Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және үлгермеушілігін болдырмау тәсілдері



жүктеу 51.36 Kb.
Дата29.08.2018
өлшемі51.36 Kb.


Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және үлгермеушілігін болдырмау тәсілдері
Кабышева Алма Шаймерденовна

68 МИББ кешені

Тәрбиеші

Қазіргі жағдайда рухани жағынан дамыған тұлғаны қалыптастыру жолында жалпы орта білім беретін мектептердегі білім алушылардың үлгерімі төмендігі мәселесін шешу қажет болуда. Үлгерімі төмен оқушыларды зерттеу кезінде танымдық қызметтің қандай да бір құрылымдық бөліктерінің әр алуан қалыптасу деңгейімен байланысты дамудың көп түрлілігі анықталған. Бұл үлгермеушілікті туғызаттын көптеген себептердің айқын көрінісі.

Мектептерде жүргізілген диагностикалық зерттеулер, тексерулер немесе әдістемелік көмек беру барысында көпшілік жағдайда мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер үлгерімі төмен оқушыларға көңіл аудара бермейді. Мысалға, 7- сыныпта «үштікке» оқыған бала 11-сыныпқа дейін «үшпен» оқиды. Ол балада ынта бар ма, жоқ па? Мүмкін ол белгілі бір себептермен оқуға қатыса алмай немесе меңгере алмай жүрген шығар? Өкінішке орай, көпшілік мұғалім «қанағаттанарлық тобындағы» балалардың білімін бағалауда талдау жасамайды. Ал ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, оқушылар үлгермеушілігінің алдын алу мен оны жеңу- күрделі процесс. Бұл процесс педагогикалық диагностика негізіндегі жүйелі әрекеттер аясында жүзеге асырылады. Әрине, оқушыны әлеуметтік және ұжымішілік қарым-қатынастарға, қоғаммен және ұжыммен жауапты байланыстар жүйесіне енгізу, осыған қажетті барлық оңды мүмкіндіктерді пайдалану- біздің міндетіміз. Сондықтан үлгермейтін оқушыларға арналған бірыңғай педагогикалық ұстанымдар құруымыз, белгілі бір ерік күшіне, мінезге жаттығу әдістемесін үйретуіміз қажет-ақ.

Осы аталғандарды тәжірибеде қолдану үшін мұғалімнің белсенді ұстанымда болулары шарт. Атап айтқанда, ойланып, мақсатты түрде, батыл, шешімді, шығармашылық тұрғыдан әрекет ету және жеке тұлғаға әсер ете отырып, оқыту әдіс-тәсілдерінің бүкіл педагогикалық арсеналын қолдану.

Ата-аналардың басты проблемасы- бұл әлсіз педагогикалық- психологиялық білімдер және үйде педагогикаға қарамаөқайшы тәсілдердің қолданылуы. Олар:


  • ата-аналар мен туған-туысқандардың баланың шынайы мүмкіндіктері мен күштерін асыра бағалауы;

  • отбасылық тәрбие жалған идеяда құрылады: балалық шақ қиыншылықсыз және міндеттемелерсіз өту қажет деген пікір;

  • ересектердің балаға бар жақсыны беруі;

  • оқудағы басты жауапкершілік мектепке жүктеледі деген ата-аналардың жаңсақ ойы;

  • баланың оқу қызметінде дұрыс емес қатынасы, бала кемшілігінде тек мұғалімді кінәлауы.

Оқушы бойындағы оқуға деген кері қатынасты тудыратын себептер өздігінен болмайды, олар мектептегі қолайсыз жағдайлардың үйлесуі арқылы пайда болады. Педагогикалық қателіктер жіберіліп жатқан жағдайда бұл себептер белсенді түрде өзара әрекет ете бастайды. Оқушылардың үлгермеушілігінің себебі ретіндегі психологиялық ерекшеліктерге мыналар жатады: сана мен мінез; дербес және әлеуметтік тәжірибе; мұқтаждықтар мен мүмкіндіктер; мақсат-міндеттер және оған қол жеткізу барысындағы жанжалдың пайда болуы; аурулар мен басқа да қолайсыз жағдайлардың салдарынын жалпы дамудағы кешеуілдеу; тұлғаның жекелік ерекшелілігі; физиологиялық кемшілік түрінде көрініс табатын тұқым қуалаушы ауытқушылықтар.

Мектептегі және сыныптағы жалпы атмосфера, оқушының іс- әрекетінің әр алуан түрін ұйымдастыратын ұжымдық топтарға араласуы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастар, тапсырманы орындауда мұғалімнің тікелей араласпай, оқушыны дұрыс шешімге итермелейтін кеңестер түрінде көмек беруі, мұғалімнің оқушыларды бағалау қызметіне тартуы және оларда өзіндік бағаның қалыптасуы оңды оқу мотивациясын (түрткісін) тәрбиелеуге ықпалын тигізеді. Түрткінің қалыптасуына түрлі баяндаулар (қызықты мысалдар, тәжірибелер, фактілер), оқушының танданысын туғызатын материал берудің айрықша формасы, мұғалім тілінің эмоционалдығы, танымдық ойындар, пікірталас пен дау-дамай жағдайлары, мұғалімнің мадақтау мен жазалауды шебер қолдануы- барлығы септігін тигізеді. Оқушының оқи білудің барлық жақтарын меңгеруі мұнда ерекше мәнге ие.

Осыған орай, үлгермеуші оқушылардың оқуға деген ынтасын көтеруде мұғалім қандай тапсырмалар мен жаттығұларды қолдана алады? Олар:

1. Ең әуелі баланың бойында (ашықтық) сезімін күшейтуден бастаған жөн.

2. Балада таңдау жағдайларын қолдану. Өйткені таңдау жағдайлары оқушынышешімді қабылдай білуін, әр түрлі түрткілерді үйлестіре және бағындыра білуді берік етеді.

3. Оқушылардың мақсатқойғыштығына көңіл бөлу. Оқушылар өз мүмкіндіктерін айыра білуді, өз жұмысына психологиялық баға беруді, сол арқылы алға қойған мақсаттың шынайылығын анықтайды.

4. Мадақтау. Мұғалімнің мақтауы оқушыны әрі қарай әрекет етуге итермелеуі мүмкін. Мұғалім оқушының жетістіктерін өзге оқушылардың жетістіктерімен емес, оның бұрынғы нәтижелерімен салыстырады. Мұндай жағдайда әлсіз оқушы өзін табысты сезінсе, күшті оқушы сәтсіздікті сезінеді.

5. Мақсаттардың тұрақтылығы. Мақсатты сақтап қалуға кедергілердің соңынан іле-шала оқу қызметін қайта құруға бағытталған тапсырмалар септігін тигізеді. Кедергілерді жеңу дағдыларының тууына әр түрлі кедергілерді көп реттік қайталау тапсырмалары әсер етеді.

Сабақ шеңберінде үлгермеуші оқушылардың түрткісін қалыптастыруға бағытталған жеке әрекет жүргізіледі. Түзету жұмысын қысқа уақытта ( 1 апта көлемінде) іске асырылатын мақсаттардан бастау қажет. Себебі бұл- мұғалім мен оқушыға алғашқы позитивті (онды) нәтижелерді жылдам көруге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, оқу мотивациясын және үлгермеуші оқушылардың оқи білу қабілетін қалыптастыру келесі бағыттардан тұрады:


  • ең алдымен, оқуға және жеке оқу пәндері мен сабақтарға онды қатынастың қалыптасуы;

  • мұндай қатынасты оқушылардың табыстағы сенімділігін қолдайтын тапсырмаларды шешуден бастауды ұйымдастыру;

  • оқушының шағын жетістігін қолдап, сұрау, төзімділік таныта тындай білу.

Үлгермеуші оқушыларда өзіндік оқи білу қабілетін нығайту үшін мына

жұмыстарды басшылыққа алу қажет:

- білімдегі проблемаларды жою;

- білім қорын байыту;

- білімді барлық параметрлер бойынша (толықтығы, жүйелілігі, әрекеттілігі, беріктігі) дамыту;

- оқушыларды нұсқауларға сәйкес әрекет етуге үйрету;

- күрделі қимылдарға арнайы үйрету;

- түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана білу және оларды қолдану;

- жоспарлар мен көрнекіліктер қолдану.

Жеке дара айырмашылықтар адамдардың танымдық ортасына да қатысты. Біреулерінде көру есінің қабілеті, тағы біреулерінде –есту, үшіншілерінде- көру-қозғалысты естің түрі басым. Кейбіреулерде көрнекі- образды, біреулерде- абстрактілі-логикалық ойлау жақсы дамиды. Сондықтан да бірі материалды көру қабилетінің көмегімен, бірі- есту арқылы жеңіл қабылдайды.

Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне мен бермеу оқыту мақсаттарына қол жеткізуде қиындықтардың пайда болуына әкеледі. Баланың аудиалды( есту) немесе визуалды (көру) қабілеттерін анықтауда мектеп психологының зерттеулеріне жүгіну қажет.

Қазіргі танда танымдык қызметтің арнайы және логикалық тәсілдерінің тұтастай жаоспарын құрастыру қажеттілігі туындап отыр. Олар әрбір оқу пәнін үйрену кезінде қалыптасуы керек. Тәсілдер мазмұнын талдау әрқайсысының басқалармен салыстарғанда жаңаша түрін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай жоспалардың болуы және меңгеруді басқару жағдайларының жүзеге асырылуы оқу процесінің тиімділігін арттыруға ықпалын тигізеді.


Пайдаланған әдебиеттер:
1 Маркова А.К., Матис Т.А., Орлов А.Б. «Формирование мотивации учения» - М.,1990

2. Славина Л.С. « Индивидуальный подход к неуспевающим и недисциплинированным ученикам» - М.,1958



3. Щукина Г.И. Педагогические проблемы формирования познавательных интересов учащихся» - М., 1998

4. Р. Қоянбаев. Тәрбие теориясы. – Алматы,1991.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет