Оқушыға арналған бағдарламасы



жүктеу 143 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі143 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ





СМК 3-дәрежелі құжаты

ПОӘҚ

ПОӘҚ 042-33.1. /01-2015

ПОӘҚ

оқытушыға арналаған пән «Сурет І » бойынша бағдарламасы



Баспа №1 11.09.2015


ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Сурет І »
5В042100 - « Дизайн» мамандық үшін

ОҚУШЫҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ


Семей


2015

Алғы сөз

1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН

Құрастырушы ___________ «03» 09 2015 ж. А.Т. Калияуова

«Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы»аға оқытушысы

2 ТАЛҚЫЛАНды

2.1 «Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедра мәжілісінде

Хаттама № 1, «03» қыркүйек 2015 ж.,

Кафедра меңгерушісі __________ Б.К.Әсенова


2.2 Педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды

Хаттама № 1, «05» қыркүйек 2015 ж.,

Төраға _____________Т.Ш. Ахметова
3 БЕКІТІЛГЕН

Университетінің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды

Хаттама № 1 «11» қыркүйек 2015 ж.

Төраға ____________________ Г.К. Искакова

АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«Кескіндеме»

Кредит саны – 3; 90 сағат

Өткізу орны: № 9 корпус, ауд. 310

Оқу жоспарынан үзінді:



Курс

Семестр

Кредиты

ДС

сағ


ТЖ

сағ


ЛС сағ

СОӨЖ

сағ


СӨЖ

сағ


Барлығы

сағ


Бақылау жиынының формасы

3

6

2

15

30

30

15

30

90

Емтихан,

МАЗМҰНЫ




  1. 3 курс.

  2. Тәжірибелік жұмыстар тақырыбы және әдістемелік нұсқаулар.

  3. СӨЖ тапсырмаларының тақырыбы және әдістемелік нұсқаулар.

  4. Негізгі әдебиет.

  5. Қосымша әдебиет.




  1. Білімді қайталауға және бекітуге арналған сұрақтар.

  2. Емтихан бағаның шарттары.


1ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
АВТОПОРТРЕТ - өз портреті. Суретшінің өзін-өзі салған портреті не суреті. Автопортрет көбінесе айнаға қарап немесе еске сақтау, санада ұстау, елес әдісін қолдану тәсілдерімен салынуы мүмкін.

АЙҚЫН СУРЕТ (БРОСКИЙ РИСУНОК) – көрушінің көзіне бірден ілігетін, айқын бейнеленген суретті айтамыз. Мұндай суреттерде шебердің қолы, әдіс-тәсілінің айқындылығы бірден көзге түседі.

АКВАРЕЛЬ – «Акварель» деген атау латынның «aqua» (су) деген сөзінен шыққан.

АҚИҚАТ, ШЫНДЫҚ, БОЛМЫС (ДЕЙСТВИТЕЛЬНОСТЬ) – қоршаған орта болмысы. Натураның өзіне қарап сурет салу шындық, яғни қиял емес.



АНАЛИЗ – талдау, бір нәрсені не құбылысты ойша бөлшектерге, құрама бөліктер мен белгілерге бөлу. Мысалы, адам басының суретін салмастан бұрын, пішінді ой елегінен өткізіп, ойша талдау әрекетін жасап, оның бас бөліктерінің бейне бір заттарға салыстырмалы түрде ұқсатып, мысалы: геометриялық денелерге (куб, призма, шар, конус т.б.) байқау.

АНТИКАЛЫҚ (АНТИЧНЫЙ лат.ANTIGVUS) – арғы, көне; көбінесе көне грек, көне Римнің қоғамдық құрылысы, көне антикалық гипс көшірмелерінен суретке салу бейнелеу өнеріне оқытудың ережесі мен әдістемесіне айналған.

АНФАС (фр.ANFACE) – қарсы алдынан деген мағынада. Адамның портретін қарсы алдынан бетпе-бет бейнелеу. Өнерде де оқу процесінде мұндай жұмыстар өте жиі кезігеді.

АКАДЕМИЯЛЫҚ СУРЕТ – академиялық суреттің суреттен әйтпесе суреттемеден айырмашылығы суретшінің натураны егжей-тегжейлі талдап салуы, үлкен көлемдерге бөліктерді біріктіру арқылы бейнені толық зерттеп шығуы.

АСИММЕТРИЯ – бір дененің, не бір заттың біліктерінің бір-біріне сай болмауы. Симметриядағыдай орта сызықтың екі жағындағы көріністің бірдей шықпауы.

АКТИВИЗАЦИЯ (лат.ACTIVUS - АКТИВТЕНДІРУШІЛІК) (НАҚТЫ ІСТІ ЖЫЛДАМДАТУ, КҮШЕЙТУ) – сурет салу процесінде ерекше талпыныспен, әсерленгіштікпен жұмыс жүргізу.

ӘУЕСҚОЙ - өнерпаздық, өз күшімен сурет салуды үйрену әрекеті.

БИБЛИОГРАФИЯ – баспа шығармаларының көрсеткіштерін, тізімдерін құрастыру тәсілдері және әдістері жайында ғылым (кітаптардың атын, мазмұнын, авторын т.б. жазып отыру).

БЮСТ – адамның кеуде нұсқасының суреті, құйылған мүсіндік тұрпай. Оқып-үйрену сабақтарында бюст салу міндетті тапсырмаларға жатады.

ВИРТУОЗ (ит.VIRTUOSO) – асқан шебер, үздік шыққан, өнерлі. Өнерде шеберлік шыңына шыққандарды осылай атайды.

ГАРМОНИЯ (гр.HARMONIA) – үндестік, үйлесім. Мысалы, алдыңызға қойылған натюрморттағы заттар жиынтығы үйлесіп, тұтастай көз қызығарлық тартымды көрініс тудырса, оны біз үйлесімді деп бағалаймыз. Ондағы заттардың формаларының және түстерінің сүйкімді үйлесімділігі, реңктерінің үндестігі бәрі-бәрі «гармония» туғызады.

ГРАФИКА (гр.GRAFIKA) – «жазамын», «суретке саламын» деген сөздерден шыққан. Ол-сурет салу өнері. Сурет салу өнерінің күллі жиынтығын «графика» деп атайды. Суретте бейнелеу құралы сызық, дақ және штрих болып келеді. Мысалы, кітаптардағы суреттер «кітап графикасы» деп аталады.

ДРАПИРОВКА – шаршалау, перделеу. Натюрморт қойылымын әсерлеу. Сурет өнерінде оқу жұмыстарында шаршалау жиі қолданылады. Шаршалау натюрмортта заттар жиынтығын біртұтастыққа келтіру үшін өте қажет әдіс.

ЖАРЫҚ ПЕН КӨЛЕҢКЕкартинада жарық та, қою көлеңке де, жарық көлеңкеге алмасар тұстарда жартылай көлеңке ұшырасады. Ол арқылы адамдар мен заттардың көлемін, табиғат көрінісін, ауаның ұтымды бейнелеуге болады.

ЖИВОПИСЬ ӨНЕРІ – суреттегі нәрсені өмірдегідей қып тірілте бейнелеу. Живопись екіге бөлінеді: станоктік, монументтік. Суретші суретін мольберт, станок деп аталады, тиянақ қондырылып, жақтауға керілген кенепке салады. «Станоктік живопись» деп аталады. «Монументтік живопись» үйлердің ішкі немесе сыртқы қабырғаларының өзіне салынған шығарма жатады.

ЕЛЕСТЕТУ, ҚИЯЛ ЕЛЕС (ВООБРАЖЕНИЕ) – қиялдау не көз алдына алып келу, адам бойына біткен ажырамас тамаша қасиет. Суретші елестету мен қиялы өнермен тікелей ұштасып жатады. Ол оқыған кітабының желісіне қиялдап сурет сала алады.

ИНТУИЦИЯ (лат.INTUERI) – қадала, үңіле қарау. 1) сезу, түйсік арқылы білу; 2) зерделік, ғылыми-теориялық білім мен алдыңғы тәжірибеге сүйену негізінде шындыққа жету.

ҚАҒАЗ – алғаш рет қағаз екінші ғ. Қытайлар ойлап тапты деген пікір бар. Қағаз жұқа, қалың, тегіс, бұдыр түрлері бар.Қарындаш пен акварель бояуларымен сурет салу, ватман, жартылай ватман, деп аталатын қатты тығыз қағаздар ыңғайлы. Қағаз өте бағалы түрлері арнаулы әдіспен тек күнге қарағанда көрінетін ерекше өрнектер салынады. Ондай өрнек «су таңбалары» деп аталады.

ҚАРЫНДАШ – тас дәуіріндегі адам көмірді алып, тас қабырғаларғы сызып, күнді қарындаш жарыққа келді. 18 ғасырда металл-қарындаштар пайда болды. Қазіргі рейсфедер. Металл түтікшеге қорғасын, күміс тіпті алтын сымдар кішкентай үзігі салынады.Қарындаш қатты, жұмсаққа бөлінеді: Т,2Т,3Т.

ҚАШАП, ОЙЫП САЛЫНАТЫН СУРЕТТЕР – ағаштен, сүйектен, тастан ойып адамның, жан-жануар, өсімдік бейнесін ою-өрнек салуға болады. Оған қашау, тесеу, шапқы секілді аспап қолданылады.

ҚЫЛҚАЛАМ – акварельге ақ тиын қалам әрі жұмыр, тығыз болуға тиіс.Майлы бояуға ақ түсті тікеннен қылтақтар пайдаланылады. Олар қалақ тәрізді жалпақ келген. Үлкен қылқалам бояу тұтас жазылып, үлкен таңдақтарды кішкене қылқаламдар шығармашылықта майда детальдарды бояйды. Қылқалам сыртына : 1,2,3,4... цифралар үлкен болған сайын қылқалам соғұрлым үлкен.

КОНТУР (фр.CONTOUR) – нұсқа. Бір нәрсенің сырт кескіні. Мысалы, құмыраның суретін салу барысында, алдымен құмыраның кескін-пішінін айқындап алу, яғни контурын сызып нұсқасын келтіру.

КОНСТРУКЦИЯ – түзіліс, құрылыс. Сурет өнерінде заттың конструкциясын анықтау, конструкциялық тәсілмен салу ұғымдары бар. Бұл заттың жасалу құрылысын білу деген сөз. Конструкция – форманың негізін құрайтын қаңқа.

КОНТРАСТ – қарама-қарсылық. Натура мен суреттегі реңдердің қарама-қарсылығы. Бейнелеу өнерінде жарық пен көлеңкелердің, өңдер мен түстердің реңдік қарама-қарсылығын көрсететін сипат.

МАНЕРА – үлгі, тәсіл, ерекшелік. Суретшінің өнердегі бсқаға ұқсамайтын мәнер ерекшелігі. Сурет салудың өзіндік үлгісі – мәнері.

МОДЕЛЬ (фр.MODELA) – үлгі, кейіп. Оқу процесінде қолданылатын заттар (геометриялық модельдер, суретін салғызушы адам т.б.).

МАЙЛЫ БОЯУЛАР – 10ғ. шыққан, дәстүрге енуі, 15ғ. ө.с. нидерл. Суретшілері Ван-Эйктердің атымен байл. Тәжірибеде жасап бояулардың жаңғақ майы мен зығыр майына жақсы еритінін анықтайды. Ондай майларға еріт. бояу тез құрғайды, ажарлы болады.

МИНИАТЮРА – ескі қолжазба кітаптардың беттерінде айтылып отырған оқиғаны бейнелейтін суреттер кездеседі.Оны миниат. Көлемі жағынан сурет, суретші елеусіз нәрселердің өзін жібермей, тәптіштеп көрсетеді.

НАТУРА (лат.NATURE) – табиғат, заттың өзі. Сурет салу практикасында заттың немесе табиғаттың, қалап алған бөлігінің суретін өөзіне қарап бейнелеу.

НАҚЫШ – (инкрустация) стол, шкаф, әуелі жалтырата тегістелетін, сосын оюлап нақышталатын ағаш бетіне ерекше ағаш түрлері мен басқа заттардан жасалынған кішкене тақтайша өрнек салынған. Мұндай нақышқа қола, күміс, алтын, жақып аса құнды бұйымды жасалатын.

НАТЮРМОРТ – французша «өлі табиғат» .Тұрмыста күнде кездесіп жүретін зат, жеміс, гүлдерді немесе балықтан дайындалған түрлі тағам бейнеленетін картина.

ОЮ-ӨРНЕК (ОРНАМЕНТ) – белгілі сурет пен сызықтар, белгілі бір тәртіппен орналасқан, латын «ornamentum» - әшекей. Ою-өрнек: сызық, геометриялық пішін, жапырақтардың, гүлдер, жеміс-жидек, құстар мен аңдар суреті.

ОБЪЕКТ (лат.ABJECTUN) – зат. Материалды дүниенің сыртқы құрамды бөлігі. Адам әрекетінің танып білетін заты. Мысалы, картинадағы талдар немесе адамдар мен хайуанаттардың орналасуы т.с.с.

ПАСТЕЛЬ – итальян «pasta» - «қамыр» түрлі-түсті пигмент ұнтақталған бормен балауыз аралардан қамыр илейді. Сосын жұмыр таяқшалар жасап кептіреді. Суға езіп акварель, гуашь секілді пайдаланады. Пастель бояуы ұзаққа сақталмайды.

ПРОПОРЦИЯ (лат.PROPORTIO) – сәйкестілік. Белгілі бөліктердің бір-бірімен ара қатынасы, сай келісушілігі. Үлкен көлемді заттың суретін салу процесінде оның жеке бөліктерін үлкен көлемге сәйкестендіре белгілеп алу тәсілі.

ТЕМПЕРА – бояудың атын да сол бояумен салынған шығарма. 4 түрге бөлінеді: гуммиарбин- қағазға сурет салып және гуашьқа ұқсайды, екнші, майлы бояуға ұқсайды. Үй қабырғасына сурет салу үшін жұмыртқаның сары уызына езіліп дайындалатын темпера қолданылады.

ТөСЕН (ГРУНТ) – кенеп матаның бетібор таспен желім, ұнтақ қосылған сылақ жағылып тегістеледі . Сонда ғана бояулар ұзақ уақытқа дейін өз өңін жоғалтпайды.

ТҮПНҰСҚА (АФТОГРАФ) – суретші кенепке тек әдемі көріну үшін өзіне ұнаған адамның, өлкенің көрінісін бейнелеу үшін, өз шығармасын, ой-сезімін білдіру үшін жан-дүниесін жарқыратып, жайып салу үшін туғызады.

ТҮРЛІ-ТҮСТІ ЛАКТАР – шап-шағын кішкене қорапшаның, жып-жылтыр қақпағына алтындап өрнек салынады. Олар қақпағына қара лак жағып, үстіне түрлі-тісті бояулармен әшекейлеген.

ТҮС – түстердің саны (7) екіге бөлінеді: жзылы,суық. Сары, қызыл, қызғылт сары- жылы түс. Көк, күлгін, көгілдір түстер – суық түстер. Жылы суық түске жататын түстер же бар. Мысалы: жасылға не сары, не көк қосылуы. Көк пен қызыл күлгін. Импрессионистер бояуды бір-бірімен астасып жаңаша құбылатын сипатын тек сонда ғана байқауға болады.

ТУШЬ – кәдуілгі тушь-сұйқылт қара бояу. Жапон суретінде тушьті суға, хош иісті заттар араластырып кесек плиталар жасап, шыныға не тарелкаға үйкеп, ұнтақтап суға ерітеді. Тушьпен сурет салуға қылқалам деп аталатын темір қаламұш жарайды.

ТЕХНИКА – бір істі орындағанда қолданылатын тәсіл. Кәсіби суретшілердің өзіне тән қалыптасатын бейнелеу техникасы, өзіндік бейнелеу тәсілі. Сурет техникасына жаттығу қажет (мысал: штрихтау тәсілі, өң беру тәсілі т.б.)

ФАКТУРА – сурет өнерінде суреттің реңінің сипаты. Қойылым суретін салу барысында заттардың материалдығын шыншыл көрсете білу шеберлігі.

ФОРМА – 1) сыртқы пішін, оның ішінде пропорция, конструкциялық құрылым, көлем деген мағынаны білдіреді; 2) бейнелеу өнерінде «форма» ұғымы жиі қолданылады. Әр нәрсенің өзіне ғана тән формасы болады, сол сан-алуан формаларды бейнелеу арқылы тану, зерттеп суретін салу арқылы мән мағынасын анықтау.

ШАБЫТ, РУХ (ВДОХНОВЕНИЕ) – шығармашылық күштің пайда болуы, көңіл-күй шабыты, әсерленгіш шабыт. Сурет салушы көңіл-күйінің шабытын өзі жасап рухтануы керек, ол рух күші көркем шығармасына берілуі керек.

ЭКСПОНАТ – экспонат (мұражайға, көрмеге қойылатын зат); мұражай экспонаттары (құнды бұйымдар, картиналар т.с.с.).

ЭСКИЗ (фр.ESGUISSE) – алдын-ала жасалатын долбар. Негізгі жобаны жасау үшін алдын-ала дайындалатын үлгі сурет. Мысалы, картинаның түпкі мағынасымен ойын тауып көрсетуге арналған суретшінің ізденіс жұмыстары.


1 КУРС

Тәжірибелік жұмыстар тақырыбы және әдістемелік нұсқаулар.

Тақырып №1 :Гипстан жасалған геометриялық денелерден құралған натюрморт
Сабақ мақсаты: Гипстан жасалған геометриялық денелерден құралған натюрморты

әдістемелік жолмен бейнелеп, нұсқасының сәйкестілігін беру, көлемін анықтау.



Тақырып №2 Геометриялық денелердің конструкциялық суреті 1кезең

Сабақ мақсаты: Геометриялық денелерден құралған натюрморты

әдістемелік жолмен бейнелеп, нұсқасының сәйкестілігін беру, көлемін анықтау.



Тақырып №3 Геометриялық денелердің жарық көлеңкесімен жұмыс 2кезең

Сабақ мақсаты: Геометриялық денелерден құралған натюрморты

әдістемелік жолмен бейнелеп, нұсқасының сәйкестілігін беру, көлемін анықтау.

Әдістемелік ұсыныстар:




  1. Бірінші кезеңде қағаз бетіне гипстан жасалған геометриялық денелерді қағаз көлеміне үйлесімді келетіндей етіп жобалау, яғни, үйлесімділігін тауып көлемін анықтау.






Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:



  1. Ростовцев Н.Н. Академический рисунок: курс лекции. М., 1973;

  2. Ростовцев Н.Н. Учебный рисунок. М., 1985;

  3. Школа изобразительного искусства. В 10 вып. М., 1965.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Өтепбаев Н.Н. Сурет бейнелеу өнерінің негізі. Тенгри баспасы, 2001;

  2. Өтепбаев Н.Н. Долбар және суреттеме. Семей, 2009.


Тақырып №4:
Үй заттарынан құралған натюрморт
Тақырып №5:

Натюрмортың конструкциялық суреті 1кезең


Тақырып №6:

Натюрмортың реңдік шешімі 2кезең



Тақырып №7:

Натюрморты қортындылау 3кезең


Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:



  1. Ростовцев Н.Н. Академический рисунок: курс лекции. М., 1973;

  2. Ростовцев Н.Н. Учебный рисунок. М., 1985;

  3. Школа изобразительного искусства. В 10 вып. М., 1965.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Өтепбаев Н.Н. Сурет бейнелеу өнерінің негізі. Тенгри баспасы, 2001;

  2. Өтепбаев Н.Н. Долбар және суреттеме. Семей, 2009.



Тақырып №8:

Күрделі емес денелерден құралған натюрморт

Натюрмортың конструкциялық суреті 1кезең
Тақырып №9:

Натюрмортың реңдік шешімі 2кезең


Тақырып №10:
Натюрморты қортындылау 3кезең

Сабақ мақсаты: Күрделі емес денелерден құралған натюрморт

әдістемелік жолмен бейнелеп, нұсқасының сәйкестілігін беру, көлемін анықтау.


Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:



  1. Ростовцев Н.Н. Академический рисунок: курс лекции. М., 1973;

  2. Ростовцев Н.Н. Учебный рисунок. М., 1985;

  3. Школа изобразительного искусства. В 10 вып. М., 1965.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Өтепбаев Н.Н. Сурет бейнелеу өнерінің негізі. Тенгри баспасы, 2001;

  2. Өтепбаев Н.Н. Долбар және суреттеме. Семей, 2009.



Тақырып №11:

Тақырыптық натюрморт


Сабақ мақсаты: Күрделі емес денелерден құралған натюрморт

әдістемелік жолмен бейнелеп, нұсқасының сәйкестілігін беру, көлемін анықтау.


Тақырып №12:Натюрмортың конструкциялық суреті 1кезең
Тақырып №13:

Натюрмортың реңдік шешімі 2кезең


Тақырып №14:

Натюрморты қортындылау 3кезең

Әдістемелік ұсыныстар:

Тақырыптық натюрморт қағаз көлеміне үйлесімді келетіндей етіп жобалау, яғни, үйлесімділігін тауып көлемін анықтау.



Тақырып №15:

Натюрмортты қортындылап аяқтау 4кезең




Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:



  1. Ростовцев Н.Н. Академический рисунок: курс лекции. М., 1973;

  2. Ростовцев Н.Н. Учебный рисунок. М., 1985;

  3. Школа изобразительного искусства. В 10 вып. М., 1965.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Өтепбаев Н.Н. Сурет бейнелеу өнерінің негізі. Тенгри баспасы, 2001;

  2. Өтепбаев Н.Н. Долбар және суреттеме. Семей, 2009.



5 ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІЛІМІ

  1. Сурет өнері сабақтарының мақсаты мен талаптары.

  2. Сурет сабақтарының мақсаты мен талаптары әсерлі бейнелеу құралдары.

  3. Қиял сурет сабақтарының мақсаты мен талаптары.

  4. Сурет сабақтарының мақсаты мен талаптары.

  5. Сурет сабақтарында аудио-визуалды дидатикалық оқыту құралдарын қолдану.

  6. Сурет сабақтарын оқытудағы дидатикалық құралдар.

  7. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқыту принциптері мен әдістері.

  8. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты мен талаптары.

  9. Сәндік қолданбалы қызмет сабақтарын жүргізу әдістемесі.

  10. Ермексазбен (пластилин) мүсіндеу сабақтарын жүргізу әдістемесі.

  11. Натурадан сурет салу сабақтарын жүргізу әдістемесі.

  12. Сурет сабақтарын жүргізу әдістемесі.

  13. Мұғалімнің бейнелеу өнерінен оқу – әдістемелік жұмысын жоспарлау түрлері.

  14. Бейнелеу өнерінен сабақтан тыс жұмыстарының түрлері әдістері.

  15. Натураға қарап сурет салу әдістері.

  16. Бейнелеу өнері сабақтарындағы сәндік құрастыру қызметтері.

  17. Бейнелеу өнері сабақтарында халықтық көркем өнімдерімен таныстыруға оқытуға қойылатын талаптар.

  18. Мектептегі бейнелеу өнері кабинеті.

Емтихан сұрақтары:



  1. Академиялық оқу суреттернің мақсаттары мен міндеттері.

  2. Оқу суреттерінің шығармашылық суреттерден айырмашылығы неде?

  3. Қойылымдағы үлкен көлем деген ұғым нені білдіреді?

  4. Форманың конструкторлық негізі дегенді қалай түсіндіресің?

  5. Долбар деген не?

  6. Суреттеме деген не?

  7. Адам бас сүйегінің бөліктері қалай аталады?

  8. Адам бас сүйегін не үшін бейнелейміз?

  9. Күрделі және қарапайым формалар дегенді қалай түсіндіресің?

  10. Горизонт (көкжиек) сызығын түсіндіріп бер?

  11. Гипс көшірмелердің суретін қандай мақсатта саламыз?

  12. Схемалық әдіс дегенді қалай түсінесің?

  13. Бейнелеу өнеріндегі талдап-қорыту әдісі деген нені білдіреді?

  14. Гипс басты бейнелеудегі әдістемелік жүйелілік қалай болуға тиіс?

  15. Гипстен жасалған бас бейнелерін не үшін саламыз?

  16. Адам фигурасының суретін салу әдістемесі неден басталуы керек?

  17. Сурет материалдарының (қарындаш, қаламұш, сангина, көмір, соус) қасиеттерін түсіндіріп бер?

  18. Адам басының суретін салудың әдістемелік жүйелілігін атап бер?

  19. Адам көзін бейнелеудің ерекшеліктері қандай?

  20. Адам қолдарының суреттерін салу әдістемелері?





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет