Оқушыларды кітап оқуға қалай үйретуге болады?



жүктеу 326.49 Kb.
Дата17.02.2018
өлшемі326.49 Kb.

Оқушыларды кітап оқуға қалай үйретуге болады?

Бастауыш сыныптың басты міндеті – баланы оқуға үйрету, балаға өмір бойы білімді меңгертетін құралды үйрету. Бұл қандай құрал?

Ол айналадағы дүние құбылыстарын бақылау, көру. Бақылаған, көргендері туралы ойын білдіру, яғни оқу, жазу икемділігі. Бастауыш сыныптарда үлкен қырсық оқудың көптеген оқушылар үшін автоматтық үрдіске айналатындығында. Егер оқушы оны білмесе, оқығанының мағынасын түсінбесе, есепті қалай шығармақ? Бастауыш сыныптарда оқу сабақтарда аз оқытылады, оқу туралы, ненің оқытылтыны туралы сөз көп. Оқу орнына көбінесе тәрбиелеп әңгімелер өткізіледі.

Бастауыш сынып мұғалімдері баланың сыныпта, үйде қанша оқитынын және бұл икемділікті жете меңгеру үшін оның қанша оқу керек екенін зерттеп, есептеуі қажет.

В.Сухомлинский «Мектептің жас директорымен сырласу» деген кітабында өзінің жұмыстары жайында былай дейді: «Мәнерлеп, жылдам, түсініп оқу үшін оқушы қалай дұрыс оқып шығу үшін емес, оқи отырып, оқығанының мазмұны туралы ойлауды үйрену үшін оған байланысты сыныптарда дауыстап – 200 сағат, ішінен 2000 сағат оқуы керек. Бұл бала күніне 1-2-сыныптарда 10 минут, 3-4-сыныптарда 15 минут оқу қажет деген сөз.»

Тез, жүгіртіп оқу – қабілетті оқушының шамасы ғана жететін жылдам оқу емес. Бұл әрбір оқушы міндетті түрде меңгеруге тиісті қалыпты оқу. Жүгіртіп оқу дегеніміз минутына 150-300 сөзге дейін оқу.

Бастауыш сынып оқушысының минутына қанша сөз оқитынын бақылап көргенде, жартысынан көбі межені орындай алмайтыны байқалады.

Барлық оқушыны межеге қалай жеткізуге болады? Осы сұрақтар төңірегінде көп ізденіп, жаңашыл педагогтардың еңбектерін оқып, салыстыра келе мынадай жұмыстар жүргіздім.



І. Әліппеге дейінгі кезең.

Балаларға педагогикалық, психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Ол үшін сыныптағы оқушылардың ата-аналарымен жеке-жеке пікірлесіп, баланың үйдегі мінез-құлқын, өзіне тән ерекшелігін анықтауға тырыстым. Ата-аналарға сауалнамалық сұрақтар беріп, одан қорытынды шығарылды. Оқушылардың отбасындағы орнын және өзін-өзі бағалауын, есте сақтау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын, т.б. зерттеу жұмысын жүргізіп, психологиялық зерттеу жұмыстарына жоспар жасалды. Ата-аналарды алдағы уақыттағы жұмыс жоспарымен таныстырып, не істеу керектігі жайында нұқау берілді. Зерттеу жұмысы осымен ғана шектеліп қалмайды, үнемі толықтырылып, жетілдіріліп, ақыланып отырылды.

ІІ. Әліппе кезеңі.

Әзірлік жұмыстарын зор дайындықпен жүргізгендіктен, әліппе кезеңінде балалар әріптерді тез меңгереді.

Әліппе кезеңінде:


  1. Дауысты, дауыссыз дыбыстар жайында түсінік алды.

  2. Буын құрап оны оқи білуге жаттықты.

  3. Сөздерді буынға бөліп, тұтас оқуға дағдыланды.

  4. Оқушының сөздік қорын көбейту мақсатымен әр әріпті өткен кезде оқулықтағыдан басқа 10 сөз айтуы тиіс болды.

Мысалы: Т әрпін өткен кезде оқушылар трактор, телевизор, телефон, тас, тауық, тай, терезе, Текес, торғай, Талғат, тоты, тарақ, тәрелке, төсек т.б. 18-20 сөзжге дейін айтты.

  1. Дыбыстың, сөздің басында – «тай»

ортасында – «ата»

аяғында – «Талғат» келетінін түсіндіру.



  1. Кез – келген суретке қарап ж дыбысы бар сөз ойлау.

жүзді

Мысалы: Балық желбезек



жүрді

Бала жота



жүгіру т.б.
жарды

Гүл жапырақ




  1. Өлеңді, мәтінді, буынға бөліп, түсініп, дұрыс, қатесіз оқуын қадағалап отыру.

  1. Бір заттың суретін көрсетіп, оның неше дыбыстан тұратынын ауызша, жазбаша талдаттым.

Бала – 0000 Бор – 000 (дыбыс)

  1. Суретке қарап сөйлем құрау, әңгімелеу.

Мысалы: даланың суреті.

Мынау – дала. Далада мал жайылып жүр. Оспан ата мал бағады. Қасында иті бар.



  1. Сызба – нұсқа бойынша сөйлем құрау.

Жаңбыр жауды.



Марат жазу жазды.
Сөйлемнің неше сөзден тұратынына назар аудару.

  1. Әліппеге дейінгі кезеңде арнайы дәптерге жұмбақ, өлең, тақыпытар жазылып, оны жаттап, суреттерін салуға көңіл бөлінді.

Осы жұмыстың барлығы баланың сөйлеу мәдниетінің қалыптасуына, сөздік қорының молаюына, дыбыс, сөз, сөйлем ұғымдарын қалыптастыруға, сөйлемнің бас әріптен басталып, жазылып, соңына нүкте қойылатын меңгерді.

Жазба жұмысы жайында В.А.Сухомолинский былай деген : «Бастауыш сыныптарда 1-сыныптың өзінде – ақ бала қолының ұсақ бұлшық еттері, қолы қалтырамастай әріпті дұрыс жазуы үшін арнайы күш жұмсамастай машықтануы қажет. Тез, анық және сауаты жазып үйрену үшін жазу, оқып үйренудің түпкі мақсаты болмай құралы, амалы болуы үшін оқушы бастауыш сыныптарда дәптердің 1400-1500 бетінен кем жазбауы керек».

Әр дәптерде 12 бет болса, сонда 1500 бет жазу үшін 125 дәптер керек екен. Зерттеп, бақылап көрсек осынша дәптерді пайдаланбайды екенбіз. Жазу сабағында аз жазылады. Жазуға ерекше көңіл бөлдім.


  • Оқулықтағы , сөздерді кейінірек мәтіндерді бөліп-бөліп көшірту.

  • Әріпті өткеннен бастап әріп, буын диктант алу. Қайта жазылған сөздерді, әріптерді қашан дұрыс жазылғанша жаздыру.

  • Бір сөзден бірнеше сөз жазғызу. Мысалы: тарақ деген сөзден (ар аө, ат, тар, қар, қат, ара, тақ, ата, қара, тара)

  • Үйден диктант, әңгіме жаздыру.

Түйіндей айтқанда, мұғалім баррлық мүмкіндіктерді пайдаланып, жан-жақты әзірленіп, білімін, шеберлігін баланы тәрбиелеуге жұмсаған кезде, әдіс-тәсілдерді пайдаланған жерде нәтиже болады деп есептеймін.

Төрт бұрыштың (шаршының) ауданын табу және есептеу.

(3-сынып)

Өзім сабақ беретін сыныптарда оқу сапасының жоғары болып балалардың қызығушылықтарын арттыру үшін сабақ жоспарын құруда дәстүрлі емес сабақтарды жиі өткізуге тырысамын. Осы орайда математика пәні. 3-сыныпта өткізген «Геометрия еліне саяхат» сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.



Сабақтың мақсаттары: Төрт бұрыштың (шаршының) ауданын табу және есептеу есептеу тәсілін тиянақтай түсу. Оқушылардың алған білімдерін нығайту. Төртбұрыштар туралы алған түсініктерін кеңейту.

Оқушының ой-өрісін дамыту. Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, проблемалық сынақ.

Сабақтың түрі: «Геометрия еліне саяхат» сабағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) оқу құрадарын алып, сабаққа әзірлеу.

Ә) партада отыру ережесін еске түсіру.

ІІ. Жаттығуды тексеру.

ІІІ. «Математикалық диктант» алу.


  1. 3пен 4-тің көбейтіндісін тап.

  2. 15 пен 5-тің бөліндісін тап.

  3. 0 мен 20-ның көбейтіндісін тап.

  4. 90 мен 20-ның бөліндісі неше?

  5. 1 мен 36-ның көбейтіндісін тап.

  6. 1мен 4-тің қосындысын 5 есе арттыру.

  7. 60 пен 50-дің айырмасына 7-ні қос.

  8. 0мен 15-тің бөліндісін тап.

  9. 2саны 10 санынан неше есе кем?

  10. 2 санының 10 санынан нешеуі кем?

Диктантың жауабы тақтада тұрады, сол бойынша қатар отырған 2 оқушы бірінің жұмысын бірі тексереді, өздері бағалайды. (1-12, 2-3, 3-0, 4-1,5-36, 6-0, 7-25, 8-17)

VI. Балалар мынау қандай геометриялық фигура?

  • Үшбұрыш.

  • Үшбұрыштар туралы не білеміз?

  • Үшбұрыштар қабырғасына қарай тең бүйірлі, тең қабырғалы, әр қабырғалы болып з-ке бөлінеді.

  • Үшбұрыштың 3 төбесі, 3 бұрышы, 3 қабырғасы бар.

Осы кезде есік қағылады. Сыныпқа бүгінгі сабақтың «қонақтары» келеді. Орнымыздан тұрып, қол шапалақтап қарсы алайық. Олар: «Дымбілмес», «Ісмер», «Қарындаш» . Біздің бүгінгі сабағымызға келген қонақтар «геометриямен» шұғылданып жүр екен, біздің нені білетінімізді байқап көріп, білмегендерімізді үйретуге келіпті. Олар осы уақытқа дейін «Нүкте қаласында» және «Үшбұрыштар елінде» болыпты. Үшбұрыштар елінде жүргендерінде қайдан келгені белгісіз «өшіргіш» пайда болып өшіре бастайды.

Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу де,

Нүктелер жүр серуендеп көшеде.

Өшіргіште шықты тағы есіріп,

Бір нүктені тастағаны өшіріп.

Не істемекпіз? Оған қандай амал бар?

Ашуланған достар «Бүлдіргіш - өшіргішті» ұстап алып, сазайын бермек болады. Бәрі өшіргішті қуа жөнеледі. Ол қашып ұстатпай кетеді. Оны қуып ұстап алып жазасын беру үшін «қонақтарымызға» көмектесейік.

V. Ол ұшін 1-жаттығуды орындайық.

4*2=8 (см2)

2*4=8 (см2)

Өшіргішті жаяу қуып жете алмаймыз, ол үшін ұшақ керек. Ұшаққа отыру үшін әуежайға барайық. Ол үшін 1-қатар № 1ә, 2-қатар №2а, з-қатар № 2ә тапсырмаларды орындайық. Ұшаққа отырып ұшып барамыз. Иллюминатордан (ұшақтың терезесі) төменге қарап қоямыз, өшіргіш көрінбейді. «Дымбілмес» бізге 3-тапсырманы орындаңдар деп тапсырма берді. Қане, Дымбілместің тапсырмасын орындайық.

Х+2+3 4+5+2 х+7+7

2+х+3 4+2+5 7+х+7

3+х+2 2+4+5 7+7+х

3+2+х 2+5+4

5+2+4

5+4+2


Сергіту сәті:

Бойды сергек тік ұста,

Оң қолды соз алға.

Оң қол босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап зырласын.

Тол қол босқа тұрмасын,

Бойды сергек тік ұста.

Сол қолыңды соз алға,

Үшбұрыш жасап зырласын.

Қарындашта босқа келмепті, енді бәріміз қаарындаштың тапсырмасын орындайық.

VI. Бәрің 4-жаттығуға қараңдар.

Беткі ені – 40 м.

Табаны- ? 10 есе кем.

Тереңдігі - ? 1 м артық.

Ш:40/10+1= 4+1=5 (м)

Ж: Каналдың тереңдігі 5 (м)

№ 6. Екі оқушыны тақтаға орындатамын. (Төменде қала көрінеді, төртбұрышты үйлерді өшіргіш өшіріп жатыр. Бәріміз «Өшіргішті ұстау керек» деп шуласып жатырмыз).

Ұшақ төмендегенде қанаты ағашқа тиіп, бүлініп қалды. Енді не істейміз? Қону керек. Бұл көрінген қала – «Төртбұрыштар» қаласы екен. Қақпада күзетшілер тұр. Қақпадан өту үшін күзетшінің сұрақтарыа жауап беру керек.



  1. сұрақ.Төртбұрыштың неше төбесі, неше бұрышы, неше қабырғасы бар?

  2. Сұрақ.Шаршы деп қандай төртбұрышты айтамыз.

Күзетшінің сұрақтарына жауап беріп, қақпадан өттіп, қалаға кірдік.

Ұшақтың қанатын ауыстырайық десек, бұл қалады ұшақтың қанаттары төртбұрыш екен. Бәріміз ойланып, тұрып қалдық.Осы кезде «Қайшы» көмекке келді. Ол төртбұрыштың қарама-қарсы еені төбесін диагональ бойымен қию керек дейді. Сонда 2 үшбұрыш қанат шықты. Олар ұшақтың қанатын ауысырғанша біз тақтадағы екі оқушының тапсырмасын тексерейік.

7/4=1 (қалд.3); 5/3=1(қалд.2)

11/4= (қалд.3); 8/3=2(қалд.2)

19/4= (қалд.3); 11/3=3(қалд.2)

35/4= (қалд.3); 14/3=4(қалд.2)



VII.Төртбұрыштар қаласының тағы бір ерекшелігі мұнда «Ромбылар», «Шаршылар» «Тіктөртбұрыштар» көщелері бар екен.(Осы кезде «Шаршылар» көшесінде кетпі бара жатқан «Өшіргішті» бәрі жабылып ұстап алады. Оған «Сен өшіруді тым жақсы көресің, сол үшін сен түзу сызықты түгел өшір» деп жаза қолданады)

Өшіргіш түзу сызықты өшіре, өшіре кішкентай болып қалады.

Қатесін түсінген «Өшіргіш» достарына «Бұдан былай өшіріп бер десе ғана өшіремін» деп кешірім сұрап, уәде береді. Содан бері геометрия елінде тәртіп бұзған ешкім болған емес.

Сонымен балалар,



«Геометрия» - грек сөзі

«Жер өлшеуден» - шығыпты

Евклейдтей ұлы ғалым

Ғылым сырын ұғыпты

Сонау мысыр шаһарында

Негізіміз қаланып

Осы күнге аман жетіп

Орындалды бар арман

Геометрия ңылым болып

Грецияда қаланған

Сонан кейін Азия мен

Европаға тараған

Геометрия – үлкен ғылым.

Біз оны әлі 11-сыныпқа дейін оқып, үйренеміз.



VIII. Сынау алу.

  1. Шаршның қабырғасының ұзындығы 4 см. Шаршының ауданын тап?

А) 16 см2; Ә) 8 см2 Б) 12 см2

2. 13/5= * (қ.*)

А) 2 (қ.1) Ә) 2 (қ.2) Б) 2(қ.3)

3. 20/5+4*6=*

А) 8 Ә) 18 Б) 28

Жауаптары тақтада тұр сол бойынша, жауаптары тексеріледі.



ІХ. Балалар, бүгінгі сабағымыз қалай өтті? Не үйрендіңдер?

Үйге: № 5,7 есеп

Бағалау.

Пән кабинеті – оқу тәрбие жұмысының орталығы.
Еліміздің болашағының көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы. Сол елдің білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты және ол бүгінгі ұрпақ бейнесінен айқын көрінеді.

«Халыққа наннан кейінгі қажеттісі – мектеп. Ол жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана»- деген Ж.Донтон. Қазіргі кезде мектептің қойып отырған талабы – жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де биік қаруландыру, ал меңгерен білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейінде іскерлік шеберлікпен қолдана білу. Осы жеткіншектерге жету үшін мұғалім өз ісінің нағыз шебері болуы тиіс. Мұғалім бұл жұмыстарды пәндік кабинетте жүзеге асыра алады. Кабинет – тек сабақ өткізетін орын емес, мұғалімнің сабаққа көрнекіліктер, қосымша материалдар дайындайтын орын, практикалық сабақтарға дайындық жұмыстарының бәрі осында өтеді.

Оқушылар білімінің сапасын жақсартуда, оларды білім алуға құштарландыруда, оқуды өнімді еңбекпен ұштастыруда оқу кабинетінің атқаратын орны ерекше.

Жүйелі жабдықталған пән кабинетінен мұғалім күнделікті сабағына қажетті қосымша материалдарды, суреттерді, топтамаларды қиналмай таууып, орынды пайдалана алады. Осы мақсатпен бастауыш сыныптың бір бөлмесін жабдықтауға кірістім. Ата-аналардың, кезектесіп оқитын сынып мұғалімінің көмегімен сынып бөлмесін күрделі жөндеуден өткіздік, яғни «евроремонт» жасаттық. Парталар ескі болғандықтан оны ДБП – мен қаптап, обой қағаз жапсырдық, партаны жаңаладық. Мұғалімнің үстелінің бетін ашпалы-жаппалы етіп жасап, оған техникалық құралдар еш қиналмай пайдалана беруге болады. Техникалық құралдарға лайықтап тақтаның үстіңгі жағына экран қойылған.

Сынып бөлмесінің аты – «Балбұлақ». Бұлай атау себебіміз бала да кішкене бұлақ секілді. Қазақта «бұлақ көрсен көзін аш» деген сөз бар. Бұлақтың көзін ашып тазалап тұру қажет болса, кішкене жас бүлдіршіннің бойына жақсы қасиеттерді сіңіру керек. Кішкене бұлақ үлкие дәрия болса, бала да өсе, үлкейе келе білімдері молайып дариядай болсын деген тілек.

Сынып бөлмесіндегі жалюздің, партаның түсі керегенің түсіне сай, ақшыл жасыл.



Енді кабинетке ілінген стенділерге тоқталайын.

Кабинеттің алдыңғы жағында, тақтаның үстінде «Әріптер тізбесі» ілінген. Ол көк және жасыл түстермен, яғни дауысты, дауыссыз дыбыстарға жаыратылып жасалған. Тақтаның жанындағы «Бүгін сабақта» стендісіне өтілетін сабақтағы көрнекіліктер ілінеді. (1-сурет) Бөлменің артқы жағында «Еліміздің Рәміздері және Қазақстан 2030» деп аталатын үлкен стенд бар. Бұл стендті ілудегі мақсат: Егеменді Еліміз басқа мемлекеттермен тең, өркениетті ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұраны, Туын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, оны қастерлей білуін талап етеді. Елбасының «Қазақстан 2030» бағдарламасында Қазақстан келешекте дамыған мемлекеттердің біріне айнлу үшін Қазақстанда тұратын барлық халықтар сапалы білім, саналы тәрбие алуға құлшыныс етуі тиіс. Халықтың асыл мұрасы Ата тәрбиесі – ақылың, мақсатың, елдігің, келешегің, егенмендігің, намысың екендігін оқушыларға ұғындыру. (2 сурет)

Бөлменің сол жақ керегесінде «Сынып тынысы», «Табиғат және біз», «Оқы,үйрен», «Есте сақта» стенділері ілінген. «Сынып тынысы», «Оқушылар ережесі», «Оқушылардың кезекшілік кестесі», «Сабақ кестесі», «Хабарландыру», «Мәліметтер», «Құттықтау» сияқты алты бөлмеге бөлінген. Олар апта сайын өзгертіліп, жаңартылып тұрады.

«Табиғат және біз» - «Жыл мезгілдері» және «Жыл қайыру» деген 2 бөлімге бөлінген.

«Оқып, үйрен» стендісінде сабақта, сабақтан тыс уақыттарда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жұмбақтар», «Жұмбақ есептер», «Сөз жұмбақтар», «Ертегілер», «Граматикалық тапсырмалар», «Ребустар», «Логикалық есептер», «Санамақтар», «Сен білесің бе?» т.б. тақырыптарға байланысы материалдар ілініп, оның қорытындысы апта сайын шығарылып отырылады.

«Есте сақта» стендісі – «Көшеде жүру ережелері» және «Техника қауіпсіздігі» деген 2 бөлімнен тұрады. Мақсаты: Оқушылардың техника қауіпсіздігі мен жолда жүру ережежерін үнемі есте сақтап, оны бұлжытпай орындауларын қадағалау. (3-4 сурет)

Кабинеттің паспорты жасалынған, қауіпсіздік ережесі дәптері бар.

Кабинетте үлкенді-кішілі 20 ыдысқа бөлме өсімдіктері отырғызылған. Сынып бөлмесінің әдемі және ауасының таза болуына бөлме өсімдіктерінің де алатын орны бар.

Бөлменің артында 4- шкаф бар. Олардың Ш-1, Ш-2, Ш-3, Ш-4- деп белгіледім. Әр шкафта қосымша материалдар, суреттер, ережелер т.б. қораптар салынып жинақталған.

Ш-1 – де І,ІІ,ІІІ,ІVқорап.

Ш-2-д е V,VI,VII,VIII қорап.

Ш-3-те 14 папка.

Ш- 4-те Кітаптар, көрмелер, бууклеттер бар.

Ш-1 б Қ -1 –деген бірінші шкаф, бірініші қораптағы 1 – бөлік дегенді білдіреді. Әр қорап 3 бөліктен тұрады.

Бірінші қорапқа әліппе, ана тілі сабақтарына арналған материалдар, екінші шкафтағы қорапқа математика, дүниетану, еңбек, дене, ән сабақтарының материалдары, сабақ жоспарлары, шығармашылық жұмыстар, ал үшінші шкафқа дидактикалық материалдар жинақталған.

Енді әр шкафтағы қосымша материалдарға тоқталып кетейін.





Орны

Файлдардың, папканың аты

Саны

1

Ш-1. Қ-1-2

Рәміздер

Менің Отаным-Қазақсьан Республикасы.



1

1


2

Ш-1. Қ-1-2

Дана балалары

Ұлы ақын – Абай Құананбаев



1

1


3

Ш-1. Қ-1-3

Ақиық ақын – Мұқағали Мұқатаев

Туған өлкем - Байынқол



1

1


4

Ш-1. Қ-2-1

Ата сөзі – тәрбие көзі

Батыр ағалар

Халық батырлары


1

1

1



5

Ш-1. Қ-2-2

Наурыз – жыл басы

Ардақтайық ананы.

Ару қыздар


1

1

1



6

Ш-1. Қ-2-3

Жыл мезгідері (Қыс, Көктем, Жаз, Күз)

4

7

Ш-1. Қ-3-1

Әдептілік – әдеемілік

Ертегілер елінде



1

1


8

Ш-1. Қ-3-2

Төрт түлік мал

Кім болам?

Кітап – білім бұлағы.


1

1

1



9

Ш-1. Қ-3-3

Өскенімді ел көрсін, игерем халық мұрасын

1

10

Ш-1. Қ-4-1

Әріптер тізбегі

Суретті әліппе



1

1


11

Ш-1. Қ-4-2

Әліппе сабақтары

Буын. Сөз сөйлем

Ережелер


1

1

1



12

Ш-1. Қ-4-3

Жаңа әндер

Юрий Гагарин

12 сәуір – Косманавтика күні

Байқоңыр


Оған дейін

Сөз төркіні

Жолда жүру ережелері

Сабақ қонақтары

Сөз ойыны

Бесік жыры – тәрбие басы

Халықтар достығы

Үй жануарлары

Жұмбақ, жаңылтпаштар

Киіз үй


Қазақ халқының ақын – жазушылары

Кеспе әріптер

Әріптер кассасы


1

1

1



1

1

1



1

1

1



1

1

1



1

1

1



1

1


13

Ш-2. Қ-1-1

Есеп құрастыруға арналған сызбанұсқасы

Математикалыық ойындар



2

1


14

Ш-2. Қ-1-2

Санды өрнектер

1-сыныпқа арналған кестелер



2

1


15

Ш-2. Қ-1-3

Кесте цифрлар( 25)

Үлестірмелі материалдар (25)



1

1


16

Ш-2. Қ-2-1

Балық түрлері

Орманда


Табиғат тамшылары

Өсімдіктер әлемі

Қанатты достар

Қызыл кітап



1

1

1



1

1

1



17

Ш-2. Қ-2-2

Ұлттық ою-өрнек

Ою түрлері

Қазақтың ұлттық киімдері

Заттың үлгілері



1

1

1



1

18

Ш-2. Қ-2-3

Ұлттық ойындар

Денің сау болсын десең....

Ұлттық тағамдар

Дін туралы түсініктер

Ата-аналарға 6 кеңес


1

1

1



1

1


19

Ш-2. Қ-3-1

Сабақ сериялар

Әліппе сабақтары



1

2


20

Ш-2. Қ-3-2

Ана тілі сабақтары

2

21

Ш-2. Қ-3-3

Математика сабақтары

1

22

Ш-2. Қ-4-1

Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру.

Психологиялық зерттеулер арқылы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдаланып, саралап оқытуды іске асыру.



2
1

23

Ш-2. Қ-4-2

Бастауыш сынып мұғалімдерімен жұмыс

1

24

Ш-2. Қ-4-3

Педагогикалық – психологиялық зерттеу жұмыстары

Жалпыға бірдей орта білім беру жұмыстарының іс-қағаздары



4
1

Барлығы 83

Үшінші шкафта 16 папка-қорап бар. Ол былай белгіленген

М-1 (б-1-сыныптың математика пәніне арналған)

Ә – 1 (әліппе 1-сыныпқа арналған)

А-1 (ана тілі 1-сыныпқа арналған)

Қ – 2 (қазақ тілі 2-сыныпқа арналған)

Д-1 (дүниетану, 1-сыныпқа арналған)

Осындай белгілермен қатар қораптың мынадай да белгілері бар.

Қазақ тілі математика дүниетану ана тілі





Орны

Файлдардың, папканың аты

Саны

1

Ш-3. Қ-1-1

1-сыныпқа арналған дидактикалық материал

60

2

Ш-3. Қ-1-1

1-ден 10-ға дейінгі цифрлар

25

3

Ш-3. Қ-1-1

10-100 дейінгі қосу, алу кестесі

100

4

Ш-3. Қ-1-1

1-сыныпқа арналған дидактикалық материал

25

5

Ш-3. Қ-1-2

2-сыныпқа арналған дидактикалық материал

105

6

Ш-3. Қ-1-3

3-сыныпқа арналған дидактикалық материал

46

7

Ш-3. Қ-1-4

4-сыныпқа арналған дидактикалық материал

62

8

Ш-3. Қ-1 Ә-1

Суретті әліппе

22

9

Ш-3. Қ-1 А-1

1-сыныпқа арналған дидактикалық материал

40

10

Ш-3. Қ-1-1

Перфокарталар

50

11

Ш-3. Қ-1 А-1

1-сыныпқа арналған дидактикалық материал

70

12

Ш-3. Қ-1-2

2-сыныпқа арналған дидактикалық материал

40

13

Ш-3. Қ-1-3

3-сыныпқа арналған дидактикалық материал

185

14

Ш-3. Қ-1 Д-1

1-сыныпқа арналған дидактикалық материал

30

15

Ш-3. Қ-1 Д-1-4

Кестелер

35

Барлығы 1140

4 шкафта әдістемелік кітаптар қойылған «Математика оқыту әдістемесі» 1-4-сыныпқа арналған авторлары Т.Қ.Оспанов, Ж.Т.Қайынбаев, Б.М.Қосанов, Ш.Х.Құрманалина, К.Ә. Ерешевалар «Ана тілін оқыту әдістемесі», 1-4-сыныпқа арналған авторлары: Ш.Әуелбаев, Ә.Наурызбаева, Р.Ізғұттынова, С.Тәжімбетова «Ана тілі бойынша мазмұндамалар жинағы» авторлары: С.Рақметова, П.Жаманқұлова, Б.Игенбаева, Ж.Аңсағаевалар, «Дүниетану»еңбек, дене пәндерінен оқыту әдістемелеін жинақтаған.

Оқушылардың өздері жинақтаған әр түрлі тақырыптарға арналған буклет, суреттер, шығармалар және қол өнер бұйымдарынан көрмелер қойылған.

Дидактикалық материалдардағы сұрақтардың тұсына әртүрлі белгілер қойылған.

0 – көк, өте жақсы оқитын, қабілетті балаларға арналған.

- жасыл, жақсы оқитын балаларға арналған.

- сары, қабілетті төмен балаларға арналған.

Бұдан қойылатын сұрақтың балалардың қабылдау ерекшеліктеріне қарай әр түрлі екенін байқауға болады, яғни саралап беріледі. Тапсырманы саралап беру үшін алдымен сынып оқушыларына педагогикалық-психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Мектептегі психологпен бірлесе отырып, сынып оқушыларына психологтар С.Кауфман және Р.Бенстердің «Оқушымен дара жұмыс», американ психологы Зактың «Оқушылардың жалпы мағұлматтылығын анықтау тестін, С.Т.Бусурмановтың «Ұжыммен жұмыс» тәжңрибесінен, «Оқушылардың жүйесінің органикалық дизфункциясы» (Д.Д.Ч.) және «Пәнге деген қызығушылығын анықтау» сияқты зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, оларды 3 топқа бөлдік. Әр пәнге байланысты олардың деігейі әр түрлі болып өзгеріп отырады. Мысалы: математика пәніне қабілетті оқушының ана тілінен қабілеті төмен болуы мүмкін немесе керісінше болады. Педагогикалық-психологиялық зерттеу жұмыстары оқушылардың ерекшелігіне қарай үнемі дамытыла, жетілдіе отырып іске асырылады. Оындай жұмыстардың нәтижесінде мұғалім баланы тереңірек біледі, кемшілік болған жерлерде түзету жұмыстарын ата-аналармен бірлесе отырып іске асырады. Мұғалім – психологиялық танымдық процестерді қалыптастырудағы негізгі тұлға.

Сонымен қорыта келгенде пән кабинеті – оқу-тәрбие жұмысынң ошағы болып отыр. Жақсы жабдықталған кабинетте мұғалімнің жан-жақты жұмыс істеуіне жағдайы болады, уақытты тиімді пайдаланады. Қабілетті немесе нашар оқитын оқушылармен жұмыс жүргізуге мүмкіншілігі көбірек болады. Мұғалім сабаққа тиянақты әзірленгендіктен балалардың білімге деген құлшынысы артады. Абай атамыздың 37 қара сөзіндегі екінші құмарлық «білмем, көрсем, үйренсем» деген жан құмарлығы ратады. Абай білімге деген жанқұмарлықты бала шақта күшті болатынын ескертеді. Осы ескертуді естен

Педагогикалық – психологиялық зерттеу арқылы саралап оқытуды іске асыру

жолдары саралап оқыту әр оқушымен жеке дара жұмыс жүргізуді, оқушы қабілетіне қарай берілген тапсырманы ыңғайлауды, оқушыны дан-жақты зерттеп білуді қажет етеді. Бұл жұмысы ұйымдастыру үшін мұғалім оқушылар ерекшелігін жете білуі, уақытты тиімді пайдалануы, сабақты жүйелі ұйымдастырып, методикалық шеберлігін жетілдіріп отыруы керек. Қай мұғалім болсын өз ісіне жауапкершілігі, өз іс-тәжірибесінде оқытудың әдіс-тәсілдерін шығармашылықпен қолдана білуі немесе әр сабағына тыңғылықты әзірлігінен қоғамдық еңбектегі белсенділігінен ғана емес, ең бастысы өзіне-өзі талап қоя білуінен, өз білімін үнемі жан-жақты жетілдіруге ынта –ықыласынан, жалықпайтын ізденгіштігінен байқалады.

Ауыл мектептері үшін сыныптағы оқушыларды саралап оқыту ең тиімді, себебі кез-келген мектепті лицей, гимназия тұрғысынан ұйымдастыру мүмкін бола бермейді. Мектебімізде саралап оқытуды, қалай жүргізіп жатқанына тоқталайын. Алғашқы жылдары 5-сыныптан бастап бір ғана сыныпта математика, ағылшын тілі пәндері ғана жүргізілді. Сараланған сыныпта беретін мұғалімдердің іс-тәжірибелері жеткіліксіз болды. Көптеген ата-аналар қарсы болды. Омындай кедергілер болғандықтан мектеп ұжымы алдына үлкен проблема қойды. Ең алдымен саралап оқытудың тиімділігі жөнінде әр түрлі тақырыптарда әдістемелік семинарлар, конференциялар, пікір – талас кештер өткізілді. Нәтижесінде саралап оқытуды 1- сыныптан бастап оқыту керектігі айтылып, қаулы қабылданды.

Алғашқы сараланған сынып оқушылары биылғы оқу жылында 11-сыныпты аяқтады. 11-сыныпты аяқтаған 36 оқушының 25-і арнаулы және жоғары оқу орындарына түсті. Осы цифрға қарап –ақ қандай нәтиже беретінін беруге болады.

Жұмысты алдымен ұстаздар қауымы диогностикалық зерттеу жүргізуден бастадық. Диагностикалық сауалнамалар, диагностикалық тест жүргізілді. Қортындысында диагностикалау картасы сызылды. Осы қорытынды бойынша сараланған сыныптардың сынып жетекшілері, сабақ беретін пән иелері анықталды.

Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдыммен оқушы тұлғасының қалыптасуым мен даму қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбайтын буын екендігімен, анықталып негізделеді. Бастауыш сатыда оқушының жалпы және психткалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін алдымен білім берудің мақсат, бағыты түгел өзгеруі керек;

Бірінші кезекте бұрынғыша оқушыны пәндік білім тілектердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде және бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады. Обьектілер мен құбылыстардың тек сыртқы түрін, белгілерін бақылап қана көріп тану тәсілін емес, оқушыны ынталандырып, шығармашылық әрекетке жетелейтін ішкі байланыстарды, өзара тәуелдікті, заңдылықтарды өздігінен ашып, түсініп танитындай әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік туады.

Бастауыш саты – оқушының интеллектісі дамуының іргетасы, оқу әрекетінің қуатты жүретін кезеңі. Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылады. Оқу тапсырма түрлерін меңгеру оқушы ойын тәртіппен, оның белгілі бір жүйелі арнамен жүруін қамтамасыз етеді.

Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілген жұмыстарына тоқталайын. Бірінші сыныпқа қабылданатын оқушылардан сәуір, мамыр айларында тест, сауалнама алынды. Тест психолог Ирасен – Кернаның тәжірибеміне сүйене отырып жүргізілді. Тесттің мақсаты: Баланың есту және көру мүшелері арқылы қабылдауын, мектепке дайындығын байқау. Ережесі: балаға таза ақ қағаз беріледі де/өз ойынша/ ер адамның суретін сал деген тапсырма беріледі. Бірінші тапсыма орындаған соң 2,3-ші тақтадағы сөздердің, нүктелердің суретін сал деген тапсырма беріледі.
ОЛ НАН ЖЕДІ

(адамның суреті)

***

***


***
Мақсаты: баланың есту әне көру мүшелері арқылы қабылдауын және мектепке дайындығын байқау.

Ережесі: 1. Ер адамның суретін сал / өз ойынша/



  1. Тақтадағы сөздердің, нүктелердің суретін сал.

Келесі суретті тест ауызша жүргізіледі.

Мақсаты: Баланың мектепке дейінгі отбасылық өмірден алған білімін, ойлау, емте сақтау қабілеттерін байқау.

Сұрақтары:


  1. Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?

  2. Балаға ат қой.

  3. Олар не істеп жүр?

Суретті тест.

Жұмыс 1-2 сызба-нұсқада көрестілген.

Осы жүргізілген жұмыстар қорытындысы гистограммаға түсіріліп, төмендегібалалардаң ата-аналарына жеке тапсырмалар берілді. Тамыз айында осы тапсырмалар негізінде қайта жұмыс жүргізіліп жоғарғы көрсеткішке жеткен балалар сараланған сыныпқа қабылданды. Балалар қабылданып алған соң оқушылардың ата-аналармен /Сіз қандай ата-анасыз?/ деген тақырыпта сауалнама жүргізілді. Мұндағы мақсат ата-ананың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, рөлін анықтау. Бұл жұмыс 3 сызба-нұсқаға сәйкес жүргізілді. Сараланған сынып оқушылары педагогикалық – психологиялық зерттеу жұмыстары мынадай тұрғыда болды. Баланың ойлау қабілетін, көру қабілетін, есту қабілетінзерттеу мақсатында тест жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар 4,5,6,7 сызба – нұсқада көрсетіледі.
Сіз қандай ата-анасыз?

Сауалнама.


  1. Кез-келген өзіңіздің бар ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба?

  2. Балаңыздың жасын ескермей онымен ақылдаса аласыз ба?

  3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайыз ба?

  4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

  5. Өзіңізді балаңыз жасаған ісі ашу шақыртқан кездің өзінде ұстай жеңе, игере аласыз ба?

  6. Баланыңз орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

  7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

  8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?

  9. Баланың жүрегін жарақаттайтын сөздерді сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

  10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?

  11. Балаға өзіңіз қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамайтындай бір күн еркіндік бересіз бе?

  12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?

  13. Балаңыз көз жасына, еркелеген дөрекі мінезіне уақытша екенін көре тұрып, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:

  1. Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл

  2. Кейде ғана келісемін – 2 балл

  3. Келіспеймін – 1 балл.

Сауалнаманы бағалау өлшемдері:

0-16. Бала тәрбиесі сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

16-30. Балаға қамқорлық жасау бірінші кезекттегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиешінің қабілеті бар, бірақ тәжірибеде бір қалыпты ретпен бір бағыттағы мақсатпен қолдануды әрқашан жасайсыз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

30-39. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.


Ойлау қабілетін зерттеу мақсатында алынған тест

Балалар ларлаба

Аулада далауа

Ақ қала лақақ

Жасады дыжаса

Мабақта табақса

Сұраққа қарақұс

Жауапты тыапжау

Береміз мөзребе

Жарыста тарысжа

Жеңеміз емізжең

1-4-С, 5-7 – Б, 810 – Ж




  1. Психологтар С.Кауфман және Р.Бенстердің «Оқушылармен жеке – дара жұмыс» методикасы жүргізілді.

Мақсаты: Баланың жанұядағы орны, оның жанұя мүшелеріне көзқарасын анықтау.

Жұмыс жоспары:



  1. Жанұя мүшелерінің суретін салу.

  2. Баламен жанұя мүшелері жөнінде әңгімелесу.

Жұмыс барысы:

Тапсырма:



  1. Өз жанұя мүшелерінің суретін сал.

  2. Өзіңді салуды ұмытпа.

  3. Керекті құралдар /таза парақ, қарындаш 2М, өшіргіш/.

Жұмыс қорытындысы:

  1. Әр оқушыға мінездеме жазу.

  2. Ата – аналарға кеңес беру.

  3. Мұғалінің жоспар жасауы /әр оқушының ерекшелігін ескеру/.

Бұл жұмыс 8 сызба-нұсқада.

2.Американ психологі Зактың оқушыларың жалпы мағұлмттылығын анықтау тесті алынды.

Мақсаты: Оқушының жалпы мағұлматтылығын, біліктілігін /интеллект/ анықтау. Бұл тест 4 субтесттен тұраады.


  1. субтест бойынша ой ұйқастығы, ерекшелігі /аналогия/ анықталады.

  2. субтест бойынша негізін ажыратады.

  3. субтест ой түйіндеуін /квалификация/ анықтайды.

  4. субтест мәліметті қорытындылау /обобщение/ тест алынып болған соң жауап беру бланкісіне қорытындысы түсіріліп, жалпы мағұлматтық /интеллект/ гистограммасы сызылды.

Бүл жұмыс 9 сызба-нұсқада көрсетілген.

Алма Шана

Айша Шама

Айдын Шалғы

Алша Шырақ

Ақша Шашу

Аула Шабу

Айна Шашақ

Анар Шабақ

Айман Шыжың

Асқар Шыбық
Шарты: 3 рет оқығанда 2 минутта жазып шығу.

Қорытынды: 1-4 сөзді дұрыс жазғанда «С»

5-6 сөзді дұрыс жазғанда «Б»

7-10 сөзді дұрыс жазғанда «А»

3.Психолог С.Т.Бусурманованың «Ұжыммен жұмыс» тәжірибесін басшылыққа ала отырып зерттелінді.

Зерттеудің мақсаты:

А) Әр оқушының сыыныптағы алатын орнын анықтау.

Ә) Ұл-қыздардың ара – қатынасын анықтау.

Жұмысты жүргізу тәсілі:

Сұрақтаар:

А) Сен партада кіммен отырғың келеді?

1................. 2........................... 3..........................

Ә) Саған ата-анаң 3 сыныптасыңды шақыруға рұқсат берді. Сен туған күніңе кімді шақырасың?

1...................... 2............................. 3...............................

Іс жүзіндегі ара-қатынас матрицаға түсіріліп, социометрия, жұлдызды, елееулілер, елене бермейіндер, шеттеп алғандар, қалаусыздар анықталып, сол бойынша социометрия сызылады. Жұмыстығ қорытындысы бойынша психокоррекция, яғни психикалық түзету жұмыстары жасалады.

Жоспар:


  1. Шеттеп қалғандарды ортаға тарту.

  2. Сынып белсенділерін анықтау.

  3. Қыздар мен ұлдардың өзара бір-бірімен, араласуына ықпал ету /топтық ойындар арқылы/.

Бұл жұмыс 10 сызба-нұсқада.

4.Психологпенбірлесе отырып «Оқушылар жүйкесінің органикалық дисфункциясы» /ДДЧ/ «Пәнге деген қызығушылығын анықтау жұмыстары жүргізілді».

Педагогикалық – психологиялық зерттеу жұмыстары оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай үнемі дамыта, жетілдіре отырып іске асырылады. Осындай жұмыстардан соң баланың көп қыры ашылады, мұғалім баланы тереңірек біледі. Баланың жеке басының қасиеттерін анықтап жатқанда оқу барысында қандай жұмыстар жүргізіліп жатады.
Көру қабілетін зерттеу мақсатында алынған тест.

Шарты: 15 секунд уақыт аралағында көрсетіледі, 1 минуут ішінде жазылып, анализ жасалады.

Қорытынды: 1-4 цифрды дұрыс жазу «С»

5-6 цифрды дұрыс жазу «Б»

7-10 цифрды дұрыс жазу «А»

25,10,16,4,9 12,7,13,5,20

Бастауыш сыныптың басты міндеті баланы оқуға үйрету, балаларға қмір бойы білімді меңгеретін құралды пайдалануды үйрету.

Өйткені бұл құралсыз жыл өткен сайын білімді меңгеруі қиындай түседі, онсыз ол сабақ үлгермейтін қабілетсіз болып қалады. Бұл қандай қүрал?

Ол айналадағы дүние құбылыстарын бақылау,ойлау.

Оқытудың түпкі мақсаты әр пәнді оқытудың тиімді әдістерін, түрлерін таңдап пайдалануға үнемі нысан, тірек болып отырады.Оқыту әдісі дегеніміз не?

Әдіс дегеніміз – тәсілдер жиынтығы. Гректің «зерттеу» немесе «таным жолы» деген сөзі. Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, , солардың көмегімен білімді, іскерлікті дағдыны игереді. Оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамды. Әдіс дәл мағынасында – мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері. Оқу әдістері оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды. Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенді және саналы педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.

Оқыту әдістері 3 топқа бөлінеді.

І топ сөздік әдістер тобы /әңгімелеу, әңгіме, түсіндіру, лекция, кітаппен жұмыс/.

ІІ топ.Көрнекілік әдіс.

ІІІ топ. Тәжірибелік әдіс.

Сөздік әдістер тобындағы кітаппен жұмыс әстеу әдісіне ерекше тоқталайын. Неге? Себебі бала кітаппен қалай жұмыс істеу керек екенін бастауышта үйренеді. Осы кезде негізі қаланбаған бала өмір бойы қиналады, өкінеді. Оқу жұмысында қолданылатын құралдардың бірі – оқулықтар. Оқулықтар көмегімен оқушылар сабақта немесе үйде түрлі жаттығу жұмыстарын орындайды, алған білімдерін толықтырады. Бастауыш сыныптарда ең үлкен қырсық оқудың көптеген оқушылар үшін жартылай автоматтың үрдіске айналмайтындығында.Егер оқушы оқи білмесе оқығанының мағынасын түсінбесе, ол есепті шығармақ?

Психологиялық зерттеу жұмыстары
(сызбалар)
Есту қабілетін зерттеу мақсатында алынған тест.

Шарты: 3 рет оқылады, 1 минут ішінде жазу тапсырылып, жиналады.

Қорытынды: 1-3 цифрды дұрыс жазу «С»

4-6 цифрды дұрыс жазу «Б»

7-10 цифрды дұрыс жазу «А»

10,7,1,11,3 15,8,2,5,6

Бастауыш сыныптарда оқу сабақтарында аз оқылады, оқу туралы, ненің оқылып, ненің оқылатыны туралы сөз көп. Оқу орнына көбінесе тәрбиелік әңгімелер өткізілді. Бастауыш сынып мұғалімі баланың сыныпта және үйде қанша оқитынын және бұл икемділікті жете меңгеру үшін оның қанша оқу керек екенін зерттеп, есептеу керек.

В.Сухомлинскийдің «Мектептің жас директорымен сырласу» деген еңбегінде былай дейді: «Мәнерлеп, жылдам, түсініп оқу үшін оқушы қалай дұрыс оқып шығу үшін емес, оқи отырып, оқығанының мазмұны туралы ойлауды үйрену үшін оған бастауыш сыныптарда дауыстап – 200 сағат, ішінен 2000 сағат оқуы керек.»

Бала 1-2-сыныпта 10 минут, 3-4 – сыныптарда 15 минут оқу қажет деген сөз. Тез, жүгіртіп оқу – қабілетті оқушының шамасы ғана жететін жылдам оқу емес. Бұл әрбір оқушы міндетті түрде меңгеруге тиісті қалыпты оқу. Жүгіртіп оқу дегеніміз минутына 150-300 сөзге дейін оқу деген сөз. Нормаға қалай барлық оқушыны жеткізуге болады?

Қандай жұмыстар жүргізілу қажет? Осы сұрақтар негізінде көп ізденіп, жаңашыо педагогтар Ш.А.Амонашвилидің «Мектепке алты жастан», С.Н.Лысенкова «оқуға жеңіл болғанда», В.Ф.Шаталов «Баршаны да әркімді де оқыта білейік», Е.Н. Ильин «Тіл табыса білу, өнері», И.П.Волков «Творчествоға баулыймыз», В.А.Сухломскийдің тәжірибелерін оқып үйрендім. Оқушыларға педагогикалық-психологиялықт зерттеу жұмыстарын жүргізіп ата-аналарды жұмыс жоспарымен үнемі таныстырып, нұсқау беріп отырылды. Әліппеге дейінгі кезеңде балаларға сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы мағұлмат беріліп, оқушының тіл байлығын дамыту мақсатында жұмбақ, өлең, тақпақтарды үнемі жаттатқызып отырдым. Бұл жұмыстардың барлығы баланың сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына, сөздік қорының молаюына, сөйлемнің бас әріппен басталып нүкте қойылатынын меңгеруіне ықпал етеді. Ал, әліппе кезеңінде осыгдай әзірлік жұмыстарынан соң балалар онша қиналмай, әріптерді тез меңгереді.



  1. Дауысты, дауыссыз дыбыстар жайында түсінік алады.

  2. Буын құрап оны оқи білуге жаттықты.

  3. Сөздерді толық оқуға дағдаланды.

  4. Сөздік қоры молайды. Әр дыбысты өткен кезде әр оқушы таныс емес 10 сөз айтуғы тиіс болса, Райымбек деген оқушы 20 сөз айтты. /трактор, тележка, телевизор, телефон,тас, тауық ,тай, терезе, тенес, тоғай, Талғат, тоты, тәрелке, төсек, тор, тамақ, тіс, түйе, талқан/

  5. Заттардың суретін көрсету арқылы дауысты дыбысы бар сөздерді табуға жаттықты.

  6. Дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін ажырата алуға жаттықты.

  7. Өлеңді мәтінді буынға бөліп, түсініп, дұрыс оқуын қадағалап отырдым.


ІІ. Әліппеден кейінгі кезеңде.

  1. Балаларды өлеңді, әңгімені, ертегілерді мәнерлеп, дұрыс, түсініп оқуына назар аудардым.

  2. Өз беттерніше оқу дағдысын қалыптастыруға көңіл бөлдім.

  3. Оқығаны бойынша түсінігін сұраққ жауап беру арқылы біліп отырдым.

Осындай жұмыстар нәтижесінде бірінші сыныпта оқу жылының аяғында 1 минутта 30-40 өз оқуға тиіс болса, сынып оқушылары жылдың аяғында 1 минутта 6 оқушы 50-60сөз, 9 оқушы 35-50 сөз, 7 оқушы 25-30 сөз аралығында оқыды. Бұдан балалардың барлығының нормаға сай оқитынын көруге болады. Өткізілгеен ашық сабақта Қаупынбаева Гүлжанат 1 минутта 73 сөз, Әбдрахманов 18 сөз оқыды. «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес»/Ж.Аймауытов/.

Ана тілі сабағында мынадай жұмыстар жүргізілді.



  1. Оқығанының мағынасын түсіну.

  2. Мәтінді бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қою.

  3. Әр бөлікті бейнелейтін сурет салу.

  4. Мәтінді оқып, оның мазмұныны толық айту, қысқартып айту жатқа, шаққа қойып айту.

  5. Оқушының шығармашылық қиялына әсер ете білу.

  6. Шығарманың айтпақ негізгі идеясын түсіну, ұғыну.

  7. Шығармада айтылғандарды жүрекпен сезіну, көз алдына келтіріп елестету.

4 – сыныпта жылдың басында 1 минутта 80 сөз оқу міндетті болса, 18 қыркүйек күнгі жұмыстың қорытындысында 26 оқушының 19-ы нормаға жетті. Бұл жоғарғы деңгейді көрсетті.

Ал, енді жазу сабағына келетін болсақ ол оқумен бірге жүргілді. Әліппе кезеңінде балалар әріп, буын сөз, сөйлемдерді дұрыс жазуға жаттықты. Әріпті өткен күннен бастап диктант жазғыздым. Жазба жұмысы жайында В.А.Сухломский былай деген «Бастауыш сыныптарда 2-сыныптың өзінде – ақ бала қолының ұсақ бұлшық еттері, қолы қалтырамастай әріпті дұрыс жазуы үшін арнайы күш жұмсамастай машықтануы қажет. Тез, анық және сауаты жазып үйрену үшін жазу, оқып үйренудің түпкі мақсаты болмай құралы, амалы болуы үшін оқушы бастауыш сыныптарда дәптердің 1400-1500 бетінен кем жазбауы керек екен».

Әр дәптерде 12 бет болса, сонда 1500 бет жазу үшін 125 дәптер керек екен. Ал, соны сыныпқа бөлсек 31-32 дәптерден келеді. Оқушы осыншама дәптерді пайдална ма? Есептеп көрсек толық пайдаланбайды екенбіз. Жазуға кқңіл бөлдім.

1.көшіріп жазу 2.дктант алу 3.сөздер жазғызу 4.үйден әңгіме жазу.

Оқу жылының аяғында сыныақ жұмысында сыныптың оқу сапасы жай сыныптағы оқушылардан жоғаары деңгейде болады. Бұл бір ғана ана тілі сабағында жүргізілген жұмыстар. Бастауыш сынып аяқтаған кезде әр оқушыға мінездеме жазып,пәнге деген қызығушылығы анықталып гистограмма, диограмма сызылды.

5-сынып жетекшісіне тапсырылды.



Сонымен қорыа келгенде мұғалім барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, шеберліген баланы тәрбиелеуге толық жұмсаған жерде нәтиже болады деп есептеймін.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет