Оқулық мазмұны кіріспе



жүктеу 1.35 Mb.
бет7/7
Дата01.03.2018
өлшемі1.35 Mb.
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7

Қайталау сұрақтары.

 

1.Өсу туралы жалпы ұғым



2.Өсімдік мүшелерінің әрекеттестігі

3. Өсімдік өмірі туралы ұғым

4.Фототропизмнің механизмін түсіндіріңіздер.

5.Өсімдіктің өсуі мен дамуына сыртқы жағдайлардың әсері

6.Өсудің үлкен қисық сызығы

7.Настиялық қимыл-қозғалыстар

8.Нутация-бұл қандай құбылыс

9.Өсімдіктердің көбею физиологиясы

10.Жылу су өсімдік бүршігінің жарылуына қалай әсер етеді?

 

 


 

1. Өсімдіктердің ылғалға байланысты экологиялық топтары.

 

Ылғалға байланысты өсімдіктердің мынадай  негізгі топтарына ажыратады;



1.Ксерофиттер(Грекше ксерос-құрғақ;Фитон--өсімдік)-топырақтағы жәнеауадағы ылғалдың тұрақты немесе уақытша  жетіспеуіне бейімделген  өсімдіктер. 

2. Мезофиттер (мезос- орташа)-орташа ылғалдық жағдайында  тіршілік  ететін өсімдіктер. 

3. Гигрофиттер (грекше гигро-ылғал)- көбінесе атмосфералық  ылғалмол жерде тіршілік  ететінөсімдіктер.

 4.Гидрофиттер (грекше гидро-су)-суда өсуге бейімделген  өсімдіктер. Гидрофиттер суға жартылай батып тұрады, сондықтан  денесінің жартысысу астында, жоғарғы бөлігі су бетінде қалқып өседі. 

5. Толығымен суға батып тіршілік ететін өсімдіктер  гидатофиттер (грекше гидатос-су )  деп  атайды.

    Гидатофиттер-су өсімдіктері.  Бұларға балдырлар, сужапырақ  (элодея) валлиснерия, көптеген шыландар, егушөп, мүйізжапырақ, тұңғыш, наяда, дүңгіршек  т.б. өсімдіктер  жатады.  Бұлардың  бірсыпырасы су  түбіне бекініп (тұңғыш). Біразы  су  қабаттарында (балдыршөп, сукөрік) бос  жүреді.

    Гидатофиттердің  тіршілік  ортасына байланысты  құрылымында өзіндік  ерекшеліктері  бар. Жапырақтары  жұқа. Мысалы,сужапырақ  клеткалардың екі  қабатынан ғана  тұрады. Су  асты  жапырақтары көбінесе жіп тәрізді  бөлшектеніп  кеткен. Дене  беткейлері  көлемді. Бұл  ауа  алмасуды  жеңілдетеді, суда  еріген  оттегі  өте аз. Су өсімдіктеріне жарық  жетіспейді, өйткені  жарық сәулелерінің бір  бөлігі  ғана сіңеді де, біразы  су  бетіне  шағылысып, сіңе  алмайды.Сондықтан  оларға  көлеңке сүйгіш  өсімдіктердің  ерекшеліктері  тән.

      Эпидермасының  үстіңгі  беткейінде  кутикуласы  болмайды,болғанымен  өте  жұқа, судың енуіне кедергі  жасамайды. Сондықтан  судан  шығарылған  су  өсімдіктері  бірнеше  минут  ішінде солып  қалады.

      Су  ауаға  қарағанда  едәуір  тығыз, сол  себепті  өзіне  батқан  өсімдіктерді  ұстап  тұрады. Соның  нәтижесінде су  өсімдіктеріне  механикалық  ұлпаның  аса қажеті  болмайды. Сонымен қатар  ауа  тапшылығына  бейімделу  нәтижесінде  су  өсімдіктерінде  ауа  толы 

 

Марганецтің күнбағыстың өсуіне әсері



Оң жақтағысы-марганецсіз

Сол жақтағысы-марганецпен өсірілгені



2.Өсімдіктердің қолайсыз температуралық жағдайларға төзімділігі

 

Өсімдікортаның қолайсыз жағдайларының әсерінен біртіндеп бейімдеушілігінің нәтижесінде оның төзімді және төзімсіз топтары, түрлері, өкілдері пайда болады.Ортаның қолайсыз жағдайларына өсімдіктердің төзімділігі негізінен екі бағытта қалыптасады:ортаның қолайсыз (күз,қыс)кезеңдерінде өсімдіктер түгелінен немесе ішін-ара заталмасу , өсіп-өну процестерін тоқтатып тыныштық күйге ауысады;екіншіден, керісінше тіршілік әрекеттерін күшейтіп, қолайсыз жағдайларға барынша актив түрде төтеп береді.



Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі.

Өсімдік организміне жоғары температураның(ыстықтың) әсерінен зерттеу жұмыстары ХІХ-ғасырдың 70-жылдарынан-ақ басталған болатын.Мысалы, Сакс(Sachs 1864) әртүрлі өсімдіктердің өзіне тән ең жоғарғы максимум(температуралық деңгейі болады деп көрсетті.Көптеген өсімдіктер +51 0С ыстыққа 10 минуттен артық төтеп бере алмайды, бірақ +49-50 0С ыстыққа ұзағырақ уақыт шыдайды деп тұжырымдады.

Кейінірек,өсімдіктердің көпшілігі үшін ең жоғарғы температуралық деңгей бұған қарағанда төменірек болатындығы анықталды.Мысалы,картоп өсімдігі 42,50С ыстыққа бір сағаттан артық шыдай алмай, залалданатындығы байқалды.

Өсімдіктердің салқындыққа  төзімділігі.

Шығу тегі жағынан оңтүстік өсімдіктердің көпшілігі төмен, жағымды(+) температураның (1 ден 10 0С-қа дейінгі аралықта)әсерінен де зақымданады.Қоңыржай аймақ өсімдіктері бұндай салқындыққа төзімді, қалыптағыдай өсіп-өнуін тоқтатпайды.Оларға арпа, сұлы, зығыр, сиыр жоңышқа сияқты өсімдіктер жатады.

Салқындатқан зақымдаған өсімдіктердің жапырақтары алдымен солып, соңыңда қурап қалады.

Салқындықтың әсерінен хлорофилдердің ыдырауы нәтижесінде жапырақтардың түссізденуі күріш,сиыр бұршақ өсімдіктерінде, қоңырлану-күнбағыс, қияр өсімдіктерінде жиі байқалады.

Жылу сүйгіш өсімдіктерде жеке органдарының салқындатқан зақымдануы бірдей болмайды.Жүгері мен қарақұмықтың сабақтары, күріш пен сиыр жоңышқаның, керісінше, жапырақтары төзімсіздеу келеді.



3.Өсімдіктің қуаңшылыққа төзімділігі

Қуаңшылық және оған төзімділік туралы жалпы ұғымдар.Күн нұрының  әсерінен гидросфера, литосфера және атмосфераның қызуына байланысты, ауа ағынының өзгеруі нәтижесінде жер шарының әр түрлі аймақтарында қуаңшылық құбылысы жиі кездеседі.

Көптеген ғалымдар қуаңшылық құбылысына өздерінше әртүрлі анықтамалар беріп келеді.Солардың ішіндегі ең алғашқыларының бірі П.И.Броунов қуаңшылықты атмосфераның, қысымның шамадан тыс жоғарлауына байланысты, қалыпсыз құрғақшылық кезеңі деп сипаттады.Оның ұйғаруынша қуаңшылық өте күшті және әлсіз, ұзақ және қысқа мерзімді деп бөлінеді.

Қуаңшылықтың өсімдіктегі физиологиялық және биохимиялық процестерге әсері.Қуаңшылықтың жағымсыз әсері, ең алдымен, өсімдіктегі су алмасу процесінде байқалады.Топырақ қуаңшылығыныан клеткалар және ұлпалар бойындағы су азайып, сусызданады, өсімдікте су тапшылығы пайда болады.Еейде төмендеу су тапшылығынан өсімдікорганизмнің тіршілік әрекеттерінде онша бұзылыс байқалмайды.Бірақ су тапшылығы белгілі деңгейден асып кетсе, өсімдік залалдана бастайды.

Су тапшылығы деген ұғым-өсімдік суға толық қанығуы үшін жетіспейтін судың процентпен белгіленетін бөлігі.Мысалы, өсімдік толық қаныққан күйде, оның ылғал салмағының 100-г-нда судың мөлшері 90 г, ал қанықпаған күйде-70г болсын делік.Сонда су тапшылығы-90-70=20 г.шамамен 22%-ке тең болады.

Өсімдіктердің қуаңшылыққа төзімділігін анықтау және арттыру әдістері.Өсімдіктердің қуаңшылыққа төзімділігін алдын-ала болжаудың, немесе анықтаудың тікелей жәнек жанама әдістері бар.

Табиғи жағдайда атмосфера мен топырақ қуаңшылығы жыл сайын бола бермейтін құбылыс.Сондықтан қуаңшылықты қолдан жасау мақсатында құрғатқыш шатырлар қолданылады.Оның айналасынан тереңдігі 80 см, ені 50-60 см ор қазылып, төбесі су өткізбейтін материалмен жауын-шашын болардан бұрын жабылады да, басқа уақытта ашық қалдырылады.Осындай жан-жағынан ылғал түспейтін шатырдың ішіне зерттелетін өсімдіктер егіліп, тиісті бақылаулар жүргізіліп, түсімі есептелініп,қалыпты жағдайда өсірілген өсімдіктермен салыстырылады.Алынған салыстырмалы нәтижелер арқылы зерттелген өсімдік сорттарының қуаңшылыққа төзімділігі туралы тиісті қорытынды жасалады.Кезінде Л.С.Литвинов (1933), И.В.Красновский, Ф.Д.Сказкин ұсынған бұл әдіс (тікелей)осы уақытқа дейін пайдаланылып келеді.

 

 



 

  

4.Өсімдіктердің топырақтың немесе қоректік ортаның тұздылығына төзімділігі

 

Топырақ тұздылығы және тұзға төзімділік туралы жалпы ұғым.Тұздың топырақтар жер шарындағы мемлекеттердің көптеген аймақтарын алып жатады.Жалпы құрлықтың шамамен 25% тұзды аймақтар үлесіне тиеді.Тұзды топырақтардың көп бөлігі, негізінен, Орта Азия мемлекеттерінде орын алды.Осы мемлекеттердің суармалы аймақтары (егістігінің), шамамен 65% –тей азды-көпті тұзды топырақтардан тұрады.Соның ішінде Түркменстанда-89%,Өзбекстанда-70%,Қазақстанда-65%,Тәжікстанда-30%,Қырғыстанда-25%.



Топырақтың тұздылығы әртүрлі жағдайларға байланысты қалыптасады.Ең алдымен ол топырақтың бастамасы болып есептелетін тау жыныстардың минералдық құрамына байланысты болады.Екіншіден, тұзды топырақтар негізінде қуаңшылылық, шөлді дала аймақтарда көп орын алады.Себебі, ондай аймақтарда ауа райының ыстықтығынан, желдің күштілігінен, жер бетінен судың булануы өте қарқынды жүреді.Соған байланысты жер қабаттарындағы топырақ ерітіндісі буланып жоғары көтерілген сайын құрамындағы еріген тұздар да жоғары көтеріліп, топырақтың үстіңгі бетіне келгенде іркіліп жиналып қалады.Егшістіктерде көп суару нәтижесінде де топырақтың үстіңгі бетіндегі тұздардың концентрациясы көбейді.Мысалы,суаруды көп қажет ететін мақта, күріш өсімдіктері бір жерге бірнеше жыл қатар егілетін болса, ондай топырақтар біртіндеп тұзды топыраққа айналады.

Галофиттердің қысқаша сипаттамасы.Галофиттердің анатомиялық, морфологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін зерттеуге көптеген ғалымдар еңбек сіңірді.(Баталин, Келлер, Рихтер, Генкель, Бурыгин, Шахов, Строгонов, Клышев, т.б.)Осындай зерттеулердің нәтижесінде галофиттердің ұзақ жылдар бойы даму барысында тіршілік әрекеттерін тұзды орталарда қалыпты жүзеге асыруына мүмкіндік беретін анатомиялық-морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері қалыптасқандығы анықталды.Тұзды ортаға бейімдеушілік ерекшеліктеріне байланысты галофиттер негізгі төрт топқа бөлінеді.

1.Тұз жинақтаушы галофиттер(эвгалофиттер)

2.Тұзды бөліп шығаратын галофиттер(криногалофиттер)

3.Тұзды сіңірмейтін галофиттер(гликогалофиттер)

4.Тұзды оқшаулап жинақтаушы галофиттер

Тұздардың өсімдікке әсерінің физиологиялық негіздері.Қазіргі кезде тұзардың өсімдікке әсерінің физиологиялық негіздері туралы екі бағытта көзқарас пайда болды.

1)тұздардың өсімдіктерге жағымсыз әсері сыртқы ерітіндінің осмостық қысымына байланыстылығын уағыздайды.

2)өсімдіктердің залалдануы тұздардың уытты әсеріне байланыстылығы туралы ұсыныс.

Б.П.Строгоновтың (1961)ұйғаруынша топырақ ерітіндісінің концентрациясы өте жоғары болған жағдайда өсімдіктердің суды сіңіру нашарлап, топырақтың физиологиялық құрғақтығы айқындала түседі.Топырақтың тұздылығы төмен болып, өсімдік тамыры топырақ ерітіндісінен суды қиындықсыз сіңіре алатын жағдайда тұздардың уытты әсері байқалмайды.Тұздардың уытты әсері әдетте өсімдікте белгілі заттар мөлшерінің және белгілі зат алмасу процесінің өзгеруіне байланысты бағаланады.

Тұздану түрлерінің өсімдіктің физиологиялық процестеріне әсері.

Өсімдіктердің топырақтың тұздануы сапасына, яғни тұздардың әр түрлі түрлеріне реакциясы олардың дамуының алғашқы сатыларынан-ақ байқалады.Мысалы, сульфатты-хлоридты тұздану сондай концентрацияда тұқымның өнуін жеделдетеді.

Хлоридты тұздардың әсерінен өсімдіктердің жапырақ алақандары кішірейіп, меристема клеткаларының өлшемдері ұлғаяды, устьицалар саны азаяды, жапырақтар қалыңдап өседі.

Сульфатты ортада өскен өсімдіктерде жалпы және байланысқан судың мөлшері азайып, транспирация қарқындылығы жоғарылайды.Жапырақтың сорғыштық күші, клетка сөлінің осмостық қысымы, протоплазманың тұтқырлығы төмендейді.Ондай өсімдіктердің құрамында, хлоридты тұздану жағдайында өскен өсімдіктерге қарағанда, фосфор, калий, кремний және күкірт мөлшері көбейеді.

 

 

 



  

 

5.Өсімдіктердің ортаның газдануына төзімділігі

 

Өсімдіктердің атмосферадағы түрліше зиянды газдардың әсерінен залалданбай, тіршілік әрекеттерін қалыпты күйде сақтау қабілеттілігін газға төзімділігі деп атауға болады.Оған қоршаған ортадағы физикалық,химиялық, географиялық және ауа райы жағдайлары үлкен ықпал жасайды.Сонымен бірге өсімдіктердің ерте замандардағы тектерінде газға төзімділікті анықтайтын жүйелер қалыптаспаған.Соған сәйкес қазіргі замандағы өсімдіктердің газдар әсеріне төзімділік механизмдері, басқа қолайсыз әсерлерге төзімділік механизмдермен анықталады деп ұйғаруға болады.



Қазіргі замандағы өсімдіктер әлемі атмосферада зиянды газдар аз кезде пайда болды, ал атмосффераның құрамы болса бұдан 1 млрд жылдай бұрын қалыптасты.Алғашқы жер атмосферасы аммиак, күкіртті сутек, метан, көмір оксиді сияқты газдардан протеэрозой және палеозой эраларындағы газдар әсеріне төзімділік механизмдері қалыптасқан автотрофты өсімдіктер тазартқан болуы мүмкін.Бірақ, атмосферада оттегінің көбейіп, зиянды газдардың біртіндеп азаюына байланысты өсімдіктердің бұл қасиеті де жойылған болуы мүмкін.

Қазіргі заманда адам қоғамының тіршілік әрекеттерінің салдарынан атмосфераның ластануы қарқындылығы өсіп, биосфераның өздігінен реттеушілік жүйелерінің ауаны тазарту мүмкіндіктерін жоққа шығаруда.Есептеулерге қарағанда, шамамен, қазір атмосфераға 200-ден артық зиянды қосындылар бөлініп шығады екен.Олардың толып жатқан газ тәріздес-SO2, NО, NО2, CО2, F,көмірлі сутектер, қышқылдар мен фенол булары, құрым мен күл, шаң-тозаң құрамындағы уытты қорғасын, селен, мырыш, т.б. ауыр металл тотықтары бар.

Атмосфераға бөлінген газдар мен булар өсімдіктердің ұлпаларына усьтицалар арқылы оңай сіңіп, клетка қабығы мен мембраналардың өзінде-ақ химиялық өзгерістерге қатысып, тікелей зат алмасу процестеріне ықпалын тигізу мүмкін.Ал шаң-тозаңдар болса өсімдік мүшелерінің беттеріне жабысып, усьтицаларды бітеп, жапырақтағы газ алмасуды, жарықтың сіңуін, т.б.нашарлатады.Суда еритін газдар өсімдік ұлпаларында қышқылға немесе сілтіге айналып, протопластпен әрекеттеседі.Олардың біразы бейтараптанып, біразы сол күйінде қалады.Қышқылдар хлорофилді ыдыратып, өсімдік ұлпаларының рН және цитоплазма биоколлоидтарының құрлысын өзгертеді.Сонымен қатар, олардың әсерінен ферменттік аппарат зақымданып, жапырақ пен өткізгіш шоқтары клеткаларындағы зат алмасу процестері бұзылады, фотосинтез қарқындылығы төмендеп, тыныс алу процесі күшейеді.

Қышқыл газдар, әсіресе қылқанды ағаштарға көп кесірін тигізеді.Олардың төбелік бұтақтары қурап, діндерінің жуандап өсуі нашарлайды,қылқандары қысқарып, қурап түсіп қалады.Қышқыл газдардың ұзақ уақыт әсерінен фитоценоздар өзгерістерге ұшырайды.Орманды алқаптар азайып, арам шөпті аймақтар көбейеді.

Газдар әсеріне реакцияларының өзгешелігіне қарап өсімдіктер газға сезімтал және газға төзімді деп бөлінеді.Өсімдіктің сезімталдығы газдардың әсерінен бүлінушілік процестердің жылдамдығы мен деңгейін бейнелейді.Газға төзімділік қасиеті-уытты газдардың енуін реттеу, цитоплазманың буферлігі мен иондар ара-қатынасын қалпында сақтау, пайда болған уларды залалсыздандыру қабілеттілігімен анықталады.

 

 6.Өсімдіктердің радиацияға төзімділігі



 

Қазіргі адам қоғамының атом бомбалары мен ракеталарын жарып, дүниені ойрандап жатқан заманда тірі организмдердің, соның ішінде өсімдіктердің төзімділігін зерттеп, оларды опаттан сақтаудың әдістерін жасап шығару жұмыстарының қаншалықты маңызды болатындығы, айтпаса да түсінікті.

Тірі организмдерге радиация тікелей және жанама әсер етедіСәулелену энергиясын сіңген жеріндегі молекулалардың радициялы-химиялық өзгерістер тікелей әсерге жатады.Тікелей молекулаларға енген энергия оны қозған, немесе иондаған күйге ауыстырады.

Радиацияның молекулаларға тікелей әсері «нысана немесе тию» теориясы және ықтималдық болжам арқылы түсіндіріледі.Алдыңғысына сәйкес ионданушы бөлікшенің молекуланың немесе клеткалық құрылымның сезімтал бөлігіне (нысана) дәл тиюі оны зақымдап, генетикалық өзгеруіне және өліміне себепші болады.

Ықтималдық болжам бойынша сәуле мен нысананың әрекеттесуі кездейсоқтық негізде іске асады, ал сәулеленуге реакция радияция әсерленген кездегі биологиялық жүйенің күйіне байланысты болады.

Сәулелік жарақаттанудың одан кейінгі сатылары иондаушы сәуленің жанама әсерлеріне байланысты жалғасады.Алғашқы жарақаттану деңгейі мынадай жағдайларға байланысты үдей түсуі, асқынуы мүмкін:

1)сәулелену әсерінен радиотоксиндердің пайда болып, олардың әсерінен мембрана липидтерінің және белоктардағы SН топтардың тотығуы, клетканың мембраналы құрылымдарындағы тасымалдау жүйелердің қызметтерінің бұзылуы;

2)ДНК репликациясында, РНК мен белоктар синтезделу процестерінде қателіктердің көбеюі.

3)биологиялық маңызды қосындыларды синтездеуге қажет ферменттердің зақымдануы.

 
 


 

7.Өсімдіктердің індетті ауруларға төзімділігі.

Індетті (жұқпалы) аурулар және паразитизм туралы жалпы ұғым.Өсімдіктердің көптеген аурулары оларға бөгде организмдердің-патогені немесе ауру туғызатын бактериялардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың әсер етуінен пайда болады.Бұл патогенді микроорганизмдер өсімдікпен жанасып әрекеттеседі, оның организміне еніп, немесе оның сырт бетінде өсіп-дамиды және тіршілік әрекеттерімен өсімдіктегі физиологиялық процестерді бұзады, яғни өсімдікті ауруға шалдықтырады.

Сонымен індетті аурудың негізгі ерекшелгі міндетті түрде ауру туғызушы, өсімдіктің сыртқы бетінде немесе ішінде (ұлпаларында) дамитын, одан өзінің тіршілік әректтеріне қажет қоректік заттарды алушы, микроорганизмнің немесе басқа паразиттің (арамтамақтың) болуында.Бұндай аурулардың екінші ерекшелігіне, олардың басқа сау өсімдіктерге немесе жеке органдарға тікелей жанасу жел, адам, хайуанаттар, сондай-ақ, індеттенген өсімдік қалдықтары арқылы тез таралатындығын жатқызуға болады.

Микроорганизмдерге байланысты пайда болатын аурулардан басқа біраз жоғары сатыдағы өсімдіктерге (гүл паразиттер) және хайуанаттарға (нематодтар), насекомдарға байланысты бұл ауруларды ажырата білген жөн.

Барлық өсімдіктер қоректену тәсіліне байланысты автотрофты және гетеротрофты болып бөлінеді:

Автотрофтылар-өздігінен анорганикалық заттардан фотосинтез процесінде (жасыл өсімдіктер), немесе хемосинтезге байланысты (бактериялар) оганикалық заттар түзетін өсімдіктер.

Гетеротрофтылар-өздігінен, дербес тіршілік ете алмайтын, тек дайын органикалық заттармен қоректенетін организмдер.Оларға саңырауқұлақтардың барлығы, бактериялардың басым көпшілігі, актиномицеттер және басқа түссіз өсімдіктер жатады.

Індеттенген өсімдіктердегі физиологиялық өзгерістер.Көпшілік жағдайда індеттенген өсімдіктердің тыныс алу жоғарылайды.Бұл өзгеріс індетке шалдыққан ұлпада синездік процестердің жеделдеуіне байланысты болуы мүмкін деп түсіндіріледі.Кейінірек, ұлпаға індетті микроорганизм толық жайғасқан соң, тыныс алу бәсеңдейді де, тоқтап қалады.Тыныс алудың жеделдеуі, негізінен, өсімдік ұлпасында ғана байқалады.Дегенмен, тыныс алудың көтерілуі індет қоздырушы (патоген) организмнің зат алмасу өнімдеріне, соның ішінде улы заттарына байланысты болуы мүмкін.

Кейбір тәжірбиелердің нәтижелеріне сәйкес тат ауруы мен ақ ұнтақ ауруын туғызатын саңырауқұлатардың әсерінен өсімдік ұлпаларында тыныс алудың гексозомонофосфаттық жолының үлесі жоғарлайтындығы байқалған.Қалыпты жағдайда тыныс алудың бұл жолы қосымша, бағынышты орын алатындығы белгілі.

Вирустың әсерінен темекі жапырақтарында некроз (ұлпаның жансыздануы) ауру пайда болғанда тыныс алудың жоғарлауы гликолиздік және пентозофосфаттық циклге байланыстылығы байқалады.Бірақ, саңырауқұлақтың әсерінен сондай ауру пайда болған жағдайда, ұлпадағы тыныс алудың жоғарлауымен қатар пентозофосфаттық цикл ферменттерінің де ырықтығы жоғарлайтындығы байқалады.

Демек, патогенді ауруларға төзімді өсімдіктерде тыныс алу қарқындылығының күшеюі пентозофосфаттық циклге көбірек байланысты деуге болады.Бұның өзі патогенді микроорганизмдердің әсерінен өсімдіктегі тыныс алу процестеріне қатысатын ферменттік жүйелер де өзгерістерге ұшырайды деуге мүмкіндік береді.

Көптеген патогендік ауруға шалдыққан өсімдіктердің індеттенген ұлпаларында фотосинтез қарқындылығы төмендейді.Бұл некротрофтордың әсерінен хлоропластардың әсерінен хлоропластардың тез ыдырауына байланысты болуы мүмкін.Бірақ, мұндай нәтиже биотрофтармен ауырған өсімдіктерде де байқалады.Соңғы жағдайда фотосинтез қарқындылығы кейде біршама жоғарылайды, соңынан бәсеңдейді.

Өсімдіктердің індетті ауруларға иммунитеті.Өсімдік организмнің патогенді микроорганизмдерге, олардың уытты заттарының әсеріне берілмеушілік, қарсы әрекет етушілік қасиеті-иммунитет деп аталады.Өсімдіктер иммунитеті деп олардың патогендер арқылы пайда болатын ауруларға, сол ауруларды қоздыратын –туғызатын белгілі микроорганизм және басқа қолайлы жағдайлар бола тұрса да қабылдаушылығы, бейімдеушілігіне байланысты биологиялық қасиетін айтады.

Өз кезегінде табиғи иммунитетті ырықсыз(активсіз) және ырықты (активті) деп бөлуге болады.

Табиғи ырықсыз иммунитет-өсімдіктердің өз ұлпаларында паразиттердің дамуына, олардың барлығына, немесе жоқтығына байланыссыз, кедергі жасауға арналған қасиеті.Ондай қасиеттері жабын ұлпаларының құрлысымен, клетка сөлінің реакциясы, ұлпаларында белгілі химсиялық қосындылардың(алкалоидтар, фенолдар, таниндер, фитонцидтер, т.б.)болуымен аяқталады.

Табиғи ырықты иммунитет-деп денесіне паразит ұрынған жағдайда немесе енгенде ғана өсімдіктің қарсылық көрсетушілік қасиетінайтады.Бұл жағдайда өсімдіктің ауруларға төзімділігі ырықты қорғанушылық процестерінің , ерекше қоздырғыштардың ұлпаларға енуіне және таралуына байланысты іске қосылуымен бейнеленеді.

 

 

 



 

 

 



 

 Лабораториялық жұмыс

 

Тақырыбы: Цитоплазманың өткізгіштік қабілетіне жоғары температураның әсері



 

Қажетті материалдар мен құралдар: Асхана қызылшасының тамыр жемісі, скальпель, пинцет, термометр, фотоэлектроколориметр, электр плитасы, 1 минуттық құм сағаты, 7 пробирка, штатив, кәрлен табақша, 2 химиялық стақан, 10 милилитрлік пипетка, дистилденген суы бар колба.

       Оптимальді температурада өсімдік клеткасындағы зат алмасу бұзылады. Ондай кезде өсімдіктің тыныс алуы өзгеріп, тыныс алуындағы тотыға фосфорлану өзгеріп, клеткадағы белок биосинтезі тоқтап, белоктардың гидролизі күшейіп, улы қосылыстар түзеді. Жоғарғы температурада клеткадағы цитоплазмалық мембраналардың өткізгіштік қасиеті артып, белоктардың коагуляцисы күшейіп, клетканың тіршілігі тоқтайды.

Жұмыстың орындалуы: асхана тамыр жемісін аршып, одан 3х10х40 көлемінде 7 кесінді даярланады. Ол кесінділерді фарфор табақшасындағы суда боялуы кеткенге дейін тазартып жуып, суда қалдырылады. Химиялық стақандағы суды температурасы 750 С болғанға дейін қыздырып, жоғарыда даярланған бір кесіндіні 1 минут ұстап болғаннан кейін 1-ші пробиркадағы 10мл дистилденген салқын суға салып қалдырады. 750 С стақандағы суға салқын су қоса отырып, оның температуралары 70-65-60-55-50 және 450 С –ге келтірілген сайын бір-бір асхана қызылшасының кесіндісін салып, 1 минут ұстап, келесі пробиркалардағы дистилденген суға салып, әрбір пробиркадағыны сілкіп араластырады. Сілкіп араластыру 15 минут болуы тиіс, міне, осыдан кейін пробиркадағы ерітінділердің тығыздығы ФЭК-те анықталады. ФЭК-те анықтау кезде стандартты ерітінді орнына дистилденген суды қойып, жасыл сәуледе жүргізеді. Қорытынды төменддегі 1-таблицада толтырылады.

 


Пробиркалардың нөмірі

Температура     0 С

Оптикалық тығыздық

1.

2.

3.



4.

5.

6.



7.

75

70

65



60

55

50



45

 

 
 

 

 



Қайталау сұрақтары

1.Төзімділік туралы жалпы ұғым

2.Галофиттердің қысқаша сипаттамасы

3.Өсімдіктердің індетті ауруларға иммунитеті

4.Радиация әсерінен қандай өсімдіктер сезімталдау келеді?

5.Өсімдіктің жоғары температураға төзімділігі

6.Індетті аурулар және паразитизм туралы жалпы ұғым

7.Өсімдіктерді індетті ауруларға қарсы шынықтыру әдістері

8.Өсімдіктердің ортаның газдануына төзімділігі

9.Фенолды қосындылар мен фитоалексиндер

10.Аса сезімталдылық және фитоалексиндер

 

 



 

                    ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР.

 

1. Өсімдіктер физиологиясы пәнінен электрондық оқулық жоғары оқу орындарында 050113 - биология мамандығы студенттері өсімдіктер физиологиясы пәнінде пайдалануға ұсынуға болады. Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері қосымша материалдар ретінде пайдалана алады.



 

 

 



 

 

                                         Тұжырымдар



Қазақша оқулығының тапшылығы және ақпараттық технологияға көшуге байланысты өсімдіктер физиологиясы пәнінен электрондық оқулық.

Осыған байланысты өсімдіктер физиологиясы өзінің зерттеулерін жеке клеткадағы тіршілік әрекеттерінен бастайды.Содан кейін жеке мүшелерегі және тұтас өсімдіктегі минералдық қоректену, фотосинтез, тыныс алу, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігінің, өсу мен дамуының физиологиялық негіздерін зерттейді.Сонымен қатар, осы процестердің өзара байланыстылығын, бірінен-бірінің тәуелділігін және сыртқы орта жағдайлармен байланыстылығын зерттейді.

Өсімдіктер физиологиясы пәні бойынша өсімдіктер физиологиясы пәнінде оқытылатын материялдарды тарауларға бөліп, оларға қысқаша түсінік беру.

Берілген тараулар бойынша лабораториялық жұмыстардың нұсқауын жасау.Пән бойынша оқытылатын негізгі бөлімдер бойынша қайталау тапсырмалары, тест, қайталау сұрақтары бар.

Жасалған оқу құралы нақты материялдарды қамтитындықтан нақты да тұжырымды.

  
 

 Пайдаланған әдебиеттер

Негізгі:


1.Қалекенұлы Ж. Өсімдіктер физиологиясы.Алматы.Қазақстан жоғары оқу орындарының қауымдастығы 2004ж.-456 бет.

2.Полевой В.В. Физиология растений.М. Высшая школа, 1989г

3.Кенжеев Қ.Өсімдіктер физиологиясының практикумы.Алматы, «Мектеп» 1989ж.

4.Қалекенов Ж.Өсімдіктер физиологиясының практикумы.Алматы,1994 ж.

5.Кенесарина С.Н. Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері.Алматы, «Мектеп» 1982ж.

6.Либберт Э.Физиология растений..Москва «Мир» 1976г.

7.Гудвин Т.,МэрсерЭ.Введение в биохимию растений.Т.1,2.М.»Мир» 1986г.

8.Жатқанбаев Ж.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы,1998ж.

9.Қалекенов Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы.Қазақ университеті,1996ж.

10.Лебедев Р.И.Физиология растений.М.Колос, 1982г.

 

 

11.Гамалей Ю.В.Флоэма листа.Л.,Наука,1990г.



12.Горышина Т.К.Фотосинтетический аппарат растений и условия среды.Л,Изд-во Ленинградского университета.1989г.

13.Мокроносов А.Т.Онтогенетический аспект фотосинтеза.М: Наука.1981г.

14.Аксенова Н.П.,Баврина Т.В.,Константинова Т.Н.Цветение и его фотопериодическая регуляция.М.,1973,288с

15.Бернье Ж.,Кине Ж.М.,Сакс Р.Физиология Цветения.Т.І,ІІ.М.,1985.192 и 318с

16.Гамбург К.З.Биохимия ауксина и его действие на клетки растений.Новосибирск,1976.272с

17.Иванов В.Б..Клеточные основы роста растений.М.,1974.223с

18.Кефели В.И.Природные ингибиторы роста и фитогормоны.М.,1974.253с.

19. Кефели В.И.Рост растений.М.,1984г.175с.

20.Никелл Л.Дж.,Регулятор роста растений.Применение в сельском хозяйстве.М.,1984г.192с.

21.Полевой В.В.Фитогормоны.Л.1982.с.442-458.

22.Саламатов Т.С.Физиология растительной клетки.Л.,1983.232с.

23.Уалиханова Г.Ж.Өсімдік биотехнологиясы.Алматы,2001.350б.

24.Уоринг Ф.,Филлипс И.Рост растений и дифференцировка.М.,1984.512с

25.Физиология и биохимия покоя и проростания семян/Тиманн К.В.,Джен Р.К.,Амен Р.Д. и др./М.,1982.496с

26.Чайлахян М.Х.Регуляция цветения высших растений.М.,1988.560с.

27.Шевелуха В.С.Периодичность роста сельскохозяйственных растений и пути ее регуляции.М.,1980.456с

28.Юсуфов А.Г.Механизмы регенераций растений.Ростов,1982.173с

29.Александров В.Я.Клеткий,макромолекулы и температура.Л.,1975.329сс.

30.Бутенко Р.Г.Биология клеток высших растений in vitro и биотехнологий на их основе.М.,1999.160с

31.Генкель П.А.Физиология жаро-и засухостойчивости растений.М.,1982.280с

32.Деверолл Б.Дж.Защитные механизмы растений.М.,1980.126с

33.Лархер В.Экология растений.М.,1978.384с

34.Метлицкий Л.В.,Озерецковская О.Л.Как растения защищаются от болезней.М.,1985.190с.

35.Токин Б.П.Целебные яды растений.Л.,1980.279с.

 

 

 



 

 
 


 

 

 



 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет