Оқушылардың жеке басы мінез-қүлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары



жүктеу 0.63 Mb.
бет2/3
Дата01.03.2018
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3

1.3. Кіші мектеп оқушыларының мінез құлқының ауытқу себептері.
Кіші мектеп жасының басталасы мектепке жаңадан түсумен сипатталады. Қазіргі уақытта кіші мектеп жасының шегі 6-7 жастан 9-10 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде баланың мектептегі жүйелі оқуын қамтамасыз ететін физикалық және психофизиологиялық дамуы ары қарай жүреді. Фибиологтардың мәлілеті бойынша, 7 жаста үлкен жарты шардың қабығы біршама дәрежеде толықталып қалған.

Ең алдымен басмиының және жүйке жүйесінің жұмысы дұрысталады. Бірақ біршама маңызды болып таблатын, яғни, психикалық іс-әрекеттің күрделі формаларының бағдарламасын реттейтін, адамның бас миының спецификалық бөлімдері бұл жастағы балаларды әлі қалыптасып бітпеген, осының салдарынан қабық асты құрылымға қабықтың реттеуші функциясы жеткіліксіз әсер етеді. Қабықтың реттеуші функциясының жеткіліксіздігі бұл жастағы балалардың мінез-құлық ерекшелігінде, іс-әрекетін ұйымдастыруда, эмоционалды сферасында кездеседі, сондықтан да, кіші мектеп жасындағылар тез айналғыш, бір нәрсеге ұзақ көңіл бөле алмайды, қозғалғыш эмоционалды.

Сонымен қатар, мектеп жасының басталуы екінші кризистік кезеңмен сай келеді, яғни, 7 жастағы болатын (бала ағзасында дененің күрт өсуімен пайда болатын бірден эндокринді жылжулар болады) ішкі ағзаның өсуі, вегативті қайта құрулар жүреді. Бұл балалардың іс-әрекетін қатынас жүйесіндегі кординалды өзгерулер үлкен күшті талап ететін ағзаның барлық жүйелерімен функциаларының құрылу кезеңімен сай келеді.

Кіші мектеп жасындағы эр балада психофизиологиялық дамудың тепе-теңсіздігі көрініп отыр. Мектептегі оқудың басталуы бал дамуының әлеулеттік жағдайының түпкілікті өзгеруіне алып келеді. Ол енді «қоғамдық» субъект және оның белгілі бір міндеттелесі бар, оны орындауда қоғамдық баға алады.

Баланың барлық өмірлік қатынасы қайта құрылады және олардың көбі осы жаңа талаптарды қаншалықты тиянақты орындай алуымен анықталады. Кіші мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу әрекеті болып табылады. Ол осы кезеңдегі балалардың психикалық дамуындағы маңызды өзгерістермен анықталады. Оқу әрекетінде психологиалық құрылымдардың қалыптасуы кіші мектеп жасындағылардың дамуындағы біршама жетістіктерді сипаттайтын және келесі жас кезеңдерін қамтамасыз етететін фундамент болып табылады.

Бала мектепке түскеннен кейін оның элеметтенуінің шешуші факторы оқу әрекетінің меңгеру болып табылады және мұнымен қатар оқушы жекелік өзара қатынасқа да түседі. Бұл «әлеуметтенудің жабық бағдармаласы» деп аталады (Бернс Р.) Осының негізінде баланың эмоционалды және әлеулеттік өмірі дамиды, оның өсуі туралы көзқарасы қалыптасады. Бастауыш мектеп оқушысы бұл қарым-қатынас дағдыларын белсенді меңгеруші амал.

Бұл кезеңде достық қатынасты интенсивті қалыптастыру жүреді. Бұл жас кезеңінде қатарластары мен әлеуметтік өзара іс-әрекет дағдыларын меңгеру және достар табу маңызды болып табылады (Раттэр М.1987). Бірінші сынып оқушысының өзін үлкенмін, жауаптымын деп сезінуі және үлкендердің оны оқушы ретінде қабылдауы оған қатты ұнайды. Әрине, мұндай жағдай баланы албивалентті уайымдауға алып келеді. Бұл - ата-ананың дегенінен шығу және жаман оқушы болып қаламын деп қорқу. Мұндай қарама-қайшылықтар фрустраияны тудырады. Бірақ бала өз ойына жетпеген жағдайда конфликт туады. Бала үшін өзін ұстай алмаушылығын сезіну - тере өзін лақтырумен тең. Баланың жетіссіздікке реакциясы адекватты елес сипат асады: бала кінэні өзінен елес, басқадан іздейді. Өкпелегіштік аффективті мінез-құлықтын белгілі бір формасы, яғни, бала

кінәлі төмен баға қойған мүғалім, кінәсіз жазалаған ата-ана, мазақтаған сыныптастары деп түсінеді.

Мұндай - оқушылармен, яғни бұйрық, өкпелегіш тік немесе мазасыз, кез-келген нәрсені ауыр қабылдайтын балалармен педагогтар қалай жұмыс істеу керектігін білмейді. Сондықтан да психолог мінез-құлқы эмоционалды үйлеспеген оқушылардың негізгі себебін талдап ал қажет. Педагогтарды әртүрлі әлеуметтік статустегі басқаларға берген сипатталаларды талдау изоляцияланған балаларды педагогтардың өзі де жақсы көрмейтіндігін көрсетті (Коло(йинский Я.Л.1969).

Яғни, бұл - мұғалімдердің ерікті немесе еріксіз түрде балалардың сыныптағы изоляциялануына түрткі болады деген сөз. Жалпы эмоционаолды реакцианың пайда болу сипаты. Темперамент типімен байланысты болып келуі мүмкін. Сонымен, эмоционалды үйлеспеген балалардың негізгі топтарын атап өтейік:

1. агрессивті балалар, әрине кез-келген баланың өмірінде агрессияның пайда болған кездері болды, бірақ біз бұл жерде агрессяияның пайда болу дәрежесін, әрекеттің ұзақтығын және аффективті мінез-құлықты шақырған түрлі белгісіз себептердің сипатына көңіл бөлеміз;

2. Эмоционалды ауытқыған балалар. Бұл типке жататын балалар барлық нәрсеге шектен тыс қатты тітіркенеді: егер олар таңқалса, нәтижесінде экспрессивті мінез құлық бүкіл сыныпты алып кетеді; егер олар қиналса олардың жылауының дыбысын қатты болуы мүмкін;

3. шектен тыс ұялшақ, жараланғыш, өкпелегіш, нәзік, мазасыз балалар. Олар өз эмоциаларын сыртқа шығарудан қорқады, өзіне көңіл аудартқанна қорыққаннан өз мәселесін уайымдайды.

Аталған 3 топқа да тән нәрсе - олардың адекватты аффективті реакциалары. Осыған орай, мысалы ретінде Л.Л. Шанның суреттеемесін алайық:

«Менің жанымда кішкентай әдемі қыз ұстаған бір еркек кісі отырды, оның жанында кішкентай бала тұрды, ол қайтадан суға түскісі келетінін, әкесінің доп алып беруің талап етіп, қыңқылдап тұрды. Кетіп бара жатып, бала көзінің әкесінің тізесіне қадалып тұрғанын байқадым.

Ары қарай кітап авторы мынандай қорытындыға келеді: «бала ойыншықты немесе бассейінге барғысы келіп тұрғандығынан елес, ол өзінің қынқылымен әкесінің көңілін өзіне аудармақшы, бала қарындасы сияқты еркелікке, махабатқа құқығы бар екендігін көрсеткісі келіп тұр.

Қарастырылып отырған бұл жағдайдан біз балада - белгі-бір қажеттілік болғанын көреміз. Сондықтан да кіші мектеп жасындағы оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеу себептерін түрлі диагностикаолық тәсілдер арқылы ашамыз. Олар - бақылау әңгіме, проективті методикалар, мысалы «Отбасы суреті»; аяқталмаған сөйлемдер, әңгімелер т.с.с. Ол ата-аналармен Л.С.Спиваковсканың суреттеуінше «менің баламның суреті»; «мен ата-ана ретінде»; т.с.с әдістер қолданылады. Сонымен қатар балалардың эмоционалды бұзулыуының пайда болу себебіне, оны білуге ата-аналардың балаларына әсері отбасылық тәрбиесі мүмкіндік береді. Психологияда дұрыс тәрбиелелеудің 4 типі көрсетілген (Гарбузов Б.И.1990, Захаров Л.И. 1986, Спиваковская Л.С.1988):

1. Қабылдамау - бұл анық және анық емес болуы мүмкін. Анық қабылдамау - баланың туылуы қажет болмаған жағдайда көрінеді. Анық емес қабылдалауды білу қиынға соғады, өйткені баланы бір көргенде ол қажетті сияқты, бар көңіл бөлінетін сияқты, бірақ оған, яғни балага рухани қарым-қатынас жетіспейді. Ата-ананың баланы керексіз деп табуы, баланың айналасында вакуум туғызады, ол эмоционалды вакуум болып табылады. Отбасындағы мұндай жағдайдан, яғни қарым-қатынастан балада агрессивті, жабық, шектен тыс көңіл қалуы, өкпелегіштік туады. Бұл балада өзіне-өзі кінә тағушылықты туғызады. Қабылдамау баланың өзіне, өз күшіне сенбеуіне әкеліп соғады.

2. Гиперәлеуметтік тәрбие. Мұның себебі ата-ананың дұрыс емес бейімделуінде. Бұл қатты «дұрыс адамдар», яғни идеалды тәрбиенің барлық кеңестерін дұрыс орындаушылар. Мұндай отбасындағы балалар бағдарланған сияқты, тәртіпті және орындағыш. Олар өзінің эмоциаларын жабуға, тілегін білдіртпеуге тырысады. Мұндай тәрбиенің негізінде, күшті кінэлэу, күшті агрессивті реакция, психожарақаттық немесе жабықтық, эмоционалды суықтық нәтижесіндегі өзіндік агрессия пайда болады.

3. Мазасыздық тәрбие. Бұл баланың туылуымен пайда болатын баланың денсаулығының мазасызданушылық. Мұндай тәрбие негізінен жалғын баланың өсуінен, әлсіз немесе кеш болған балалы отбасыларда байқалады. Мұндай жағдайда бала шешімсіз, нәзік, өкпелегіш, өзіне сенбейтін болуы мүмкін.

4. Қабылдаудың эгоцентристік типі - ұзақ күткен немесе жалғыз балада өзін жоғары болады, яғни «бала кумир, ата-анасының өмірінің мәні». Нәтижесінде бар ол басқалардың қызығуын қабылдағысы да түсінгісі де келмейді.

Сонымен біз эмоционалды үйлеспеудің бір факторы болып табылатын «отбасына» тоқталдық. Ендігі әсер ететін нәрсе мұғалімдердің даралық және жас ерекшеліктерді ескермеуі, оқушылардың түрлі түрдегі дидоктегияның негативті жағдайдың мүғалімдік дұрыс емес қатынасы оқушылық фоббидың пайда болуына әкеліп соғады. Осы себептерден бала мектепке барудан, тақтаға шығып жауап беруден қорқады.

Сондай-ақ оларға психологтың да әсер етуі мүмкін. Балалар арқылы яғни өз пациенттері арқылы тез нәтижеге жеткісі келетін олар бала жанында дисколфорт туғызады: бала өзінде психикалық ауытқу бар деп, қатерлене бастайды. Сонымен, кіші мектеп жасындағы балалардың эмоционалды үйлеспеуіне себеп болатын негізгі факторлар:

1. Табиғи ерекшеліктер, яғни темперамент түрлері:

а) сангвиник

ә) холерик;

б) флегматик

в) мелонхолик.

2. Әлеуметтік фактор;

а) отбасы тәрбиесі;

ә) мұғалімдердің тәрбиесі;

б) мектеп психологының әсері.



2. МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУЫ БАР ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
2.1. Мектеп тәжірибесінде мінез-құлқында ауытқуы бар балаларды анықтау

Мінез-құлқында ерекшеліктері бар балаларды анықтау үшін Сарыағаш қаласының А.Байтұрсынов атындағы номері 50 мектеп-гимназияның оқушыларын зерттедік. Әр жас кезеңіндегі балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау үшін көптеген психодиагностикалық әдістемелерді бір-бірімен ұштастырып жүргіздік. Кеңінен қолданылған әдіс-тәсілдердің ішінде мұғалімдер мен ата-аналар арасында жүргізілген әңгімелесу, сауал-жауап әдістемелерін қолдану, мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау тестілері, Айзектің темпераментті анықтауға арналған тесті, сонымен қатар Басса-Даркидің жеткіншектердің мазасыздануын және агрессиясын анықтау тестін және басқада нақты фактілерге байланысты мектеп оқушылары туралы мәліметтер жинақталды.

Зерттеу барлық сыныптарда жүргізілді. Соның ішінде ең күрделі және қайшылықтары мол жас кезеңі жеткіншектік шақ болғандақтан дипломдық зерттеуге осы жас кезеңін анықтадық.

Бұл зерттеулерді жүргізуге психология кафедрасының доценті Т.Р.Нұрмұхамбетованың анықтаған психологтың жеткіншек жас кезеңіндегілермен жүргізетін жұмысының міндеттерін басшылыққа алдық. Олар келесі, Жеткіншектік жас кезеңінде адам өзінің қандай екенін, қаншалық құнды, қабілетті екенін барынша толығырақ түсініп білгісі келеді. Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар. Оның біріншісі - өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижелермен салыстырып бағалау, ал екіншісі - әлеуметтік жарыс, өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру. Осы тәсілдер арқылы құрылған баланың өз менінің бейнелері күрделі әрі бір мәндес болмайтыны белгілі.

Мұнда нақты «мен" (қазір қандаймын), динамикалық "мен" (қандай болғым келеді), мұраттық "мен" (өзімнің адамгершілік ұстанымдарыма байланысты сондай болуға тиістімін), қиялдағы "мен" (қолымнан бәрі келетін болса, сондай болар едім!) т.с.с. көз алдына елестететін "мен" бейнелері бар. Өзін-өзі талдау нәтижесінде балалар өзін объективті, төмен немесе асыра бағалауы мүмкін. Балалар психолог көмегімен «Мен көріністерін анықтауға, оны зерттеуге мүмкіндіктері болуы керек. Сондықтан әр баланы өзін-өзі танып білуге үйрету психологиялық қызметтің келесі міндеті.

Жеткіншектік жас шағында балаларда эгоцентризм, невротизм белгілері болуы әбден мүмкін. Сонымен қатар жеткіншектік кезеңде рефлексияның тереңділігі мен қанықтылығына байланысты көптеген әлеуметтік (әлеуметтік тегі мен ортасы, білім деңгейі), жеке типологиялық (интроверсия-экстроверсияның дәрежесі) және өмірбаяндық (отбасында тәрбиелену жағдайлары, құрдастарымен қарым-қатынасы, оқыған кітаптары мен көрген кинофильмдерінің сипаты) факторларға байланысты. Психолог осы шақтағы баланың ерекшеліктерін анықтап, әрқайсысына қажетті көмек көрсетуі керек. Бұл жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсетудің келесі міндеті.

Жеткіншектік шақта достықты қажетсіну күрт өседі және бұл сезім өте тұрақты да терең бола бастайды. Достық туралы жеткіншектік ұғым мен оның нақты дәрежесі әр балада әр түрлі болады. Қыз балаларда олардың ертерек толысатындығымен байланысты интимдік достықты қажетсіну ер балалардан ерте басталады. Егер жастары бір шамалас ер балалар мен қыз балалардың достық мұраттарын салыстырса, қыз балалар ер балаларға қарағанда достыққа неғұрлым жоғары талаптар қоятындығы көрінеді. Есейген сайын бұл айырмашылықтар жоғалады.

Достыққа деген көзқарастың жекелей айырмашылықтары да өте үлкен. Біреулер жұп достықты ғана мойындап, нағыз дос біреу ғана болу керек деп санайды. Ал екіншілерінде екі, үш және одан да көп достар болады. Тіптен барлық таныстарымен достасатындар да кездеседі. Бұл мәселе тәлім-тәрбие барысында көңіл аударатын проблемаларының бірі болғандықтан психологиялық қызмет көрсету барысында оны талдап, шын достықтың мән-мағнасын балаларға көрсету психолог міндеттерінің бірі болып саналады.

Жеткіншектердің біреулері оңашалықты ұнатса, екіншілері жалғыздықтан үрейлене қорқады, аз уахытқа да жалғыз қала алмайды. Кейде мазасы-здану, фобия белгілері де орын алуы мүмкін. Психолог осы шақтағы баланың психологиялық дамуындағы ерекшеліктерін анықтап, оның нормадан ауытқуларына ерекше көңіл бөліп, әрқайсысына жеке-дара қажетті көмек көрсетуі керек. Бұл жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсетудің келесі міндеті.

Адамның күрделі интеллектілік оперецияларды меңгеруі және ұғымдық аппаратының баюы, теориялық интеллектінің қалыптасуы және көрініс беруі жас өспірімдік кезеңде жетіледі. Әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсумен қосылып, мүның өзі жастардың ақыл-ой қызметінің құрылымын кіші жастардағыға қарағанда күрделі де дара сипат береді.

Қазіргі кезде жаңа тестік жүйені қолдану арқылы жоғары сынып оқушыларын мамандық таңдауға даярлануы қажеттілігін ескере отырып, олардың шығармашылық қабілетін, білім меңгерудегі дербестік дәрежесін арттыруға аса маңыз беру қажет болып отыр. Арнайы қабілеттердең қалыптасуы оқытудың сипаты мен қатар психологиялық түзету-дамыту жұмыстарымен де тығыз байланысты. Сондықтан психологтің келесі міндеті - орта сынып оқушыларының интеллектуалдық дамуына ықпал жасау. Осы аталған, тағыда баланың жас ерекшеліктеріне, өмір талабына байланысты туып отырған міндеттерді басшылыққа ала отырып, әр психолог жеткіншектермен жүргізетін қызметінің мазмүнын анықтайды.

Біз зерттеуімізді жеткіншектердің темпераментін анықтаудан бастадық.


Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк тесті.

Бұл тесті орта сынып оқушыларынан бастап ересек адамдарға дейін қолдануға болады.

Мақсаты: баланың темпераментін және эмоционалдық тұрақтылығын (невротизмнің көрінісін) анықтау.

Орындау ережесі: «сізге 57 сұрағы бар бланкі мен жауап парақ берілді. Сұрақтардың әрқайсысына «ия» немесе «жоқ» деген жауап беріп оны жауап параққа жазыңыз. Дұрыс жауапты табу үшін көп ойланудың ешқандай қажеті жоқ. Өйткені бұл тапсырмалар арқылы білімді немесе ақыл-ойдың даму деңгейі бағаланбайды, берілген сұрақтарға дұрыс немесе қате жауап жоқ. Әр адамың өз ойы өзіне дұрыс. Сондықтан ең бірінші ойға келген жауапты сұрақ номерінің тұсына жазыңыз».

Сауалнама.

1. Тынығу үшін, немесе ерекше сезімге бөлену үшін жаңалық іздеуге құмарлыққа жиі бөленесіз бе?

2. Сізді түсінетін, жұбататын және көңліңізді көтеретін достарға қажеттілікті жиі сезінесіз бе?

3. Өзіңізді уайымсыз адаммын деп есептейсіз бе?

4. Алдыңызға қойған мақсаттан бас тарту сізге қиын ба?

5. Іс-әрекеттерді бастамай тұрып, алдын-ала, асықпай ойланып аласыз ба?

6. Берген сөзіңізді барлық уахытта орындайсыз ба?

7. Сіздің көңіл күйіңіз құбылмалы ма?

8. Жылдам сөйлеп, тез қимылдайсыз ба?

9. Ешқандай себепсіз өзіңізді бақытсыз адаммын деп есептеген уақытыңыз болды ма?

10. Дауласу барысында неге де болса бел байлауға даярсыз ба?

11. Сізге ұнайтын адаммен танысуға ұяласыз ба?

12. Қатты ашуланғанда не істегеніңізді білмей қалатын жағадай болады ма?

13. Жағдайға байланысты ойланбай әрекет жасауыңыз жиі болады ма?

14. Өзіңіздің айтңаныңыз немесе істегеніңіз туралы ойлар сізді жиі мазалайды ма?

15. Адамдар мен кездескеннен кітап оқығанды көбірек ұнатасыз ба?

16. Сіздің намысыңызға тиу оңай ма?

17. Компанияда жиі болғанды ұнатасыз ба?

18. Басқаларға айтқыңыз келмейтін ойларыңыз бар ма?

19. Кейде күшіңіз тасып, тауды қапаруға дайын болып, ал енді бірде әлсіреп қалатыныңыз рас па?

20. Өзіңіздің қарым-қатынас жасайтын ортаңызды ең жақын достармен шектеуге тырысасыз ба?

21. Арманға жиі бөленесіз бе?

22. Сізге дауыс көтергендерге солай ша жауап бересіз бе?

23. Өз әдеттеріңіздің барлығын жақсы деп есептейсіз бе?

24. Сіз өзіңізді кіналы деп сезінуіңіз жиі болады ма?

25. Сіз өз сезіміңізді жүгендеместен, көңілді компанияда жақсы тынығуға қабілеттісіз бе?

26. Кернеу жағдайында жиі боласыз ба?

27. Басқалар сізді көңілді және еті тірі адам деп есептейді ме?

28. Бір істі бітіргеннен соң, ол тірлікті «одан да жақсы орындауға болар еді» - деген ойға бөленесіз бе?

29. Үлкен жиындарда өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз бе?

30. Сіз өсек айтатын кездер болады ма?

31. Әртүрлі ойларға бөленіп, ұйқыңыз қашып кететін кез болады ма?

32. Бір нәрсені білгіңіз келсе сіз оны кітаптан іздейсіз бе?

33. Кейде жүрегіңіз қатты соғады ма?

34. Барлық көңілді шоғырландыруды талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?

35. Кейде қалтырап-дірілдеп кетесіз бе?

36. Сіз барлық уақытта шыныңызды айтасыз ба?

37. Бір-бірін әзілдеп отыратын компанияны ұнатпайсыз ба?

38. Сіз ашушаңсыз ба?

39. Тез шешім қабылдауды талап ететін жұмыс сізге ұнайды ма?

40. Сізді, еш уахытта болмаған неше түрлі сұмдықтар және қайғылы оқиғалар болып қалса не болар еді, деген ой жиі мазалайды ма?

41. Сіз асықпай, жай қимылдайтыныңыз рас па?

42. Жұмысқа, біреумен кездесуге жиі кешігесіз бе?

43. Жағымсыз түстерді жиі көресіз бе?

44. Сіз өте сөзшең болғандықтан әр кездескен адаммен әңгімелесіп қалуға тырысатыныңыз рас па?

45. Бір жеріңіз ауырады ма?

46. Достарыңызбен ұзақ уахыт жолыға алмасаңыз мазасызданасыз ба?

47. Сіз шыдамсыз адамсыз ба?

48. Таныстарыңыздың ішінде сізге ұнамайтын адам бар ма?

49. Өзіңізге сеніміңіз күшті ма?

50. Сіздің кемістіктеріңізді немесе жұмысыңызды сынаған сіздің намысыңызға тиеді ме?

51. Көптеген адам қатынасатын іс-шаралардан ләзаттанасыз ба?

52. Сіз өзіңізді басқалардан кем деп санайсызба?

53. Қызықсыз ортаны жандандырып жібере аласыз ба?

54. Өзіңіз білмейтін нәрсеңізді білетіндей болып көрсеткіңіз келеді ме?

55. Өзіңіздің ден саулығыңыз туралы қам жисіз бе?

56. Басқаларды әзілдеуге құмарсыз ба?

57. Сізді ұйқысыздық мазалайды ма?

Нәтижесін бағалау кілті.

Экстраверсияны бағалау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп есептелінеді:

Ия - 1, 3, 8, 10, 13, 17, 22, 25, 27, 39, 44, 46, 49, 53, 56

Жоқ -5, 15, 20, 29, 32, 37, 41, 51. 0-10 балл жинасаңыз сіз интровертсіз; 15-24 балл жинасаңыз сіз экстравертсіз; 11 - 14 балл - амбиверт көрсеткіші болып табылады.

Невротизмді анықтау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп бағаланады:

Ия - 2, 4, 7, 9, 11, 14, 16, 19, 21, 23, 26, 28, 31, 33, 38, 40,

43, 45, 47, 50, 52, 57;

0 - 10 эмоционалдық жағынан тұрақтылықтың көрсеткіші;

11 - 16 сезімталдық белгісі;

17 - 22 жүйке жүйесі күйзелгенінің белгісі бар; 23-24 невротизм патологияға жақындаған.

Өтірікшілік көрсеткішін анықтау:

Келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп бағаланады.

Ия - 6, 24, 36; жоқ - 12, 18, 30, 42, 48, 54. 0-3 балл жинасаңыз сізге барлық уахытта сенуге болады.

4 - 5 - жалғандығыңыз көрініп тұр; 6 - 9 - жауаптарыңыз ақиқатқа сай емес, оларды өңдемей ақ қойсада болады.



Эмоционалдық

тұрақтылық

Бағалау шкаласы бойынша анықталған жиналған баллдарды жоғарыда берілген графиктің горизонталдық бағанына эктраверсия түсіріп, ал невротизм көрсеткішін вертикалдық бағанға орналастыру керек. Сол нүктелерден түсірген перпендикулярлардың қилысқан жері зерттелінушінің темпераментіндегі жетекші типті көрсетеді. Осы көрсеткіш бағандардың қилысқан жеріне жақын орналасса ол адамда барлық темпераменттің көрсеткіштері анық байқалатынының белгісі.



Айзенк тпесті бойынша зерттелінушілердің

темпераментін бағалау кестесі

Бағаланатын көрсеткіштер

Зерттелінушілер саны

1. Экстраверттер

22

2. Интроверттер

6

3. Амбиверттер

19

4. Невротиктер

41

5. эмоционалдық тұрақтылар

16

6. өтірікшілікшілер

33

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей зерттелінген 57 баланың 41 невротиктер, 33 өтірікшілер, басым көпшілігі холерик-экстраверттер болып шықты. Олардың мінез-құлық ерекшеліктерін бабалардың өздеріне түсіндіру үшін талдауды тереңірек жүргізіп, темпераменттер көрсеткіштері бойынша әр зерттелінушінің мінездемесін жасадық.

Көрсеткіштер бойынша мінездеме.

Сангвиник-экстраверт: тұрақты адам, әлеуметтендірілген, сыртқы дүниеге бағытталған, ашық-жарқын, қарым-қатынасқа құмар, кейде көп сөйлейтін, уайымсыз, көңілді, басшылыққа құмар, жолдас-жоролары көп, өмір сүйгіш.

Холерик-экстраверт: айнымалы адам, ашушаң, қозғыш, ұстамды емес, агрессиясы анық байқалатын, оптимист, белсенді, жұмысқа қабілетті және көңіл күйі тұрақсыз, стресс жағдайында - психопат.

Флегматик-эинтроверт: тұрақты адам, байсалды, ашулануы қиын, ойшыл, іскер, ұстамды, сенімді, сиысымды, қарым-қатынасқа жайлы, интеллектуал, жай қимылдайды, ұзақ уахытқа созылған қолайсыз жағдайда көңіл-күйін, ден саулығын бір қалыпты сақтайды.

Меланхолик-интроверт: тұрақсыз адам, мазасыздануы күшті, пессимист, сыртқы көрінісі бойынша сабырлы, бірақ эмоциясы терең, оған ұзақ уахыт бөленіп жүреді, ойшыл, интеллектуал, стресс жағдайында ішкі кернеуі күшейеді, депрессияға ұшырап, ден саулығы, жұмысқа қабілеті төмендейді.

Зерттелінушілердің мазасыздану деңгейін өлшеуге Жеткіншектер агрессиясын диагностикалау (Басса-Дарки) әдістемесін қолданып, нәтижелерін ереже бойынша талдап шықтық.



Жеткіншектер агрессиясын диагностикалау (Басса-Дарки әдістемесі).

Мақсаты: бала агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін анықтау.

Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтама береді. Біреулері ол адамның қоршаған орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған тұқым қуалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лоренд, Анри), екіншілері жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрация мен байланыстыратын теориялар да бар (Маллер, Дуб, Доллард).

Агрессия терминімен жеке тұлғаның субъект-субъекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді. Деструктивтік әрекет дегеніміз адамның алдында тұрған бөгетке шабуыл жасап, қиындықты жеңуге деген белсенділігі.

Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері бар екенін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін, немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін.

Жеткіншек жас кезеңінде себепсіз агрессия, немесе жалған қауіпке бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстың түрлерін, себебін, және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселені зерттеп, агрессиясы нормадан тыс дамыған балалармен түзету жұмысын жүргізуі керек.

А.Басс және А,Дарки агрессияны сипаттағанда оны негізгі екі топқа бөледі. Біріншісі -мотивациялық агрессия, осы құбылысты туғызған себеп-сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осы түрін анықтап алуға тиіс. Екіншісі - инструменталдық агрессия, немесе өзін қорғау үшін, басқаларды зәбірлеуге қолданатын әрекеттері. Бұл қасиеттің көрініс беруі сегіз формада болуы мүмкін.

Агрессияны зерттеуге қолданылатын әдістемелердің бірі Басса-Дарки сауалнамасы. Бұл әдістеме көмегімен агрессияның орын алуын және оның түрін, көрініс беру формасын диагностикалауға болады.

Орындау ережесі: тест сауалнамасында 75 тұжырымдама берілген. Оларға «ия» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз. Сауалнама:

1. Менің кейде басқаларға зиян келтіргім келеді.

2. Кейде өзім жақтырмайтын адамдар туралы өсек айтамын.

3. Мен тез ренжіп, жылдам басыламын.

4. Егер маған жақсылап өтіш жасамаса, тапсырманы орындамаймын.

5. Өмірден маған қажетті нәрселерді толық ала алмаймын.

6. Басқалар менің сыртымнан мен туралы не айтатынын білемін.

7. Мен достарымның қылықтарын ұнатпасам, пікірімді оларға білдіремін.

8. Егер біреуді алдаған кезім болса, мен ар-ожданымның алдында қатты қысыламын.

9. Мен басқа адамға қол жұмсауға қабілетті емес сияқтымын.

10. Мен еш уахытта, заттарды лақтыратындай болып, қатты ашуланбаймын.

11. Басқалардың кемістігіне барлық уахытта кешірімдімін.

12. Егер маған орныққан ереже ұнамаса, мен оны бұзғым келеді.

13. Басқалар қолайлы жағдайды пайдаланып қалады.

14. Басқалар маған, күтпеген жерде, си-сияпат көрсетсе, мен одан сескеніп қаламын.

15. Менің басқалармен келіспейтін кезім жиі болады.

16. Кейде менің ойыма өзім ұялатын нәрселер келеді.

17. Мені біреу бірінші болып ұрса, мен оған жауап бермеймін.

18. Мен ашуланғанда есікті тарс еткізіп жабамын.

19. Мен сыртқы көрінісімнен әлде қайда ашушаңырақпын.

20. Егер біреу біреу маған үкімін жүргізгісі келсе, әрқашан мен оған қарсы тұрамын.

21. Менің тағдырым мені онша қанағаттан дырмай ды.

22. Көп адамдар мені ұнатпайды деп ойлаймын.

23. Басқалар менімен келіспесе, мен олармен дауласпай тұра алмаймын.

24. Жұмыстан қашатын адамдар өздерін кіналы сезінуі керек.

25. Менің отбасымды әбіржіткендер - жүдырыққа жығылғысы келгендер.

26. Дөрекі әзілге мен бармаймын деп ойлаймын.

27. Мені сықақ жасағандарға қатты ашуланамын.

28. Егер біреулер өздерін бастықсымақ санаса, олар мен-менсіп кетпеу үшін бар күшімді саламын.

29. Апта сайын мен өзіме ұнамайтын адамдардың біреуін жолықтырамын.

30. Адамдардың көбі маған қзғаншақтықпен қарайды.

31. Басқалардан өзімді силауды талап етемін.

32. Ата-анам үшін ешнәрсе жасамағаныма қамығамын.

33. Сізді әрқашан ызаландырған адамдардың «тұмсығын бүзуға» тұрады.

34. Мен еш уахытта ашуға бөленіп, тұнжырап жүрмеймін.

35. Егер басқалардың маған деген көзқарасы мәртебеме сай келмесе, мен оларға режімеймін.

36. Мені біреу ренжіткісі келсе, мен оған көңіл бөлмеймін.

37. Ешкімге байқатпауға тырыссам да, қызғаншақтық «ішімді ит жегендей» етеді.

38. Кейде мені күлкіге көтеретіндер бар сияқты.

39. Мен қатты ызалансам да балағат сөз айтпаймын.

40. Менің күнәларымның барлығы кешірілсін.

41. Маған біреу қол көтерсе, менің жауап қайтаруым сирек болады.

42. Айтқаным болмай қалса мен ренжимін.

43. Кей кезде адамдарды көргенде мен жынданамын.

44. Шынымен жек көретін адамым жоқ.

45. Бөтендерге еш уахытта сенім білдірмеу - менің ұстанымым.

46. Егер біреу мені ызаландырса, мен ол туралы не ойлайтынымды айтуға даярмын.

47. Кейін өкінетін нәрселерді жиі жасаймын.

48. Ашуланған кезде қол жұмсауым мүмкін.

49. Кішкентай кезімнен бастап долылық көрсеткен емеспін.

50. Мен өзімді атылуға дайын оқтай жиі сезінемін.

51. Қандай екенімді жұрттың бәрі білсе, олар мені, бірге жұмыс істеуге қиын адам, деп есептер еді.

52. Қандай себепке байланысты басқалар маған жағымды нәрсе істейді, деп ойланамын.

53. Маған біреу дауыс көтерсе, мен де оған айқайлаймын.

54. Сәтсіздіктер мені мазасыздандырады.

55. Төбелескенде басқалардан артық-кемім жоқ.

56. Қатты ашуланғанда, бірінші қолыма түскен затты сындырғаным есімде.

57. Кейде төбелесті бірінші болып бастаймын.

58. Өмір маған әділетсіз екенін кейде анық сеземін.

59. Мен, бұрын, адамдар тек шынын айтады, деп ойлайтын едім.

60. Ашуланғанда ғана ұрсамын.

61. Егер қателік жіберсем қысылып жүремін.

62. Өз құқығымды жұдырықпен қорғау керек болса - күшімді көрсетемін.

63. Өзімнің ашуымды, кейде, стол төбелеп көрсетемін.

64. Өзіме ұнамайтындарға дөрекілік көрсетемін.

65. Маған зиян келтіргісі келетін дұшпандарым жоқ.

66. Дөрекілерді өз орнына қоя алмаймын.

67. Өзім дұрыс өмір сүрген жоқпын,- деген ой маған жиі келеді.

68. Мені төбелеске дейін апаратындарды білемін.

69. Кішкентай нәрсеге бола ренжімеймін.

70. Басқалар намысыма тиіп, ызаландырғысы келеді, деген ойға сирек бөленемін.

71. Мен, көбінесе, адамдарды тек қорқытамын.

72. Соңғы кезде мен жабысқақ болып кеттім.

73. Дау барысында мен дауысымды жиі көтеремін.

74. Басқаларға теріс көзқарасымды көрсетпеуге тырысамын.

75. Мен дауласпастан келісімге келгенді ұнатамын.

Авторлар сауалнаманы келесі ұстанымдарға сүйене отырып жасаған:

Әр сұрақ агрессияның бір түрін анықтауға арналған. Сұрақтарға берілген жауаптарға басқалардың пікірі әсерін тигізуін төмендету жолдары ойластырылған.

Бағалау шкаласы.

Жауаптар сегіз шкала бойынша бағаланады.

1. Физикалық агрессия: ия-1, жоқ-0 келесі тұжырымдамаларға: 1, 25, 31, 41, 48, 55, 62, 68;

Жоқ - 1, ия - 0 келесілерге: 9, 7.

2. Жанама агрессия: ия-1, жоқ-О: 2, 10, 18, 34, 42, 56, 63; 3.

жоқ-1, ия-0: 26, 49.

3. Тітіркенушілік: ия-1, жоқ-0: 3, 19, 27, 43, 50, 57, 64, 72;

жоқ-1, ия-0: 11, 35, 69.

4. Негативизм: ия-1, жоқ-0: 4, 12, 20, 28; жоқ-1,

ия-0: 36.

5. Өкпелегіштік: ия-1, жоқ-0: 5, 13, 21, 29, 37, 44, 51, 58.

6. Күдіктенушілік: ия-1, жоқ-0: 6, 14, 22, 30, 38, 45, 52, 59;

жоқ-1, ия-0: 33, 66, 74, 75.

7. Вербалды агрессия: ия-1, жоқ-0: 7, 15, 23, 31, 46, 53, 60,

71, 73; жоқ-1, ия-0: 1, 33, 66, 74, 75. 8.Кінәні сезіну: ия-1, жоқ-0: 8, 16, 24, 32, 40, 47, 54, 61, 67.

Көрсетілген шкала бойынша жауаптарды баллға аударып, барлық жиналған ұпайлардың екі түрлі қосындысы шығарылады. Біріншісі қастандық индексі деп аталады да ол 5 және 6 шкалалардың қосындысы арқылы анықталады. Ал екіншісі, агрессия индексі - 1, 3, 7 шкалалар қосындысы бойынша анықталады.

6,5 плюс-минус 3 - қастандық көрсеткіші нормада екенінің белгісі;

21 плюс-минус 4 - агрессияның нормадағысын көрсетеді.

Баланың агрессиясын анықтағанда бір әдістемені қолданып, сол бойынша қорытынды жасауға болмайды. Міндетті түрде Кеттел, Шмишек, Спилбергер т.б. проективтік әдістемелердің нәтижесімен салыстырып анықтау қажет.

Зерттеу нәтижесі:

Басса-Дарки әдістемесі бойынша зерттеу нәтижесін біз бірнеше көрсеткіштер бойынша талдадық. Олар келесі кестеде көрсетілген.

Басса-Дарки әдістемесі бойынша жеткіншектердің мазасыздану деңгейін бағалау кестесі


Мазасыздану түрлері

Көрсеткіштері

Зерттелінушілер саны

1. Физикалық Агрессия

Жоғары Орта Төмен

16 28 21

2. жанама агрессия

Жоғары Орта Төмен

23 16 18

3. тітіркенушілік

Жоғары Орта Төмен

27 18 11

4. негативизм

Жоғары Орта Төмен

31 16 18

5. өкпелегіштік

Жоғары Орта Төмен

22 21 14

6. күдіктенушілік

Жоғары Орта Төмен

32 16 9

7. вербалды агрессия

Жоғары Орта Төмен

39 16 2

8. кінәні сезінуі

Жоғары Орта Төмен

13 15 29


Басса-Дарки әдістемесі бойынша

жеткіншектердің мазасыздапу деңгейін бағалау кестесі

Мазасыздану түрлері

Зерттелінушілер саны

1. Мектептік

2. өзіндік бағалау

3. жеке адамаралық


23

14


20

жалпы

57

Жеткіншектер акцентуациясын анықтау (Шмишек тесті).
Мақсаты: Акцентуация көрініс беруінін анықтап, оның түрін және күшін бағалау.

Бұл тесті құру негізіне К.Леонгардтың жеке тұлға акцентуациясы туралы тұжырымдамасы алынған. К.Леонгардтың бұл концепциясы бойынша, акцентуация деп барлық адамға тән психикалық қасиеттердің кейбір көрсеткіштері ерекше дамып, шектен шыққанын айтады. Типология жасағанда оны мінез бен темперамент акцентуациясы деп екі түрге бөледі. Шмишек осы теориялық қағидаға сүйене отырып акуцентуация түрін және оның сапалық көрсеткішін анықтау тестін жасаған.

Орындау ережесі: Тест 88 сұрақтан тұрады. Оның әрқайсысына зерттелінуші «ия" немесе "жоқ" деп жауап беруге тиіс. Жауаптар 10 шкала бойынша бағаланады. Алдын ала сауалнама буклеті және жауап парағы даярланады. Тесті жүргізу алдында даярланған материалдар әр адамның қолана беріледі де, олар жауап беру тәртібімен таныстырылады. Жауап парақта сұрақ номері, оның түсында (+) немесе (-) деген белгілір қойылған болады. Зерттелінуші таңдап алған жауап вариантына сәйкес белгі қойып отырады.

Сауалнама және жауаптарды бағалау кілті.

1. Сен, әдетте, байсалды және көңілдісің бе? (1).

2. Сен тез ашуланып, әбіржейсің бе? (7).

3. Жылауың оңай ма? (6).

4. Жұмысымда қате жоқ па, деп бірнеше рет тексересің бе? (-2).

5. Сен, өзіңнің сыныптастарыңдай күштісің бе? (-2).

6. Сенің көңіл-күйің қуаныштан қобалжуға және керісінше тез өзгереді ме? (9).

7. Сен ойын барысында жетекші болғанды ұнатасың ба? (8).

8. Себепсіз ашуланып жүретін күндерің болады ма? (5).

9. Мұғалімнің берген тапсырмасын әрдайым адалдықпен орындауға тырысасың ба? (7).

10. Жаңа ойынды ойыңнан шығара аласың ба? (1).

11. Біреуді ренжітіп қойғаныңды тез ұмытасың ба?(-7).

12. Өзіңді мейрімді, басқаларды аяйтын деп санайсың ба? (6).

13. Пошта жәшігіне хат салғанда, ол бр жеріне ілініп қалды ма, деп тексересің бе? (4).

14. Мектепте, спорт секциясында, үйірмеде озық болуға тырысасың ба? (8).

15. Кішкентай кезіңде иттен, найзағайдан қорқатын ба едің? (2).

16. Балалар сені өте ынталы және ұқыпты деп санайды ма? (2).

17. Көңіл-күйің мектептегі және үйдегі жағдайларға байланысты ма? (9).

18. Таныстарыңның көпшілігі сені жақсы көреді деп айтуға болады ма? (8).

19. Ішіңнен қобалжып жүретін уақытың болады ма? (4).

20. Әдетте мүңданып жүресің бе? (3).

21. Қайғыны бастан кешкенде өкіріп жыладың ба? (10).

22. Бір орында ұзақ отыру саған қиын ба? (1).

23. Саған әділетсіздік жасағанда өз құқығыңды қорғайсың ба? (7).

24. Мысықтарды рогаткамен атқан күндерің болды ма? (6).

25. Дастархан немесе перде қисайып тұрса оған сенің жының келеді ме? (4).

26. Кішкентай кезіңде үйде бір өзің қалуға қорқатын Ба едің? (5).

27. Ешқандай себепсіз қуанышқа немесе уайымға Бөленесің бе? (9).

29. Сыныпта ең жақсы оқушысың ба? (8).

30. Көңіл көтеріп есерленетін кез жиі болады ма? (-3).

31. Ашулануың оңай ма? (5).

32. Кейде өзіңді бахытты сезінесің бе? (10).

33. Басқалардың көңілін көтере аласың ба? (1).

34. Біреу туралы өз ойыңды ашық айтасың ба? (7).

35. Қаннан қорқасың ба? (6).

36. Мектеп тапсырмасын шын көңіліңмен орындайсың ба? (7).

37. Әділетсіздіктің құрбаны болғандарды қорғайсың ба? (7).

38. Қараңғы, бос бөлмеге кіруге қорқасың ба? (2).

39. Жылдамдық пен нақтылықты талап ететін жұмысқа қарағанда жай және нақты емес жұмысты көбірек ұнатасың ба? (4).

40. Адамдармен танысу саған оңай ма? (9).

41. Ертеңгілік пен кештерде өнер көрсетуге құмарсың ба? (8).

42. Үйіңнен қашып кеткен уахытың болды ма? (5).

43. Балалармен, мұғалімдермен ұрысып қалып, мектепке бара алмай жүрген кез болды ма? (3).

44. Өмір сүру қиын ба? (3).

45. Сәтсіздікке ұшырағанда өз-өзіңді мазақтап күлесің бе? (1).

46. Ұрысып қалғанда, өзің кіналы болмасаң, татуласуға әрекет жасайсың ба? (-7).

47. Жануарларды жақсы көресің бе? (6).

48. Үйден шығып кеткеннен соң, бір оқиға болмасын деп, тексеруге қайтып ораласың ба? (4).

49. Кейде өзіңнің немесе туысқандарыңның басына бір қауіп төнгендей болып сезінесің бе? (2).

50. Көңіл-күйің ауа райына байланысты ма? (9).

51. Сұрақтарды біле тұрып жауап беруге қиналасың ба? (8).

52. Біреуге ашулансаң төбелесесің бе? (5).

53. Балалармен бірге болу саған ұнайды ма? (3).

54. Бірнәрсе қолыңнан келмесе оны үйренуден үміт үзесің бе? (10).

55. Істерді, ойынды ұйымдастыру қолыңнан келеді ме? (1).

56. Қиындықтар кездескеніне қарамастан мақсатыңа жетуге әрекет жасайсың ба? (7).

57. Кино көргенде, кітап оқығанда жылайсың ба? (6).

58. Міндеттеріңді орындауға қиналасың ба? (4).

59. Тапсырманы көшіріп алуға бересің бе? (-7).

60. Түнде қараңғы көшемен жүруге қорқасың ба? (2).

61. Барлық заттар өз орнында болуын қадағалайсың ба? (4).

62. Жатарда көңіл-күйің көтеріңкі, ал тұрғанда -тұнжыраған болған ба? (9).

63. Бейтаныс балалар арасында өзіңді еркін сезінесің бе? (8).

64. Басың ауырады ма? (5).

65. Жиі күлесің бе? (-3).

66. Егер біреуді ерекше силайтын болсаң, оны білдірмей жүре аласың ба? (8).

67. Бір күннің ішінде әр түрлді жұмыс жасай аласың ба? (1).

68. Әділетсіздікке жиі кездесесің бе? (7).

69. Табиғатты жақсы көресің бе? (6).

70. Үйден кетерде, үйқыға жатарда есікті, электр тетіктерін тексересің бе? (4).

71. Өзіңді, қорқақпын деп санайсың ба? (2).

72. Мерекелік дастархан басында көңіл күйің өзгереді ме? (9).

73. Драмкружокқа қатынасуды, сахнадан өлең оқуды ұнатасың ба? (8).

74. Себепсіз бұртыйып, ешкіммен сөйлеспей жүретін кездерің болады ма? (5).

75. Болашаққа көңілсіз қарайсың ба? (3).

76. Қуаныштан бірден қайғы-қасыретке ауысатын кез кездеседі ме? (10).

77. Қонақ күте аласың ба? (1).

78. Ашуың ұзаққа созылады ма? (7).

79. Достарыңның қайғысын бөліп аласың ба? (6).

80. Жіберген қатені жөндеу үшін дәптердің бір бетін көшіріп жазасың ба? (4).

81. Өзіңді сенімсіз адам дер есептейсің бе? (7).

82. Қорқынышты түсті жиі көресің бе? (2).

83. Өзіңді терезеден тастағың келген кез болды ма? (4).

84. Қоршағандар уақытын шаттықпен өткізіп жатса, сенің көңілің көтеріледі ме?

85. Жағымсыз жағдайды уақытша ұмыта аласың ба? (8).

86. Сәтсіздікті ойдан шығармай жүресің бе? (8).

87. Әдетте аз сөйлейсің бе? (3).

88. Орындаған роліңе беріліп кеткенде, өзіңнің кім екеніңді ұмытасың ба? (8).

Тест нәтижесін талдау.

Сұрақтар соңында жақшада берілген номерлер акцентуация типін көрсетеді. Әр номер бойынша жиналған оң жауаптар санын кестеде көрсетілген кэффицетке көбейту арқылы акцентуацияның баллы анықталады. Нәтижесі 12 баллдан артық болса акцентуацияның сол түрі орын алғанын білдіреді. Талдауды жоғарыда берілген акцентуация түрлерінің мінездемесі бойынша жүргізіледі.


Шкала Номер

Акцентуация типі

Жиналған ұпайлар

Коэфф циент

Акцентуация Көрсеткіші

1.

2.


3.

4.


5.

6.


7.

8.


9.

10.


Гипертимді Лабильді Сенситивтік Шизоидтық Эпилептоидты: Тұрақсыз

Астено-невротивті Демонстративті Циклоидтық Аффектті-экза Тациялық



9

8

7



11

1

12



3

9

5



4




байқалады

орта


орта

жоғары


жоқ

жоғары


төмен

байқалады

орта

төмен



Зерттеу нәтижесі көрсеткендей жеткіншектер арасында ең жоғары дамыған агрессияның түрі вербалдық агрессия болып отыр. Ол, әсіресе, ұл балаларға тән, олар балағат сөздерді өте көп қолданылатыны анықталды.

Екінші орында күдіктенушілік пен негативизм көрсеткіштері болды. Осы көрсеткіштерді басшылыққа ала отырып балалармен коррекциялық жұмыстар жүргізу қажетігін қанағаттандыру мақсатымен осы жұмысты ұйымдастыруға негіз болатын әдістемелер жинақтадық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет