Оқушылардың жеке басы мінез-қүлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары



жүктеу 0.63 Mb.
бет3/3
Дата01.03.2018
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3

2.2. Мінез-құлқында ауытқуы бар балаларды коррекциялау
Жүргізілген зерттеулерді жан-жақты талдау нәтижесінде оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктері анықталды. Жеткіншек жасындағы балалардың мінез-құлқындағы негізгі көрінісі - көкіректік, немесе эгоистік екендігі диагностикалау барысында анықталды. Сонымен қатар вербалдық агрессия (басқаларды балағаттау), сонымен қатар күдіктенішілік, негативизм өте жоғары екендігі байқалды. Эгоиз (дарашылық) түрлі себептермен (табиғи ерекшеліктерімен, сыртқы түрімен, ата-анасының байлығы мен, өз кемшілігін жасырумен және көпшілік ортаның ыңғаймен байланысты) сипатталады.

Жеткіншектерде орын алатын осы кемістіктердің әсерін төмендеті үшін психокоррекциялық жұмыстар жүргіздік. Оны бастау алдына оқушылармен әңгімелесі, жеткіншек жаста орын алатын ауытқулар, одан шығу жолдары туралы бірнеше кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Коррекциялық топқа тек өздері қатысамын деп қызығушылық білдіргендер ғана айтылды. Топтық коррекциядан өткісі келгендер шамадан тыс көп болғандықтан оларды диагностикалау нәтижесіне қарап іріктеп алу қажет болды.

Коррекциялық жұмыстың бірінші фазасында келесі міндеттер атқарылды:

- оқушылар коррекцияның қажет екенін сезінуін қамтамасыз ету;

- баланың көңіл-күйін көтеріп, әр қатысушы өзін-өзі қауіпсіз жағдайда сезінуін қамтамасыз ету;

- топтағылардың ішкі қайшылықтарын сыртқа шығаруға даярлау, ол үшін вербалды емес қарым-қатынас түрлерін қолданып бір-біріне жақындастыру.

Бұл фазада топтағылар бір-бірімен жақындасып, бір-біріне икемделіп адаптациядан өтеді. Осы фазадан өткеннен кейін коррекция қажет деп тапқандардан бір топ түздік. Бұл топпен жүргізілген коррекциялық жұмыс сыныпта орын алатын қайшылықтарды жоюды негізгі мақсат ретінде анықтады. Сондықтан мақсатты қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру тренингі деп атадық. Ол келесі міндеттер арқылы жүзеге асырылды:

- әр қатысушыға өз проблемаларын түсініп, ол жағдайдан шығу жолдарын табуға көмектесу;

- топтын дәстүрін қалыптастыру;

- мінезі шатақ балалрға олардың әлеуметтік позициясының дұрыс емес екендігін көрсету және ол жағдайдың пайда болған себептерін түсіндіру;

- баланың өмір сүру ортасында туған ыңғайсыз жағдайлардың себебін анықтап беріп, әр себептің мән-мағнасын толық түсіндіріп беру;

- сезіммен иланушылықты қалыптастыру, соның нәтижесінде басқаларға сиымды, тіл табысқыш, адамгершілікті жоғалтпайтын, басқаларға жаны ашитын, басқаларды өзіндей силайтын позициясын қалыптастыру;

- жанама әсер арқылы көмек көрсету.

Осы анықталған міндеттерді орындау үшін ситуативті-коммуникативті ойындар қолданылды. Олардың біразын осы жерде келтіреміз.

Ситуативті-коммуникативті ойындар.

Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру арқылы оларды мазасыздану жағдайын төмендету.

Міндеттері:

- коммуникативті ойындар барысында балардың ашық-жарқындығын тәрбиелеу;

- балалардың қарым-қатынасын мақсатты түрде ұйымдастыру және оны басқару;

- балаларды өзінің қарым-қатынасын басқаруға үйрету.

Қолданылған тренингтік ойындар.
1. Міне менімен не болып жатыр.

Бұл ойынның мазмүны адамдарда рефлексивті монолог ретінде жасалған текстерден тұрады. Әр бала өз өмірінде болған бір күкілі жағдайды басқаларға қызықты болатындай түрде айтып береді.

2. Біз нені жақсы көреміз?

Қоршаған ортамен қатынас жасағанда біз олардың ішінен ұнайтын және ұнамайтын нәрселерді байқаймыз. Көбінесе бұл бағаны біз адамдардың ішкі қасиеттерімен байланыстырамыз. Сол сияқты адамдардың да бізге ұнайтын және ұнамайтын мінез көрсеткіштері бар. Қазір әрқайсысың қағазға адамдардың қандай қасиеттерін жоғары бағалап қабылдайтынымыз туралы жазып беріңдер. Кім туралы жазып отырғандарыңды айту міндетті емес. Ұнамды қасиеттер көп адамдарда кездесетін жинақы болуы мүмкін.

Енді өзіңе өте ұнайтын бір кісінің ерекше ұнайтын бес қасиетін белгеле. Бастадық.

Берілген мерзім аяқталғаннан соң барлық қатысушылар шеңбер бойынша отырып сағат тілімен кезектесіп жазған қасиеттерін оқып шығады. Оқыған

3. Шеңбер бойынша фраза.

Балаларға қандай да болса бір қарапайым фразаны таңдап алу ұсынылады. Мысалы: Бақта алмалар түсіп жатыр. Енді, экранның оң жағындағы ойыншыдан бастап осы фразаны кезекпен айтамыз. Әр адам ол фразаны жаңа интонациямен айтуы керек (қуанышты, сұраулы, таң қалушылық белгісімен, немқұрайды және т.б.) Егер қатысушы жаңа интонация таба алмаса ол ойыннан шығады. Ойын үш-төрт жеңімпаз қалғанынша жал ғастыры л ад ы.



4. Айна.

Қатысушыларға төрт тапсырма беріледі:

1. түйме қадау.

2. Жолға жиналу.

3. Пирог пісіру.

4. Циркте ойнау.

Бұл тапсырмалардың ерекшелігі мынадай. Әр тапсырманы екі адам жұптасып орындайды. Жұптағылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, екеуінің біреуі уақытша айна болады да, ол өзінің жұптасының барлық қимылын дәл қайталауы керек. Бір көріністен кейін жұптағылар рөлдерін ауыстырып келесі тапсырманы сол орындау шарты бойынша жасайды.

Топағы басқа балалар көрермендер болып, айна ролін орындаушының шеберлігін бағалайды. Біртіндеп барлық қатысушылар жұптасып ойынға қатысады және әр жұптың орындаған тапсырмасы бұрынғылардікін қайталамайтындай болуы керек.



5. Танысыңыз, шетелдік!

Тотағылар бір қатарға тізіліп отырады. Әр адамға карточка таратылып беріледі. Ол карточкаларды бір ұлттың аты жазылған, демек сол адам карточкада жазылған ұлттың өкілі болады. Карточка алғандар өзінің қай ұлт өкілі екенін вербалды емес жолменен, дене қимылы, мимика, жүріс-тұрысымен басқаларға білдіреді. Көрермендер қонақтың қай үлт қкілі екенін табуы керек.



6. Елсіз арал.

Психолог қатысушыларды ойын шартымен таныстырады. Мұхит бойында бірнеше күн болған табиғи оқиғадан кейін кемедегі адамдар елсіз аралға келіп орналасады. Осы аралда олар 20 жыл өмір сүреді. Апаттан құтылғандардың қолында үрлеме қайықтан басқа ештеңе қалмайды.

Ойынға қатысушылар үш топқа бөлініп, үш ұлттың өкілдері болады. Олар бірінің тілін бірі білмейді. 20 жыл ішінде апатқан құтылғандар қалай өмір сүріп, қандай салт-дәстүрлерге, қандай заңдарға сүйеніп өмір сүретінін, нені өсіріп, олардың өмір сүруіне кім басшылық жасайтынын, қандай мерекелерді атап өтіп тағы қандай құндылықты басшылыққа алатынын көрсетуі керек.

Әр топ тапсырманы алғаннан кейін екі сағаттай дайындық жұмысын жүргізеді. Топқа дайындаған көріністі көрсетуге 30 минут уақыт беріледі. Топ өздерінің қай ұлт өкілі екенін ешкімге айтпайды. Олар өздерін жан-жақты таныстыру үшін көрнекі құралдарды, көптеген көріністер, өмір салтын ұсынады. Басқа екі топ мүшелері көрермендер боа отырып олардың ұлтын да анықтауы керек.



7. Амандасу.

Топтағылар ішкі және ішкі шеңбер қүрып бір-бірімен қарама-қарсы жұптасып тұрады.

Бірінші вариант.

Қарама-қарсы тұрғандар бір-бірімен мимика және пантомимика арқылы амандасып, өздерінің достарын көргеніне қуанышты екенін білдіреді.

Екінші вариант.

Топтағалар бір-бірімен қол алысып, құшақтасып амандасады және амандасқан адамына жылы жүзбен қарап, оған бірнеше жағымды сөздер айтады. Қанша көп адамға жылы сөз айтса, сонша ол адамның өзінің көңіл-күйі көтеріңкі болады.

Осы сияқты тренингтік ойындардың бірнеше түрлерін әр тренинг кездесуіне дайындап келу керек. Тренинг ойындардың көптеген түрлерін

Т.Р.Нұрмұхамбетованың қолжазбаларынан алуға болады.

Жүргізілген тренингтерге оқушылардың қызығушылығы өте жоғары болды. Қатысушылар басқа оқушыларға өздерінің алған тәжірибесін және сезімін айтып бергенде басқа оқушылар да тренинке қатысқысы келетіндігін, барлық мектеп оқушыларына арнап жүргізу керек екендігін айтты.

ҚОРЫТЫНДЫ
Оқушылардың жеке басы мінез-құлық үйлеспеушілігін зерттеу нәтижесінде келесі қорытынды жасадық.

1. Оқушылардың мінез-құлық үйлеспеушілігінің анық байқалатын кезі жеткіншектік жас кезеңі. Оның бірнеше себептері бар. Жеткіншек жасында кездесетін үйлеспеушілік әлеуметтік және психофизиологиялық себептермен байланысты орын алуы мүмкін. Жеткіншек жас кезеңдерін зерттеушілер балар дамуында болатын ауытқулардың себептерін анықтап, оны сыныптастырған. Ең жиі кездесетін ауытқулар агрессия, акцентуация болып табылатыны анықталған.

2. Мінез-құлық ауытқұларына себеп болатын факторлар келесі деп анықтадық:

- аффективті спектрлар ауытқуының өсуі (психосоматикалық себептер, терең эмоциялар, депревивті жағдайлар);

- отбасындағы ауыр психологиялық жағдайлар;

- баланың өзіне және өміріне қанағаттанбауы;

- өз құрбыларымен, үлкендермен және өзінен кішілермен қарым-қатынас құруға қинал атындығы;

- үлгерімі нашарлығы.

3. Орта сыныптарда оқитын оқушылардың мінез құлық ерекшеліктерін, темпераменті мен невротизмінің көрініс беруін Айзенк тесті және Басса-Дарки тестін қоланып зерттеу нәтижесінде жеткіншек жастағылардың басым көпшілігінің мінез-құлқында нормадан ауытқулар анық бай қалатыны диагностикаланды. Мазасыздану деңгейі жоғары болған балалардың саны кейбір көрсеткіштер бойынша 31-32- ге дейін болды (зерттелінген 32 баланың ішінде). Бұл өте жоғары көрсеткіш екені дәлелдеуді талап етпейді. 4. Психодиагностикалық әдістемелерді балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты іріктеп алып, зерттелінушілерге оны қолданудың мәні мен мағнасы түсіндірілді. Оқушылар зерттелінуге ризашылығын білдіріп, оның нәтижелеріне қызығушылықтары анық байқалды.

5. Зерттеу нәтижелерімен зерттелінушілер толық танысып, темперамент ерекшеліктері, оның тәрбиеленетіндігі туралы топтық және жеке дара кеңес беру жұмысы жүргізілді.

6. Басса-Дарки тесті нәтижесі балалардың балағат сөздерге жақын екенін көрсетті.

7. Осы анықталған ауытқуларды түзету немесе түзетуге болатындығын көрсету үшін тренинг элементтері қолданылған жұмыстар жүргізілді. Оны ойын тренингі сценариі бойынша жүргізіп, әр өткізілген іс-шаралардың нәтижесін қатысушылармен талдау барысында балалар өздерінің мінезі жұмсағырақ болып, басқаларға жағымды мінез көрсеткісі келгенін байқады. Сондықтан жүргізілген зерттеу нәтижелі болды деп айтуға болады.



Әдебиеттер
1. Абрамова Г.С. Практическая психология. - М., 2001.

2. Абрамова Г.С. Психологическое консультирование. - М., 2001.

3. Анастази А. Психологическое тестирование. -М., 1982.

4. Асмолов А.Г. Психология личности. - М., 1990.

5. Андреева Г.М. Социальная психология. М., 1980.

6. Бабасов Е.М. Конфликтология. Минск, 2000.

7. Батаршев А.В. Тестирование. Основной инструментарий практического психолога. Ростов-на-Дону, 2000.

8. Битянова М.Р. Практическая психология. - М., 1997.

9. Валлон А. Психическое развитие ребенка. - М., 1997.

10. Венгер А.Л. Схема индивидуального обследования детей школьного возраста. (Для психологов-консультантов) - М., 1989.

11. Возрастная и педагогическая психология. Под ред. М.В.Гомезо. - М., 1995.

12. Выготский Л.С., Лурия А.Р. Этюды по истории поведения. - М., 1993.

13. Григоренко Е.Л., Рутман Э.Н. Диагностика готовности к школе по показателям устойчивости внимания. Вестник МГУ.(серия 14). - М., 1990.

14. Гуревич К.М. и др. Школьный тест умственного развития (ШТУР). Методические рекомендации по работе с тестом. Для школьного психолога. -М., 1987.

15. Гуревич К.М., Горбачева Е.И. Умственное развитие школьников: критерии и нормативы. -М., 1992.

16. Гудкина Н.И. Несколько случаев из практики школьного психолога. - М., 1991.

17. Гильбух Ю.З. Внимание: одаренные дети. - М., 1991.

18. Дубровина И.В., Прихожан Л.И. Положение о школьной психологической службе. - М., 1985.

19. Диагностика умственного развития дошкольников. Под ред. Л.А.Венгера, В.В.Холмовского - М., 1978.

20. Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и психогигиене общения. - М., 1987.

21. Дубровина И.В. Настольная книга школьного психолога. - М., 1996.

22. Леонтьев А.Н. Дестельность. Развитие. - М., 1989.

23. Мухина В.С. Детская психология. М., 1990.

24. Немов Р.С. Психология. В 3 т. - М., 1998.

25. Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога. - М., 1996.

26. Платонов К.К. Психологический практикум. -М., 1980.

27. Психологический словарь. Под ред. А.В.Петровского, В.И.Ярошевского. - М., 1990.

28. Психологические тесты для деловых людей. Под ред. Литвинцевой. - М., 1998.

29. Психологические тесты. В 2 т. Под ред. А.А.Карелина. - М., 2000.

30. Психология и этика делового общения. Под ред. В.Н.Лавриненко. - М., 2000.

31. Психодиагностические методы. Под ред. А.А.Бодалева. - Ленинград, 1976.

32. Психологическая диагностика. Проблемы исследования. Под ред. К.М.Гуревича. - М., 1981.

33. Развитие личности ребенка. Под ред. А.М.Фонарева. - М., 1987.

34. Римский С, Римская Р. Практическая психология в тестах. - М., 1999.



35. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. - М., 1996.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет