Оқушылардың білім, іскерліктерін тексеру, бағалау педагогикалық технологияның ежелгі бөлігі диагностикалық құрамына кіреді



жүктеу 59.29 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі59.29 Kb.
түріҚұрамы

Оқушылардың білім, іскерліктерін тексеру, бағалау педагогикалық технологияның ежелгі бөлігі диагностикалық құрамына кіреді. Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.

Дәстүрлі төрт баллдың бағалау жүйесі:
•    толық біледі (өте жақсы);
•    жеткілікті біледі (жақсы);
•    жеткіліксіз біледі (қанағаттанарлық);
•    білмейді (қанағаттанғысыз).

Мұғалім оқушыға бағаны қойып бағаны түсіндіруге керек екені айқын. Оның бірнеше тәсілі болады:

Бірінші тәсіл арқылы мұғалім баға туралы өз пікірін айтады, бірақ оған уақыт кететіндіктен, көп қолданбайды.

Екінші тәсіл - бағаны, оны неліктен қойғаны жөнінде күнделікке жазу.

Үшінші тәсіл - үлгерім экранын шығару.

Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға -бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мұқият болу керек. 1-сыныпта баға қоймауға болады, басқа сыныптарда байқау, жарыс, ойындар ұйымдастырып, әр баланың өз орнын анықтауына көмектеседі.
"5" деген баға оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық білетін, оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретін қосымша материалдар қолдана алатын, ойы оралымды оқушыға қойылады.
"4" бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алатын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін оқушыға қойылады.
"3" бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстүрт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, мұғалім көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады.
"2" бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады..

Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады. Бақылаусыз, тексерусіз оқытуға бола ма? Осы сұраққа жауап беру үшін бағалаудың әдістерін анықтап көреміз.

  • Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың төртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды

  • Ауызша сұрау оқушылардың білімін тексеріп бағалау үшін жиі қолданылады .

  • Жазбаша білім тексеру әдісін көбіне өздік жұмыс деп атайды. Бұл әдіс арқылы мұғалім тақтаға, парақтарға, карточкаларға 10-12 минут ішінде орындалатын тапсырмаларды жазып қояды. Жауаптардың қорытындыларын сынып журналына белгілеп, бір сабақта көп оқушылардың білімдерін бағалауға болады.

  • Сынақ-емтихан әдісі арқылы ірі тақырыптарды, курстың бөлімдерін немесе тұтас курсты оқып үйренудің қорытындылары шығарылады Емтихан - мұғалімнің, мектептің жұмысына мемлекеттің бақылау жасау құралы. Емтихандар білім беру ұйымдарының бақылауымен және басшылығымен өткізіледі. Олар оқушылардың білімдерін қорытындылауға және жүйелеуге көмектесіп, оқытудың беріктілігі принципін жүзеге асырып, оқушыларды саналы тәртіпке үйретіп, оқуға ынталандырады. Сондықтан емтихандар оқу жұмысының сапасын көтерудің тиімді құралы болып табылады.

  • Жетістікті тестілеу - бақылаудың әділ әдісі. Тест ағылшын сөзі, қазақшасы сынақ, тексеру. Тестілеу - білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін қолданылатын тапсырмалардың жиынтығы. Үлгерім тестілері жетістікті тестілеу - оқушының оқыту және тәрбие арқылы қандай деңгейге жеткенін анықтау.
    Дұрыс құрылған тестілер көптеген талаптарды қанағаттандырып, оларды орындауға көп уақыт кетпейді, сұрақтары қысқа, нұсқа болады. Тестілердің түрлері:
    •    Ақыл-ой қабілетін, дамуын тестілеу.
    •    Арнайы қабілетті тестілеу.
    •    Үлгерімді, тәрбиелікті анықтауға бағытталған тестілер.
    •    Жеке сапаларды есті, ойлауды, мінезді анықтауға арналған тестілер.
    Үлгерім тестілерінің қорытындысы оқушылардың даму деңгейін толық сипаттамайды.
    Тест құрастыруға қойылатын талаптар:
    •    білім стандартына сәйкестігі;
    •    қате жауаптарды енгізу;
    •    дұрыс емес жауаптардың шындыққа жақын болу керек;
    •    дұрыс жауаптарды қате жауаптармен бірге беру;
    •    бір сұрақ жауабының басқа сұрақтарға жауап беруге көмектеспеуі.
    Алдын ала тексеру. Тақырыпты, бөлімді немесе курсты түсіну бұрынғы оқу материалдарын білуге байланысты. Егер мұғалімде ол туралы ақпарат жоқ болса, онда ол одан әрі оқыта алмайды, қажетті ақпаратты мұғалім бастапқы білімдерді тестілеу арқылы алып, қол жеткен деңгейді анықтайды. Бұрынғы нәтиже мен қазіргіні салыстырып, білім, іскерліктің қандай деңгейде екенін біліп, процестің тиімділігін талдап, өз оқушыларының жетістігіне қосқан үлесі туралы қорытынды жасайды.
    Ағымдағы бақылау. Тестілік бақылау үшін 6-8 тапсырма беріліп, 5-8 минут ішінде соңғы 2-3 сабақта алынған білім мен іскерліктер тексеріледі. Жұмысты аяқтаған соң міндетті түрде қателері талданады. Ең басты назар оқушының қатесінің себептерін білуге аударылады.
    Тақырыптық бақылау үшін оның жекелеген ұғымдарын олардың арасындағы байланыстарды қалай түсінгендігін анықтауға тапсырмалар беріледі. Білімді тест арқылы тексеру үшін мамандардың тестілерін қолданған дұрыс.
    Қорытындыны тексеру әрбір оқу тоқсаны және оқу жылы аяғында өтеді, оқу материалы жүйеленеді және талдап қорытылады.
    Білімді тексерген кезде ең алдымен өз бетімен оқу үшін өте маңызды болып табылатын білімдегі кемшіліктер анықталады.
    Әрине, білім, іскерлік, дағдылардың меңгерілгенін тесті арқылы толықтай анықтау мүмкін емес. Мысалы, өз жауабына мысалдар келтіру, өз ойын жүйелі, дәлелді етіп айту тест арқылы анықталмайды.
    Сондықтан тест әдісі басқа тексеру формалары және әдістерімен ұштасу керек. Жазбаша тестінің жауаптарын ауызша да сұрауға болады.

  • Өзін-өзі бақылау әдістері. Өзін-өзі бақылау әдістері - оқушылардың оқу жұмысының маңызды элементі. Бұл әдіс арқылы мұғалім меңгерілген білімнің сапасын бақылап, оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді анықтап, келесі сабақтардың жоспарларына түзету енгізеді.

Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары:
Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалдарын түсінбеу себептерін анықтау керек.
Үлгермеудің негізгі себептерінің бірі - жұмыс істеу қабілетінің, ынтаның, зейіннің жоқтығы. Егер бұл сапалар отбасында қалыптаспаса, онда балаға мектепте оқу қиынға түседі.
Екінші себеп - білімнің жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі. Оқушы бұрынғы оқу материалдарын түсінбегенін мұғалім уақытында байқамаса, онда оқушының оқуға қабілеті жеткіліксіз болады. Әдетте мұндай оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, оларға кеңес беріледі.
Үшінші себеп - материалдан мәнді белгілерді бөле алмау, негізгі мен негізгі емес мәселелерді ажырата алмау, оқушылардың жаттап оқып, бәрін есте сақтауға тырысуы. Мұндай оқушыларға абстрактілі ойлауларын дамыту үшін талдауға, қорытындылауға жаттығулар беріледі.
Төртінші себеп - пәнге деген қызығушылықтың жоқтығы. Нәтижесінде оқушының зейіні, білімге деген ықыласы төмендейді. Бұл тәжірибесіз мұғалімнің ашу-ызасын туғызып, түрлі дау-жанжалдарға себепші болады. Оқушыларға талап қою, құрметтеу, оқушының жеке тұлғалық сапаларын ескеру, баланы қызықтыру оның оқу жұмысын белсенді етіп, кемшіліктерін түзетуге ықпал етеді.
Бесінші себеп - оқушының отбасындағы қолайсыз жағдай, құрбыларымен тіл табыса алмау, оқушының оқу жұмысын атқара алмауы, "қиын" балаларға еліктеуі.
Білім, іскерлік, дағдыларды бақылау және бағалау жұмыстары:
•    тексеру және бағалаудың пайдасын көрсететін жағдаяттар жасау;
•    "Үйге не берілді?" деген сұраққа жауап алуға уақыт кетірмеу;
•    жақсы көңіл-күйге бөлеу;
•    оқушының жауапты ойланып беруіне уақыт бөлу;
•    оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдау, мадақтау;
•    жауапты соңына дейін тыңдау, талдау және ескертулерді кейін жасау;
•    оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру (жай, темперамент, тіл кемістігі);
•    жеке тапсырмалар беру;
•    оқушы өзін еркін сезетін жағдай жасау:
•    оқушының жауабын талдау, жеке тұлғасын сынамау;
•    оқушылар бағасын көтергісі келсе, оларға талсырманы қайта беру;
•    жауап бергенде, тапсырманы орындағанда тірек сызбаларды қолдануға рұқсат беру;
•    бақылау және тексеру әдістерін түрлендіріп отыру;
•    тестілік бақылауды жиі қолдану.
Үлгермеудің басқа да себептері бар. Ең бастысы – үлгермеу себебін анықтап, жеке жұмыстың жолдарын белгілеу. Мұғалімнің, мектептің міндеті әрбір оқушының жақсы оқуына көмектесу.
Каталог: uploads -> doc -> 0595
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0595 -> Тақырыбы: Сөйлемді еске түсіреміз


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет