұл ақпаратқа сәйкес таңбаны немесе сигналды жазуға болады. Ақпаратты беру құралы – бұл адам, тілдері, телекоммуникация құралдары, тірі табиғаттағы биохимиялық процестер т.б.

Адам ақпаратты кем дегенде үш деңгейде өңдей алады, атап айтқанда:

Физиологиялық деңгейде (сезім мүшелері), ақылмен ойлау деңгейде, аңдаусыздық деңгейде. Бұған басқа адам өз ұрпақтарына гендер арқылы тұқым қуалау ақпараттарын береді.


1.1.10.Тапсырма. Адам қабылдайтын ақпарат мысалдарын сызбаға жаз.

Сызбаны талқылау барысында толтыру ұсынылады. Мысалдар әр түрлі болуы мүмкін.
1.1.11.Тапсырма(Ү). Берілген мысалдардағы ақпарат қандай түрге жататынын анықта. Кестенің сәйкес ұяшығына белгіше қой.


Бейнелі

Ақпарат

Таңбалық

Тіл

Табиғи

Жасанды




Сынып журналындағы бағалар




+

+

Айвазовскийдің «Девятый вал» суреті










Радиодан диктордың хабарлары

+




+

Компьютер ойыны







+

Апамның тоқашы










Градусник көрсетуі




+

+

Ауру адамның түрі







+

Сағат тілдерінің көрсетуі




+

+

Сабақтан шығу қоңырауы










Жол белгілері




+




Мумба-Юмба тайпасының тіліндегі мәтін

+




+

Теледидардағы хоккей ойыны










Бағдаршам сигналы




+

+

Жайсыз орындық







+

Фотосуреттер










Көбейту кестесі




+




«Соғыс және бейбітшілік» романы

+




+

Жұмсақ орындық










Математикалық формула




+

+

Күлкі









Ноталар




+

+

Жұлдызды аспан







Тапсырманы өз бетімен орындау ұсынылады. 1.1.10. тапсырманы орындағаннан кейінмұны орындау қиын болмайды.
1.1.12.Тапсырма.

Әр түрлі алфавитті қоладнып, бір ғана ақпаратты түрлі жолмен беруге болатынын түсіндіру кезінде орындау ұсынылады.


Егер он және алты сандарының айырымын екіге көбейтсе, содан кейін үш пен бір қосындысына бөлсе, онда екі шығады







Егер отыз және он сандарының айырымын бір, екі, үш, төрт сандардың қосындысына бөлсе, онда екі шығады.


1.1.13.Тапсырма. Кодтау әдістерінің кестесін (алфавттерінің) толтыр.

- Кодтау саған қайда және қандай түрде кездесті, мысалдар келтір.

- Оларды кестенің бос жолдарына жаз.

Тапсырма өз бетімен орындауға ұсынылады. Мұнда көмек бар: орыс тілі алфавті - әріптер, ары қарай математика графасына цифрлар жазу керек, арифметикалық амалдар белгілерін – жақшаларды жазу керек. Музыка – ноталар. Көлік жүрісін басқару – жол белгілері.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту

1.1.1, 1.1.2, 1.1.3, 1.1.4, 1.1.7, 1.1.8, 1.1.9, 1.1.10, 1.1.12, 1.1.13 – тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма

Табиғатта ақпарат ұғымы. Ақпарат түрлері. Ақпарат көзі, қабылдаушы мен жеткізу ортасы. Ақпараттық процестер (үрдістер). Адамның ақпаратты қабылдауы.



1.1.5, 1.1.6, 1.1.11-тапсырма

2)Оқушыларды бағалау


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет