Оқулық жасау ортасы қожабекова А., Исламова Г. Жамбыл облыстық ерекше дарынды балаларға арналған



жүктеу 20.8 Kb.
Дата21.02.2019
өлшемі20.8 Kb.
түріОқулық

ӘОЖ 681.142.37
BORLAND DELPHI – ЭЛЕКТРОНДЫҚ

ОҚУЛЫҚ ЖАСАУ ОРТАСЫ
Қожабекова А., Исламова Г.

Жамбыл облыстық ерекше дарынды балаларға арналған

«Дарын» мектеп-интернаты, Тараз қ.
Электронды оқулықтар оны пайдаланушылардың бойында зор қызығушылық сезімін оятатындықтан біз оқулықтардың мүмкіндіктері мен сапасын көтеру мақсатымен түрлі бағдарламаларға арналған оқулықтар жасауға ұмтылып отырмыз.

Delphi бағдарламалау тілінде оқу құралын жасауға кіріспес бұрын Delphi бағдарламалау тілі деген ұғыммен танысып көрелік. Сонымен, Delphi дегеніміз не?



Осыдан бес жыл бұрын Borland компаниясы өзінің визуалды бағдарламалау құралының алғашқы нұсқасы ретінде Delphi -ді дүниеге әкелді.Delphi бағдарламасын «студенттік» тіл ретінде жаман атаққа ие болған Pascal тілінде жазу қажет болатын. Алайда көп уақыт өтпей-ақ, өзін-өзі сыйлайтын көптеген бағдарлама жасаушылар Pascal-дың ел ойлағандай «балалардың ойыншығы емес», жоғары сапалы бағдарламалық өнімдерді тез жасауға мүмкіндік ашатын жаңа кәсіби құрал екендігіне көз жеткізіп үлгерді.

Delphi – объектілі-бағдарлау тілі негізіне алынған визуалды бағдарламалау құралы. Бұл жердегі «визуалды бағдарламалау» дегенді түсіну үшін бір сәт бағдарламашы өз бағдарламасының кодын баспастан-ақ жүйеге не көргісі келетіндігін түсіндіріп отырғандығын көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Әрине, бұл астамшылық, ешбір жүйе адамзат тілін түсінбес болар деріңіз анық. Бірақ, Delphi-ді жасаушылар осы бағытқа алғашқы қадамын басып отыр. Delphi-де көптеген іс-әрекеттерге әлдеқайда уақыт аз жұмсалады және түйсігіңізге көбірек жүгінуге тура келеді. Қолданбаларды (приложения) тез жасау үшін бағдарламалау ісіне мүлдем басқаша көзқарасты орнықтыра білу қажет. Delphi-дің негізіне объектілі-бағдарлау Pascal тілінің алынуы тегіннен-тегін емес. Object Pascal тіл стандартынан қатты ерекшеленеді. Мұнда бағдарламашы стандартты код жазбайды, класс, оқиға, өзіндік ерекшелік, сапа, белгі, компоненттер тәрізді абстрактілі ұғымдарды пайдаланады. Delphi визуалды құрастыру түріндегі бағдарламаларды жасауға мүмкіндік береді, яғни пайдаланушы өзінің болашақ бағдарламасын жасай отырып, оны жүктеместен бұрын-ақ жұмысының нәтижесін көре алады. Бұл зерттеуге келгенде оңай көрінгенмен күрделі орта болып табылады. Delphi Visual Basic және С ++ тәрізді кестелік интерфейсті пайдаланады. Қазіргі уақытта көптеген фирмалар аталмыш интерфейсті өздерінің қолданбалары үшін стандарт ретінде қабылдаған. Delphi 7.0 бағдарламалау жүйесі – бағдарламалық кодтарды қайталап пайдаланудың дамыған механизмдері бар Windows – қосымшаларында барынша танымал, өте қолайлы және тез орта. Delphi-дің елеулі ерекшелігі – бағдарламалық өнімдерді жасаудың құрамдас модулі екендігінде. Электронды оқулықтың мәні бағдарламаның құрамындағы объектілі құрамдас бөліктердің кеңейетін жиынтық жүйесінің қолдауында болып тұр. Delphi 7.0-дің құрамдас бөліктерінің икемділігі сондай, оларды қажеттілігіне қарай Delphi ортасына қосуға болады. Мұның өзі пайдаланушыға кез келген бағытта өз қосымшаларын ашу үшін мүмкіндік береді. Сондықтан біз электронды оқулық жасау үшін осы бағдарламалау ортасын таңдап алдық, себебі оның шын мәніндегі мүмкіндіктері шексіз. Ол біздің шығармашылығымызды дамытуға үлкен тұғырнама болмақ.
Каталог: rus -> all.doc -> konferencii -> materialy20
materialy20 -> Әож 539. 376 СҰЙЫҚ ортаның шаш талшықтарының жылжу процесіне әсерін зерттеу
materialy20 -> Әож 36. Май өнімдерін өндіру процесін зерттеу
materialy20 -> Әож 524. 28. Жоғары дәлдікті аспаптар мен гаж-дың байланысы
materialy20 -> Әож 1: 551. 1/. Пайдалы қазбалар статистикасы
materialy20 -> Талас өзен алабының су қорлары және оларды пайдалану ратова Ә., Мұсабеков Қ.Қ
materialy20 -> Әож 11. 512. 122: 373. КӨркем шығармалардағы жер-су атаулары
materialy20 -> Әож 5. (5 каз) 32-5я7 Топографиялық түсірулерді электронды тахеометрмен өлшеу
materialy20 -> Адамды кепілге алу, адамның органын, тінін сату, адам саудасы Қайратбекұлы А., Еркебаева А
materialy20 -> Әож 81'276. 5: 378. 18 Жастар арасындағы сленг сипаты
materialy20 -> Желідегі күштік қоректенудің МӘселелері танирбергенов Қ. А, Наметбаев Е. С., Есимбаев О. Ж


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет